ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕР ТАРИХИ ТАНЫМ БАСТАУЫ
Біздің де ертеден келе жатқан халық екенімізді, рухани құндылықтарымызды асқақтата айшықтауда Қазақстан тарихы пәнінің орны ерекше. Бабаларымыз айтқандай, ешқашан азбайтын, тозбайтын, керісінше уақыт өткен сайын сан қырынан жарқырап, ұрпақ санасына шүғыла шашатын мәңгі өлмейтін құдіретті күштің аты - ғылым мен мәдениет. Оны жас ұрпақтың бойында ұлттық құндылықтарымызды қалыптастырудың басты жолы- мектепте тарих пәнін жүйелі оқыту арқылы жүзеге асады.
Ескерткіш–кең мағынасында — елдің, халықтың мәдени мұрасының жалпылама атауы. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы мұражайлық, көрмелік маңызы бар заттар мен жылжымайтын ескерткіштерді қамтиды. Ортақ типологиялық белгілері бойынша ескерткіштерді негізгі 4 түрге бөледі: археологиялық ескерткіштер, тарихи ескерткіштер, сәулет өнері ескерткіштері, монументтік (мүсін) өнері ескерткіштері. Сондай-ақ, ескерткіштерге тарихи-танымдық немесе тарихи-көркем құндылығы бар жазбаларды да жатқызуға болады. Яғни адамзаттың көне заманнан күні бүгінге дейінгі дамуы жолындағы түрлі саладағы аса маңызды жетістіктерінің ерекше, қайталанбас заттық-рухани үлгі-нұсқаларын; адам өміріндегі оқиғаларды, белгілі бір елдің, халықтың басынан кешкен тарихи кезеңін еске түсіретін құндылықтарды, қастерлі мұраларды ескерткіш деп атау қалыптасқан. Оларды шартты түрде ауыз әдебиеті ескерткіші, жазба ескерткіш, өнер ескерткіші, сәулет ескерткіші, археологиялық ескерткіш, ұлттық дәстүрлі қолөнер ескерткіші, діни ескерткіш, т.б. деп те түрліше жіктеуге болады. Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау мемлекеттік деңгейдегі шара болып табылады және өскелең ұрпақ тәрбиесінің маңызды бөлігін құрайды.
Оқушыларға тарихи-мәдени ескерткіштерді оқытқанда оларды зерттеушілердің еңбектерінен мағлұмат беру өте маңызды. Қарахан дәуірінің Орталық Қазақстандағы сәулет өнерінің озық үлгілеріне жататын ескерткіштердің бірі Алаша хан мазары. Алаша хан ескерткішінің көркемдеу тәсілі ерекше талғаммен салынған. Қазақстандағы тарихи-мәдени ескерткіштердің басым бөлігі Қарахандықтар билігі тұсында бой көтергені баршаға мәлім. Сабақта Қазақстанның оңтүстігіндегі оның ішінде Тараз жеріндегі және Орталық Қазақстандағы тарихи-мәдени сәулет өнері ескерткіштерін салыну ерекшеліктерін, тұлғалардың тарихтағы орнын салыстыра отырып,ой түйіндеуге болады. Тарихи-мәдени ескерткіштерге қатысты тақырыптарды өткенде мұғалім екі басты мәселені өз дәрежесінде ашып көрсетуге көңіл бөлуі қажет:
Ауызша тарихнаманы яғни шежірелерді жүйелеп жеткізу және ескерткіштердің салыну мен тұрғызылу әдістерін көрнекіліктерді пайдаланып аша түсу;
-халықтың мәдениеті мен өнерін қадірлеуге үйрету арқылы отансүйгіштік қасиетті өз бойларына сіңіру және алған білімін өмірде пайдалана білу дағдысын қалыптастыру
7 сыныпта «Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы сабағында «Қарахан мемлекеті» тақырыбын өткенде мемлекеттің мәдениеті, атақты адамдардың басына күмбездеп кесене тұрғызғаны жайлы баяндалады. Бұл ескерткіштер бүгінге дейін жетіп отырған Айша бибі, Бабаджа хатун, Қарахан кесенелері. Тақырыпты өткенде алдымен оның шежірелік тарихына мән берген дұрыс.
«Өйткені шежіре тарату дәстүрі, оның ішінде қазақтың далалық ауызша тарихнамасы тарихи танымның елеулі бір арнасы болып табылады. Сонымен қатар аталған тақырыптарды өткенде оқушыларға Қарахан, Айша бибі, Бабаджа хатун, Дәуітбек, Тектұрмас т.б. туралы шежірелерді жүйелеп, жеткізген дұрыс. Бұл жерде тарихи тұлғалардың ата-тегі, ортасы, сол кезеңдегі коғамдағы орны деректер негізінде айтылуы тиіс. Шежірені бала бойында рухани нәр қалыптастыратын күш деп қараған дұрыс. Тарихи кесенелердің салыну әдістеріне мәселен, Айша бибі кесенесінің төрт бұрышында жуан - жуан бағаналар және әр қасбетінің (фасад ) ортасында жоғары және сүйірлеу аркамен бітетін кішірек қуыстар бар. Барлық қабырғалармен бағаналардың беті тұтастай терракоталық ( қыш ) тақталармен қапталып шыққан.
Мұғалім оқушыларға Айша бибі кесенесінің ішкі беті кірпіштен, сыртқы беті жоғарыда айтылғандай күйдірілген қүйма балшықтан қаланғанын, ал кірпіш пен күйдірілген құйма тастардың арасына әк косылған балшықпен жымдастырып, арша ағашымен ұстатылғанын көрнекіліктер арқылы түсіндіреді.
Мұндай әдістің жер сілкінгенде қабырғалардың құламай тыныш және бүгінге дейін сақталуының бірден-бір айғағы осында екендігі айтылады. Кесененің салыну әдісін оқушыларға осылай тәптіштеп, кеңінен түсіндіру.
Қазақ топырағында да сәулет өнерінің жақсы дамығандығын білуге үйретеді. Оқушылардың алған білімін таным мен рухты ұрпақтар санасына құя білуде экскурсия, мұражай, тарихи орындарға саяхаттың алатын орны ерекше. Бұл жұмыс әрине жүйелі түрде жасалуы тиіс. Тарихи кесенелер тарихын, сәулет өнерінің сырларына жетелеу арқылы бала көкірегін имандылық нұрымен сәулелендіреміз. Оқушылар мұражайда және тарихи орындарда алған әсерлерін күнделікке түсіріп отырады. Мұндай іс-шаралардың әлеуметтік - мәдени салада да берері мол. Өйткені, оқушылардың танымы кеңейіп ұлағатты тербие алады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Қазақстан тарихы; әдістемелік журнал (2009-2014 жж)
. 2. «Ел тарихы –ұлттық құндылық» https://ulagat.com/ сайты мақала 2020 жыл
-
Қасымқанова З.Н. Оқушылардың оқу-танымдық құзіреттіліктерін қалыптастыра отырып, ойлау белсенділігін арттыру. // Конференция матриалдары.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕР ТАРИХИ ТАНЫМ БАСТАУЫ мақала

шағым қалдыра аласыз