Материалдар / Тәуелсіздігім-тірегім

Тәуелсіздігім-тірегім

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған мерекелік кеш. Тәуелсіздің тарихын, маңыздылығын оқушыларға ұғындыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қараша 2022
234
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




Жаңақоныс жалпы орта білім беретін мектебі








Тәуелсіздігім тірегім






Дайындаған: Р.Бешенова













2021-2022 оқу жылы







«Тәуелсіздігім тірегім» Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты кеш

Мақсаты: Оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту. Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.

Қазақстан Республикасының Гимні.

«Жас Ұлан» ұйымының рәсімі

Жүргізуші: Армысыздар, қадірменді қонақтар! Көп ұлтты және ортақ салты мен тарихы бар біздің арамыздағы өзара келісім - біздің жеріміздегі бейбітшілік пен берекенің дәлелі болып табылады. 2021 жыл еліміз үшін айрықша, мерейлі де, мерекелі жыл. Тәуелсіздік алғанымызға биыл 30 жыл толды! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздігім тірегім» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!

Иә, бүгінгі мерекенің орны өзге. Қанымен қара тасқа қашалып, ғасырлар бойғы арман-тілекті бойына сіңіріп, сағым жылдардың елесін арқалап, асыға жеткен арманымыз ғой бұл. Дала төсінде тербеліп тұрар Тәуелсіздік бесігі шартараптағы сағыныштарды біріктірері сөзсіз. Салтанатты жиынның құттықтау сөзін мектебіміздің директорының міндетін уақытша атқарушы Балымбет Жарасқан Беркінбайұлына береміз

Жүргізуші:

Таңғажайып атыңда дәл табылды.

Табылды да талай жұртқа таңылды.

Туған елім көкке жетті көк туың

Сен – тәуелсіз мемлекетсің кәдімгі.

Енді 5 сыныптың оқушыларын «Тәуелсіз елдің ұланымыз » әнімен ортаға шақырамыз (хор)

Жүргізуші: Өз басым тәуелсіздіктен кейін туылған буынның өкілі бола тұра, бұл егемендіктің қандай жолмен келгенін жақсы білемін. Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес еді. Халқымыз бостандықты аңсап, тәуелсіздікке зарығып жетті. Тәуелсіздік – ата-бабамыздың ежелден келе жатқан арманы. Халқымыздың бостандыққа ұмтылысының және өшпес қайсар рухының арқасында тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл күнге дейін жеткен ұмытылмас оқиғалар – ел бостандығын қорғау соғыстары мен ұлт-азаттық көтерілістердің тарихымызда өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталатыны анық. Нұрлан Заринаның орындауында «Тәуелсіздік» әні

Жүргізуші:

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма,

Туған тілім шұбарланба жарқыра.

Тарихымда таланттылар көбейсін,

Бас иемін ата баба рухына. «Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. 130 - дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.

Қазақстан – сан ғасырлық тарихы бар,
Қазақстан - бұл азат ел танысыңдар.
Көк байрағы, елтаңба, әнұраны,
Қазақ елі егеменді, сан ұлты бар. Таңжарық Асланды «Бір елдің баласындай » әнімен ортаға шақырамыз

Жүргізуші: Өз алдына егеменді ел болып, тәуелсіз ел атанды, қазақ халқы үшін, әрине, үлкен қуаныш. Өз елін, өзінің кіндік қаны тамған туған жерін, ана сүтімен дарыған туған тілін түсінбейтін адам жоқ. Біздің туған еліміз – Қазақстан! Даласы қараса көз жетпейтін кең, таулары айбатты, халқы мерейлі ғажайып өлке.

Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім,
Болашағым, өнер - білім, өркенім.
Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.

Жүргізуші: Барша қазақстандықтар үшін тәуелсіздіктің мәні де, маңызы да айрықша. Өйткені біз тәуелсіздіктің арқасында тарихымызды түгелдеп, тілімізді, дінімізді қайта оралттық. Мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданып, ұлттық салт - дәстүрімізді жандандырдық.
Тәуелсіздік – бұл менің Парасатым,
Күншілмен де тіл тауып жарасатын.
Қорғайтын Елдігіңді ерлігімен,
Қазақтың шығаратын Алаш атын.

Бәйгеге ат жіберсек те, кең далада көсіліп ойнасақ та, билесек те, ән айтсақ та осының бәрі бабаларымыздан қалған асыл мұрамыз, аманат болған азаттықтың арқасы. Ендеше, татулық пен тұрақтылық аясында өмір сүріп, бейбітшілік, туын биікке көтерген Қазақстан халқы жаңа әлемнің жарқын жаңалықтарына ұмтыла бермек. Хор: «Атамекен» орындайтын 6 сынып оқушылары

Жүргізуші:

Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздігім теңдігім» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.
Қазақ елім!
Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын.
Баршаңызға бақыт, денсаулық, ашық, аспан, бейбітшілік тілейміз! Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы құтты болсын!
Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ