Материалдар / Тәуелсіз ел-мәңгілік ел! Мақала
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәуелсіз ел-мәңгілік ел! Мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Мамыр 2019
359
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәуелсіз ел-мәңгілік ел!

Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледджі

А.М.Сейдуалиева

Аллаға шүкір Тәуелсіз елдің ұланымын! Биыл міне, құдайға шүкір, тәуелсіздіктің жиырма бес жылдығын тойламақпыз. Тәуелді емес, тәуелсіз дербес елміз! Бодан емес, бостан елміз! Өміріміз азапсыз, арайланған азат елміз. Дұшпанға күлкі, мазақ емес, алдан үміт күтетін қазақ елміз! Қонағын Құдайындай сыйлайтын дархан елміз! Күннен күнге өркен деп өрге басқан, қарқынына қарқын қосқан, күн астында қалықтаған қазақ елміз! Таң тамаша таңғалдырар, тығырықтан жол табатын ғажап елміз! Біз өйткені қазақпыз, қазақ елміз!

Бұл тәуелсіздік қазақ еліне оңай келген жоқ! Ата- бабамыз елін, жерін найзаның ұшымен, білектің күшімен, қылыштың жүзімен, батырларымыз халқына қалқан болып, ақындарымыз жігеріне -жігер, қарқынына -қарқын қосып, намысын қайрау арқылы келді! Аға- әпкелеріміз 1986 жылғы желтоқсанның азапты күндері мен ызғарлы түндерін бастан кешті. Одан да өтті мұқалмай. «Қазақ елін талайлар, жігерін жасып, құмдай қылып, құмға сіңген, судай қылып құртамыз»- деді, алайда біз құрыған жоқпыз. Болашақта ұрпағымыз тек тату, бірлігі жарасқан егеменді азат елде өмір сүрсін деп, ешкімнен сескенбейтін ер жүрек тәуелсіз елде жүрсін деп арман еткен, арман етіп қана қоймай, сол арманға жетуге күш жігерін жұмсаған ата- бабаларымыздың ниеттері қабыл болып, асыл армандары орындалып, бүгінде, Біз, жастар дәл осындай азат елде, егемен, тәуелсіз елде, көк байрағы аспанда қалықтаған, кең байтақ, дархан жері бар ҚАЗАҚ елінде бейбіт күн кешудеміз.

Бүгінде Қазақстан- көк байрағы көкке желбіреген, қазына байлығын пайдалана білетін, ұрпақтарына ұлттық тәлім-тәрбие бере білген егемен ел! Аз уақыт ішінде Қазақстан Елбасын Нұрсылтан Назарбаевтың сындарлы саясытының арқасында, басқаларға өз басымдылығын көрсете білген экономикасы, мәдениеті өркендеген Азиялық айбынды мемлекетке айналды.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан бері көпқырлы бейбітсүйгіш, сыртқы саясаты тұрғысынан қарасақ, бүгінгі таңда ғасырлар бойы аңсаған арманы орындалып, көгілдір түске бөленген көкбайрағы халықаралық аренада желбірейді. Елбасының сарабдал саясатының арқасында, сан ұлттың достығы жарасқан елге айналдық.

«Сендер Тәуелсіз Қазақстан еліміздің перзентісіндер, тәуелсіз елде туып, тәуелсіз елде тәрбие алдыңдар. Сендердің озат ойларың мен кемел білімдерің-біздің қол жетпес мақсаттарымызға апаратын құдіретті күш», - деді Елбасы. Әрине жарқын болашақ білімді жастардың қолында деп санаймын. Елбасымыз жастар ұрпақтың сапалы білім мен саналы тәрбие алуына баса мән беруде. Жастардың заман талабына сай білім алуы үшін үлкен мүмкіндіктер жасалуда. Осының барлығы егеменді еліміздің халыққа деген ыстық ықыласы мен көзқарасының арқасында.

Ұлан- ғайыр жері бар, ұлы мұратты Елі бар, бабалар жазған ұлы тарихы мен ұрпағы көз тіккен ұлы болашағы бар менің халқым- Ұлы халық! Тәуелсіздікті алу үшін қандай қажыр -қайрат керек болса, оны баянды ету үшін одан да зор қажыр- қайрат керек.

Мәңгілік Ел-Тәуелсіздіктің өмірлік философиясы.Бұл қағидаларды мүлтіксіз сақтай отырып, біз Отанымыздың көк байрағын нық ұстаймыз, оның Қазақстан дамуының жаңа биіктерінде асқақтата беретін боламыз.

Әлемдегі ең мықты елу елдің сапына еркін қосылып, енді ең қуатты отыз елмен иық тірестіруге бет алдық. Рухы биік, еңсесі тік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мәңгілік Елдің мәртебесі асқақ болуы үшін бізде бәрі бар. Ендеше барды бағалап, дамыта білейік!

Біздің халқымыз- ешқашан мызғымайтын, жыл өткен сайын нығайып, бекей түсетін Мәңгілік Тәуелсіздіктің иесі.

Тәуелсіздік толғауы ұрпақтың жадында жаңғырып, Тәуелсіздік Рухы әрбір азаматтың жүрегінде тербелсін!

Көк туымыз мәңгі көкке желбіреп, әнұранымыз ешқашан өшпесін. Жаса мәңгі Қазақстаным! Жасай бер тағы да, жасай бер.

Өксік күнің келмеске кетті бәрі,

Кеткенге емес, ертеңге ел бет бұрады.

Шеп құрады Алаштың айбындары,

Болашаққа бірге Абылайдың ұрпақтары! –дей, отырып,үштұғырлы тілді меңгеріп, әлемді таңқалдырамыз. Біз өйткені, қазақпыз!

Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаев:

«Алдымызда асу-асу белдер бар, ұлт жолында ұйтқи соққан желдер бар. Жел де беттен қағар. Бәріне төзу керек, бәріне көну керек, жас ұрпақ!», - деп айтқандай, біздер, жас ел ұландары, тәуелсіздігіміздің баянды болуы үшін жауапты екенімді, аға ұрпақ зор сенім артып отырғанын түсінуіміз керек. Бүгінгі жас ұрпақ , ертеңгі ел патриоты!






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!