2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Тәуелсіздік алған күн

Тәуелсіздік алған күн

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздік туралы түсініктерін кеңейту.Қазақстан туралы негізгі ұғымдарын қалыптастыру, Түрлі ойындар арқылы еліміздің рәміздерін ажырата алады.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Shape1

Шардара ауданының білім бөлімі

8 «Балапан» бөбекжай - бақшасы








Shape2

«Тәуелсіздік алған күн!

ұйымдастырылған іс-әрекеттің жоспары






Picture 2





Shape3

Тәрбиеші:Уазова Қ.

Топ: «Көгершін» ортаңғы







Көркем әдебиет: Тәуелсіздік алған күн


ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ІС-ӘРЕКЕТТІҢ МАҚСАТЫ

Балаларды тәуелсіздік туралы өлеңмен таныстыру, жатқа айтуды үйрету;

тәуелсіздік мерекесінің бүкілхалықтық сипатын ұғындыру; өлеңдегі

көркемсөздерді мәнерлеп айтуға жаттықтыру: Қазақстан туралы негізгі

ұғымдарын қалыптастыру. Көркемсөздің көмегімен балалардың сөздік қорын

молайту және дүниетанымын кеңейту; тақпақты жатқа айту кезінде еске сақтау

қабілеті мен зейінін дамыту. Балалардың Отанына сүйіспеншілігін арттыру; өз

еліне құрметпен және мақтан тұтуға, елжандылыққа тәрбиелеу.


СӨЗДІК ЖҰМЫС

«Жайнай бер, Қазақстаным!», «Тәуелсіздік алған күн», «Он алтыншы

желтоқсан», «Тәуелсіздік – ұлық той» сөз тіркестері мен сөйлемдерін пайдалану.


ӘДІС-ТӘСІЛДЕР

Сәлемдесу шеңбері, ғажайып сәт, түсіндіру, баяндау, интербелсенді тақтадан

Қазақстан туралы шағын бейнебаяннан үзінді көрсету, тақпақты мәнерлеп оқу,

көркемсөз, миға шабуыл, кері байланыс, сергіту сәті, тақпақ мазмұны бойынша

әңгімелесу, пысықтау, «Елтаңбасы елімнің» дидактикалық ойыны.


ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР

1. Көрнекілік материалдар.

Интербелсенді тақта, Қазақстанның Әнұраны жазылған аудиожазба,

Қазақстанның Туы (шағын көлемінде), Қазақстан туралы шағын бейнеролик

(табиғаты, астанасы, даласы, өзені, теңізі, орманы), астана туралы слайд-шоу;

Дана қуыршақ; жалаушалар, шарлар, бәйтерек бейнеленген таңбалауыштар.

2. Үлестірмелі материалдар.

Бәйтерек бейнеленген таңбалауыштар, шарлар.

ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ІС-ӘРЕКЕТТІҢ БАРЫСЫ

1. КІРІСПЕ БӨЛІМ

1.1. Педагог ұйымдастырылған іс-әрекеттің басында балаларды шеңберге

тұрғызып:

Балалар, бүгін сендер ерекше жайнап кетіпсіңдер. Себебі неде?

Балалар бір-біріне таңырқап қарап тұрғанда есік қағылады.

Педагог:

Бұл кім болды екен? Мен барып келейін.

Педагог қолына бір буда көк түсті шар және ұлттық киім киген қуыршақты

ұстап кіреді.

Балалар, қандай керемет сыйлық! Бізге қонаққа қуыршақ келіп, өзімен бірге

көп шар алып келді. Қуыршақпен қалай амандасамыз, балалар?

Сәлеметсіз бе!

Балалар, қуыршақтың есімі кім екен, мен сұрап білейін. Бұл біздің Дана

қуыршағымыз ғой. Балалар, Әйгерім, бізге шарды ненің құрметіне алып келді

деп ойлайсыңдар? Самат, қолын көтереді. Иә, айта ғой. Мейрам үшін.

Қандай мейрам, балалар? Еліміздің тәуелсіздік алған мерекеміз екен.

Жарайсыңдар, балалар!

Балалар, Дана қуыршақпен бірге шеңбер жасайық! Енді, менімен бірге

қайталаймыз.

Теңдігі тең (қолдарын жоғары көтереді),

Керегесі кең (қолдарын жанына жаяды).

Амансың ба, елім! (қолдарын кеуделеріне ұстайды)

Тәуелсіздік теңім! (қолдарын жанына жаяды)

Сол сәтте Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады. Балалар оң

қолдарын жүрек тұстарына қойып,барлығы әнұранға қосылады.

1.2. Педагог балаларға көк түсті жалаушаларды үлестіріп:

Балалар, біздің туымыздың түсі қандай? Көк. Жарайсыңдар, балалар!

Педагог балаларға балабақшадағы Қазақстанның Туын көрсетеді.

Балалар, бұл туды аялап, құрмет және үлкен мақтаныш сезімімен ұстауымыз

керек. Ту

біздің мемлекетіміздің мәртебесі. Ту

мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын білдіретін басты рәміздерінің бірі.

Балалар, қолдарымыздағы жалаушаларды желбіретіп, «Жаса, Қазақстан!» деп

айтайықшы! Жарайсыңдар, балалар! Біздің туымыз бәрінен де әдемі ту. Енді,

орындарымызға жайғасайық.

Балалар, Дана қуыршақ өзімен бірге тақпақ алып келіпті. Тақпақ «Тәуелсіздік

алған күн» деп аталады. Алдымен, мұқият тыңдап алайық, содан кейін

жаттаймыз.


2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1. Өлеңді мәнерлеп оқу.


Педагог тақпақты мәнерлеп оқиды. Қазақстан туралы шағын бейнеролик

немесе (табиғаты, астанасы, даласы, өзені, теңізі, орманы) Астана туралы слайд

шоу көрсетіледі.

Көркемсөз.

Қайрат Әлімқұлов «Тәуелсіздік алған күн».

Он алтыншы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн.

Мерекеге ел тосқан,

Атамменен барғанмын.

Мерекеге шығады,

Бүкіл халық, біліп қой.

Отандастар ұғады,


Тәуелсіздік – ұлық той!

Аралаймын алаңды,

Тәуелсіздік күні мен.

Батыр Қайрат ағамның,

Суретіне үңілем.

Он алтыншы желтоқсан,

Тәуелсіздік алған күн.

Мерекеге ел тосқан,

Шырқатып ән салған күн.

Педагог тақпақты мәнерлеп оқып шығады. Балалардан тақтадан не туралы

бейнебаян тамашалағандары жөнінде қысқаша пысықтап сұрап, өлеңді тағы да

мәнерлеп оқиды. Тақпақты жаттату тәсілдері арқылы үйретеді. Алдымен,

балалардың бәріне хормен айтқыза отырып, өзімен бірге қайталатады. Әсіресе,

екінші және төртінші шумақтарды балалардың естерінде сақтап, жаттап алу

керектігі ескертіледі.

Мерекеге шығады,

Бүкіл халық, біліп қой.

Отандастар ұғады,

Тәуелсіздік – ұлық той!

Он алтыншы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн.

Мерекеге ел тосқан

Шырқатып ән салған күн.

Педагог балаларға тақпақтың алдыңғы жолын айтып, екінші жолын балалардың

естеріне түсіріп, өздері айту керектерін айтады. Осы тәсілді еске сақтау қабілеті

нашар балаларға қолдану өте пайдалы. Тақпақты жылдам жаттап алатын

балаларға үйден тақпақты толық жаттап келу тапсырмасы беріледі.

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің барысында балаларды топтарға бөліп, жаттауды

топпен жарыстырып өткізу әдісін қолданады.


2.2. Тақпақ мазмұны бойынша әңгімелесу.– Балалар, тақпақ қалай аталады? Иә, «Тәуелсіздік алған күн» деп аталады.

Қайталаңдар. Жарайсыңдар!

Тәуелсіздік деген не? Тәуелсіздік деген – егеменді болу, ешкімге тәуелді емес,

азат мемлекет болу. Қайталаймыз. Тамаша!–

Тәуелсіздік деген не? Тәуелсіздік деген – егеменді болу. Қайталаймыз. Тамаша!

Тәуелсіздік деген не? Тәуелсіздік – мемлекет болу. Тәуелсіздік – ешкімге

тәуелді болмау. Қайталаймыз. Жарайсыңдар!

Қазақстан деген не? Қазақстан – туған ел. Қазақстан – біздің Отанымыз.

Қайталаймыз. Тамаша!

Біздің тәуелсіздік алған күніміз қай күн және қай ай? Желтоқсанның он

алтысы. Жарайсыңдар, балалар!


2.3. Сергіту сәті. «Желбірейік туымыздай!»

Балалар, орнымыздан тұрып, жалаушаларымызды қолымызға алып, біраз

сергіп алайық.

Желбірейік туымыздай! (қолдарын жоғары көтеру, жалаушаларды желбірету)

Тәуелсіздік теңіміз. (қолдарын алға созу, жалаушаларын желбірету)

Татулығы желбіреген (қолдарын жанына жіберу, жалаушаларын желбірету)

Егеменді еліміз (жалаушаларын төменнен жоғары қарай желбіретіп көтеру)

Сергіту жаттығуын екі рет өткізу.



2.4. «Елтаңбасы елімнің» дидактикалық ойыны.

Педагог:

Балалар, қазір «Елтаңбасы елімнің» дидактикалық ойынын ойнаймыз. Ойынның

шартын тыңдаңдар. Тақтадан көптеген белгілер көрсетіледі. Сендер еліміздің

елтаңбасын көрген кезде Қазақстан деп айтасыңдар. Еліміздің елтаңбасы қанша

рет қайталанса, сендер сонша рет Қазақстан деп айтасыңдар.

Педагог балалармен бірге ойынды қадағалап отырады, соңында жақсы ойнаған

балаларға бәйтерек бейнеленген таңбалауыштар үлестіріледі.

2.5. Жаттамақ жаттығуы.


Педагог тақпақты ұйымдастырылған іс-әрекеттің соңына қарай балаларға

хормен және бір-бірлеп, бірінен кейін бірі келген жерден жалғастырып, жатқа

айтқызу тәсілін қайталайды.

Мерекеге шығады,

Бүкіл халық, біліп қой.

Отандастар ұғады,

Тәуелсіздік – ұлық той!

Балалар хормен қайталағаннан кейін жеке және бірінен соң бірі келген жерінен

қайталау тәсілін қолданады:

Мерекеге шығады, (Адина, қайталай ғой.)

Бүкіл халық, біліп қой. (Алинұр, жалғастыра ғой.)

Отандастар ұғады, (Алихан, қайталай ғой.)

Тәуелсіздік – ұлық той! (Уалихан, жалғастыра ғой.)

Педагог жатталған тақпақты пысықтап, балаларды жаттықтырады.


3. ҚОРЫТЫНДЫ

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің аяғына қарай педагог балаларға шарларды

үлестіріп:

Балалар, бұл шарларды Дана қуыршақ алып келді. Данаға не деп айтамыз?

Рақмет!

Дана үйіне қайтайын деп отыр. Бізде де мерекеге арнаған сыйлығымыз бар.

Оның не екенін білесіңдер ме, балалар?

Балалар аң-таң болып отырғанда педагог Бәйтеректің кішкентай кәдесыйы мен

бәйтерек бейнеленген таңбалауышты Данаға береді. Балалар қолдарын

шапалақтайды.

Балалар, қоштасарда Данаға не деп айтамыз? Сау болыңыз!

Балалар, Дана қуыршақты шығарып салдық. Балалар, сендерге де сыйлығымыз

бар. Педагог әр балаға бір-бір Қазақстан шоколадынан береді.

Балалар, бүгінгі ұйымдастырылған іс-әрекетке өте белсенді қатыстыңдар.

Жарайсыңдар!

Енді, маған қандай тақпақ жаттағанымыз жөнінде кім айтады? «Тәуелсіздік

алған күн» атты тақпақ. Жарайсыңдар, балалар!

Кәне, балалар, қолдарыңды көтеріңдерші. Қазір тақпақты жатқа кім айта

алады? Айару, айта ғой. Жарайсың! Тағы кім айта алады?

Иә, Нұрмұхаммед, айта ғой, Айару, жалғастыршы. Жарайсыңдар, балалар! Бүгінгі

ұйымдастырылған іс-әрекет аяқталды, сау болыңдар!

28 Ақпан 2025
73
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі