400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тарих тереңінен болашақ биігіне

Материал туралы қысқаша түсінік
Орталық Азия халықтарына ортақ құнды мұра есептелетін "Бабырнама" шығармасын талдау
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тарих тереңінен болашақ биігіне

Тарих - оқиғалардың жүйелі реттелген баяндамасы, өткен оқиғаларды белгілейтін және түсіндіретін білім саласы. Тарихшы әлеуметтік өмірдің, қоғамның нақты уақыт кезеңінде, нақты жағдайларда және нақты жерде өмір сүруінің ерекшеліктерін анықтайды. Оның назарында ылғи болатын өткеннің куәсі – тарихи дереккөз. Фактілер тарихқа объективті, дәлелді, ғылыми тәртіптің мәртебесін береді. Өз кезегінде, тарихшының ісәрекетінсіз факт өз мағынасын жоғалтады.

Біздің өміріміз ертеңгі тарих. Сол елдің азаматы болғанымыз үшін оның тарихын жәй ғана біліп қоймай, зерделеу, тереңінен зерттеу, қараңғы тұстарын ашу біздің міндетіміз. Біз әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің «тарих және география» мамандығының 2 курс магистранттары осындай бір тарихи күнді «Бабырнама» тарихи шығармасын талдадық. Бұл шығарманы алу себебіміз, кезінде қазақтың оқыған зиялылары “Бабыр-намені” қазақ халқының өз тарихы туралы жазылған шығарма деп таныды. Себебі Бабырдың бұл еңбегінде қазақ, өзбек, түрікмен т.б. Түркі тектес халықтардың тарихы баяндалады. Бірқатар қазақ хандары, батырлары, қоғам қайраткерлері, ақындары туралы аса құнды деректер бар.

“Бабырнама” - тарихи шығарма, Орталық Азия халықтарына ортақ құнды мұра. Авторы -Моғол империясының (1526 — 58) негізін қалаған Захир әд-Дин Мұхаммед Бабыр. Түркі (шағатай) тілінде 1526 – 30 ж. жазылған. Кітап - Темір әулеті құрған мемлекеттердің құрылымын, әдет-ғұрпын, салт-санасын және топонимикасын зерттейтін тарихшы, этнограф, географтар үшін және орта ғасырда түркі тілінде жазылған әдеби, ғыл. шығармаларды зерттеумен айналысатын әдебиетшілер мен тіл мамандарына қажетті құнды еңбек. Бабырнамада мәліметтердің молдығы, тілінің байлығы жағынан ерекше туынды. Шығарма Темір әулетінің билік құрған ұрпақтарына тарихи мінездеме бере отырып, 15—16 ғ-лардағы Ферғана, Хиндустан аймағындағы (бүгінгі Орталық Азия мемлекеттері, Ауғанстан, Пәкстан, Үндістан) елдердің, халықтардың тарихы, Темір  әулеті мен Мұхаммед Шайбани арасындағы, Моғолстандағы тақ таласы, билік және жер үшін жүргізілген соғыстар жайлы егжей-тегжейлі сөз етеді.

Іс-шарада магистранттар тарихқа көз жүгіртіп, Моғол империясының өмір сүрген кезеідерін талқылап, бірегей тұлға Бабырдың стратегиялық көшбасшылығына баға берілді. Бабыр туралы Мұхтар Әуезовтың “Абай жолы” эпопеясында мынадай үзінді қалдырған: “Абай... Кейде Бабыр, Науаи, Аллаяр сияқтыларды оқып - оқып кеп өзі де қағаз, қарындаш алып соларша бірдемелер жазып кетеді.

Сөз соңында ұстазымыз тарихтың ұлылығын бізге жеткізе келе, барша магистрантқа аса құнды дерек «Бабырнама» шығармасын сыйға тартты.

Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Удербаева С.К.
Қазақстан тарихы кафедрасы.
Мукышева А.М. 2- курс магистранты

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
18 қаңтар
333
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі