Материалдар / Тәуелсіз Қазақстан

Тәуелсіз Қазақстан

Материал туралы қысқаша түсінік
Еліміздің тәуелсіздігін баяндау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қаңтар 2021
265
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: «Тәуелсіз елім-Қазақстан».

Сабақ түрі: Аралас сабақ.

Мақсаты:Тәуелсіз Қазақстан туралы түсініктерін дамыту, бекіту.

Тәуелсіз елін, жерін мақтан тұтуға, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Балалардың ой еркіндігін ояту, шығармашылық, белсенділігін шыңдау, әншілік

дауысын жетілдіру,ән мазмұнына сай ырғақтық қимылдар жасай білуге үйрету.

Көрнекіліктер:ҚР-ның рәміздері, бүктемелер, үнтаспа.

Әдіс-тәсілдер:Дауыс жаттығуы, сұрақ-жауап, түсіндіру, тыңдау.

Билингвалды компонент:Герб-Елтаңба, Флаг-Ту, Гимн-Әнұран, Родина-Отан, Столица-Астана.

Әрекет кезеңдері:

Мұғалімнің іс-іәрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациалық қозғаушы

Сәлем бердік, туған елім

Тал бесігім, туған жерім

Сәлем бердік бәріңізге,

Өскен ортам, еркін елім.

Балалар, бір-бірімізге, апайларымызға алақан жылуымен, жүректен шыққан ыстық лебізімізді білдірейік.

Әлемде нұр тыныштық,

Әрбір бейбіт күн ыстық

Қайырлы таң апайлар!

Қайырлы күн достарым!

Құрметті апайлар! Қош келіпсіздер! Сіздерді көргеніме қуаныштымын. Бүгін бізде мереке. Біздер бүгінгі сабақты Тәуелсіздіктің 23 жылдығына байланысты өтеміз. Балалардың білімдерін, өнерлерін тамашалау қандай қуаныш!

Музыка сабағында көптеген әндер тыңдап, жаттағансыңдар, кане, барлығымыз Атамекен әнін тыңдайық. Жарайсыңдар, балалар! Әніміз ұнады ма? Біздің Атамекен ол қай жер?

Балалар:Қазақстан, Сарқырама ауылы.

Ал, біздің Елбасымыз кім?

Нұрсултан Назарбаев Әбішұлы.

Өте жақсы. Балалар біздің қандай рәміздеріміз бар?

Балалар;Елтаңба, Ту, Әнұран.

Балалар олай болса мына тақтаға назар аударайық.

-Ненің суреті?

-Тудың.

Дұрыс. Бұл мемлекеттік ту. Тудың түсі аспанның түсіне ұқсайды. Ортасында күн шуағы, астында қалықтаған қыран бүркіт. Қазақстанда тұратын халықтың өмірі күндей жарқырап, қыран бүркіттей биікке самғай берсін дегенді білдіреді.

-Бұл ненің суреті?

-Елтаңба.

Өте, жақсы балалар! Бұл мемлекеттік Елтаңба. Елтаңбада шаңырақ бейнеленген. Үйінің шаңырағы биік, керегесі кең,іргесі берік болсын дегені. Жүйрік ат-ер қанаты деп, халқымыз жылқы малын ерекше құрметтейді. Елтаңбаға қанатты тұлпарды бейнелеу-құрметтің белгісі. Жылқының адам баласына сіңіретін еңбегі де зор. Әр адамның бағытын бағыттаушы, танытатын жұлдызы болады. Мемлекеттік Елтаңбаға жұлдыздар бейнеленген. Сондай-ақ бағыттаушы жұлдыздар мемлекетте де болу керек.

Рәміздер туралы қандай тақпақтар білеміз ?

1.Дастан.

Елтаңбасы елімнің,

Неткен әйбәт, әдемі

Танығандай көңілді,

Ортада аспан әлемі.

2. Диас.

Қазақстан елімнің,

Жеке дербес туы бар

Елдің ашық көңілі,

Сол туынан көрінер.

3.Абдусамат.

Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы,

Оны халық қашанда,

Биікке іліп қояды.

4.Назым.

Әнұраным-жан ұраным

Айтар әнім-сөйлер сөзім,

Туған жерім-сағынарым

Мәнгі бақи шырқалады,

Республикам Әнұраным.

ҚР-ның Әнұранын орындайық..

Әнұран-хор.

Жарайсыңдар, балалар!

Туған жерге нұр шашып жарық берген,

Қуаныш пен мол бақыт алып келген

16-желтоқсан шуақ болып,

Тәуелсіздік еліме алып келген. Тәуелсіздік тәңірдің сыйы. Ол оңайлықпен келген жоқ.

Тәуелсіздік-жайында балаларыңыздың тақпағын тыңдаңыздар.

1.Бердалы.

Тәуелсіз күнменен

Еркіндік орнады

Елбасым тіккен ту,

Бабалар арманы.

2.Аяулым.

Еркіндік күйі бұл,

Еріткен таңдары

Мәңгілік мұз басқан,

Тазартып жолдары.

3.Еркебұлан.

Анықтап алдағы,

Жаңылмас бағытты,

Қолдаған Елбасым,

Қазағым бақытты.

4.Назым.

Қазақ жері Қазақстан

Мөлдіреген ашық аспан

Алыс кетсем сағынамын,

Отаным сен Қазақстан.

5.Асылхан.

Қазақстан-елім менің

Қазақстан-жерім менің

Саған арнап, айтылады,

Әнім менің.

Балалар, бүгінгі «Тәуелсіздік» күнді бүкіл халық тойлайды. Қазақстан көркейіп, өркендеп өскен ел. Біздің Отанымызда көп ұлтты халық мекен етеді. Біз барлығымыз тату-тәтті бір шаңырақтың астында тұрып жатырмыз.

Кең байтақ жер иесі-қазақ елі,

Мадақтап әрқашанда тұрам сені.

Қойнауында қазына, байлығы мол,

Қызықтырып тұратын өзге елді.

Балалар қане, «Қазақстаным» әнін орындайық. Балалар әнді айқайламай, бір-бірімізді тыңдап орындайық.

Жарайсыңдар!

Балалар, біз қай мемлекетте өмір сүріп жатырмыз?

Балалар:Біздің Отанымыз «Қазақстан».

Отанын суйген отқа жанбайды, суға батпайды. Балалар, біз Отанымызды сүйіп, құрметтеуіміз керек. Отан туралы қандай тақпақтар білеміз?

  1. Нурила.

Отан-жерім, Отан-суым,

Отан қуат, нәр береді

Отан ұран, отан туым

Отан мәңгі гүлденді.

2.Азат.

Отан-сенің ата-анаң,

Отан-досың бауырың,

Отан-өлкең, Астанаң,

Отан-аудан, ауылың.

3.Зейнеп.

Отан-тарих, Отан-тіл.

Жасаған елің, ер халқың

Отан өлең, Отан жыр

Көтерген көкке ел даңқын.

4.Аделя.

Отан-осы достарым,

Көңілге мұны түйе біл

Отан деп өс, жас қауым

Оны ардақтап суйе біл.

Жарайсыңдар! Біздің бас қаламыз қай қала?

Астана. Астана туралы тақпақ кім айтады.

Балауса.

Астана арман қала,

Бағы бір жанған қала,

Тұрады ол жап-жас болып

Біз үлкен болғанда да.

Жарайсың, Балауса.

Сергіту сәті:

Көк байрақ желбіре.

Асқақтап аспанда

Жас ұлан ел бірге,

Сап түзе жасқанба.

Сап түзеп би билейік. «Жаса, Қазақстан» музыкасына билеу.

-Балалар, біздің ана тіліміз қай тіл?

-Біздің ана тіліміз-қазақ тілі.

Жарайсыңдар, балалар! Қазақ тіліміз мемлекеттік тіл. Ол туралы не білеміз?

1.Фатима.

Ана тілі-біліп қой,

Еркіндігің біліп қой,

Ана тілің біліп қой

Мақтанышың біліп қой.

2.Бағдат.

Ана тілім-ұраным,

Ана тілім-құралым

Ана тілім болмаса,

Болмас еді жыр әнім.

3.Жанель.

Ана тілің-ертегің,

Ана тілің-өркенің,

Ана тілі ертеңің,

Қадірле ана тіліңді

Жүрегіңнің бөлшегін.

Жалпы, барлығы.

Ана тілін ақтаңдар,

Ана тілін сақтаңдар

Ана тілмен безеніп

Ата берсін ақ таңдар!

Ән: «Ана тілін сүйеміз»

Жарайсыңдар, балалар! Бүгін сендер тақпақтарды, әндерді, биді өте жақсы орындадыңдар. Сұрақтарға да дұрыс жауап бердіңдер. Сендерге, келген апайларға көп-көп рахмет айтамын.

Аспанымызды ешқашан соғыс бұлты торламасын. Әрқашан аспанымызда күн сөнбесін. 23 жыл ішінде егемендік пен елдіктің, береке мен бірліктің, ынтымақтың туын жоғары көтере білдік. Ендігі мақсат «Тәуелсіздігімізді» көздің қарашағындай сақтап, басқа қонған бақытты бағалай білу. «Тәуелсіздік» мерекесі құтты болсын!

Ән:Әрқашан күн сөнбесін.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ