ӘӨЖ
323 (001)(574)
ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЕТІСТІКТЕРІ – АЗАТТЫҚТЫҢ
ТҰҒЫРЫ
Жидебаева Майра
Койшыбаевна
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз
қаласының білім бөлімінің М.Әуезов атындағы №33 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік
мекемесі
Тараз
қаласы, М.Мәметова көшесі №9
бастауыш сынып
мұғалімі
«Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз және ол бәрінен
қымбат!
Біздің
міндетіміз – кейінгі ұрпаққа кемел және қуатты Қазақстанды
аманаттау»
Қасым-Жомарт Тоқаев.
Биылғы жыл егеменді еліміздің қасиетті
Тәуелсіздігіне 30 жыл толады. Бұл егеменді еліміздің қайта
жаңғырған қазақ мемлекеттігінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың
тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес екені сөзсіз.
Саралап қарасақ, тарих тұрғысынан алғанда, отыз жыл – көзді ашып
жұмғандай қас-қағым сәт. Дегенмен, бұл тәуелсіздік жолында күреске
мемлекеттер үшін, көптеген халықтар үшін қиындығы мен қуанышы,
дағдарысы мен дамуы алмасқан тұтас дәуір деуге
болады. Жиырма бес жыл ішінде
Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес
зайырлы ел болды. Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі. 1991
жылы 16 желтоқсанда егемендігін алған еліміздің өз президенті, ұлты
мен ұлысы, салты мен дәстүрі, мәдениеті мен экономикасы болды.
Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы
мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет
болып қалыптастық.
Қазақ даласы қилы тағдырды
басынан кешті. Дала төсінде ежелгі сақ, ғұн, түркі, қыпшақ
тайпалары мекен етті. Сайын дала сол перзенттерін жат көрмеді,
құшағына келгенін бауырына басып, табан тірер мекені
болды.
Тарихқа көз жүгіртсек 1465
жылы Керей мен Жәнібек хан қазіргі Шу өңірінде Қозыбасы деген жерде
Қазақ хандығын құрды. Қазақ халқының хандық жүйеде мемлекет ретінде
өмір сүру XIX ғасырдың бірінші жартысына дейін жалғасты. Осы
кезеңнен бастап тәуелсіздік алған 1991 жылға дейін Қазақстан Ресей
мен Кеңес Одағының құрамында болып келді. Қазіргі таңда Қазақстан
Республикасының 60 пайыздан астамын қазақ ұлты құрайтыны белгілі
[1].
Сондай ақ, XX ғасырдың басында
қазақ зиялылары бастаған ұлт-азаттық көтерілісті өрістетті.Ол
тарихта «Алаш қозғалысы» деген атпен енді. «Алаш қозғалысына» ат
салысқан азаматтар: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынұлы, Х.Досмұхамедұлы,
М.Дулатұлы, Ә.Ермеков, М.Тынышбаев, М.Шоқай т.б. ұлы қайраткерлер
1917 жылы шілде, желтоқсан айларында өткен жалпықазақ съездерінде
«Алаш» партиясын және «Алаш автономиясын»
құрды.
Тарихи деректерге сүйенсек ХХ
ғасырдың соңына қарай Кеңес өкіметі ыдырап, соның нәтижесінде 1991
жылы қазақ елі ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол
жеткізді.1990 жылы 25 қазанда Тәуелсіздік жөніндегі
декларация қабылданды, ал 1991жылғы 16 желтоқсанында Қазақстан өз
тәуелсіздігін жариялады.
Әр мемлекет, әр ұлт үшін
тәуелсіз ел болу – ұлы арман. Статистикалық мәліметтер бойынша
дүниежүзінде алты мыңға жуық ұлттар мен ұлыстар бар екен. Солардың
ішінде екі жүздей ұлт қана тәуелсіз мемлекет болып отыр.Сондықтан
тәуелсіздік әрбір азаматқа қымбат болуы тиіс. Еліміз жерінін аумағы
жағынан шамамен жетпісінші орындарда. Бұл халқымыздың дүниедегі
үлкен ұлттардың бірі екендігін көрсетеді
[2].
1991 жылы қазақ елінің өз
алдына республика болуын қалаған әрі ең бірінші болып мойындаған
Түркия мемлекеті болатын. Бұл тәуелсіздікті бір ел ғана емес, бүкіл
ел болып қолдайды деген сөз. Ал іргесі қаланған жаңа
республиканың әрі
қарай өмір сүруі үшін ерен еңбек керек болды. Ол оның ішкі және
сыртқы әлемі, экономикасы, ақшасы деген секілді көптеген
құндылықтарға келіп тіреледі. Аталған құндылықтарды отыз жыл
ішінде үлкен мақсатқа айналдырған еліміз өз астанасын да бекітті.
Тіпті бүгінде Астана арман қалаға
айналды.
Апортына бүкіл ел
сүйсінген Алматының өзін мәдениет пен әдебиеттің қаласына
айналдырды. Өзінің ішкі туризмі, теңгесі, ұзын сонар қара жолдары
тарамдалып жатты.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев атап
өткендей, елімізде халықтың әлеуметтік әл-ауқатын көтеруге қатысты
үлкен шаралар қарастырылған, экономиканы индустриялық инновациялық
дамыту бойынша жаңа міндеттер қойылған. Осылардың негізінде
тәуелсіздік пен тұрақтылықты, келісім мен бейбіт өмірді нығайта
түсетін боламыз. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылы ішінде елімізді
дүниежүзі танып, Елбасының ерен еңбегінің, сындарлы саясатының
арқасында саяси-экономикалық, әлеуметтік табыстарға қол жеткізуге
мүмкіндік алдық. Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, дәстүрдің,
салт-сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ
жұлдызы.
Тәуелсіз егеменді еліміздің
басты жетістіктері ата заңымыздың қабылдануы. Біздің Ата Заңымыз –
негізгі тәуелсіздік нышандарының бірі. Қазақстанның өз мемлекеттік
рәміздері бар. Олар Ту, Елтаңба, Әнұран. Рәміздер егемендікті,
бостандықты, дәстүрлерді, тәуелсіздікті көрсетеді. Тәуелсіздік –
бұл бүгінгі өмір ғана емес, сонымен қатар, ертеңгі өміріміз –
Қазақстанның болашағы, оның мүмкіндіктері мен мақсаттары. Тәуелсіз
болу – өз тағдырына жауап беру деген сөз. Тәуелсіздіктің бүгінгі
жетістігі – өткен жылдар ішінде елімізде атқарылған жұмыстар мен
қол жеткізген уақыттар. Бірақ алдымызда әлі де алар асулар,
бағындырар белестер көп. Біз өткен 30 жыл ішінде қандай межеге
жеттік, жеткен жетістігімізді 30 жыл ішінде ұрпақ жадында қалдырып,
еліміздің болашақ тағдырын, тарихын, салты мен дәстүрін дәріптеу
біздің қолымызда. Тәуелсіз ел болғандығымыздың арқасында ғана
Қазақстанның сөзі мен ісін бүкіл әлем таныды. Дүниенің бір
бұрышында қазақ деген халықтың үлкен істер тындыра алатын өресі
мықты, өрісі кең халық екенін әлем білді. Тәуелсіздік – еліміздің
егемендігінің айғағы. Көгімізде Тәуелсіздік туы желбіреді. Содан
бері 30 жылға таяу уақыт өтті. Осы өшпес жылдар белесінде Қазақстан
экономикасы қарыштап дамыды. Саясаттағы сындарлы бағыт өз жемісін
беруде. Береке-бірліктің арқасында әлем таныған іргелі мемлекетке
айналдық. Ғасырлар бойы арман еткен егемендікті қазақтың басына
қонған бағы, астына орнаған тағы деуге болады. Желтоқсанда жарқ
еткен жалынды жастар қазаққа азаттық таңын сыйға тартқандай болды
[3]. Осылайша күллі жаһанға қазақтың қайратын, айбынын танытты.
Қазіргі тәуелсіз Қазақстан – ата-бабаның орындалған шұғылалы
арманы, сарғайып күткен сағынышы. Тәуелсіздік таңын аңсаған
ата-бабаларымыздың асқақ арманы орындалды десек қателеспейміз.
Сондықтан да тәуелсіздік тарихы арнайы әңгімеге үздіксіз тиек
боларлықтай ұлы тақырып екендігін қазіргі ұрпақ ешқашан естен
шығармауы керек. Тәуелсіздікке ынтымағы жарасқан, ауыз бірлігі
берік халық қана қол жеткізе алатынын өткеніміз нақты дәлелдеп
берді. Қазір елімізге тыныштық орнап, қой үстіне бозторғай
жұмыртқалаған заман келді деп мақтанышпен айта аламыз.
Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі
табыстарға қол жеткіздік. Бұл Президенттің жүргізіп отырған
парасатты көреген саясатының нәтижесі. Еліміздің тыныштығы мен
қауіпсіздігінің, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен
ынтымақтастығының арқасы. Еліміздің тәуелсіздігі мен мемлекеттің
орныға түсуі, ұлттық қауіпсіздігі, экономикамыздың жедел қарқынмен
дами беруі, Қазақстан халықтарының өз болашағына деген берік
сенімі, қазіргі замандағы өркениетті қауымдастық ортасында іргелі
елге айналуы – стратегиялық негізгі бағыттарды құрайды
[4].
Еңсемізді тіктеп, егемен ел
атанып, өз алдына отау тігіп дербес мемлекет атанған Қазақстан
қаншама қиындықтарға жолықса да тастай берік төзімділіктің
арқасында, жалпақ әлемге өзінің өршіл үнін, өркениетке деген үмітін
мойындатты… Ата-бабаларымыздан мұра болып қалған ұлан-ғайыр
атамекен жеріміз, отарлық жоя алмаған тіліміз, мәдениетіміз тек
қана қазақтың рухының күштілігімен
сақталды.
Біздің егеменді еліміз
Қазақстан Республикасының тарихындағы барлық жетістіктері, қазақ
халқының егеменді заманда жаңаша ерекше өрлеуі, өркендеуі,
рухани-экономикалық еркіндігіміз, әлемдік қоғамдастық пен дүние
жүзінің дамыған озық мемлекеттерімен тереземіз тең, дәулетті
елдермен бірдей қарым-қатынас жасау жетістіктеріміздің барлығының
алтын бастауы – біздің мемлекеттің
Тәуелсіздігінде.
Тарих толқынында талайды
бастан кешірген қазақ елі 30 жыл бұрын өз тәуелсіздігін алған тұста
дұрыс таңдау жасағандығын бүгінгі таңда уақыттың өзі дәлелдеп отыр.
Тәуелсіздігіміздің алғашқы таңынан бастап қазіргі кезеңіне дейінгі
оңды өзгерістер Елбасымыздың тікелей бастамасымен болып жатқаны
аян. Бейбітшілік, келісім мен тұрақтылық жағдайында Қазақстан
жылдам қарқынмен әлемдегі алдыңғы қатарлы жетекші елдердің қатарына
қосылып келеді [5].
Бүгінгі таңда егемендік
жолындағы Қазақстан мемлекеті – әлемдік қоғамдастықтағы жауапты да
құрметті әріптесі, сондай ақ Орталық Азияның шешуші мемлкеттерінің
бірі.Дамушы мемлекеттердің алдыңғы қатарындағы Қазақстан мемлекеті
алдағы уақытта экономикалық жетістіктерді де бағындыратыны анық.
Мәдениет, денсаулық, білім, туризм саласындағы жетістіктер егеменді
еліміздің азаттық тұғырын нығайта түсетінін мойындау
керек.
Арысы қазақ хандығынан бастап
берісі егеменді елдің іргесіне дейінгі көшті жалғастырып келе жатқан, атадан
тараған ұрпақтың парызы осы аманатты
сақтау.
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі
-
https://alashainasy.kz/shygarmalar/tauelszdkke-30-jyil-shyigarma-157655/
-
2.https://primeminister.kz/kz/news/prezident-kazakstan-respublikasy-tauelsizdiginin-30-zhyldygyn-merekeleuge-dayyndyk-zhonindegi-memlekettik-komissiyanyn-birinshi-otyrysyna-katysty-51415
-
Қазақстан Республикасының
Тәуелсіздік күні // http:
kk.wikipedia.org/wiki
-
Аяған Б.Ғ., Әбжанов Х.М.,
Махат Д.А. Қазіргі Қазақстан тарихы. — Алматы: Раритет, 2010.
— 448 б.
-
Абрахманов С. Тәуелсіздік
шежіресі. — Алматы: Атамұра, 2016.
— 392 б