Тәуелсіздік жылдарындағы білім жүйесінің жетістіктер

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәуелсіздік жылдарындағы білім жүйесінің жетістіктер

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздік - дербес мемлекет дегенді білдіреді. "Біздің жұрт теңдік, құрдастық, бостандық, саясат ісін ұғынбаса, тарих жолында тезек теріп қалмақ" - деген Әлихан Бөкейханның сөзі бар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы

«Айнабұлақ ауылының №31 ЖББМ»КММ









Эссе тақырыбы:

«Тәуелсіздік жылдарындағы білім беру жүйесінің жетістіктері»



























Орындаған:

Омарова Г.М.

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі









2024 жыл

«Біздің жұрт бостандық, теңдік,

құрдастық, саясат ісін ұғынбаса,

тарих жолында тезек теріп қалады»  

Әлихан Бөкейхан


Тәуелсіздік – әр халықтың ең асыл қазынасы, ең биік мұраты. Бұл күн – тарихымыздың тағылымы мен халқымыздың қажырлы еңбегінің жемісі. Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі ,әлем елдерімен терезесін теңестіре алды.

Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны. Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады.

Қазақстан  өз   тәуелсіздігін алғаннан  кейін білім беру жүйесін сапалық жағынан жақсарту мақсатын қойды. Осы аралықта білім беруді басқару мен қаржыландырудың құқықтық-заңнамалық базасы қалыптасып, білім беру мекемелерінің өзіндік құзіреті кеңейді. Жалпы орта білім мен мемлекеттік оқу орындарында кәсіби білімді тегін оқытуға мемлекет кепілдігі берілді. Әрбір бала тегін оқуда құқылы. Сонымен бірге  үш тілде оқыту жүйесі енгізілді.  Оқыту бағдарламасы  жаңартылды. Дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім алу  қолға алынды. Ал, дамудың негізі білім мен ғылымға келіп тірелетіні белгілі. Сол үшін де алдымен білім  жүйесінің сапасын  жетілдіру керек болды. Ал ол үшін  бірінші   кезекте жастарға сапалы  білім  беретін   ұстаздардың жалпы  педагогикалық, ғылыми-теориялық, әдістемелік озық тәжірибені меңгерулері басты  назарда тұрды. Қазақстан ұстаздарының алдына үлкен міндет қойылды. Ғылым мен техниканың даму деңгейіне қарай оқушыға білімді терең меңгерту, сыни ойлауға қабілетті, әлемдік стандарттар негізінде жұмыс істей алатын білімді тұлғаны қалыптастыру. Сол үшін білім саласына көптеген міндеттер, талаптар қойылып отырды. Білім мен ғылым кез келген мемлекеттің даму, өркендеу көрсеткіші. Сондықтан да Тәуелсіз Ел атанған алғашқы күннен бастап білім, ғылым саласын әлемдік өркениет талаптарына сай сапалық жағынан жақсарту мақсатын қойды. Бүгінде осы талап биігінен көрініп, елімізде білім, ғылым салалары айрықша даму жолына түсті. Қазақстан Республикасы Білім туралы заңының 8-ші бабына сәйкес, білім алу жүйесі жеті сатыдан тұрады:

- мектепке дейінгі,

- бастауыш,

- негізгі орта,

- жалпы орта білім,

-орта білімнен кейінгі,

-жоғары,

-жоғары оқу орнынан кейінгі білім. Жоғары білім саласын халықаралық дәрежеге көтеру Қазақ­станның  халықаралық аренада бәсе­кеге қабілетті мемлекет болуына тікелей ықпал етеді. Оны жүзеге асыру үшін 2012 жылдан бастап Қазақстанда көптілді білім беру жүйесі енгізілуде.

Жалпы, Қазақстанның білім беру жүйесін жаңғырту арқылы, елімізде халық­­аралық озық тәжірибеге негіз­дел­ген білім беру бағдарламаларын ен­­гізуге мүмкіндік алдық. Қазіргі уақыт­та білім беру жүйесі әлем бойынша жаһандану үрдісіне көшуде. Сондық­тан білім беру жүйесі әлеуметтік саясат­тың басты бағыттарының біріне айналу­да, қазіргі уақытта мемлекеттің эко­но­микалық жетістіктері білім беру жүйесімен, азаматтардың білімділігімен, ма­ман­дардың бәсекеге қабілеттілігімен анықталады. XXI ғасыр – ақыл-ой, білім-ғылым, инновация мен креативтілік не­гізінде үнемі өзгеріп отыратын орта қалыптастырды. Жылдам өзгеріп отыратын өзгермелі кеңістікте сапалы білім арқылы осы қасиеттерді азаматтар бойына сіңіру адам капиталын дамытудың бірден-бір жолы. Сапалы білім ғана өркендеген мемлекеттің, қуатты экономикалық және бақуатты қоғамның кепілі бола алады. Бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан да сол деңгейде болады. Сондықтан да ұстазға жүктелетін міндет ауыр. Жастарымыздың болашағы үшін әлемдік деңгейдегі зияткерлік мектептер мен кәсіптік-техникалық колледждер ашылып, «Болашақ» бағдарламасының негізінде олардың шетелге шығып білім алуына жан-жақты жол ашылған. Осындай бағдарламалардың қатарында «Серпін» әлеуметтік жобасын да атап өтуге болады«Серпін» индустриалды-инновациялық жобаларға мамандарды даярлап, жұмыс күші мол аймақтардағы жастарға сұранысқа ие кәсіби білім беруді ұйымдастырады; жұмыс күші мол аймақтардағы жастарды жұмыс күші тапшы аймақтардағы сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқуға тартады. Екіншіден, техникалық және кәсіптік білім берудің беделін арттырып, жастардың жұмысшы мамандықтар алуға деген оң көзқарасын қалыптастырады. Үшіншіден, жастардың әлеуеттік және жұмыссыздық мәселелерін шешеді.  Бүгінде бағдарлама аясында мыңдаған жастар білім алуда.

         «Бала оқытудың жұмысы ширақ, жігерлі, қызу болғаны дұрыс», –  деген Жүсіпбек Аймауытов сөзінің бүгінгі күні мәні зор. Ел болашағының жарқын болашағын ескеріп отырған жаңа міндеттердің орындалуы үшін ерен еңбек, зеректік, отанға деген сүйіспеншілік керек. Ал сүйіспеншілікті жас буынға дарытатын тұлға – жаңа технологиямен қаруланған білім мен ғылымдағы соңғы жетістіктерді серік еткен шығармашыл мұғалімдер оқушы бойындағы  қайрат – жігерді, білім мен табысты, туған ел мен жер мүддесі жолында жұмсауға тәрбиелеу – мұғалім қызметінің түпкі мұраты. Ұстаздық қызмет, педагог кадрларды сапалы дайындау, қолдау көрсету жағдайыжас мемлекеттің басты назарындағы мәселенің біріТәуелсіздік жылдар ішінде қаншама мұғалім курстық дайындықтарда, конференцияларда, семинарлар мен вебинарларда біліктіліктерін арттыруда. Орта білім ұйымдарында жұмыс істейтін педагог-магистрлардың саны артты. Педагогтердің сапалық құрамын жақсарту үшін 2018 жылдан мұғалімдерді аттестациядан өткізудің жаңа жүйесі енгізілді. Ұлттық біліктілік тестін сәтті тапсырған педагог біліктілігіне байланысты еңбекақысына үстемеақы алады.

Ұлы суреткер  жазушымыз  Мұхтар Әуезов «Ұлт пен ұлтты, адам мен адамды  теңестіретін нәрсе   білім» - деп тегін айтпаған. Біз үнемі айтып жүретін, ойшылдық, көрегендік, адамгершілік, парасаттылық деген ұғымдардың   бәрі де  біліммен тікелей байланысты. Адам бойында  болатын тапқырлық, шығармашылық қасиеттері  біліммен ғана кемелденеді. 

Биыл ел Тәуелсіздігіне – 33 жыл. Осы кезең аралығында жеткен жетістіктер орасан зор. Алғаш рет кемел келешекті іске асыратын кадр даярлау мақсатында «Болашақ» халықаралық бағдарламасы, заман талабына жауап бере алатын «Назарбаев Университеті» құрылды. Қазіргі уақытта тәуелсіздік рухында тәрбиеленген, білімді, өзгерістерге икемді ұрпақ қалыптасып, еліміздің одан әрі өркендеуіне үлес қосуда. Еліміздің мектептегі білім беру жүйесі әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеп шығаруға әлеуетті екенін дәлелдеді.  2015 жылы «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ мен Қызылорда облысы әкімдігі арасында өзара әріптестік жөнінде меморандум жасалды. Осы меморандум аясында Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесі таратылатын 46 инновациялық мектеп ашылды. Еліміз тәуелсіздігін алған 1991 жылдан бері кәсіптік білім беру саласы бойынша қабылданған білім туралы заңның, мемлекеттік бағдарламалардың нәтижесінде кәсіптік білім беру саласына модернизациялау жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, 2017 жыл­дан бастап жастардың жұмысшы кәсіп­терін тегін алуына мүмкіндік беретін «Баршаға арналған тегін кәсіп­тік-техникалық білім», «Еңбек», «Жас маман» бағдарламалары жүзеге асырылуда. Ауыл мектептерінде білім алатын дарынды балаларды анықтау және қолдау мақсатында 2019 жылдан бастап «Ел үміті» жобасы аясында «Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиада және «Елбасы медалі» бағдарламасы  іске асырылуда.

Қорыта айтқанда, кез - келген елдің әлемдік бәсекедегі қабілеттілігі - өркендеп дамыған ғылымымен өлшенеді. Жаңа өнімдер, сапалы қызметтер, технологиялық үдерістер – барлығы ғылыми жаңалықтардың нәтижесінде жүзеге асады. Білім мен ғылымсыз әлемді мойындату, бәсекеде көріну, сондай-ақ елдің экономикалық-әлеуметтік жағдайын жақсарту мүмкін емес.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.12.2024
106
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі