400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәуелсіздігім туыммен тұғырлы, Елтаңбаммен еңселі, Әнұранымен айбатты

Материал туралы қысқаша түсінік
Еліміздің тәуелсіздігіг туралы, Рәміздер күніне орай
Материалдың қысқаша нұсқасы

ТӘУЕЛСІЗДІГІМ - ТУЫММЕН ТҰҒЫРЛЫ, ЕЛТАҢБАММЕН ЕҢСЕЛІ, ӘНҰРАНЫММЕН АЙБАТТЫ

Бақыттың да, байлықтың да бастауы туған жерде. Алыстан аңыз болған, естісең елең еткізген, әр жүректі тербеткен, көгінде көк туы желбіреп, елім дейтін жер екенін білгізген, атамекен - жерұйығым - Қазақстан.

Халық даналығы шіркін "әркімге өз туған жері - Мысыр шаhары" деп бекер айтпаған. Мен қазақ болып, мына жарық дүние есігін ашқанымды үлкен мақтанышпен айтамын. Ата бабаларымыз ұрпағы үшін алаңдап, ертеңгі күніне сеніммен қарап, өмірлік сара жолын салып кеткен елде мамыржай өмір сүріп жатқаныма қуаныштымын.

Еліміз құшағын кеңге жайған, өзгені жатсынбай бауыр санаған үлкен отбасы. Отбасы ішінде жүзден астам ұлт өкілдері, қазақ атты кең пейіл, қонақжай халықпен бірге өмір сүруде. Елімізді тәуелсіздік алғаннан кейін, ата-баба жолынан таймай, сол қалпында және одан да асыра көркейткен тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атамызға алғысым шексіз. Елін сүйер ер болса, Елбасындай болсын дегім келеді. Тәуелсіздік мекен ете бастаған кезеңде, Қазақстанның ұлттық рухани асыл қазынасы, саясаты, экономикасы, мәдениеті дамып, санаулы қас-қағым сәтте өзге жетпеген жетістіктерге жетті. Ең басты жетістік ол - тіліміздің мемлекеттік мәртебеге ие болып, тіл үшін күрескен ұлыларымыздың рухы бір серпіліп қалды. Бабаларымыздың аманатына киянат жасамай, дер кезінде тұғырына бағыттай, бекіте білдік. Туымен тұғырлы болған елім, өзге елден өзін айырықша етіп көрсететін ресми эмблемасына көгілдір түс аясындағы шаңырақ, жан-жағына аңыздардағы жылқының қанатымен жиектелген күн сәулесі түріндегі уықтарды бейнеледі. Елтаңбамыздың төменгі бөлігінде "Қазақстан" деген жазу жазылған. Шаңырақ - елтаңбаның жүрегі. Мемлекет елтаңбасының негізгі мағынасы шаңырақ - бірліктің, ынтымақтың белгісі, ал ұшқыр тұлпар өз бойына уақыт пен мезгілді біріктіреді. Және төбесінде орналасқан жұлдыз, елімнің маңдайын біткен бағының көрінісі. Талай асау биікке көтерген, өзгенің емес өзінің жеңісін еліне арнаған, қазақтың жасы болсын, кәрісі болсын оны құрметтеген, өзге ел көрсе Қазақстанды есіне алатын, айбыны биік - Көк туы. Туымыздың бейнесіндегі көк аспан және құстың ең қырағысы-қыран, сәулесін шашып, нұрын төккен - алтын күн бейнеленген. Мағынасы керемет, көк аспан біздің қазақстанымыз болса, күн - бейбіт ел, ал қыран-сол мекенді мекендеген халық. Қазағымның әр сөзінде бір ой, әр ісінде бір нәтиже, әр көрінісінде тамыры терең мағына бар. Туыммен, елтаңбамды айтқанда, үшемдей бірге жүрер әнұранымды қалай айтпасқа. Елімнің бірлігін салтанатты түрде әнмен бейнелейтін, мемлекетімнің рәмізі. Әуеннен бейбіт пейіліміз, досқа ашық құшағымыз, еркіндікке құштар бала көңіліміз жақсы көрініс тапқан.

Тәуелсіздікке жол жеткізу үшін қаншама тер, қаншама қан төгілді. Біз тәуелсіз елдің ұрпағы, басты міндетіміз әрқашанда ел үшін, жер үшін күрескен, жанын қиған батырларымызды ұмытпай, олардың ерлігін ұрпағымызға дәріптеу. Отанға деген махабатты дәлелдеу үшін тек маңдайдағы ерлік емес, жүректегі ұлтжандылықтың болуы абзал. Қасиетті хадисте: "Отанды сүю иманнан дүр" деп айтылған. Біз қазақ жастары елдің, жердің қадірін білетін, атадан балаға мұра болып келе жатырған ауқымы кең жерімізді одан әрі көркейтушілеріміз.

Қалың елім, қазағым мақтанышым,

Сарқылмасын бойыңдағы қайрат-күшің

Еңселі ел боп, ертеңге қарайлаймыз,

Тарихпенен болашақтың дастаны үшін - деген ән-жырымды арнай отыра, әрқашан аспанымыз ашық, көгімізде көк туымыз желбіреп, әнұранымыз шырқала берсін.

Аманбай Нұртас

"Каспий өңірі "Болашақ" колледжі,

Құқықтану мамандығының 2 курс студенті

Ақтау қаласы





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.06.2024
149
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі