Технологиялық карта: "Көмекшілер".

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Технологиялық карта: "Көмекшілер".

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: а) Заттарды топтастыруға, оларды атай білуге (ыдыс- аяқтар- қасық, шанышқы, кесе, тостаған т.б) үйрену. ә) Сұрақ- жауап әдісі арқылы таныс шығармалардың мазмұнын айтып беруге дағдыландыру. б) Сөздік қорларын толықтыру, ойлау қабілеттерін дамыту. в) Үлкенге ізеттілік көрсетуге, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Технологиялық карта

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімдері: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: Көмекшілер.

Мақсаты: а) Заттарды топтастыруға, оларды атай білуге (ыдыс- аяқтар- қасық, шанышқы, кесе, тостаған т.б) үйрену.

ә) Сұрақ- жауап әдісі арқылы таныс шығармалардың мазмұнын айтып беруге дағдыландыру.

б) Сөздік қорларын толықтыру, ойлау қабілеттерін дамыту.

в) Үлкенге ізеттілік көрсетуге, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер:.10 демонстрациялық материал, 10 үлестірмелі материал (ыдыс- аяқ суреттері).

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: әңгімелесу.

Сөздік жұмыс: Ыдыс – аяқ, шанышқы, пышақ.

Іс-әрекет бөлімдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру

Сезімдерін ояту

Шаттық шеңбері.

-Қайырлы таң, балалар! Бүгін күн қандай керемет! Кәне, барлығымыз бір- бірімізге жылы, көтеріңкі көңіл сыйлайық!

Дос болайық, бәріміз,

Жарасып тұр әніміз,

Тыныштықты сақтаймыз,

Атсын күліп таңымыз.

(Х. Талғаров).

Балалар педагогпен бірге сәлемдесу рәсімін жасап, жылы тілектерін айтады.

Ізденістер

Ұйымдастыру

«Көмекшілер» әңгімесін оқу

Педагог балаларға «Көмекшілер» әңгімесін оқып береді. Оқыған әңгіме мазмұнын балаларға айтқызу.

Демонстрациялық көрнекілікті қолдану.

-Балалар, ас ішерде дастарқанды кім дайындайды?

-Сендер қайтіп көмектесесіңдер?

-Балалар, мына бала нені үстелге қоюды ұмытып кетті?

-Сендер топтарыңда кезекшілік міндеттеріңді атқарасыңдар ма?

-Қалай көмектесесіңдер?

Педагог балаларға жұмбақ шешуді ұсынады.

Өткір жүзді келеді,

Өте қажет құрал ол.

Тұтас затты бөледі,

Ұсақтап та турар мол.

(Пышақ)

Сабы бар,

Басы шатыр.

Табысын өлшеп әкеп,

Құдыққа тасып жатыр.

(Қасық)

-Қасық, шанышқы, кесе, тостаған- ыдыс- аяқтарға жатады.

Билингвальды компонент: ыдыс- аяқ- посуда, қасық- ложка, шанышқы- вилка.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз.

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір,

Гүл- гүл жайнап жанамыз.

Жаттығулар жасасақ,

Жақсы сергіп қаламыз.

10 үлестірмелі материалдармен жұмыс.

«Заттың атын ата» дидактикалық ойын.

Шарты: суреттегі ыдыс- аяқтардың атын атату. Жеке жұмысты қажет ететін балалармен аналарына көмектесуі туралы сұрақ- жауап әдісі арқылы әңгімелесу.




Әңгімені мұқият тыңдайды.



Әңгіменің мазмұнын айтады.

-Анамыз, әкеміз.



-Нанның ыдысын алып береміз, кеселерді әкеліп, үстел үстіне қоямыз.

Педагогтің көмегімен жұмбақты шешеді.





-Пышақ.







-Қасық.













Ыдыс- аяқ- посуда, қасық- ложка, шанышқы- вилка сөздерін қайталайды.





Қимылын келтіріп жаттығуды орындайды.



Балалар суретін бейнеленген ыдыстардың аттарын атайды.

Қортындылау

Балалардың ыдыс-аяқтар туралы алған білімдерін сұрақ- жауап арқылы қорытындылайды.


Балалар педагогтің сұрақтарына жауап береді.

Күтілген нәтиже

Біледі: ыдыс- аяқтар аттарын қатыстырып, сөйлемдер құрастыру сияқты тапсырмаларды:

Игереді: ыдыстардың не үшін керектігін;

Қолданады: таныс шығармалардың мазмұнын әңгімелей білу іскерліктерін.



























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.06.2018
2366
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі