Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Тәуелсіздік - мақтанышым
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сахналық қойылым
Тәуелсіздік - мақтанышым
Мақсаты: Білім алушыларда тәуелсіздік туралы ұғым қалыптастырып, Тәуелсіздіктің 30 жылында жеткен жетістіктерімізді көрсете отырып, елін, жерін, Отанын қастерлеп, ұлттық құндылықтарды бойларына дарыту.
Немере: -Ата, мен достарымды ертіп келдім. Достарымның тәуелсіздік туралы білгілері келеді.
Бала 1: -Ата , тәуелсіздік деген не?
Бала 2:-Теледидарда тәуелсіздікке 30 жыл деп жазулы тұр ғой. Сол туралы сізден білгіміз келеді.
Ата: Балаларым, тәуелсіздік дегеніміз ол – еліміздің азаттығы, ешкімге тәуелді болмай еркін өмір сүру деген.
Бала 3: Сонда сіздер осы кезге дейін тәуелді болып өмір сүрдіңіздер ме?
Ата:-Тәуелсіздік! Ата-бабамыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздік!
Алтайдан Алатауға дейін ұлан – ғайыр жерді мекен еткен ата – бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барған. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар. Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық. Міне, содан бері 30 жыл. Биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30-жылдық мерекесі.
Бала 4: -Иа, осындай батырларымыз көп болған екен ғой.
Ата:-Дұрыс айтасың, балам. Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар, Қазақстан өз тәуелсіздігін алды. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.
16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті. Әжелерің мен екеуміз сол 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының куәсі болдық. Кеңес Одағы ыдыраған соң, тәуелсіз мемлекет болуды көздеп, алаңға шықтық.
Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды.
Бала 1:- Ой, ата, көп нәрсені көрген сияқтысыз ғой.
Ата:- Иа, балам, бәрін көрдік қой.
Бала 2:- Әже онда сіз де көргеніңізді айтып беріңізші.
Әже:-Балам - ау, өткенді қозғап не істейміз? Барлығы да мына сендердің бақыттарың үшін ғой. Енді ондай оқиғалар сендердің бастарыңнан өтпесін. Алаңсыз бақытты өмір сүріңдер.
Немере: - Менің атам мен әжем де батыр болған екен ғой.
Әжесі: -Атасы – ау , немерелеріңе одан да осы көтеріліске қатысып не ұттық, 30 жылдан бері қандай жетістіктерге жеттік соны өзің жасаған бейнероликтен көсетсеңші.
Балалар:- Ата көрсетіңізші.
Ата:- Жарайды
(бейнеролик көрсетіледі)
Ата: (Слайд жүріп жатқанда атасы сөйлеп отырады)
- Қазақ халқының ең соңғы өліп, тірілуі – біздің халқымыздың қайғы-қасіретіне, сонымен бірге мақтанышына айналған 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы. Осы оқиғаға қатысты деген жалған жаламен 99 адам сотталды. 264 адам жоғары оқу орындарынан, 758 адам комсомолдан, 52 адам коммунистік партия қатарынан шығарылды, әр түрлі жазалар берілді. Қазіргі күнде 16-17 желтоқсандағы оқиғаға қатысқаны үшін жазаланған азаматтар Президенттің жарлығымен ақталды.
«Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүниежүзіне танылды. 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.
Слайд
1. 1991 жылы 16 желтоқсан - Қазақстан тәуелсіздігі жарияланды.Осыдан ел тарихының жаңа кезеңі басталды. Қазақстан Республикасының шекарасы белгіленіп, мемлекеттік нышандар бекітілді.
2. 1991 жыл 29 тамыз — Семей ядролық полигоны жабылды.
3. 1992 жыл екінші наурыз - Қазақстан БҰҰ-на мүше болды
4. Қазақстан жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшті.
5. 1994 жылы алтыншы шілдеде Қазақстан астанасы Алматы қаласынан Ақмола қаласына ауыстырылды.
6. 1995 жылы 30 тамыз Қазақстан Конституциясы қабылданды.
7. 1995 жылы Қазақстан халықтар ассамблеясы құрылды.
8. Қазақстан -2030 жоспарын жүзеге асыру басталды. Институттар құрылып, орта тап азаматтарының өмірлері жақсаруы үшін жағдайлар жасалды.
9. Қазақстан бәсекеге қабілетті 50 ел құрамына кірді.
10. 1991 жылдан бері азаматтардың жалақысы 17 есе өсті.
11. Еліміздің әскери күштері БҰҰ-ның бітімгершілік операцияларына қатыса бастады.
12. 1999 жылы БҰТ енгізілді.
13. Қазақстан ұсынысы бойынша БҰҰ 29 тамызды ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күн деп жариялады.
14. 2000 жылы ең ауқымды жоба — Қашаған мұнай және газ кен орны іске қосылды
15. 2017 жылы Қазақстан 2019-ға дейін БҰҰ-ның уақытша мүшесі болды
16. Әлемнің 100-ден аса еліне 2500 тауар түрін экспорттайды.
17. Әлемнің 182 елімен дипломатиялық байланыс орнатты.
18. Туу көрсеткіші 60 пайызға өсіп, қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 64 жастан 72 жасқа өсті.
19. 1 500 мектеп пен 2 700 балабақша салынып, қолдануға берілді.
20. 2010 жылы Қазақстан ЕҚЫҰ-на төрағалық етті.
21. 2011 жылы Астане мен Алматы қалаларында VII қысқы Азиялық ойындар өткізілді.
22. 2014 жылы 24 мамырда Астана қаласында Еуразиялық экономикалық одағын құру келісімшартына қол қойылды.
23. Тәуелсіздік жылдарында Орталық Азияға салынған инвестицияның 70 пайыздан астамы Қазақстанға тиесілі. Қазақстанға 300 миллиард доллар инвестиция салынған.
24. Индустриализация жылдарында 1250 кәсіпорын құрылып, 300 мың жұмыс орны ашылған.
25. 2017 жылы халықаралық EXPO көрмесін өткізді . Аталған көрме 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында Астанада өтті. Оны тамашалауға әлемнің түкпір-түкпірінен 3 миллион адам келді. Ал көрмені өткізуге 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым қатысты.
26. 27 жыл ішінде Қазақстан 70 олимпиада жүлдесін ұтып, 700-ден аса халықаралық жарыстарда жеңіске жетті.
27. 2017 жылдың қаңтарынан бері Қазақстан сирияаралық жанжалды бейбіт жолмен шешетін алаңға айналды.
28.2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық етті. Сондай-ақ Астананың 20 жылдық мерейтойы тойланды. Ұлттық валютамыз-теңгеміздің 25 жылдығы аталып өтті.
29.2019 жыл Қазақстан үшін тосын оқиғаларға толы болды. 19 наурызда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін тоқтатты. 9 маусымда кезектен тыс сайлау өтіп, 70 пайыздан астам дауыс жинаған Қасым-Жомарт Тоқаев ел Президенті болып сайланды.
30.2020 жыл. Тек біздің еліміз үшін емес, барлық әлем үшін үлкен сынақ болды. Барлық әлемді жайлаған індеттің кесірінен еліміздің экономикасына, саясатына, тұрғындардың әлеуметтік жағдайына және тағы да басқа мәселелерге байланысты қиыншылықтар туындады. Дегенмен де, тұғыры мықты еліміз бұл қиыншылықтан да аман өтетіне біз сенеміз.
16.2021 жыл. Тәуелсіздікке 30 жыл.
Бала 2: - Ата, еліміз 30 жылда көптеген істер атқарыпты. Тәуелсіздікті аңсаған аталарымыз бен апаларымыздың еңбегі еш кетпепті.
Бала 3: -Иа, аталарымыз бен апаларымызды мақтан тұтамыз. Ендігі кезде елімізді өркендететін біздер боламыз.
Бала 4:- Барлығымыз бақытты боламыз.
Немере: - Алда әлі талай жетістіктерге жететін боламыз.
Ата: - Жарайсыңдар, балаларым. Талаптарыңа нұр жаусын!
Әже: (сырттан дауыстап) – Атасы – ау , балаларды ертіп келе ғой, тәуелсіздік мерекесіне арналған концер болып жатыр, соны көрсін.
Әні мен сөзі: Гүлайым Жотаева «Тәуелсіздік ел ұраны» әні орындалады