"Тәуелсіздік бәріннен қымбат"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Тәуелсіздік бәріннен қымбат"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздігіміздің мерейтойы аясында осындай тұлғаларды еске алып, олардың мұрасын жастарымызға және бүкіл әлемге паш етуіміз керек. "Тәуелсіздік бәріннен қымбат" деген бір ауыз сөз мәңгі ұранымыз болып қалыптасу керек. Ел ертеңі-болашақ жастардың қолында.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәуелсіздік бәрінен қымбат!!!

Қаншама ғасырлар бойы бабаларымыз аңсап өткен азаттық таңын, елдің егемендігін көру біздің заманның ұрпақтарына маңдайына жазылған. Сыртқы жауларда жерді қорғап, ішкі жаулардан елді қорғап, "аты ауыздықпен су ішіп, өздері етікпен су кешкен" аталарымыз артына мəңгілік мұра ретінде асты-үсті байлыққа толы даңғайыр жер қалдырып кетті. Жүректің күшімен, найзаның ұшымен қасиетті қара жерді қорғағаны-ертеңгі ұрпағымыз көрінгенге көз сүзіп, кіріптар болмасын, үсті мен астындағы байлықты байыппен жұмсаса, талай ғасырлар бойы тойдырып тамақ ішкізер, дүрілдер дəурен кешкізер дегені еді.

Тарих бүгінмен өлшенбейді. Кешегі күндер ойға оралады, бүгінгі жағдайларға байлам жасалады, ертеңгі тарихқа жылнамалар түзіледі.

Президентіміз Қ.Тоқаевтың "Тəуелсіздік бәріннен қымбат" мақаласын оқығанда осындай пікірлер көңілге қонақтайды. Еліміздің егемендігін алып, Тəуелсіздік тұғырына көтерілгенге дейінгі кезең кең қамтылған. Мақаланы оқи отырып, қаншама қасірет көрсе де, қасиетін жоғалтпаған киелі ұлттың қадірлі салт-дəстүрі дəріптеледі, бастан кешкен жағдайлары нақты деректермен түзілген.

Кеңестік империяның күйреуін 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі жеделдетті. Қаншама қазақ қыз-жігіттері құрбан болды, қуғынға ұшырады. Бірақ, олардың асыл арманы араға бес жыл салып барып бас иді. Сондықтан он бес одақтас елдің Тəуелсіздікке тезірек қол жеткізуіне  қазақ жастарының бас көтеруі бастау болды.Мемлекет басшысы осы көтеріліс туралы кеңінен тоқталып, лайықты бағасын берудің уақыты келгенін айтты.

Бұл егемендіктің отыз жылдығын мерекелеу қарсаңында тарихты түзетудің бір белгісі боп табылады.

  Президентіміздің мақаласы маңыздылығымен қатар, мəңгілік ел болуға мəн берген қазақ елінің ертеңіне бағыт, кешегісін көңілге тоқуға жол ашады.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.10.2021
389
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі