Материалдар / Тәуелсіздік-тірегім
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәуелсіздік-тірегім

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қараша 2018
472
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мақсаты:

Тәуелсіз елін шексіз сүюге баулу, ынтымақ бірлігі жараса шалқыған елдің көптеген ұлт өкілдеріне алтын бесік болған мемлекеттің ұланы екендігін мақтанышпен сезіне білуге тәрбиелеу.Тәуелсіздікті аңсаған ата-баба аманатына адал болуға, ерлігінен үлгі алуға, бабалар рухын асқақтата дәріптей білуге үйретіп, ұлтжандылық, отаншылдық сезімдерін оятып, туған өлке тарихын сүйе білуге баулу.

Мерекеге сай безендірілген залға балалар қол ұстасып кіреді.

1-жүргізуші:

Құрметті, ата-аналар, ұстаздар, кішкентай бүлдіршіндер, бүгін біз дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздік туын алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың желтоқсанына арналған «Қазақстан – жүрегім, тәуелсіздік – тірегім» атты ертеңгілікке қош келдіңіздер.

І1-жүргізуші:

Добрый день, дорогие ребята! Уважаемые родители и гости! Сегодня мы собрались в этом зале отметить большой и важный праздник Независимости нашей Республики.

  • Ой, балалар мұнда кім отыр?

  • Бұл бұлт қой.

  • Қане, бұлтты оятып көрейікші.

  • Мейлі тұрмаса тұрмасын.

1-жүргізуші:

Қазақстан – туған елім, ұлы өлкем!

Құшағында қаулап өскен гүлі ертең.

Отаным деп мен өзіңді сүйемін,

Абыройыңды асқақтатам мен ертең!

1І-жүргізуші:

Елім менің, тәуелсіз жерім менің,

Күннен алған шуақты өмір деймін.

Рухы ұлттың өсіпті өлместей боп,

Көк байрағың төбемнен көрінген күн!

Алтын адам қонаққа келеді

(Бұлт оянып тұрады)

(Күн келеді)

1-жүргізуші:

Елдің елдігі, ердің ерлігі, ол – Әнұран. Сезім биігі, төзім шыңы – ол Әнұран. Әннің асылы, ұранның басымы – ол Әнұран.

Айша

Әнұраным – жанұраным,

Айтар әнім – сөйлер сөзім

Туған жерім – сағынары.

Мың қайталап айтам мұны.

Жания

Жеңіс туын көтерген

Жарыстарда сан қыйлы

Жетіп бізден шет елден

Көкке Әнұран шалқыды.

Саят

Бауырласып бір туысқан

Ұлттары көп жүзден астам.

Тілі түлеп, діні оралған,

Тәуелсіз ел – Қазақстан.

Диас

Отан мынау,

Отанымның картасы

Маған қымбат

Отанымның әр тасы

Димаш

Отан, Отан

Мен Отанды сүйемін,

Отан ана

Сенің мәңгі тірегің.



1-жүргізуші:

Бақыт бірлік күн талабы,

Тоқтамайды дүбір әні.

Мәңгі бақи шырқалады,

Республика Әнұраны!

Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалады.

ІІ-жүргізуші:

Біздің қазақ жерінен Алтын адам табылған. Оның киімдері алтыннан жасалған. Сендер өздерің қараңдаршы.Ой, біздің Алтын адам қайда кеткен? Жаңа ғана осында тұр еді ғой.

(Бұлт пен Күн Алтын адамды табуға көмектесетінін айтып шығып кетеді)

1-жүргізуші:

Жаңарған берекелі еліміз бар,

Даласы гүлге толы жеріміз бар.

Кең өлкем, байлығы мол, ынтымақты

Шалқыған айдын шалқар көліміз бар.

  • Бұл қай ел балалар?

  • Қазақстан

  • Сендердің туған жерлерің қалай аталады?

  • Туған жеріміз, Отанымыз – Қазақстан Республикасы.Қане, олай болса, Отанымыз туралы тақпақтар айтып беріңдерші.

Медет

Елімнің атын айтсам – Қазақстан,

Жерімнің атын айтсам – Қазақстан,

Қойнауы қазынаға толған мекен,

Байлығым атын айтсам – Қазақстан.

Альбина

Қазақстан –республикам, мақтанышым.

Мен сені жырлаймын мақтан үшін.

Құдайы маған кішкентай жүрек берген,

Лүпілдеп сені сүйіп, сақтау үшін.

Алиби

Отанды біз атамекен,

Деп аялап атаймыз.

Өйткені оны мекен еткен,

Бабамыз бен атамыз.



Қ.Алдияр

Отанды жас, кәріміз де,

Туған жер деп сүйеміз.

Өйткені онда бәрімізде,

Туып өмір сүреміз.

Вика

Отан деген – атамкен,

Отан деген – туған жер.

1І-жүргізуші:

Шалқытып мерекеде би билейік,

Өнерпаз өрендерге тамсанайық.

Би шашуын біздерге алып келген,

Өнерлі өрендерді қарсы алайық.

Қазақ биі

Орындайтын:Айша, Альбина,Анелья, Карина, Ұлжан,Жібек,Аяулым,Жансая

Алтын адамды ұрлаған екі шет ел адамдары келеді, артыннан милиция қызметкері келіп, Алтын адамды тауып береді.

Равиль

Отан сенің ата-анаң,

Отан досың, бауырың.

Отан өлкең, астанаң

Отан аудан, ауылың.

Бегайым

Отан –тарих, Отан тіл,

Жасаған елің, өз халқың.

Отан-өлең, Отан-жыр,

Көтерген көкке ел даңқын.

Бегарыс

Отан – сөнбес күніміз,

Отан –туған жеріміз.

Отан – ортақ үйіміз.

Отан ән мен күйіміз.

Айдар

Отан елдің анасы

Отан жердің анасы

Бақытты ғой дәл мендей

Тәуелсіз ел баласы

Әсел

Қазақстан киелім,

Қияға ұшар қыраным

Еркіндікті сүйемін,

Мен тәуелсіз ұланмын.

Бинұр

Атыңнан айналайын, егеменді ел,

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.

Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік,

Ғасырдың тойы болшы келе берер.

1-жүргізуші:

Қазақстан әнім менің

Қазақстан жерім менің

Саған арнап айтылады

Әнім менің

Ән: «Туған жер»

1-жүргізуші:

  • Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын қыстау кезеңдерін бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар еліміз өз тәуелсіздігін алды. Әр елдің, мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздері бар.

  • Қане, рәміздерді кім атайды?

Мирас

Рәмізім – елдігімнің белгісі

Білу керек баладағы ең кіші.

Рәміздерім – Әнұран,Ту, Елтаңба,

Рәміздерді жатқа білген жөн кісі

1І-жүргізуші:

Қазақстанның Туы көгілдір түсті. Ол ашық аспанды, тыныштықты білдіреді. Тудың ортасында алтын күн, баршаға ортақ нұр сәулесін төгіп тұр. Қалықтап ұшқан құс ерліктің белгісі.

  • Енді Туымыз туралы тақпақтар айтып берейік.

Айару

Көк байрақ – көк аспан

Алтын күн нұр шашқан

Әлемге танылған

Тәуелсіз Қазақстан!

Ұлжан

Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы

Оны халық қашанда

Биікке іліп қояды.

Бегжан

Аспан түстес көгілдір,

Тік бұрышты матаның.

Ортасында төгіп нұр,

Күн жаяды шапағын

Бағдат,Арман

Көк байрағы бабамның,

Бүгінгі ұрпақ алауы.

Тірегі әке, баланың

Қазақстан жалауы.

Би: «Тұлпарым»

Орындайтындар:Саят, Берік Алдияр, Дінмұхамед, Алиби

Әнін орындайтын:Тұрар Бинұр

1І-жүргізуші:

  • Балалар сендер Елтаңба туралы тақпақтар білесіңдер ме?

  • Иә



Жансая

Елтаңбасы елімнің

Неткен айбат, әдемі

Тұнығындай көңілдің,

Ортада аспан әлемі.

Жібек

Алтын қанат көмкерген,

Шаңырақ бар уық бар

Әсем бейне сен көрген,

Жай белгі емес ұғып ал.

Аяулым

Бұл таңбасы елімнің,

Елдігімнің еңсесі.

Мұнда да бар ерлігім

Мұнда да бар жер күші.

Хор: «Елтаңбасы елімнің»

Б.Алдияр

Егемен елдің ұлымын

Ертеңгі күннің нұрымын

Отанын сүйген азамат

Болатындардың бірімін.

Карина

Толтырған гүлге даланы

Жайнатқан ауыл, қаланы

Ардақты ата-мекенім

Отаным – Қазақстан!

Коля

Сарқылмайтын қуатым,

Тірегімсің Қазақстан,

Мәңгі соғып тұратын,

Жүрегімсің Қазақстан.

Анеля

Жайнаған сансыз қаласы,

Жайқалған жомарт даласы.

Ел – Отан біздің кең байтақ,

Отанның біздер баласы.

ІІ-жүргізуші

Ойын: «Бұл қай мемлекеттің туы?»

І-жүргізуші

Толтырған гүлге даланы

Жайнатқан ауыл, қаланы

Ардақты ата-мекенім

Отаным – Қазақстан!

Ән: «Туған елім»

Ойын: «Қазақстанды гүлдендір»

І-жүргізуші:

Дараланып әлемнің картасында

Сары бел, сары арқаның ортасында

Астана ертегідей ғажаптанды

Кемеңгер нұр ағаның арқасында.

-Енді барлығымыз орнымыздан тұрып, Н.Ә.Назарбаевтың сөзіне жазылған «Елім менің»әнін орындайық.

ІІ-жүргізуші:

О, тәңірім, бақыт құсы қонып бір,

Деп тіледік бізді баққа жолықтыр.

Бүгін, міне, Тәуелсіздік, ағайын,

Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр.

І-жүргізуші:

Тұғыры биік елімізде Отаншыл, ұлтжанды, елін сүйетін өнерлі, білімді өрендер көбейе берсін! Тәуелсіздік жасасын!

























«Жұлдыз» балалар бақшасы















Ертеңгілік

Shape1















Тәрбиеші:Мухамбетова М.Ж





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!