Материалдар / Тәуелсіздік – бабалардан қалған сый, баға жетпес байлығымыз
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәуелсіздік – бабалардан қалған сый, баға жетпес байлығымыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала Президент жолдауына өз көзқарасымды білдіреді. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылғы 5 қаңтарда «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында тәуелсіздігіміздің баға жетпес қазына екенін айқын ұғындырды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қырқүйек 2021
342
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Әлихан Гүлмира Әбдіғаниқызы

орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

«№152 орта мектебі»



Тәуелсіздік – бабалардан қалған сый,

баға жетпес байлығымыз


Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 2021 жылды – Тәуелсіздіктің 30 жылдығы ретінде жариялады. «Біз қастерлі Тәуелсіздіктің отыз жылдығына қадам басамыз. Бұл – баршамызға ортақ өнегелі өлшем, тағылымды кезең. Жаңа мемлекет құруға атсалысқан бүкіл халқымыздың ерен еңбегінің тарихи шежіресі» деген Мемлекет Басшысының келелі сөздері тәуелсіздік жылдарының әр кезеңі тарих болып қалыптасып жатқанын айқындайды.

Тәуелсіздік! Қандай терең ұғымды сөз десеңізші!

Тәуелсіздік алу, тәуелсіз ел болып өмір сүру – әр халықтың көкейтесті арманы. Қаншама елдер өз тәуелсіздігін алмағанын ескерсек, біздің еркін өміріміздің сонау биікте тұрғанын анық аңғарамыз. Тәуелсіздік – бізге берілген баға жетпес сый. Тәуелсіздік – ата-бабаларымыз аңсап, білектің күшімен, найзаның ұшымен шайқасу арқасында бұйырған киелі ғұмыр! Осы еркіндігімізді бейбіт өмірде де қанымен жуып, жанын құрбан етумен жақындатқан жалынды жастарымыз қандай ержүрек еді!? Ең бастысы, мұның бәрі зая кетпеді. Қазір біз бар даусымызбен көкірек қаға отырып, тәуелсіздігімізбен мақтана алар халге жеттік. Бұл өте үлкен қуаныш және жетістік.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылғы 5 қаңтарда «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында тәуелсіздігіміздің баға жетпес қазына екенін айқын ұғындырды.

Қасым-Жомарт Кемелұлы сөзімен айтар болсақ, «алғашқы он жылдық егемен Қазақстанның өз дербестігін қалыптастыру кезеңі болды. Екінші он жылдықта еліміз тұғырын нықтап, керегесін кеңейтіп, іргесін бекітті.  Үшінші он жылдықта мемлекетіміз шын мәнінде кемеліне келіп, әлемдік саясаттың төріне озды». Бұл қадамдар - мемлекетіміз үшін мақтанарлық серпіліс.

Шынында да, осы 30 жыл аралығында шаңырағын шайқалтпай, берік ұстап тұрған елімізге күллі әлем таңырқай да тамсана қарап отыр. Ендігі міндет – осы ел тұтастығын, тәуелсіздігімізді мәңгілік ету: «ұстағанның қолында, тістегеннің аузында» кетпеуіміз керек. Президент тапсырғандай, даңғаза ақциялар мен даурықпа шаралардан бас тартып, бүкіл іс нақтылыққа құрылатын болса, жүйелі шаралардың көлемді кешенін іске асырар болсақ, алар асуымыз да биіктей түспек. 

Өз мақаласында мемлекет басшысы әр бөлімде түйінді ойларымен бөліседі. Бағдар мен белес. Мақаланың бастапқы бұл бөлімі өткенімізді бағалап, келешегімізді бағамдауға бағытталған. Тәуелсіздіктің алғашқы онжылдығын Президент еліміздің іргетасын қалаумен сауатты байланыстырған. Бұл тоқырау кезеңінде ел экономикасына қатысты қиындықтармен қатар, Ата Заңымыздың қабылдануы, Қарулы Күштеріміздің құрылуы, Ұлттық валютамыздың айналымға енуі – мемлекетіміз үшін зор жетістіктер болып есептеледі.

Таным мен тағылым. Тарихсыз ұлт болмайтынын ерекше ескерген Президент өз мақаласының бұл бөлімінде ұлтымыздың тарихи құндылықтарын кеңінен насихаттау қажеттігін алға тартқан. Мәселен, Мемлекет Басшысы қазақтың басынан өткен небір нәубетті жылдарды түбегейлі зерттеу жұмыстарын жалғастыру, Алаш арыстарының асыл мұраларын игеру істерін ілгерілету, сапалы тарихи фильмдердің қатарын арттыру, Желтоқсан оқиғасының қаһармандарын лайықты бағалау қажеттігіне  айрықша мән берген. Бұл мақсаттарға қол жеткізу арқылы біз жастар мен кейінгі ұрпаққа өлшеусіз мұра қалдыра алатынымыз ақиқат. Осы тұста Президент ғалымдар мен жазушылардың еңбектері ерекше бағалануы қажеттігін атап өтті. Осылайша, бұл бөлімді «Ұлттық мүдде тұрғысынан жазылған шежіре ұрпақтың санасын оятып, ұлттың жадын жаңғыртуға мүмкіндік береді» деген қорытынды жасайды.

«Қоғам мен құндылық». Бұл Президент назар аударған үшінші мәселе. «Қазақ үшін тоқымдай жердің өзі қымбат, бір уыс топырақтың өзі алтын» дей келе, бүгінге көпшілікті алаңдатып отырған жер мәселесіне Президент ерекше тоқталып, қазақ жерінің ешбір шетелдіктің меншігіне берілмейтінін, сатылмайтынын шегелеп, нүктесін қойды. Ата-бабаларымыздың ба, қазіргі әрбір қазақтың да көксегені де осы болатын.

«Коғам мен құндылық» тарауының бір тармағында Президент мемлекеттік тіл жөнінде  сөз қозғап, «Мемлекеттік тілді білу – Қазақстанның әрбір азаматының парызы. Міндеті деп те айтуға болады» деген ойын ортаға салды. Ел бірлігі мен ынтымағымыздың ыдырамауын ойлаған Президент әлем мойындаған ұлтаралық келісімді нығайта түсуіміз керектігін тағы бір мәрте атап көрсетті. Сонымен қатар, қазақстандық халықты біріктіретін іс-шаралардың маңызына тоқталып, Наурыз мейрамын атап өту тұжырымдамасын жасаудың қажеттігін ұсынды. Бұл да қазақ деген патриот халықты ойға салып жүрген мәселелердің шешім тапқалы тұрғанын білдіреді.

«Ұлағат пен ұстаным» бөлімінде саяси жаңғырудың жаңа белесіне қол жеткізу арқылы ел күткен жаңа жобалардың жүзеге асатынына басымдық берілген. Мәселен, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сай, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар депутаттарының сайлауы келешекте бұқараның талап-тілегінен туындаған ауыл, кент, аудан әкімдерінің сайланатыны жазылған.

«Бағдар мен белес», «Таным мен тағылым», «Қоғам мен құндылық», «Ұлағат пен ұстаным» атты төрт бөлімнен тұратын мақалада мемлекет басшысы 30 жыл ішінде жеткен жетістіктерімізді, бағындырған белестерімізді үш кезеңге бөліп, ашық талқылайды, күрмеуі қиын мәселелерді еңсеру жолдары туралы кемел ойларымен бөліседі. Сондай-ақ, экономика, білім, экология салалары, мемлекеттік тіл, жер, мәдениет, жастар тәрбиесі сияқты еліміз үшін маңызды мәселелер жайлы кесек ойлары көпшілік назарына ұсынылған.

16 желтоқсаннан бастау алған Тәуелсіздік ата-бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерілгенін білдіреді.

Тәуелсіздік - бабаларымыз аңсап асыға күткен және ұрпағына аманат еткен киелі сый. Тәуелсіздік – мағынасы тереңде жатқан құтты да, құдіретті ұғым. Ауыр жолмен келген еркіндік мәңгі болғай, тәуелсіздіктің көк туы желбіреп, жанымызға қуат беруін тоқтатпасын. Барды бағалай білейік.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!