Шымкент қаласы
№ 130 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Биибалаева Алтынай Усманалиевна
Тәуелсіздік қастерлі ұғым – ең қымбат қазынамыз
Арқауы ерен ерлік дастанының,
Қайраты елге әйгілі жастарынының
Желбіреп көк байрағы тұрған шақта,
Жұлдызы жарқырайды аспанының.
Сонау аласапыран заманнан, бүгінгі қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған бейбіт күнге қол жеткізу әрине, оңай болмағаны тарих беттерінен белгілі. Халқымыздың бастан өткерген ауыр күндері кешегідей ел есінде. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» жылдарында «Елім - айлап» дала кезіп, жоңғар шапқыншылығының аяусыз соққысына ұшарады. Есенгіреген жұрт енді есін жиып, етек жеңін жинай бастағанда Кеңес үкіметінің ауыр езгісіне тап болды. Мың тоғыз жүз отыз бірінші жылы аштықтан халық қойдай қырылып, мың тоғыз жүз отыз алтыншы жылы көзі ашық, көкірегі ояу азаматтарын жалған жаламен ату жазасына кесіп, ұлтымыз қайталанбас қайраткерлерінен айрылып күңірендік. Жығылған үстіне жұдырық дегендей мың тоғыз жүз қырық бірінші жылы Ұлы Отан соғысы басталды. Арыстай азаматтарымыз әскер қатарына алып, қан майдан даласында көмусіз қалды. Бұл соғыста ананы баладан, баланы әкеден айырып, халық жүрегіне ұмытылмастай із қалдырып кетті. Халқымыздың ең соңғы көрген ұлы қасіреті «Желтоқсан көтерілісі» бұл оқиға тәуелсіздікті аңсаған ата – бабаларымыздың, ұлтымыздың еркіндік үшін соңғы күресі еді. Жастар алаңға «Қазақстанды қазақ басқарсын» деген ұранмен бейбіт шеруге шықты. Дегенмен бұл шерудің соңы аяусыз басып жаншумен аяқталды. Қаншама жастарымыз жалған жаламен темір торға тоғытылып, өмірлеріне балта шабылды. Мың тоғыз жүз тоқсан бірінші жылы бейбіт күнге қол жеткіздік. Еркіндіктің ақ таңы төгілген қан мен тердің, су боп аққан көз жасының өтеуіндей.
Жүрегінде түгі бар елім деп еміренген азаматтарымыздың арқасында «Тәуелсіздік» деген ұлы арманға қол жеткіздік. Қазір төрт көзіміз түгел, керегеміз кең, айбынымыз асқақ. Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 31 жыл толады. Осы жылдар арасында Мемлекетіміз етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес,зайырлы ел болды. Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі. Ешкім күтпеген ұлы жеңістерге қол жеткіздік.
Дамыған елу елдің қатарынан ойып тұрып орын алдық. Барлық қырынан әлемге танылып, алпауыт мемлекеттермен экономикасы, даму қарқыны жағынан иық тіресетіндей дәрежеге жеттік. Осындай жетістікке жетуімізге жастардың да қосқан үлесі зор. Әлемдік білім додаларында топ жарып, алтыннан алқа таққан жүлдегерлеріміз, ғылым саласында өнертапқыш жастарымызда жетерлік. Ал өнерде бүкіл әлемге «Дайдыдауды» шырқантқан Димаш Құдайбергеновты мақтанышпен айта аламыз. Қазақтың қарапайым баласы өзінің үлкен, қайталанбас даусымен әлемді өнерімен тәнті етіп, таңдай қақтырды. Данияр Елеусінов, Әділбек Ниязбеков, Денис Тен сияқты спорт саңлақтары түрлі дәрежедегі жарыстарда көк туымызды биіктен желбіретіп, Әнұранымызды асқақтатып жүр.
Мемлекетімізді бұдан да биік шыңның төрінен көрсету, бүгінгі тәуелсіз елдің жастарының, яғни біздің қолымызда. Бұл болашақ ұрпақтың және қайсар рухты ата – бабамыздың бізге артқан үлкен сенімі деп білем. Сондықтан да көңілге қаяу, сенімге селкеу түсірмесек екен. Әрбір жүрегінде оты бар жас, өзіңізге бір сәт «Мен мемлекетімнің гүлденуі үшін не істей аламын?» деген сұрақ қойып көрдіңізбе? Жауабыңыз сізді қанағаттандыра алдыма?
Өз елінің патриоты болам деген азамат қана, Отаны үшін еңбек етіп, отқа да, суға да түсетіні анық. Алайда, өз елінің емес, өз қара басының қамын ойлайтын адамдардың қоғамызыда бар екені қыңжылтады. Ал бұрын қандай едік? Ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен жерін жаудан қорғаған батырларымыздың ержүректілігімен табандылығы, бүгінгі ұрпақ бойынан жоғалып бара жатқанына кім кінәлі? Заман ба, әлде қоғам ба? Заман орнында адам өзгерді.
Барлық саналы ғұмырын ұлт мүддесі жолында құрбан еткен ұлы хандарымыз, батырларымыз бен ақындарымыз, кешегі желтоқсанда әділетсіз жаншылған қазақ жастарының ұрпағы екенімізді естен шығарып алмадықпа?
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты –
Қырандай күшті қанатты.
Мен жастарға сенемін! – деп М.Жұмабаев үміт арқан – біз жастар, қара басымыздың қамы үшін емес, мемелекетіміздің гүлденуі мен болашағы үшін еңбек етсек деймін.
Мен мемелекетімнің гүлденуі үшін не істей аламын? - деген сұрақты өзіме қойдым. Санамдағы толғаныстар мен көкірегімде қауғадай жарылған, арман – мақсаттармызды айтып жеткізе алмайтындаймын. Адам өмірде екі нәрседен қателеспеуі керек. Бірі мамандық таңдау, екіншісі жар таңдау. Алқашқысын дұрыс таңдау арқылы, өмірлік жолымызды салып, ел мүддесі үшін аянбай еңбек етеміз. Болашақта елімнің дамуына қосар үлесім, ұлағатты ұстаз болып, балалардың бойына отансүйгіштік сезімін дарытып, Қазақстанның атын әлемге танытатын әйгілі шәкірттер шығару. Әрбір адам өзінің тұған тілі, тарихын құрметтеу арқылы да елінің дамуына үлес қоса алатынын жас ұрпақтың санасына сіңіре отырып ұлтжанды азаматтарды тәрбиелеу. «Мемлекеттің дамуы мен гүлденуі үшін басты ұлттық басымдылықтар бейбітшілік, тұрақтылықпен келісімнің төңірегінде топтасуымыз керек. Оларсыз ешқандай мәселені шешу мүмкін емес» - деп тұңғыш елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай бірлігіміз бекем, тәуелсіздігіміз тұғырлы болса, жаңа заманның жаңа жастарының елі үшін қосар үлесі де үлкен болмақ. Бүгінгі күнгі күнмен ғана өмір сүрмейтін, елінің ертеңін ойлайтын жастар, мемлекетіміздің дамуы мен гүлденуі жолында бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, өнерімізбен, білім мен ғылым арқылы да даму жолында өз үлесімізді қосатынымызға нық сенім білдіремін.
Қорытындылай келе мемлекетіміздің ертеңі болашағы тікелей жастарға тәуелді екенін естен шығармасақ деймін. Шыр етіп дүниеге келген күннен бастап, бойымызға сіңірілетін тал бесіктегі тәлім – тәрбие мен білімнің арқасында мемлекетіміздің көсегесін көгертетін біздерміз. Мен жалынды жастардың жарқын істеріне сенемін!
Біз жастар, еңселі еліміздің бағындырар биігі Эвересттің биік нүктесінде асқақ болуы үшін еңбек етеміз.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәуелсіздік қастерлі ұғым-ең қымбат қазынам

шағым қалдыра аласыз