Материалдар / Тәуелсіздіктің 30 жылдығы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы

Материал туралы қысқаша түсінік
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасыр басындағы Бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін жер жиһанда капиталистік қоғам мен имперализм күшейіп кетті. Англия мен Франция, Америка құрама штаттары және өзге де мемлекеттер әлемде өз үстемдігін орнату үшін жерге таласып, жер бөлісті. Жер дегенде мемлекет дейік. Сол жердің үстінде отырған мемлекетті басып алса, жерінің астындағы байлығын да тартып алғаны емес пе?! Қозғағым келіп отырғаны екі империя жайлы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Желтоқсан 2021
462
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы


ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасыр басындағы Бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін жер жиһанда капиталистік қоғам мен имперализм күшейіп кетті. Англия мен Франция, Америка құрама штаттары және өзге де мемлекеттер әлемде өз үстемдігін орнату үшін жерге таласып, жер бөлісті. Жер дегенде мемлекет дейік. Сол жердің үстінде отырған мемлекетті басып алса, жерінің астындағы байлығын да тартып алғаны емес пе?! Қозғағым келіп отырғаны екі империя жайлы. Бірі – Ресей, екіншісі – Жапония. Ресей, әрине Еуропадағы мықтылардың бірі болса, Жапония Азияның мықтысы болды. Жапония бұған дейін мықты империя болған емес, оған себеп Әлихан Бөкейхан айтатындай, Мэйдзи реформасы болды. Бұған дейін жабық мемлекет болып келген империяның аяқ асты озық жетістіктері бар империяға айналуы таңқаларлық. Тіпті Еуропаның империяларының жасағанын қайталап, Корей түбегіндегі Чосон империясына көз алартты. Ресейде бұл үлестен қалыс қалмады. Тіпті Ресей дейміз ау... Франция, Америка, Англия сияқты державалар қалыс қалмады. Тіпті Чосон мен Америка арасында соғыс болып, Америка Чосонның күл-талқанын шығарды. Сондағы айтпағымыз не? Чосонның, яғни Кореяның бұрынғы 18-ғасырдағы «әділет сарбаздарының» қайта тірілуі болды. Рух жалғыз бізде емес, рух жалпы адамзатта бар ғой. Міне, оларда ұлттық рух оянып, жерін қорғауға кірісті. Олар дамып кеткен Жапонияға қауқары қалай жетсін?! Қолынан не келеді соны жасауға тырысты. Зиялылары халықтың рухын одан сайын көтеруге, газет шығарып халықтың көзін ашуға, ақпаратпен таныстырып отыруға, тіпті оқығандарын шетелге шығарып сол жақтан көмек сұрауына дейін ойластырды. Америкамен соғысты көрген әскерилер шабуыл ұйымдастырып, қару-жарақ жасады. Олар тек қана сөзбен, біліммен емес, өз күшімізбен елімізді қорғауымыз керек деп шешті. Тек ер адамдар ғана емес, әйел адамдар да ұлт үшін күрескенін көреміз, оларда қолдарына қару алды. Аяғында Жапония басып алды. Бұл сценарий бізге таныс сияқты емес пе?! Әрине, таныс. Чосоннан айырмашылығымыз – біз қала салмай, көшіп-қонып жүргеніміз; олар ХХ ғасыр басына дейін империя болып, сол ғасырда тоқырауға ұшырап, империя боданы болса, біздер XVIII ғасырдан бастап бодан бола бастадық. Отаршылдық құрсауы бізге ертерек келді. Десек те, отаршылдыққа қарсы, халыққа дұрыс жолды көрсететін «Алаш» идеясын көтерген «Алаш» зиялылары келді.

Идея – мәңгілік. Идеология – өтпелі әрі онда шектеулі шекара бар. Әсіресе, жас мемлекетке идеология керек. Себебі: біріншіден, біздің ұлттық мәдениетіміз, санамыз заман өзгерген сайын сырттың ықпалына түсті. Күлтегін мен Тоныкөктің сына жазуындағы ұлы идея – тәуелсіздік идеясы бүгінгі заманға сол қалпында жеткен жоқ. Өзгерістерге ұшырады. Дін, киім үлгісі, әскери жасақ құрылымы, ән-күй, тілдік қолданыстағы иірімдер мен түсініктер, билік құрылымы, заң мен дәстүрдің арасындағы байланыс, тағы да басқа саладағы ұлттық сипаттарымыз ежелгі үлгіде сақталмай, сүзгілерден өтті. Сондықтан да, ең алдымен, тәуелсіз ойлау жүйесін санамызға сіңіруіміз керек. Бұл – өмірдің де, мемлекеттің де барлық құрылымын қамтыған өте нәзік әрі кірпияз мәселе. Мұның құрамына мәдениеттің күллі саласы кіреді. Тарихи таным, азаматтық мойынсұнбау, тұлғаның тәуелсіздігі, әдебиет пен өнердегі ұлттық рух, заң баптарының ұлттық дәстүрге бейімделе жасалуы іспетті шағымды салалардың бәрін үйлестіріп барып тектік қасиеттерімізді таба аламыз. «Адам мен қоғамның мәдениеті», оның ішінде отаршылдық ықпалдан жаңа құтылған ұлттық, тәуелсіз мемлекеттің «өткендегі өксікті өмірінен келбетті келешекке» бет алған мақсатты жолы сонда ғана барқадам таппақ [1]. Сонда, «Алаш» партиясының көздеген идеясы – тәуелсіздікке қол жеткізу, халықтың тәуелсіз ойлау деңгейіне дейін жеткізу болып тұрғаны ғой. Ал қазіргі жағдайда біздің неге білуіміз керек деген сауалға былай жауап берер едік: ағаштың тамыры болмаса, оның жапырағы болмайды; қазіргі заманда адаспай, омыртқамыз осал болмауы [2] үшін өткеннің сабағын ескеріп, негізіміздің мықты болуын қамтамасыз ету. «Алаш» партиясының жетекшісі Әлихан Бөкейхан кезінде 1917 жылғы патша жарлығын орындау керек деп шешеді. Оның ойынша, 1825 жылы империяда көтеріліс жасағандар 1812 жылғы Отан соғысында француздарды ойсырата жеңген әскерилер болды. Біздің қазақ жігіттері майданды көруі керек, қазақ даласынан өзге жерді көрсін деген ниетте болды. Екінші жағынан, қазақ босқа қан төкпесін деген ниеті де болды. Жарайды, қазақ жігіттері қаруды сонау ХІХ ғасырдан бастап ұстады дейік. Ал қазақ қыздары қашан қолына қару алды? Жігіттен кем түспейтін, ел-жер дегенде қалыс қалмаған қазақ қызы қолына қару алды ма деген ой келеді. Тіпті Сырым Датұлынан бұрын көтеріліс бастаған қазақ қызы қолына қаруды қашан алды деген сұрақ келеді. Ойланып келгенде қазақ қызы қолына Екінші дүние жүзілік соғыста қолына қару ұстады деп есептейміз. Бұған дейін, әрине садақ пен қылыш ұстағанын білеміз ғой. Мылтықты қолына үкіметке қауіп төнгенде өздері үйретіп шығарды, ал оған бұл тиімді емес еді. Сонымен, ХХ ғасырда қазақ қыздары қолына мылтық ұстап жүрмесе де, қолына қаламын, кітабын серік етті. Оқыған қазақ қыздарының ішінде Аққағаз Досжанова, Ғайнижамал Дулатова, Гүлайым Балғынбаева, Нәзипа Құлжанова сынды аруларымыз «Алаш» идеясына біріге жұмыс жасаған. Аққағаз Досжанова «Алаш» партиясының барлаушысы болған. Әліби Жангелдин деген шоқынған қазақтың Аққағазға сеніп айтқан әңгімелерін жеткізіп отырған. Сондай-ақ, аруларымыз «Алаш» партиясының мүшелерінің шығармаларын теріп жазып беріп отырған. Осылай көптеген шығармалары жарыққа шыққан. Нәзипа Құлжанова жүрген жерде Жүсіпбек Аймауытовтар тіпті сөйлей алмайтын болған. Ахмет Байтұрсыновтың «Н-ханымға» деген өлеңінде былай деген:

Тән көмілер, көмілмес еткен ісім,

Ойлайтындай мен емес бүгінгісін.

Жұрт ұқпаса, ұқпасын, жабықпаймын,

Ел бүгіншіл, менікі ертеңгі үшін... – деп қызметінің ертеңгі күн үшін жасалып жатқанын жеткізген.

«Алаш» партиясы өздеріне үлгіні ретінде Жапонияны алады. Жоғарыда келтірілгендей Жапония 1867 жылғы реформасымен дамыған империяға айналды да шықты. Осы тақырыпта «Алаш» партиясының жас мүшесі болған Мұхтар Әуезовтың «Япония» атты мақаласына назар аударсақ. «Бұл күнде  қай халық тәртіпсіз, ғылымсыз, елеусіз қалыптан асып, алдыңғы дәрежеде жүрген халықтармен тізелесіп отырарлық теңдікке жетуі тездігінен болатын оңай жұмыс емес. Бұрынғы бір бетке айласыз, ғылымсыз қара күштің заманында ілгері дәрежеге тез жету халықтың өз еңбегімен, басшының епті саясатымен ғана әзер болатын. Ал бұл заманда надан халықтың қатарға кіріп кетуіне себеп болатын жүз тараулы шарттар бар. Ол шарттардың бәрі де бас- басына терең оймен, еппен, қажымайтын қайратпен,малды, жанды аянбай сарп етерлік талап еткенмен ғана орнына келтіріп, одан кейін орыннан үміт қылуға болады.

Бұл тарихта бәрібір жетілем деп  талпынған  жұртқа неше жүз жылдардан бері қарай құлағын бұрап, жаттап келе жатқан тарих болғандығы бір негізі. Бірақ тарихтың осы айтылған жолы  Японияға келгенде өзгеше бір рақымдылыққа түсіп, өзі демеп, бойын зорайтып, көркейтіп, қалпына бүткіл дүниені әрі шамдандырып, әрі қызғантып, ішін қайнатып отыр.

Японияның әуелгі мешеу болып, дүние жарығынан меңіреу болып, өзінің, өзгенің не күйде екенін білмей отырған қалпынан шығуына себеп болған нәрсе  - өзге Англия, Франция, Голландия секілді білімді жұрттардың Япония надандығымен пайдаланғысы келген қомағайлығы болды. ХVІІІ ғасырдың әуелгі жартысында Қытай мен Америка һәм басқа Европа  патшалықтарының саудасы қызды, бұлардың бір-біріне қатынасатын жолында Япония болды. Білімді жұрттар Японияның ішіне де өз саудасын кіргізіп, олардың қанын соруға айналды.  Япония білімді жұрттардан келетін зиянды білген соң, оларға өткел бермегісі келді. Бұған бастығы Америка болып, Европаның көп патшалықтары ықтиярсыз өткел беруге мойынсұндырды. Бұл оқиға 1853 жылда болды. Японияның бұларға қарсы бетке ұстайтын қаруы болмады. Көп айлалы, қомағай, білімді жұрттардың ортасына түсіп, өзіндігінен айырылып, халыққа жем болатын уақыт келді. Осы себеп қамшы болып, Японияның сүйегіне сіңген ұлтшылдық, жігерлілік қаны оянды. Айлалы, азулы, жауға өзінің ұстап келген қаруындай қару ұстап, өзінің сүйенген тәртібіндей тәртіпке сүйенбесе, басқа лаж болмайтын болды. Жұрт басшысы, қамқорлары бұл халді ұғып, осының жолына бастарын сарп етіп, жаңа жол табуға ізденді. Японияның ілгерілеуіне екінші себеп болған  нәрсе  - 1894 жылда болған Қытай - Япон соғысы. Бұл соғыстан кейін Япония  ғылым, шаруа, сауда жолында аса көзге көрінерлік екпінділік істеді. Мысалы, 1880 жылы Японияның сауда проходы  310 еді.  1899 жылда  1221  болды. 1888 жылда Японияға кіретін һәм одан шығатын бар пұлдың бағасы  98 миллион иен еді (иен 1сом 29 тиын). Бұл 1900 жылда жарты миллирадқа барды.  Оқу жолында  1901 жылдағы есепте  Япониядағы оқуға жасы дәл келген еркек баланың школда жүргенінің саны 94% (жүзден 94), әйел баласының саны 81 процент болды. Бұл талап. Сол талаптың осындай жемісі әр жүректі осындай болсам деп үміттендіріп,екпін, жігер беріп, талпынтатын тарих жүзіндегі үлгісі мол бір сабақ. Жаңалық басталғаннан-ақ  Япония жастары ғылым дүкені құрылып тұрған жақтарға ағыла бастады. Бәрінің әр жерге келгендегі мақсаттары жалғыз Японияның  бақытты болу қамы болды. Сол себепті бұлардың Европа ғылымын біліп алғандары  тоқтамастан жеріне қайтып, жиып апарған білімдерін елдеріне егіп отырды. Япония Европа не істесе, соған көз жұмып ере берген жоқ. Әрқайсының жиып апарған білімін зейінге салып, сынап, өздерінше қолайлы, жақсы дегендерін ғана алатын болды. Бұл турасында (........) деген профессордың айтқан сөзі мынау: «Біз күнбатыстың жақсысын сіңіруге дайын тұруымыз керек, бірақ ол уақытта өзіміздің жақсымыз да ұмытылмасын», - деген. Японияның басты адамдарының әуелгі  Япония жетілмей тұрған уақыттағы қатты сақ болып, естерінен шығармаған нәрсесі,  -  халқының буыны бекініп, піспей тұрған кезде соғыстан аман сақтау болатын.  Бұл туралы өз араларында айтысып жүрген пікірлері: «сыртымыз басқа жұрттармен тату, сыпайы болсын, іштен тарахиат (өнер-білім) аса бағалы болып, еркін өссін» деген. Осы себепті сырттан келуші өнеге аларлық адамдарға Японияда қағусыз, соғусыз еркін жол беріліп отырды. Өзге жұрт еркін болғанда Японияны илеп-билеп кете ме деп қорыққаны көршісі Қытайдың осалдығы еді. Осыны ойлап, Қытайды ұйқысынан ұятам деп те Япония  адамдары көп еңбек қылып, әуреленді. Ақырында сыртқы ашқарақ жаудан  қысылып жүріп, асығумен Япония ғылымның бірталай сатысына шығып қалды» [3]. Бұл мақалада Жапонияның мықты мемлекетке айналуы өзгенің жасап жатқан қорлығына шыдамаудан туғанын, өзгенің жемтігіне айналмау үшін жасалғанын көреміз. Әрине, Алаш бұны дәл сол күйінде алған жоқ. Әлихан Бөкейхан бұл жайлы мынадай ойды айтады: «Алихан вместе с соратниками часть стратегических задач, исходивших из программы «Алаш» (казахский аналог программы «Мэйдзи»), релизовал в условиях колониальной политики имперской России. Первочередной из них было создание современной казахской культуры на основе самобытной кочевой, о чем он под псевдонимом «Түрік баласы» (Потомок тюрков) писал в первых номерах газеты «Казах» в 1913 году:

«До самого судного дня казахи останутся казахами. В нынешний век просвещения, создав современную «Казахскую культуру» с одной стороны и «Казахскую литературу» - с другой, казахи намерены сохранить свою национальную самобытность и идентичность!» [4]

«Алаш» партиясы «халық милициясын» құру ісін қалай жүзеге асырғаны қызық. ««Сибирская речь» газеті былай деп жазған: «О действиях киргизских добровольцев, управление Алаш-Орды постоянно извещает находящегося в настоящее время в г. Омске киргизского премьер-министра А.Н. Букейханова. Так, им недавно получена из Арката следующая телеграмма: «Муса присутствовал при взятии г. Сергиополя, приехал и лично отрубил головы девяти красным. Большевики убежали в Урджар. За ними послан отряд Габдиханова». Аталған взвод негізінде «Алаш жүздігі» қалыптасты, ол туралы «Свободная Речь» газеті былай деп жазды: «Отряд, выделенный из 1-го Алашского полка, под названием «Алашская сотня» под командой прапорщика Ступина с начала августа находится в непрерывных боях на Семиреченском фронте. Сотня дралась с «красными» у Андреевки, Урджара, Ново-Андреевки под Лепсинском, у Саркана и Покотиловки. Среди отряда есть убитые и раненые. Киргизы-кавалеристы стремительны при атаке и особенно незаменимы на разведке». «Сарыарқа» газетінде: «Для сбора войск, отправляемых Алаш-Ордой в Семиречье, а также командования и политического обеспечения Казахских воинских частей отправились Турагул Абаев и Шопиш Азимбаев. Турагул и Шопиш оба – потомки Кунанбая-Ходжи, вождя Тобыктинского рода; Возглавив казахские воинские части, отправляемых Алаш-Ордой в Семиречье, выехал Байсембаев. Он также из Тобыктинского рода. В 1916 году побывал на фронте и с реквизированными на тыловые работы казахами. Единственного сына отдал в милицию». Сол уақыттағы газеттерде Жетісу және Рубцовск майдандарындағы және тылдағы батыл жетістіктері үшін «Алаш бөлімшелерінің бас қолбасшысының көмекшісі Х. Ғаббасовқа алғыс жарияланғаны» жазылды. Осы жеңістердің құрметіне Семей қалалық бағында түстік берілген. Ә. Бөкейханның А.З. Валидиге жеделхат жолдаған: «Семиреченская область очищена от большевиков. Киргизы, казаки и офицеры добивают остатки большевистского войска». Сергиопольді қызылдардан босатқаннан кейін, Алашорданың облыстық Жетісу кеңесінің басшылығы алаш қарулы құрамасын құру туралы өтінішпен ақтар басшылығына жүгінді. Облыстық Алашорда кеңесінің төрағасы Жайнақовты тапсырмасы бойынша О. Әлжанов пен С. Аманжолов Бақты мен Шәуешектегі алаш жасақтарын үйлестіру мақсатында Виноградов жасағымен бірге Үржар-Мақаншы-Бақты бағыты бойынша жіберілді» [5]. Ол заманда милиция деген нені білдіреді? Ресей империясында милиция деп 1806-1807 жылдары болған земстволық әскерді, ал XIX ғасырдың соңында Кавказ бен Каспий маңы облыстарының жергілікті тұрғындар шығаратын (тұрақты атты милиция) әскер аталды. Милицияның тұрақты әскерден негізгі айырмашылығы – оның әскери міндеткерлікке емес, ерікті негізде құрылуы. Көп жағдайларда бұл тұрақты емес әскердің шағын бөлігі (170-ден 800 адамға дейін) болды, мысалы, Дағыстан уақытша кавалериялық полкі, Терек тұрақты милициясы, Кубань тұрақты милициясы, Шешен кавалериялық полкі, Ингуш кавалериялық полкі, Дағыстан милициясы, Батуми милициясы, Теке атты полкі. Кейіннен, бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде, аталынған милиция күштері тарихта «Жабайы дивизия» ретінде белгілі. Милиция жергілікті халықтан (әскери міндетті емес тұрғылықты халық (оның тұрақты және казак әскерінен негізгі айырмашылығы) ерікті түрде құрылады. Милицияның бір бөлігі ұлттық киімдер мен ұлттық қаруларымен толықтырылды. Тек 1917 жылғы революциядан кейінгі Кеңестер мемлекетінде полиция қызметі жаңа «милиция» термині – «халық милициясының» құрылуына байланысты өз мағынасын өзгертті. Алашорда үкіметінің шешімі бойынша, әрбір болыстан милиция қызметкерлеріне 30 атты адам алыну жаспарланды. Бөлімдерді қалыптастырумен тікелей уездік земстволық басқарма айналысты. Шақыру мәселесін болыстық атқару комитеттері жүзеге асырды. Мобилизацияланған отрядтар уездік милиция құрамына кірді. Алашорда өкілдері аудандық милиция бастығының көмекшілері болып тағайындалды. Жұмылдыруға қойылатын жалпы талаптар Алашорданың Батыс бөлімшесінің 1919 жылғы 11 маусымдағы №138 бұйрығымен «Алашорда бөлімінде жігіттер мен жылқыларды жұмылдыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» нормативтік нұсқаулықта көрсетілген [5, 25].

Сонымен бірге жұмылдырудан мынадай жағдайларда босатылады: а) жалғыз ұл; ә) отбасындағы жалғыз қожайын; б) әкесі 50 жастан асқан, ал бауырлары 15-ке толмаған ұл; в) егер отбасында жұмылдыру жасына жеткен бірнеше ағайынды болса, олардың тек біреуі ғана шақырылады; г) қауымға, жұмылдырылуға түскен жігітке де басқа адамды жалдауына болады; ғ) барлық оқу орындарының оқушылары. «Қазақ» газетінде М. Дулатұлы Торғай облысы бойынша жұмылдыру ережесін жариялады. 1918 жылдың 16 шілдесінде үкімет басшысы Ә.Бөкейхан Зайсан уезіне, Өскемен уезіне, Көкпектіге, Қарқаралы уезіне, Павлодар уезіне, Омбы, Петропавл уезіне, Көкшетау, Ақмола, Атбасар уездеріне, Славгород, Баянауылға үш апта мерзім ішінде «болыстан отыз адамнан, бірінші кезекте еріктілерден» атты милиция бөлімшесін құру туралы бұйрық түсірді» [5,28]. Ойлап қарасақ, «халық милициясын» құру кезеңінде қазақтың жалғыз ұл түсінігін ескергенін, халықтық таным негізінде жұмылдырудың жүргізілгенін көреміз. Сондай-ақ, қазақ жігіттерінен құралған топ атаман Дутовтың қорғаушылары болғанын да осы еңбектен білеміз. «Алаштың» жасағы мынадай бөлімдерден тұрды: батыс бөлімше, Торғай бөлімшесі, Атбасар дивизионы, Жетісу бөлімшесі, Алаш жүздіктері.

Сонымен, Алаш зиялылары Ресей империясы ыдырағанға дейінгі уақыт іздену, оқу, көру кезеңі болса, одан кейін империя ыдыраған соң бірден іске кірісті. Тәуелсіздік идеясы негізінде түркі зиялыларымен бірлесе қызмет те атқарды. Осы орайда Зәки Уәлиди сынды башқұрт зиялысымен Алаш зиялылары етене араласты. Тіпті, Әлихан Бөкейхан ойында «қазақ-башқұрт» автономиясын құру ойында болған. З.Уәлиди еңбегінде Алаш Орданың Шығыс Қазақстандағы күйреуін және Башқұрстанға Қадырбаев пен Әуезовтың келгенін жазады. Сондай-ақ, Зәки Уәлиди Ахмет Байтұрсынұлы мен Әлихан Бөкейханға жазған мынадай хаты бар: «Собираемся в ближайшие дни перейти на сторону Советов... Отправили к ним своих представителей, ждем ответа на свои требования. Вы должны знать, что переход на их сторону – мера вынужденная. К этому вынуждает нас крайняя враждебность Колчака. Другого выхода у нас нет. Мы остаемся верными нашим национальным принципам, соглашениям с правительством Алаш-Орды. Сами понимаете, что и при достижении мирного достижения с Советами доверия к ним нет, верить им на слово нельзя. Может быть поэтому однажды придется от них отделиться и продолжить начатую против них борьбу». Бұл хат қызылдар қолына түсіп, қазақ интеллегенциясын айыптаудағы басты аргумент болды [6]. Алаш зиялыларының халық алдында дәрежесінің көтерілетін тұсы оларға Кеңес өкіметінің репрессиясына ұшырамай, қашып шығуға мүмкіндік болса да елден қашпауы болды. Зәки Уәлиди секілді кетуіне болар еді. Алаш зиялыларынан шет елге шығып, аман қалғаны Мұстафа Шоқай болды.

Қорытындылайтын болсақ, Алаш зиялыларының тағдырын мына үш сөзбен келтіруге болатын сияқты. Glory. Weapon. Sad ending. Атақ, қару, қайғылы аяқталу. «Алаш» партиясының басшысы Әлихан Бөкейханның елден қашпауы мына жағдайды еске салады. Бабасы Кенесары қырғыздар қоршап тұрғанда батырлары оны аман-есен шығаруға талпынған екен, бірақ ол көнбепті. Халық алдында қашқын болғысы келмегендіктен, әрі сарбаздарымен бір жерде болуды көздегендіктен. Әр кезде қашуға мүмкіндік болады. Немесе жеке басыңды қорғауға қай кезде де мүмкіндік болады. Бірақ біздің мықтыларымыз өз жеке басын идея үшін, халық үшін құрбан еткен. Біздің зиялыларымыз сонысымен мықты. Олар үшін өмір қайғылы аяқталды, алайда олар болашаққа деген үміті осы әрекетке жетеледі.







Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Жұртбай Т. Біртұтас Алаш идеясы: толғаныстар. – Алматы, «Хантәңірі» баспасы, 2016. – 380 бет

2. Кекілбаев Ә. Ханша-Дария хикасы

3. Әуезов М. «Япония» мақаласы

4. Аққұлұлы Сұлтан-Хан Лидер «Алаша» мечтал превратить Казахскую степь во вторую Японию

5. Әбдіғалиұлы Берік. Алаш әскері. 1918-1920 жж. – Астана: Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты, 2017. – 384 бет

6. Мусагалиева А. Заки Уалиди и национальная интеллегенция Казахстана.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!