Алматы қаласы Алатау ауданы
№ 151 ЖББ мектептің қазақ тілі
мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Тумабаева Ә.І.
Тәуелсіздік – тәу етер киеміз
Тәуелсіздік – еліміздің ең басты мерекесі. Қазақстанның жаңа дәуірде қол жеткізген барлық табысының қайнар көзі – Тәуелсіздік. Тәуелсіз ел болғандығымыздың арқасында дүниенің бір бұрышында қазақ деген халықтың қомақты да ауқымды істер тындыра алатын өресі мықты халық екенін әлем білді. Қазіргі тәуелсіз Қазақстан ата-бабаның орындалған шұғылалы арманы, сарғайып күткен сағынышы. Тәуелсіздік таңын аңсап, армандаған ата-бабаларымыздың асқақ арманы жүзеге асты десек, қателеспейміз. Тәуелсіздік тарихы - ұлы тақырып екендігін жас буын өкілдері, қазіргі ұрпақ ешқашан естен шығармауы керек. Тәуелсіздікке ынтымағы, ауызбіршілігі берік, мықты халық қана қол жеткізетіндігін өткеніміз нақты дәлелдеуде. Тәуелсіз мемлекет болғаннан кейін оның өз заңдары мен қағидалары болуы қажет. Осыған орай Ата Заңымыз қабылданып, Ата Заңға сүйене отырып қоғамдағы келеңсіздіктерді реттеп, адам құқығын қорғайтын заң жобалары біртіндеп қабылдана бастады. Жаһанданудың жаңғырып тұрған заманына тұспа-тұс келген егемендігіміз, тәу етер киелі Тәуелсіздігіміз алға қадам басып қарыштап дамуда. Жылдан-жылға дамып, өркендеп, қанат жайып келе жатқан біздей жас мемлекеттің алар асуы, шығар белесі, алдағы жетістіктері өте мол деп нық сеніммен айтуға болады.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәуелсіздік тірегім!
Тәуелсіздік тірегім!
Алматы қаласы Алатау ауданы
№ 151 ЖББ мектептің қазақ тілі
мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Тумабаева Ә.І.
Тәуелсіздік – тәу етер киеміз
Тәуелсіздік – еліміздің ең басты мерекесі. Қазақстанның жаңа дәуірде қол жеткізген барлық табысының қайнар көзі – Тәуелсіздік. Тәуелсіз ел болғандығымыздың арқасында дүниенің бір бұрышында қазақ деген халықтың қомақты да ауқымды істер тындыра алатын өресі мықты халық екенін әлем білді. Қазіргі тәуелсіз Қазақстан ата-бабаның орындалған шұғылалы арманы, сарғайып күткен сағынышы. Тәуелсіздік таңын аңсап, армандаған ата-бабаларымыздың асқақ арманы жүзеге асты десек, қателеспейміз. Тәуелсіздік тарихы - ұлы тақырып екендігін жас буын өкілдері, қазіргі ұрпақ ешқашан естен шығармауы керек. Тәуелсіздікке ынтымағы, ауызбіршілігі берік, мықты халық қана қол жеткізетіндігін өткеніміз нақты дәлелдеуде. Тәуелсіз мемлекет болғаннан кейін оның өз заңдары мен қағидалары болуы қажет. Осыған орай Ата Заңымыз қабылданып, Ата Заңға сүйене отырып қоғамдағы келеңсіздіктерді реттеп, адам құқығын қорғайтын заң жобалары біртіндеп қабылдана бастады. Жаһанданудың жаңғырып тұрған заманына тұспа-тұс келген егемендігіміз, тәу етер киелі Тәуелсіздігіміз алға қадам басып қарыштап дамуда. Жылдан-жылға дамып, өркендеп, қанат жайып келе жатқан біздей жас мемлекеттің алар асуы, шығар белесі, алдағы жетістіктері өте мол деп нық сеніммен айтуға болады.
шағым қалдыра аласыз













