Материалдар / Тәуелсіздік толғауы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәуелсіздік толғауы

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстазға көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қазан 2020
467
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Тәуелсіздік толғауы

«Тәуелсіздік – сан буын бабалардың

қасиетті жеріміздің әрбір қадамын

қорғау үшін төгілген өлшеусіз

қаны мен терінің өтеуі......»


Н.Ә.Назарбаев


Халық, ел, ұлт, мемлекет болып қалыптасу үшін ең қажетті алғышарттардың бір де бірегейі- оның егемендігі, өзге жұрттан тәуелсіз,, даралығы, халқының бостандыңы екенін білеміз. Ата-бабамыз тарихтан сыр шерте отырып, ұрпағына қашан да бірлі, елдік, ерлік, жайлы насихаттаудан тынған емес.

Ендеше, еліміздің сан қилы тарих қатпарларынан қол бұлғаған қанды қырғын мен небір зұлмат соғыстар, түрлі шайқастар мен қантөгістер, небір боздақтардың жаны қиылған оқиғалар- бір ғана мақсатты, бір ғана мүддені көздегенін көреміз. Сан ғасырлар бойы келе жатқан халық арманы, үкілі тілегі- қазақ боп қалыптасқан,тарих ізімен екшеліп, осынау уақыт аралығында ұлттық мақсаты айқындалған, қадір-қасиетімен астасқан ұраны бар тәуелсіз ел атану еді.

Ақыры кешегі «Желтоқсанның мұздағы алауының» қызуы елдің үмітін жағып, тәңір қолдап, қазамның өз тәуелсіздігін еншіледі.

Елін сүйген Елбасының бұл мерекесінің мән-маңызы, артықшылығын мәңгі жойылмайтын құндылығын өз халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында қайталаудан талмайды.

Бала да болсақ, Елбасының Үндеуін жас жүрегімізбен жақын қабылдауды дағдыға айналдырғанбыз. Оған қоса, ұстаздарымыз бен үйдегі ата-аналарымыз да ел өміріне қатысты барлық жаңалықтар мен мәнді ақпараттарды бізге дер кезінде жеткізуден жалыққан емес. Елбасынығ тәуелсіздік туралы толғауы, халық үшін жасайтын Жолдауы жайлы тебіренбей айтуға болмас. Өйткені Елбасы қайсыбір бөлімінде, бұл құжаттың әрбір тармағында елімнің кемел келешегі үшін жасап жатқан еңбегінің ізін қалдырған.«Айта бергім келеді, айта бергім...» деп ақын жырлағандай, сарабдал саясаткер Президентіміз жайлы, елдікті дәріптейтін еңбектері жайлы таңды таңға ұра жырлай бергің келеді. Елдік демекші, осы құндылық – елдің бірлігіне, тұтастығы, ауызбіршілігі, «ұлтым» деп ұдайы ұйытқы боп отырған барлық хандардың да, билердің де арманы еді ғой. Десек те, Ресей империясына бодан болған қалып, қашан да өз көлеңкесінен, шырмалған торынан босатпай, қанша ғасыр әуреледі. Асылымызды жасырып, бас көтерер батырымызды жаншып, жігерімізді құм еткені жасырын емес. Өзінікін өзмдікі дей алмағаннан артық қорлық бар ма? Жеріміздің байлығын, пайдалы қазбалары мен табитғим ресурстарын тек өз игілігімізге жұмсай алмай жүрміз.




Оқып-тоқыған, көкірек көзі мен жүрегі ашық табиғи тума таланттарымыз қудаланып, «саяси құрбандар» аталып қанша жүрді. Бас көтерер елдің рухын жанитын біртуар перзенттеріміз қудаланып, нағыз ұлт қаймағын шашыратып алдық.

Өкінішті... өкінішті, әрине. Дегенмен бүгінде орны толған өкініш бұлар. Тәубе дейміз! 70 жылдың езгісінен ақыры сытылып, жарыққа шықты халқымыз.

«Құм да ақ алмасты жасыра алмайтыны» секілді көкіректегі ұлттық рухты бүркемелей алмаған тарих ақыры «Қазақ» деген қастерлі ұлттың өз тәуелсіздігін еншілеуіне бұғау бола алмады. Осындай елең-алаң жағдайда бітімі бөлек қайраткерге ғана тән қайсарлық пен батылдықтың, саяси ерік-жігер мен өршілдіктің үлгісін көрсеткен Президент Н.Назарбаев Қазақстан тағдыры үшін жауапкершілікті өз мойнына алды.Тәуелсіздікті нығайтуды, саяси демократияландыруды, нарықты экономикаға көшуді, ұлтаралық келісім мен әлеуметтік қорғауды стратегиялық міндет ретінде белгіленген бағыт жұртшылық тарапынан бірауыздан қолдау тапты. Республикамыздың қайталанбас құндылығына айналып үлгерген бұл саясат – бүгінде сенімді, әрі табысты болғандығын тарихтың өзі дәлелдеп отыр.

Әрине мұның өзі ерекше саяси дарыны бар, ел басқару ісіне ата-бабамыздың даналығын, бітімшілдік қасиетін мұрат тұтқан, стратегиялық көрегендігі басым, терең де байыпты Елбасымыздың арқасы екендігі шүбәсіз. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демей ме, асыл халқымыз. Тер сіңіп жетсе де, дәмі тәтті «Тәуелсіздік» ұғымын бейне бір тұмарындай қастерлеген Президент мереке қарсаңында еліне арнап рухани жан-дүниесінің шынайы жанайқайы іспетті «Тәуелсіздік толғауы» эссесін баяндаған екен.

«Шын жүректі жарып шыққан шүбәсіз сөз – жүрекке де жетеді» емес пе, Елбасы тарапынан айтылған ойлар көңілге қонымды, құлаққа да жағымды. Әрбір саналы азаматқа ондағы көзқарас, ондағы мақсат бүкпесіз әсер етері хақ. Ата-бабаларымыз сынды даналық, кемеңгерлік, жыраулық, шешендік қасиеттер өн-бойынан табылған Нұр-аға – тарихымызға шолу, барлау жасап, жас ұрпақтың жүрегін бір тебірентті.

Сондай-ақ, албырт жүрегімізге рух берген «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы болса, онда айтылған «мәңгілік қазақтың перзенті» ретінде тәуелсіз елімізді













«Қазақстан-2050» мінберіне мүлтіксіз жеткізуде елеулі еңбек етуге бел шештік.

«Ел үмітін ел ақтар,

Ер атағын ер сақтар» деген мақал бар. Ұлтын сүйген ұлы тұлғаның орамды ойларын жадымызда жаңғыртып, бостандық, егемендік, тәуелсіздік секілді қастерлі ұғымның қадіріне жете білуіміз қажет.




Жетекшісі: Серкешова Гулим Болатовна

Арқалық қаласы

6 А. Құнанбаев атындағы

мектеп-гимназиясының

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі



















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!