Материалдар / «Тазалық – денсаулық кепілі»
Аттестацияда (ПББ) келетін
сұрақтармен
тестке дайындалыңыз!
Ұлттық тестілеу орталығының тақырыптары бойынша жасалған

«Тазалық – денсаулық кепілі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Денсаулық, тазалық туралы тәрбие сағатының жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қырқүйек 2023
158
1 рет жүктелген
188 ₸ 250 ₸
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Аққулы ауданы білім беру бөлімінің «Ямышев жалпы орта білім беру мектебі" КММ







ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ ЖОСПАРЫ




















Тақырыбы: «Тазалық – денсаулық кепілі»

Өтетін орны: 101 кабинет

Сынып: 1 «А»

Мерзімі: 06.10.2022 ж

Мұғалімнің аты-жөні: Айтжанова М.Д







2022 ж


Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға салауатты өмір салтын сақтаудың қажеттілігін, зиянды заттардың зардаптарын білуге, жат әдеттерден аулақ болуға үйрену. Ой - өрістерін, сана-сезімдерінің, тілдерін, шығармашылықтарын дамыту. Адамгершілік пен биік мәдениеттілік қасиеттерді бойына сіңірген жан-жақты, рухани дамыған тұлғаны тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының міндеттері:

Білімділік: Табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы – денсаулықты сақтаудың басты жолдары – зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру екендігін ұғындыру.

Дамытушылық: «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздегеннің» әлде қайда тиімдірек екендігін ұғындыру, дене тәрбиесіне, салауаттылыққа дағдыландыру.

Тәрбиелік: Оқушылардың бойына адами игі қасиеттерді қалыптастыруға, денсаулықтың қадірін түсіне, сақтай білуге тәрбиелеу ортасын құру.

Формасы, түрі: саяхат

Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық жұмыс, психологиялық тренинг

Тәрбие түрі /бағыты/: Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты

Көрнекілік: нақыл сөздер, плакаттар

Техникалық құралдар: бейнеролик, музыка, слайд

Жабдықталуы: стикер, түрлі түсті қағаздар, жүрек, маркер, т.б.


ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:

І. Ұйымдастыру кезеңі

    • «Көңілді күн» тренингі

ІІ. Негізгі бөлім

1. Техникалық қауіпсіздік ережесі

2. «Түсіп қалған әріптер» бекеті

3. «Мақал-мәтелдер» бекеті.

4.«Жұмбақ әлем» бекеті.

5. «Жағдаят шешу» бекеті.

ІІІ. Қорытынды

    • Рефлексия


ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

- Сәлеметсіңдер ме, оқушылар?! Тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Тәрбие сағатымызды бастамас бұрын, шеңбер бойына тұрып, өлең жолдарын менің соңымнан қайтайлаймыз.

Психологиялық дайындық

«Көңілді күн» тренингі





ІІ. Негізгі бөлім

-Балалар, біз бүгінгі сабағымызда денсаулығымызды қалай сақтаймыз, не нәрселерден аулақ болуымыз керек, сол жөнінде ой өрбітеміз.

Біздің халқымыз «Деннің саулығы – бастың байлығы» - деп тегін айтпаған.

Ендеше, денсаулықты сақтау өз қолымызда. Денсаулықты сақтау – ең әуелі тазалықты сақтаудан басталады екен.

- Енді, балалар біз де денсаулығымызды сақтау жолдарын қаншалықты білетінімізді әр түрлі бекеттерге саяхат жасап, берілген тапсырмаларын орындап, ортаға саламыз. Бүгінгі саяхатымыз бірнеше бекеттерден тұрады.


«Түсіп қалған әріптер» бекеті.

Шарты: Берілген сөздерге тиісті әріптерді қою және тапқан сөзді аудармасымен сәйкестендіру. Құрастырған сөздер бойынша ауызша сөйлемдер құрастыру.

1.Д..... і (дәрі) – лекарство

2. в......м...н (витамин) – витамин

3. ш.....ы...у (шынығу) –разминаться

4. т......л....қ (тазалық) – чистота

5. Г....и...н...(гигиена) – гигиена

6. ө...і... (өмір) – жизнь

7. та........т.....у (тамақтану) – кушать

8. Д.......ау.....қ (денсаулық) – здоровье


«Мақал-мәтелдер» бекеті.

Шарты: Балалар, қазір мен сендерге мақал-мәтелдер оқимын, ал сендер оның жалғасын табасыңдар. Жалғасын табу үшін тақтада жазылып тұрған сөздер сендерге көмекке келеді. Келістік пе?

1. Денсаулық - .............(зор байлық)

2. ........... - саулық негізі. (тазалық)

3. Ауырып ем іздегенше,

Ауырмайтын ............. (жол ізде)

4. Аурудың жақсысы жоқ,

............... тәттісі жоқ. (дәрінің)

5. ....... желмен келіп, термен шығады. (ауру)

6. Ауру аздырады,

........ тондырады. (суық)

7. Бірінші байлық - ............., (денсаулық)

Екінші байлық - ...............,(ақ жаулық)

Үшінші байлық - ..............(он саулық)

8. Аурудың ........... (алдын ал)


«Жағдаят шешу» бекеті.

Шарты: Әр оқушы берілген жағдаяттарды шешеді.


1-жағдаят. Арман мен Жандос кеше сабақтан кейін «Денсаулық» жайлы ой бөлісті. Арман анасынан естіген әңгімесі бойынша «Денсаулықты сатып алуға болады» деді. Ал Жандос бұл ойға келіспеді. Ол «Денсаулықты ақшаға сатып ала алмаймыз» деді.

Сендер бұл екі пікірге деген көзқарастарың қандай?


2-жағдаят. Самат таңертең сабаққа асығыс тамақтанып шықты. Анасы баласының бұл ісіне қарап, «Денсаулығыңды бұзасың ғой» отырып, дұрыс тамақ ішсең қайтер еді?» - деді. Самат анасына «Тамақтанбаудың денсаулыққа әсері қанша?» - деп, жүре тыңдады.

Қалай ойлайсыңдар, Саматтың айтқаны дұрыспа? Балалар, сендер қалай тамақтанасыңдар?


3-жағдаят. Аслан енді өз денсаулығын бақылауға алып, күтім жасау керектігін ойланды. Бірақ, ол неден бастарын білмей дал болды. Ойлана келіп, өзінің күн кестесін құрудан бастауды жөн көрді. Уақытты дұрыс және пайдалы өткізудің де денсаулыққа қатысы бар деп шешті.

Асланның ойы дұрыс па? Сендер Асланның орнында болсаңдар күн тәртібін қалай жоспарлар едіңдер?



«Жұмбақ әлем» бекеті.

Шарты: Берілген жұмбақтарды шешіп, таратып берілген А4 ақ беттерге бір жұмбақтың шешуінің суретін салу.

1. Ертемен күнде сен, қолына сүйкесең,

Кетер кір ласың, тап – таза боласың. Бұл не? ( Сабын)


2. Шомылған баланы аймалап алады,

Сүртеді қолыңды, сүртеді денеңді. Бұл не? ( Сүлгі)


3. Иілсең иіліп, түйілсең түйіліп.

Қарайды кісіге, ұқыпты ісіне. Бұл не? ( Айна)

Бұлардың бәрі - тазалық құралдары.


ІІІ. Қорытынды.


Рефлексия: «Бүгінгі тәрбие сағатынан алған әсерім...», кері байланыс түрлері.










- Жарайсыңдар, балалар!

«Сау дене, азат ақыл, адал көңіл - үшеуімен бақытты болады өмір», - деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймын. Ешқашан ауырмай, өз денсаулығымызды күтіп, салауатты өмір салтын ұстанайық! Сау болыңдар!






















Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!