"Тазша бала" сайысы сыныптан тыс шара

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Тазша бала" сайысы сыныптан тыс шара

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі мен әдебиеті пән апталықтарында өткізуге ыңғайлы сыныптан тыс шараның жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы




Мектепішілік «Тазша бала» сайысы


Күз де келіп, алтын күн нұр себеді,

Табиғат мың құбылып, түрленеді.

Бүгінгі әзіл-қалжың кешімізде

Көрермен мәз боларлық күйге енеді.


Өмірдің тәттілігін білген жақсы,

Тәтті өмірде тәтті жеп жүрген жақсы.

Өмірде асау аттай мінген жақсы,

Бәрін айт та, бірін айт ең бастысы,

Күніне адам құсап күлген жақсы,

Күле берейік! күле берейік!


Армысыздар күлкі кешіне келген қауым!

Бүгін мектебімізде «Тілдер күні» мерекесі қарсаңында оздырылғалы отырған «Тазша бала» сайысына қош келдіңіздер!

Бүгінгі сайысымыз төрт кезеңнен тұрады.

  1. Таныстыру. әркім өзіне күлдіргі ат жамылып, өзін таныстырады, яғни сол атағын қорғап шығады.

  2. «Сөз сойыл» Белгілі сатириктердің шығармаларын орындау. (О.Әубәкіров, К. Әмірбек, Т.Әлімбек, А.Наймантаев т.б.)

  3. «Тазшаға тоғыз өнер де аз» Бұл бөлімде әр қатысушы пародия, пантомима, монолог, этюд т.б ерекше жанрлар бойынша өнер көрсетеді. Ән, би, күй орындауға тыйым салынады.

  4. «Мағынасы майысқан мақалдар» Суырған тақырып бойынша 3 минутта мақал-мәтелдерді әзілмен бұрмалап айту.

Ендеше бүгінгі тазшаларымыздың өнерін саралап әділ бағасын беретін әділқазылармен таныс болыңыздар.

  1. _____________________________________________________________

  2. _____________________________________________________________

  3. _____________________________________________________________


Сайыста бап шаба ма, бақ шаба ма?

Күлкі сыйлап жүрейік барша адамға.

Әр түрлі күлдіргі атпен келген бүгін

Кезекті берем енді тазшаларға.


Тазшалар өздерінің таңдаған күлдіргі атын қорғап өздерін таныстырып шығады.



Өмір ғой сыландаған түлкі, белес,

Әншейін күле салған күлкі де емес.

Күресіп бақыт тауып кете аларсың,

Күлкісіз бақ табуың мүмкін емес.

Белгілі сатириктердің шығармаларын оқу



Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат.

Бұл өмір бірде сағым, бірде жұмбақ.

Тазшаға тоғыз өнер аздық етер

Күлейік сахнадан әзіл тыңдап.

Тазшалар өз өнерлерін ортаға салады


Өкініш өртемесін өзектерді,

Әзілдеп нені енді сөз етпеді.

Мағынасы майысқан мақалдарға

Тазшалар әзірмісіз кезек келді.

Таңдап алған тақырып бойынша бір минутта мақал-мәтелдерді әзілмен бұрмалап айту.


Күн күлімдеп күз де келді далаға,

Бір қуаныш бар секілді ауада.

Көңілдерден шуақ шашып, мәз болдық

Бүгін мына барлық тазша балаға.

























Тіл туралы


Дос туралы


Ақша туралы


Ата-ана, отбасы туралы



Тәлім тәрбие туралы







Х а б а р л а н д ы р у !


«Тілдер күні» мерекесіне орай 23.09.2017ж мектебімізде «Тазша бала» сайысы оздырылады. Бұл сайысқа

7-11- сынып аралығынан бір-бір үміткер қатысуы тиіс.




«Тазша бала» сайысы төрт кезеңнен тұрады.

  1. Таныстыру. Әркім өзіне күлдіргі ат жамылып, өзін таныстырады, яғни сол атағын қорғап шығады.

  2. «Сөз сойыл» Белгілі сатириктердің шығармаларын орындау. (О.Әубәкіров, К. Әмірбек, Т.Әлімбек, А.Наймантаев т.б.)

  3. «Тазшаға тоғыз өнер де аз» Бұл бөлімде әр қатысушы пародия, пантомима, монолог, этюд т.б ерекше жанрлар бойынша өнер көрсетеді. Ән, би, күй орындауға тыйым салынады.

  4. «Мағынасы майысқан мақалдар» Суырған тақырып бойынша 3 минутта мақал-мәтелдерді әзілмен бұрмалап айту.




Қоғамдық-гуманитарлық

пәндер бірлестігі



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
12.12.2018
1029
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі