Материалдар / Тауық қалай қолға үйретілген?

Тауық қалай қолға үйретілген?

Материал туралы қысқаша түсінік
«Тауық қалай қолға үйретілген?» атты ғылыми жұмысында үй құсы – тауық және оның түрлері туралы зерттеп, тауықтың қолға үйретілуі туралы мәліметтер жинақтап, тауықтың түрлеріне тоқталған.Тауық туралы қызықты деректер топтамасымен жинақтаған. Қалай қолға үйретілгендігін дәлелдеген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қараша 2018
963
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан республикасының Білім және ғылым министрлігі Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Көктас ауылы № 4 орта мектеп




Ғылыми жоба





Секция: Дүниетану


Тақырыбы: Тауық қалай қолға үйретілген?











Орындаушы: Малшыбай Аяжан 4- сынып Жетекшісі: Хуатай С бастауыш сынып мұғалімі




Қарағанды

4 орта мектептің

5- сынып оқушысы

Малшыбай Аяжанның

«Тауық қалай қолға үйретілген?»

тақырыбына жазған

зерттеу жұмысына


Рецензия

4- сынып оқушысы Малшыбай Аяжан және сынып жетекшісі Хуатай

Сайрагулмен бірлесе отырып, зерттеген ғылыми жұмысының құрылымы, мазмұны жағынан талапқа сай жазылған. Зерттеу жұмысынан баланың зерттеушілік қабілеті айқын көрініс береді.

«Тауық қалай қолға үйретілген?» атты ғылыми жұмысында үй құсы – тауық және оның түрлері туралы зерттеп, тауықтың қолға үйретілуі туралы мәліметтер жинақтап, тауықтың түрлеріне тоқталған.Тауық туралы қызықты деректер топтамасымен жинақтаған. Қалай қолға үйретілгендігін дәлелдеген.



Рецензия беруші жетекшісі: Хуатай С.











Қарағанды облысы

Қарқаралы ауданы

Көктас ауылы

4 орта мектептің

4- сынып оқушысы

Малшыбай Аяжанның

«Тауық қалай қолға үйретілген?»

тақырыбына жазған зерттеу жұмысына


Аннотация

4 орта мектептің 4- сынып оқушысы Малшыбай Аяжан «Тауық қалай қолға үйретілген?» тақырыбындағы ғылыми жобасы:

«Тауық қалай қолға үйретілген? » атты ғылыми жұмысында үй құсы – тауық және оның түрлері туралы зерттелді. Тауықтың қолға үйретілуі туралы мәліметтер жинақталды. Тауықтың түрлеріне тоқталды.Үйде өсірілетін үй құсы тауықтың пайда болуын зерттеген бала, үй жануарларына жанашыр, қайырымды болып өседі.


Аннотация на научный проект ученицы 4 класса сш № 4 Малшыбай Аяжан на тему «Как была одомашнена курица?» В своей работе ученица исследовала виды домашних птиц, в том числе кур. В работе девочка описала разные породы кур. Ребенок, любящий домашних животных, обязательно вырастет добрым, чутким человеком.








Ғылыми жұмыстың тақырыбы:

Тауық қалай қолға үйретілген?

Ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты – үй құсы – тауық және оның түрлері туралы зерттеп, қалай қолға үйретілгендігін дәлелдеу.

Ғылыми жұмыстың міндеттері:

- тауықтың қолға үйретілуі туралы мәліметтер жинақтау

-тауықтың түрлеріне тоқталу

- тауық туралы қызықты деректер топтамасымен таныстыру


Ғылыми жұмыстың мазмұны:

  1. Кіріспе

  2. Негізгі бөлім

  3. Қорытынды бөлім

  4. Қолданылған әдебиеттер тізімі


Ғылыми жұмыстың болжамы:

Үйде өсірілетін тауықтың пайда болуын зерттеген бала үй жануарларына жанашыр, қайырымды болып өседі.

Зерттеуде қолданылған әдіс:

іздену, зерттеу, баяндау, талдау.











Кіріспе.

Жас достар,үй құстарының ішінде ең көп таралғаны тауық екенін сіздер білетін боларсыздар. Жылдам көбейіп, жер жаһанға тез таралып кеткен осы бір құстың ең алғаш кімдер қолға үйретті екен ?

Не себептен әтешті ежелгі адамдар қасиетті құс санаған? Тауықтың біз білмейтін ерекше түрлері бар ма? Ендеше, бүгін біз өздеріңізбен осы сұрақтардың жауабын бірге ақтарып, тауықтар жайлы тың мәліметтермен танысатын боламыз.























Негізгі бөлім.

Тауық не себепті қолға үйретілген?

Әрине, бәріміз де еті мен жұмыртқасы үшін деп ойлауымыз мүмкін.Бұл мүлдем олай емес. Оларды қолға үйретуге себеп болған - әтештің таңмен таласа шақыратын дауысы. Адамдарды таң сәріден оятып, күннің шықққанын баршадан бұрын жеткізетін «хабаршыларды» ежелгі халықтар қасиетті санаған. Әтештердің дауысында ерекше сыр бар деп ұққан. Сондықтан да оларды қолға үйрете бастайды. Ең алғаш рет Үндістанда б.з.д. 3- ғасырда жабайы тауықтар адам қолынан жем жеп, үй құсына айналды.Ал б.з.д. 2- ғасырда үй тауықтары мысырлықтарға жетеді. Кейін Грекияға, содан соң Ежелгі Римге тарала бастайды. Сөйтіп, Еуропаның бүкіл елдерінде өсіріледі. Тауықтарды қолдан көбейтуге жарлық шығарған алғашқы басшы Қытай билеушісі Фу –Ши болған.

Алғашқы кезде қолға үйретілген қораз бен тауықтың етін жеуге қатаң тиым салынады. Тек жабайы түрлерін ғана аулауға бұйрық беріледі. Бірақ уақыт өте келе Еуропа елдерінде үй тауығының еті мен жұмыртқасын жеуге рұқсат етілген. Осы кезден бастап түрлі елдерде етті әрі жұмыртқа көп беретін тауықтардың тұқымдары өсіріле бастады. Римдіктер еті дәмді бройлер тауықтарын көбейте түсті. Арнайы мұнара –инкубаторлар соғып, жасанды жолмен бір уақыттың өзінде 100 –ге жуық балапан басып шығарды. Сол еті дәмді, әрі жұмсақ келетін бройлер тауығын Еуропа елдері бүгінге өсіріп келеді.

Тауықтар неге алысқа ұша алмайды?

Тауық үй құсы болғандықтан алысқа ұша алмайды дейді мамандар. Ал әзірге Бирма елінің мынадай аңыз –ертегісін қанағат етейік.

Бұрынғы өткен заманда жер бетіндегі әрбір тіршілік иесі өз бетінше өмір сүреді екен. Бірақ олардың үстінен қарайтын өз басшылары болыпты. Адамдарды қадағалайтын, су асты дүниесін бақылайтын, орман мен тау тұрғындарына үкімін жүргізетін және құстар мен жәндіктерге жауапты арнайы басшылар – періштелер екен.Әр періштенің өз сарайы болып, сол жерге өзінің қарамағындағыларды жинаған деседі. Ал, құстарға арналған сарай ең жоғарыда, бұлттардың арасында орналасыпты. Жерден алыста өмір сүретіндіктен құстар өздеріне азық табуда қиналатын.сондықтан да періште оларға аптасына 1 рет жерге түсіп, тамақтануға рұқсат береді. Құстар мұндай шешімге риза еді. Тек тауық қана қарсы болып, періштеден тығылып, жерге түсіп отырады. Оның мақсаты көбірек жем жеу болатын. Бірде періште құстарға жер бетіне түсуге рұқсат береді де, тез арада сарайға қайтуға бұйрық береді. Құстар бұйрықты орындап, қайта келеді. Ал тауық қайтпай қояды. Тауықты сарайдан таппаған періште оны өзі іздестіруге шығыпты. Бірақ тойымсыз тауық алысқа кетіп қалады да, табылмай қояды. Тауықққа ашуланған періште оның тойымсыздығы үшін алысқа ұша алмастай етіп, әрі тек жер бетінде өмір сүруге жазалайды. Сондықтан да тауық алысқа ұша алмайтын болып қалған екен.

Сұлтандар тауықты не үшін асыраған?

Түрік сұлтандары өз бақтарына дүниедегі ең әдемі әрі сирек кездесетін жан-жануарларды жинап отырған. Ертедегі Константинопольдің бау-бақшаларында кездесетін ең әдемі жануарлардың ішінде ерекшк тауықтар да болды. Оларды сұлтандардың өзі арнайы алдырып, тамашалайтын. Сондықтан да оларды «сұлтан тауығы» деп таған. Ал 1854 жылы Хэмпстедтен алып кетеді. Бұл тауықтың түрі жер жүзін жайлаған соғыс салдарынан түгел қырылып кетуге жақын қалған. Бүгінге олар сирек кездесетін жануарлар тізіміне енгізілді. Олар тек әдемі ғана емес. Ерекше қасиеттерімен де адамдарды өзіне қызықтыра түседі. Сұлтан тауықтарының түсі ақ келеді, әрі үлпілдеген қауырсындары басын да жаулап қалған. Әдетте олар суыққа төзе алмайды. Бірақ аса сабырлы, адам қолына тез үйренеді. Оларды тым жуас деуге де келмейді. Егер балапан басып шығарған тауыққа жақындасаң оларды қандай жанкешті екенін байқауға болады.

Бұл тақырыпты зерттей келе, басқа елдердегі тауықтарға да тоқталып кетпекпін.

Құйрығы ең ұзын тауық қай елде?

Жапондықтардың мақтаныш тұтатын ең танымал құсы – феникс- тауықтар. Олар Жапонияға осыдан I – ғасыр бұрын алып келініпті. Феникс аталуына олардың құрығының 13 м –ге жететіні себеп болған. Өкініштісі, бүгінде оның осы ерекше құйрығы өзін сор қылуда. Себебі, адамдар оларды биік әрі кең етіп тұрғызылған арнайы жерлерде үнемі ұстап отыруы шарт. Неге? Себебі, тауықты бұлай қамап ұстамаса әсемдігіне нұқсан келеді. Егер тауықтарды табиғатта өз бетінше қоя берсе оларды ұзыннан –ұзын созылған құйрықтары бір жерге ілініп немесе тас пен тауға соғылып, түсіп қалуы мүмкін. Ал құйрығынан айрылған «феникстердің» басқа тауықтардан еш айырмашылықтары болмайды. Оның ұзын құйрықтары адамдары үшін бағалы. Тауықтың құйрығы әр жыл сайын 90 см-ге өсіп отырады, ал олардың 9 м –ге дейін ұзаруы үшін оны 9 жыл бойы қамап ұстап, бағып –қағу керек болады.Жапониядағы құйрығы ең ұзын тауық 17 жаста, бірақ көпшілігі мұндай жасқа жете бермейді. Тауықты жапондықтар «онагори» деп атайды. Ол Жапониядағы «ұлттық» деп бағаланатын бірден –бір жануар түрі. Оларды сатуға немесе атуға тиым салынған.

Джунглиде де тауықтар өмір сүре ме?

Иә, адам аяғы баспайтын ну орманда да тауықтар өмір сүреді. Банкив тауықтарын «джунгли тауықтары» деп атайды. Олар қолға үйретілген тауықтардың ата –тегі. Яғни , жабайы тауықтар. Оларды көзбен көріп, тамашалау үшін Үндістан мен Бирмаға немесе Малай топаралына сапар шегуге тура келеді. Жабайы тауықтар ағаштарда өмір сүріп, талдың бұталарына ұя салады.

Банкив тауықтары үй тауықтарының ата –тегі деген пікірді алғаш ұсынған ғалым –натуралист Ч.Дарвин екен. Ол бүгін тауықтарды біраз жыл бойы зерттеп, соның нәтижесінде айтқан.

Сен білесің бе?

Ертеден өмір сүрген адамдар әтешті Күнге теңеген екен. Ол өзінің шақыруымен қара түнді жеңген жаңа «күн» сияқты елестейтін.

Қораз тек әсемдік үшін ғана шақырмайды. Оның шақырғанында біз біле бермейтін сырлар жасырынған. Оның даусына қарап, ауа райын да айнытпай білуге болады. Егер , қораз күн шыққан мезетте шақыратын болса, демек, ауа райы өзгереді. Ал түнгі сағат 10 –нан кейін шақырса, ол түннің тыныш, әрі жайлы өтуін айғақтайды. Кешкі сағат 9 –ға дейінгі қораздың шақыруы -жаңбыр жауатынын білдіреді. Американың Род –Айленд штатының ресми символы қызыл род –айленд тауығы – ал көк түсті әтеш Делавэр штатының символы. Банкив тауығының бейнесі 16 елдің монетасына түсірілген. Ол басқа құстар арасында монетаға ең көп бейнеленген құс болып саналады.

Қызық дерек

Тунистің Айн –Драхам атты шағын қалашығында мекендеген әтешті көршісінің мазасын ала бергені үшін қамауға алады. Бірақ, бұл оның шабытына шектеу қоя алмаған. Тіпті түрмеде болса да ол шақыруын жалғастыра беріпті. Ал басшылар болса, бұл «өнеріне» тосқауыл болмаған. Себебі, әтештің шақыруынан соң қамаудағылар дәл уақытында тұруды әдетке айналдырыпты.















Қорытынды.


Сонымен бәріміз де еті мен жұмыртқасы үшін асырайтын тауық туралы біраз мағлұматтарға қанық болдық. Үй құстары туралы тереңірек біліп, пайдамызға асыра берейік.


























Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


  1. «Алтын сандық» балалар газеті

  2. «Айгөлек» журналы

  3. «Балдырған » журналы

  4. «Ұлан» балалар газеті














Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ