"Тәуелсіздік ел тілегі"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Тәуелсіздік ел тілегі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздік тақырыбына шығарылған авторлық өлең
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәуелсіздік ел тілегі

Мен бүгін Тәуелсіз ел тұлғасымын,

Құрметтеп ту ететін туған тілін.

Мен дана қазағымның ұл-қызымын,

Көтеріп туын биік тұратұғын.

Тәуелсіз енді, міне, дербес елміз,

Талаймен белестерде теңдесерміз.

Қолға алып болашақтың армандарын,

Өлеңмен шашу шашып тербетеміз.

Бабалар қорғап кеткен дархан далам,

Ұрпағына зор мұрасын қамдаған.

Бүгінде Тәуелсіздік мерекесін,

Барша қазақ бейбіт күнде тойлаған.

Біз бүгін «Ақ ниеттің» ұстаздары,

Білім мен тәрбиеге құштар жаны.

Баршаны мерекемен құттықтаймыз,

Өлеңмен ақ тілекті жыр арнадық.

Еліміз аман болсын індеттерден,

Оралсын қазағыма бақ пен сенім.

Тәуелсіздік әр таңын қарсы алайық,

«Бір тағдыр, бір ел» деген бірлікпенен.

Тәуелсіз ел ертеңі жарқын болсын,

Ұрпағымыз көбейсін, орта толсын!

Елге мәлім желтоқсан құрбандары,

Мәңгілік ұмытылмай есте қалсын.





Мадиева Назым Асембаевна

02.12.2020 жыл

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.12.2020
588
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі