Тәуелсіз елдің тәуелді жастары: жұмыссыздықтың ішкі себебі
«Сананы тұрмыс билейді» деген көнеден қалған сөз бүгінде шындықтың айнасына айналды. Қазіргі қазақ қоғамының бет-бейнесін тек экономикалық көрсеткіштермен емес, әлеуметтік көңіл-күймен, рухани әлеуетпен де өлшеуге болады. Алайда дәл қазір, дамыған елдер цифрлық серпіліс жасап жатқан сәтте, біз өз ішіміздегі ең өткір дерттің – жастар арасындағы жұмыссыздық пен әлеуметтік енжарлық мәселесімен бетпе-бет келіп отырмыз.Бұл тақырып жай ғана «жұмыс таба алмау» деген тар түсініктен әлдеқайда кең. Мұнда жүйелі білім мен нарық талабына сай келмейтін мамандықтар, кәсіпке емес, кеңсеге ұмтылу психологиясы, сонымен қатар ауыл мен қала арасындағы мүмкіндіктер теңсіздігі қатар тұрады. Әр бұрышы бұйығы күрделі проблема. Сарапшылар бұл құбылысты «еңбек нарығының дағдарысы» немесе «жоғалған ұрпақ феномені» деп атайды. Бірақ мен бұл мәселені жоғалған сенім, табылмаған бағыт дер едім. Өйткені жастардың бір бөлігі жұмыс таппай жүрсе, енді бірі жұмыс істегісі келмейді. Демек, түйін тек экономикада емес, қоғамның идеологиялық аясында да жатыр.Енді осы мәселені нақты деректермен, сарапшы көзқарасымен, өмірден алынған мысалдармен талдап көрейік…
Қазақстан – Тәуелсіздік алғалы бері нарықтық қатынасқа бейімделіп, экономиканың ашық жүйесіне өтті. Жастар үшін шексіз мүмкіндіктер кезеңі келді деген үміт те болды. Алайда бүгінде сол жастардың едәуір бөлігі жұмыссыз немесе еңбек нарығында тұрақсыз жағдайда өмір сүріп жатыр. Тек санмен сөйлесек: ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің 2024 жылғы дерегі бойынша, 15–28 жас аралығындағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі – 3,8%, бірақ шын мәнінде NEET (оқымайтын, жұмыс істемейтін жастар) үлесі 11–13% шамасында.Бұл – жай ғана әлеуметтік статистика емес, болашақтың сызаты. Мәселенің тамырына терең үңілсек, бірнеше өзекті себеп алдыңғы қатарға шығады:
1. Білім беру мен нарық арасындағы үзіліс: Қазақстанда жыл сайын мыңдаған түлек жоғары оқу орындарын бітіріп шығады. Бірақ олардың бәрі бірдей еңбек нарығына сай ма? Жоқ. Жастар арасында ең көп таралған мамандықтар – заңгерлік, қаржы, педагогика. Ал еңбек нарығы IT, инженерия, кәсіпкерлік, аграрлық технологияларды талап етеді. Бұл – ұсыныс пен сұраныстың сәйкес келмеуі, яғни жүйелік ақау.
2. Жұмыссыздық емес, мотивациясыздық дерті:Кейбір жастарда жұмыс істеу ниеті бола тұра, төмен жалақы, әлеуметтік қолдаудың әлсіздігі, еңбек құқығының қорғалмауы сынды себептерден тұрақты жұмыс іздеуден бас тартады. Тағы бір бөлігі «кеңседе отырып ақша табу» деген ұғымға байланып қалған. Қолына күрек емес, компьютер ұстағысы келеді. Бұл – қоғамдық санадағы жұмысқа деген көзқарас дағдарысы.
3. Қала мен ауыл арасындағы алшақтық:Ауылдан шыққан жастардың алдында екі таңдау бар: не қалаға кету, не ауылда қалып, мүмкіндік шеңберін тарылту. Қалада жұмыс көп, бірақ бәсеке жоғары. Ауылда жұмыс аз, бірақ даму баяу. Бұл – жастардың көбінің қалаға жаппай ағыла бастауының себебі. Нәтижесінде – урбанизация, жұмыс тапшылығы, баспана қиындығы, әлеуметтік күйзеліс.
4. Жүйелі қолдаудың жоқтығы:Мемлекет тарапынан «Жастар практикасы», «Дипломмен – ауылға», «Жас маман», «Бизнес бастау» сияқты жобалар іске асқанымен, олардың барлығы бірдей ұзақмерзімді нәтиже бере алмай отыр. Себебі, тек қаржылай қолдау емес, менторлық, бағыт беру, біліктілік арттыру тетіктері әлсіз дамыған.
Жағдайдан шығудың жолдары: жүйелі шешім қандай болуы тиіс? Экономист, еңбек нарығын зерттеуші Мақсат Халық бұл құбылысты тереңірек жүйелі проблема ретінде қарастырады. Оның айтуынша:«Қазақстанда жастар арасындағы жұмыссыздық тек нарыққа байланысты емес. Бұл – отбасынан басталып, білім жүйесі мен мемлекет саясатына дейін созылатын көпсатылы үдеріс. Біз баланы 11 жыл мектепте оқытып, кейін 4 жыл университетте даярлаймыз. Бірақ ол өмірге бейімделіп шықпайды. Себебі еңбекке баулу, кәсіпке қызығу, қаржылық сауаттылық жоқ. Жастар диплом алады, бірақ маман болмайды», – дейді сарапшы.
Сарапшылар мен еңбек нарығындағы мамандар бұл түйткілді мәселені шешудің бір реттік емес, кешенді жолдарын ұсынады. Ең алдымен:
1. Білім мен еңбек нарығын сәйкестендіру
Университет бағдарламаларын жаңғырту керек. Жастарға нақты сұранысқа ие мамандықтарды таңдауға еркіндік пен жауапкершілік қатар берілуі тиіс. Білім беру жүйесі жұмыс берушілермен тікелей байланыста болғанда ғана түлек жұмыссыз қалмайды.
2. Кәсіпке емес, кәсіпкерлікке баулу
Жұмыс сұраушы емес, жұмыс беруші жастарды қалыптастыру — жаңа замандағы маңызды бағыт. Мектеп қабырғасынан бастап қаржылық сауаттылық, кәсіпкерлік негіздері енгізілуі тиіс. Жастарға тек грант пен жоба емес, сенім мен кеңістік керек.
3. Ауылдағы әлеуетті ашу
Ауыл жастары — мемлекет резерві. Бірақ олар өз жерінде игерілмей жатыр. Бұл үшін ауылға интернет, шағын несие, IT-білім орталығы секілді заманауи инфрақұрылым тарту қажет. Сонда ғана олар қалаға көшпей-ақ, ел үшін еңбек ете алады.
Жастар — елдің жүрегі, тамыры, рухы. Бүгінгі жұмыссыз, мақсатсыз қалған буын — ертеңгі ұлттың үніне айналмақ. Тәуелсіздік алғанмен, сол тәуелсіздіктің игілігін толық сезінбеген ұрпақ бой көтеріп келеді. Олар — өз жолын табуға емес, жол сұрап шаршағандар. Олар — бос уәдеге тойып, шын еңбекке жете алмағандар. Қоғам соларға қарап — өз келбетін таниды. Ал бүгінгі қоғамның бейнесі — үміт пен үрейдің арасында адасқан жас. Оның жанарында — болашаққа деген сұрақ, жүрегінде — жалғыздық, ал қолында — қолданылмаған мүмкіндік тұр. Егер біз бұл буынның үнін естімесек, ертең елге үн қататын ешкім қалмас. Жастарға тек жұмыс емес, мақсат керек, тек табыс емес — таным керек. Олар кеңседе емес, қоғамда өз орнын тапқысы келеді. Оларға бағыт емес — бағдар, бұйрық емес — сенім керек.
Тәуелсіз елдің жастары ешкімге тәуелді болмасын десек, ендігі сөз емес, іс сөйлесін. Әйтпесе, әлдилеген үмітіміз — өз қолымыздан сырғып кетпек.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз