Тәуелсіздік ел-бақыты
«Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу: ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар: ол тәуелсіз Қазақстан».
Нұрсұлтан Назарбаев
Қазіргі таңда Тәуелсіздік -барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн.
Тәуелсіздік-халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күрес тарихының нәтижесі екендігін Елбасы атап өткендей, тәуелсіздік бабалар арманынан туындаған, бүгінгі ұрпақ қол жеткізген ұлы жеңіс.
Тәуелсіздік – ұлттың, тілдің, дәстүрдің, салт-сананың мызғымас тірегі,күші,алтын діңгегі,халықтың бақ жұлдызы. Тәуелсіздік – арман!Жер бетінде қанша ұлт болса,сонша арман бар.Сол арманға біздің қазақ халқы жетті.
Тәуелсіздік тірегі - білім. Халқымыздың «Білекті бірді, білімді мыңды жығар» деген ұлағатты сөзін нақтылай түседі. «Бірлік болмай, тірлік болмас» дегендей Қазақстан Еуропа елдерімен терезесі тең ел болып, нық қадам жасаған 29 жыл татулық туын биік көтеру арқылы жетістіктерге қол жеткізіп отыр.
Қазақстан – қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Еліміз өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес,ең алдымен сан түрлі ұлттардан құралған халқымен ерекше екенін ұмытпаған абзал. Бүгінгі бейбіт те шуақты күндерді бағалай отырып, жаңа биіктерде ұмтылу – біздің буынның бағыты болуы тиіс.
Тәуелсіздік - бабаларымыздың аңсаған арманы, мұраты және мұрасы. Тәуелсіздік бізге оңай келмеді. Ата-бабамыз жанын құрбан, өмірін сарп еткен азаттықты құрметтеу, қастерлеу, баянды ету - бізге парыз.
Күні ертең біз Тәуелсіздігімідің 29 жылын атап өтпекші. Бұл өткенді шолып, негізгі жолдың әлі де көп еңбектенуді керек ететінен бағамдау мүмкіндігі.
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз еңселі болсын дей отырып, өзімнің жүрек жарды ойымды:
29 жыл болды алгалы тәуелсіздік
Ғасыр алга жылжысын тәуелсіз ғып
Ұлы көшті бастаған Елбасымыз
Бірлік туын көтерген ел тек сіздік, - деп аяқтагым келеді.
«Қаламқас»бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәуелсіздік ел-бақыты
Тәуелсіздік ел-бақыты
Тәуелсіздік ел-бақыты
«Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу: ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар: ол тәуелсіз Қазақстан».
Нұрсұлтан Назарбаев
Қазіргі таңда Тәуелсіздік -барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн.
Тәуелсіздік-халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күрес тарихының нәтижесі екендігін Елбасы атап өткендей, тәуелсіздік бабалар арманынан туындаған, бүгінгі ұрпақ қол жеткізген ұлы жеңіс.
Тәуелсіздік – ұлттың, тілдің, дәстүрдің, салт-сананың мызғымас тірегі,күші,алтын діңгегі,халықтың бақ жұлдызы. Тәуелсіздік – арман!Жер бетінде қанша ұлт болса,сонша арман бар.Сол арманға біздің қазақ халқы жетті.
Тәуелсіздік тірегі - білім. Халқымыздың «Білекті бірді, білімді мыңды жығар» деген ұлағатты сөзін нақтылай түседі. «Бірлік болмай, тірлік болмас» дегендей Қазақстан Еуропа елдерімен терезесі тең ел болып, нық қадам жасаған 29 жыл татулық туын биік көтеру арқылы жетістіктерге қол жеткізіп отыр.
Қазақстан – қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Еліміз өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес,ең алдымен сан түрлі ұлттардан құралған халқымен ерекше екенін ұмытпаған абзал. Бүгінгі бейбіт те шуақты күндерді бағалай отырып, жаңа биіктерде ұмтылу – біздің буынның бағыты болуы тиіс.
Тәуелсіздік - бабаларымыздың аңсаған арманы, мұраты және мұрасы. Тәуелсіздік бізге оңай келмеді. Ата-бабамыз жанын құрбан, өмірін сарп еткен азаттықты құрметтеу, қастерлеу, баянды ету - бізге парыз.
Күні ертең біз Тәуелсіздігімідің 29 жылын атап өтпекші. Бұл өткенді шолып, негізгі жолдың әлі де көп еңбектенуді керек ететінен бағамдау мүмкіндігі.
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз еңселі болсын дей отырып, өзімнің жүрек жарды ойымды:
29 жыл болды алгалы тәуелсіздік
Ғасыр алга жылжысын тәуелсіз ғып
Ұлы көшті бастаған Елбасымыз
Бірлік туын көтерген ел тек сіздік, - деп аяқтагым келеді.
«Қаламқас»бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі
шағым қалдыра аласыз













