Материалдар / ТӘУЕЛСІЗДІК СИМВОЛЫ – ҰЛТТЫҚ ТЕҢГЕ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ТӘУЕЛСІЗДІК СИМВОЛЫ – ҰЛТТЫҚ ТЕҢГЕ

Материал туралы қысқаша түсінік
Халқымызға ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздік,егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Бұл мереке күнтізбеде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі» туралы Конституциялық заңының 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдауына байланысты тұрақты түрде аталып өтіледі. Тәуелсіздік –біздің ұрпаққа берген үлкен бақыт, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Тәуелсіздік –біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қазан 2021
738
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


ТӘУЕЛСІЗДІК СИМВОЛЫ – ҰЛТТЫҚ ТЕҢГЕ


Ұлттық валютамыз – теңгені енгізумен еліміздің тәуелсіз экономикасына қол жеткізуге ірі қадамдар жасалып, оның қаржы-несие саясатын реформалауда анықталмаған тұстары жойылды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентң Н. Ә. Назарбаев.


Халқымызға ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздік,егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Бұл мереке күнтізбеде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі» туралы Конституциялық заңының 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдауына байланысты тұрақты түрде аталып өтіледі. Тәуелсіздік –біздің ұрпаққа берген үлкен бақыт, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Тәуелсіздік –біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз. 

Ұлттық Теңгенің пайда болуы және оның дамуы

Теңге – Қазақстан республикасының мемлекеттік нышаны. Әнұран, ту және елтаңба сияқты ұлттық валюта да мемлекеттік нышандардың қатарына жатады. Қазақ елінің Ұлы Жібек жолының бойында орналасуына байланысты металл ақша жасау қажеттігі ертеден қолға алынғанын бүгінде тарихи деректер дәлелдеп отыр.

ҮІ-ҮІІІ ғасырларда билеуші рулардың таңбасы қашалған, ру рәмізін бейнелеген теңгелер құйыла бастаған. Сырдарияның орта алабында өмір сүрген тайпалардың қола теңгелері ҮІ-ҮІІІ ғ-дың 1-жартысында дейінгі аралықта қолданылған. Бұл теңгелерде арыстан бейнесі бейнелеген. Мұндай теңгелерді Суяб, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда құйған. Сонымен бірге Отырар маңындағы қалаларда да түрлі теңгелер жасалған. Отырарда ақшаның құйылғаны туралы 1967 жылы Самарқанд қоймасы ашылған соң анықталды. Осы қоймадан Х ғасырдағы Фараб теңгелері табылған. Біріншісі, сәл ұмытылып, секіргелі тұрған арыстан бейнеленген мыс теңгелер болса, екіншісі бетінде садақ бен шаршы түріндегі түркілердің тайпалық таңбасы (дүниенің төрт бұрышын меңзеген рәміз) бейнеленген теңге болған.

Б.з. 704-706 ж. Таразда арнайы теңгелер құйылып, айналымға енгізілген. Оның бетінде «Түркеш қаған теңгесі» немесе «Түркінің көк ханының теңгесі» деген анықтама жазулар болған. Бұл тайпалық дәрежедегі теңге емес, бүкіл мемлекеттің дәулетін, мүлкін, ел ырысын куәландыратын кепілдеме болған.

Тарихи деректер Қарахан әулетінің билік құрған тұсында Қазақстан мен Орта Азияда сауданың күшті дамығандығын көрсетеді. Осыған орай ақша шығару мен ақша айналымы кең етек алған. Әсіресе, мыс, күміс,ақшалар көп шығарылған.

ХІІ-ғасырдың 2-жартысы мен ХІІІ ғ-ң басында теңгелердің Отырардан шығарылуы Қазақстан жерінде сауда-саттықтың дамуына ерекше үлес қосқан. Ол дәуірде мыс,алтын, ақшалар өзінің салмағы бойынша алтынмен бағаланып, сауда айналымына енген. Сөйтіп Қазақстанның оңтүстік және батыс аудандарында Отырар ақшасы көптеп тараған. 1271ж ақша айналымына енген жаңа реформа бойынша алтын ақша орнына күміс ақшалар көбірек қолданысқа енгізіледі. Бұл күміс ақшалар Қазақстаннның Тараз, Кенже қалаларында шыңдау әдісімен әзірленіп шығарылған.

Сонымен қатар ақша тарихында Өзбек хан, Жәнібек хан, Бердібек, Наурызбек , Қызыр хандардың атынан шығарылған Алтын Орда теңгелерінің Жетісу мен Түркістаннан бастап Еділ жағалауына дейін таралғаны белгілі. Сарайшық қаласынан табылған нумизматикалық деректер ХІІІ ғ.аяғы мен ХІҮ аралықты қамтиды. Ол жерден табылған көне теңгелер Өзбек ханның билігінің алғашқы жылдарында Сарай қаласынан шыққан. Осы кезеңдегі өзгерістер ақшалардың сыртқы түрінде өз ізін қалдырды. Күміс теңгелерде ислам дінінің енуі ,орнығуы күмістеңгелер –дирхемдерде сунниттік сенімнің белгісі мен құранныңалғашқы жолдарыныңжазылуынан көрінеді. Теңгелерде «Кутлуг булсун» деген көне түркі сөзі яғни «Құтты болсын»деген тілек жазылған. Сондай-ақ бет жағында «билік, байлық, ержүректіліктің белгісі болып табылатын- сұңқар,алдыңғы аяғын көтерген, арқасынан күн шығып келе жатқан арыстан» бейнелері берілген. Олардан тағы басқа да жануарлар бейнесін, тартымды, геометриялық және өсімдік тәріздес оюлармен қатар зодиак белгілерін көруге болады.

Ал ХІҮғ.ортасында шығарылған теңгелердің көбінде әрленген екі басты бүркіт пен алты жапырақты гүл бейнесі берілген. Бұл теңгелер ақша айналымында көп жүрген. Олардың көптеп шығарылуы жеке сауданың дамығанын, Алтын Орда қалалары тұрғындарының ауқатты өмір сүргенін көрсетеді.

Сарайшық Қырымнан Хорезмге дейін, одан шығыс пен оңтүстікке созылып жатқан ірі магистраль бойындағы қала ретінде дамыған. Сол себепті қалаға ең жақын сауда орталығы –Хорезмнің теңгелері айналымда басқаларға қарағанда көп болған. Мұнда Тоқты ханның атынан Хорезмде шығарған күміс теңге хижраның 694 жылымен мерзімделген, онда «Әділ тоқты» деген жазу жазылған. Бұл Сарайшықта табылған теңгелердің ең көнесі. Хорезмнің теңгелері бедер салынуымен, ірі салмағымен және көркемдігімен ерекшеленеді.Ал жергілікті Сарайшық теңгелерінде көп жапырақты гүл немесе «Сарайджук қаласынан шығарылған» деген жазу болған. (Мұндай теңге түрлерін Сіз біздің «Архелогия» мен «Алтын Орда « залындағы экспозициядан да көре аласыз)

Қазақстан Егемен ел аталғаннан кейін тарихымыздың жаңа парақтары ашылды. Өйткені ертеден қалыптасып келе жатқан дәстүр бойынша әрбір елдің жеке елдік нышандары болуы тиіс. Олар: елдің Туы, Елтаңбасы, Әнұраны. Осы мемлекеттік нышандарға қарай сол елдің қайсы ел екені әркімге айқын болады. Нышандар жеке бір мемлекеттікі болғанымен, оның халықаралық мәні зор. Нышандар мемлекетаралық қарым-қатынастарда үлкен ресми роль атқарады. Сондықтан Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жарияланғаннан кейін өзіміздің Елтаңбамыз , әнұраны белгіленіп, ұлттық валютамыз дүниеге келді.. Астанамыз Сарыарқа төрінен оз орнын тапты.

1993 жылдың қарашасында Қазақстан Республикасының жаңа ақшасы «теңге» айналысқа шығарылды. Бүгінде еліміздің ұлттық валютасы Тәуелсіз егемен мемлекеттің міндетті рәміздерінің бірі болып табылады. Қазақстан өз төл ақшасын жасау үшін 1990 жылы теңгенің үлгісін жасайтын арнайы жұмысшы тобын құрды. Алғашқы ұлттық теңгелерді жасауды ағылшынның «Харрисон» атты фирмасы қолға алды. 1993ж. 12 қарашасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев”Қазақстан Республикасында Ұлттық валюта енгізу туралы”жарлық шығарды. Ұлттық валютаны «теңге», ал оның жүзден бір бөлігін «тиын» деп атауды сол кездегі ҚР Жоғары кеңесі комитетінің төрағасы Сауық Тәкежанов ұсынған еді.1993 жылы 15 қарашада Ұлттық теңге айналымға енгізілді.Теңгенің де өз шығу тарихы бар. Ұлттық теңгені жасауға екі жыл уақыт қажет болды. Қазақстан өз төл ақшасын шығару үшін 1990жыл теңгенің алғашқы үлгісін жасайтын арнайы жұмысшы тобын құрды. Тәуелсіз елдің ұлттық валютасын жасап шығарған Тимур Сүлейменов, Меңдібай Әлин, Ағымсалы Дүзелханов, Хайролла Ғабжәлеловтер еді. Олар жұмыстарын Қазақстан мәдениетінің тарихи даму аспектілерін зерттеуден бастаған.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Біз ұлттық ақшамызды бір-ақ рет және бір атаумен шығаруымыз керек. Екінші қайтара оның аты өзгермейді. Сондықтан оны әбден зерттеп барып, бір шешімге келуіміз қажет»,- деді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. «Қазақстан Республикасында ұлттық валютаны енгізу туралы» ҚР Президентінің заң күші бар жарлығы. 12.11.1993.

2. «Қазақстан Республикасының ақша жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.

3.  Қазақстан Ұлттык энциклопедиясы. Алматы, 1998

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!