Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Телестудия" үйірмесі
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қарағанды облысы білім басқармасының
Шет ауданының білім бөлімінің
«Қосымша білім беру орталығы» коммуналдық
мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
КЕЛІСІЛДІ
БЕКІТЕМІН
Әдістемелік кеңестің
отырысы
«Қосымша білім беру
орталығы»КМҚК
Хаттама №_____
директоры ______Ж.Н.Калкин
«_ »________2022 жыл
«_»________2022 жыл
«Телестудия» үйірмесінің қосымша білім беретін
оқу бағдарламасы
11-16 жастағы білім алушылар үшін
Жүзеге асырылатын мерзімі 1 жыл
Құрастырушы автор: А.Ж.Смагул
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы
Өспен ауылы
Түсінік хат
Үйірме бағдарламасы оқушылардың жылдық жұмыс жоспарына сай есептеліп жасалған. Үйірме – бұл мұғалімнің оқушылармен әріптестік қатынаста және нәтижеге қол жеткізуі үшін жұмыс жасауына арналған. Бұл технология қатысушыларды ізденімпаздыққа, таным мен өзін-өзі тануға бағытталған. Үйірменің өз жұмыс мақсаты мен міндеттері бар. Сезіну,елестету, көру, тапсырманы орындау, содан соң ізденімпаздықты ұйымдастыру – жетекшінің тілеген әрекеттері міне, осылар. Оқушының үйірмеге ұмтылысын күшейтетін нәрселер – өз идеяларын ұсыну, жарнамалау, өз жұмысының нәтижесін көру. Үйірме жұмысы үнемі өз жұмысын талдаумен, өз әсерімен бөлісумен аяқталып отырады. Үйірме жұмысы бірнеше бөлімдерден құралған бағдарламадан тұрады.
Телестудия (итал. studіo – оқу бөлмесі) –
-
кескіндемеші, мүсінші мен фотограф жұмысына арналған арнаулы орын, шеберхана;
-
кескіндемеші мен мүсіншілерді даярлайтын оқу орны, мектеп;
-
шығарманын және оқу қызметін жүргізуді мақсат ететін театр ұжымы. Әдетте өмірге деген ой-көзқарасы, эстетикалық мақсат-мұраты бір ұжымды студия деп атайды .Көркем фильмдер түсіретін шығармашылығын ұжымы
-
Аудиостудия — дыбыстың үшiн аппаратура жабдықталған жазулары арнайы, акустикалық дайын тұрған бөлме.
-
Фотостудия — фототүсiрулердi өткiзу үшiн жарық арқылы аппаратура жабдықталған арнайы бөлме.
-
Видеостудия — кино және видеотүсiрулердi өткiзу үшiн жарық арқылы және дыбыстық аппаратура жабдықталған бөлме.
-
Киностудия — ұйыммен және кино өнiмнiң өндiрiс шұғылданатын ұйым.
-
Пәтер-студия, бiр бөлмелi пәтер
Бағдарлама Телестудия ұғымдарын түсінудің жаңа жолдарын қарастырады, оқушылардың көркем сөйлеу мәнерін дамытады, шығармашылық қабілеттерін жетілдіреді.
Бағдарламада телестудиялық-ойын әрекетінің құралдары жүйеленген, балалар шығармашылығының түрлі жанрлары рөлдік көрініске ену арқылы іске асуына
негізделген.
Бағдарламаның мақсаты:
- Оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып,
эстетикалық, көркемдік, адамгершілік, азаматтық тәрбие беру;
- оқырмандық, көрермендік талғамды қалыптастыру;
- ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;
Бағдарламаның міндеттері:
- Жеке тұлғаның эмоциялық мәдениетін қалыптастыру;
- Актерлік шеберлігін қалыптастыру, дамыту;
-Камера алдында өзін еркін ұстауға бейімдеу;
• Тілдік сауаттылықтарын арттыру,
қоғамдық және күнделікті өмірде қажетті
ауызекі тілдік сауаттылықтарын дұрыс қолдана білуге
үйрету.
• Мектеп түлектерін
қызықтыратын журналист, репортер, редактор, тілші мамандықтарын
теория және практика жүзінде
таныстыру.
• Дәстүрлі емес жазба жұмыс
түрлері арқылы тіл мәдениеттерін,сөздік қорларын арттыру, осы курс
оқушыларын теориялық және шығармашылық білімдерін практикалық
тапсырмалар орындау арқылы белсенді игеруге
бейімдеу
Дамыта оқыту
- Оқушылардың коммуникативтік құзырлылығын дамыту;
- Іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру;
- Ой- өрісінің дамуына мүмкіндік тудыру;
- Белсенділікті жетілдіру, өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру;
Тәрбиелейтін:
- Жауапкершілік;
- Қарым-қатынастық;
- Мәдениеттілік;
- Көркем сөйлеу;
- Ізденімпаздық дағдыларын дамытуға ықпал ету;
Үйірме қызметін ұйымдастыру
«Телестудия» үйірмесінің оқу бағдарламасы 1 жылға құрастырылған. Үйірме 11-16 жас аралығындағы оқушыларға арналған. Бағдарламаны меңгеру үшін топтағы балалар саны 15-16 адам.
Үйірменің жұмыс тәртібі бірінші жылы аптасына 4 сабақтан, бір сабақ 40 минут құрайды.
Бағдарламаның мазмұны
«Телестудия» үйірмесі арқылы оқушылардың тілі мен ойлау қабілетін қалай дамытуға болады? Сөздің сырын түсінуге қалай үйрету керек? Әлемді тануға, елгезектік пен қайырымдылық, біреудің қайғысына ортақтаса білу мен барлық тіршілік иесін жақсы көруге қалай үйрету керек?
Эмоционалдық ұялшақтықтан, қысылып-қымтырылудан арылу мен сөзді, образды сезіне білу мен кейіпкерге ене білуді үйренудің ең дұрыс жолы - бұл ойын қиялдау мен құрастыра білу. Мұның барлығын да телестудия үйірмесі бере алады.
Аталмыш бағдарламада балалар студиясы тек қана көркемдік нәтижеге жету құралы , яғни көрініс қою ретінде ғана қарастырылмайды. Сонымен қатар,студия өнерімен шұғылдану оқушылардың ойлау қабілеті мен таным қызығушылығын белсендіруі, қиялы мен елесін оятуы, ана тіліне деген сүйіспеншілігі мен жанашырлығын оятуы өте маңызды.
Үйірме - оқушылардың іс- әрекетінің сабақтан гөрі басқа бір түрі. Оқушы дайын сабақты алумен шектелмейді, ол сондай-ақ, оны жасайды, өзі құрастырады.
Үйірмеде балалар назары мәселені өздері қоюға, ойлану мен жетекші көрсетіп берген бағытта өздік жұмыстарын дамытуға , таным қабілеттерін дамытуға бағытталады. Олар тапсырманы орындауда жеке, ұжымдық жұмыстарды жасай отырып, қажетті құралдар мен әдіс-тәсілерді өздері таңдайды.
Сенімділік, оқушылар мен жетекшінің біріккен қызметі, дидактикалық материалмен бірігіп жұмыс жасау, өнердің басқа түрлерімен байланыс, бәрі- оқушының жеке тұлғасының дамуына әсер етеді.
Күтілетін нәтижелер:
Оқу жылының аяғына қарай оқушы:
Біледі:
-
Телестудия деген не?
-
Басқа өнер түрлерінен несімен ерекшеленеді
Телестудия қандай түрлері бар? (видеоөнімдер,тікелей дидар,бейнетаспа,кадрлар,токшоулар)
Түсінігі болады
-
Студияның негізгі техникалық құралдары жөнінде
-
Студияның безендірілуі жөнінде
-
Студия залында өзін – өзі ұстау ережелі туралы
Үйренеді:
-
Өзінің өмірдегі құбылыстарға қатынасын көрсетуді
-
Бейнелі ойлауды
-
Назарын аудара білуді
-
Өзін еркін сезінуді
Таланттарын үстемелейді:
-
Кейіпкермен (сыныптастармен) сөйлесу
-
Қарапайым актер шеберлігі
-
Қоршаған әлемді бейнелі қабылдау
-
Сыртқы зиян келтірушілерге дәл, бейнелі әсер ету
-
Ұжыммен жұмыс
Сондай-ақ, артық ұялшақтықтан, қоғамнан қорқудан, «сыртқы көзқарастан» қысылудан арылады, тіл табысқыштық, ашықтық, қоршаған ортаға қамқорлық, ұжым алдындағы жауапкершілік қасиеттерін алады.
Бағдарламаға келесі бөлімдер енгізілген:
-
1
Кіріспе
2
Сөйлеу мәдениеті мен техникасы
3
Сымбат,мүсін икемділігі
4
Телестудиялық ойын
5
Әдеп пен мәдениет
Барлық бөлімдердің мазмұны келесі алгоритмге негізделген:
- аудиториямен қарым-қатынас
технологиясы
- дауыс сипаттамасы – қайрат, екпін,
биіктік, қарқын, дыбыстық
жүйе
- тілдік әдеп: ырғақ, екпін,
сезім.
- дауысты
жаттықтыру
- тілшімен
кездесу
- үлгі жасау, бейнематериал, үлгі жасау
ережесі
- бейнематериал дайындау қағидалары,
үлгі жасау түрлері
- материалды
әрлендіру
Іскерліктер:
- Мақала, деректерді жазу үшін материалдарды жинау;
- Сұхбат құру үшін қажетті адамдармен кездесу;
- Репортаж, мақала жазу үшін мектептің, ауылдың белгілі оқиғаларына қатысып отыру, шығармашылық жұмыстарды тексеру.
- Оқушылардың шығармашылық ұстанымдарын ұйымдастыру,
- Сюжеттік оқиғаларды, фактілерді, материалдарды іздеу.
- Нәтижеге жұмыс жасау.
Оқу бағдарламасының мазмұны:
«Сөйлеу мәдениеті мен техникасы» бөлімініде тыныс алу, сөйлеу мүшелерінің еркін жұмыс жасауына бағытталған жаттығулар мен ойындар жүргізіледі. Сондай-ақ, нақты мәнер мен ойлау, орфоэпиялық заңдылықтар түсіндіріледі. Бөлімге байланыс қабілетін дамытатын, қысқаша ертегілер мен әңгімелер құрауға үйренетін, қарапайым іс-әрекеттерді таңдай білетін сөздік ойындар енгізілген.
Келесі «Сымбат пен мүсін икемділігі» бөлімінде баланың қозғалыс қабілеттерін, дене әрекетінің әдемі қимыл қозғалысын, оқу күшін жеңілдетуге бағытталған дамыту ойындары мен жаттығу жұмыстары жүргізіледі
«Студиялық ойын» бөлімінде оқушының тек қана кәсіби шеберлігін дамыту қарастырылмайды, сондай-ақ, ойын әрекетіндегі эстетикалық сезімін дамыту, құрдастары мен үлкендер түрлі жағдаяттар арасында өзін дұрыс ұстай білу тәртібі үйретіледі. .
«Әдеп пен мәдениет» бөлімінде оқушылардың өмірдің мәні мен құндылықтарын түсіну, жалпы адамзаттық бағалы қасиеттерді ұғыну, сөйлесу мәдениеті мен өзін ұстай білу әдебін, эстетикалық мәдениетті (талғамы бар оқырман, көрермен бола білуге) білу үйретіледі.
Интервью - сұхбаттасу, журналистің бір немесе бірнеше адаммен қоғамдық мәні бар елеулі оқиғаларт мен толғақты мәселелер жөнінде пікір алысып әңгімелесуі.
-Сұхбат – анкета, сұхбат-диолог, сұхбат-пікір, сұхбат-монолог, деректі- сұхбат сынды түрлері бар.
Репортаж - репортаж, хабарлау. Журналистиканың хабар жанры, белгілі бір оқиғаның басы-қасына болып, көзбе-көз көрген журналистің оны ізінше өз байқауы мен түсінігі, өз көзқарасы мен бағасы тұрғысынан әсерлі түрде баяндауы.
Рецензия - пікір жазу. Көркем немесе ғылыми шығармаға жазылған пікір, оны сыни тұрғыдан талдау және бағалау
Эссе - әсерден туған лирикалық толғаныс.
Корреспондент - тілші, хабар жеткізуші, хабарлаушы
Мақала - шағын және жедел жанр. Ол өмір шындығының нақты фактілері, құбелестары туралы дәлме-дәл тұжырымды хабарлап, телегафтық стильде жазылады. Мақаланың негізгі екі түрі бар. Бірінші жолдық тектес мақала және дербес мақала. Дербес мақала екі түрлі формада: кеңейтілген түрде және сын түрінде жазылады да, ол газеттің күнделікті ісінде өте жиі кездеседі.
Есеп – оқиға туралы ақпараттық хабарлама, онда белгілі бір аудитория қатысады.
Баспасөз конференциясы - баспасөз, радио, теледидар өкілдерінің жиналысы.
Баспасөзге шолу - газеттерде, журналдарда, кітаптарда, радио және телехабарларға пікір түрінде берілетін материал.
Очерк - жедел, ықшам жанр, үлкен туындының нобайы. Адам өмірінің басты-басты тұстарын, биік қасиеттерін ғана қамтиды. Очерк портреттік, проблемалық, аналитикалық, жолсапар, суреттемелік болып бөлінеді.
Памфлет – өткір сатиралық шығарма. Памфлет жазылу формасы мен композициялық құрылысы жағынанан 4 топқа бөлінеді.
Пародия - сықақтап қайталап айту. Автордың жеке шығармасының, әдеби бағытының стилін, жанрын шешу мақсатымен оған ұқсатып жазылған әдеби-көркем еліктеуіш жанр.
Фельетон - әдеби баяндау тәсілі ерекше публистикалық сипаттағы щығарма.
Мақала мен корреспонденциядан айырмашалығы сол, онда сықақ пен әзіл-оспақ элементтері бар.
Түсініктеме - ақпараттық жанр. БАҚ жуйесіндегі насихат құралдарының бірі. Түсіндірме қоғамдық -саяси оқиғалардың, құжаттардың жайын, мәнісін жедел түсіндіруге пайдаланылады.
Практикалық сабақ .
Бүгін біз репортаж жазуды үйренеміз. Сіз репортерсіз және сіз түсірілім шығарасыз. Ал түсірілім қызықты болу үшін оқырмандарды не қызықтыратынын білесіз бе?
Қызықты тақырып оқырманның назарына бірден ілігеді. Мазмұндаудың ерекше формасы болу керек. Материал көлемі және мазмұны бойынша әр түрлі болғаны жөн: өзекті тақырыптағы мақалалармен қоса сынау, фотосуреттер, комикстер, өмірдегі қызықты жағдаяттар болуы керек.
Материалды қызықты формада, әр түрлі жанрда ұсынған жөн.
Олардың бірі – репортаж жанры.
Репортаж дегеніміз не? Репортажда не туралы айтылады?
-
Репортажды дүниеде қандай жаңалықтар болып жатқанын айту үшін
жазады.
- Репортажды тілшілер жазады. Тілші қандай да бір оқиға орнына
барып, болған жайтты баяндап жазады.
- Репортажда репортер көргенінің ең бастысын ғана
баяндайды.
Қорытынды:
-
Репортаж – француз тілінен аударғанда «хабарлау». Бұл
журналистердің негізгі әдістерінің бірі және өмірді бейнелеуі.
Деректерді тікелей бақылайды. Оқиғалармен және оның қатысушыларымен
байланысты болу керек. Кейін талдауға және көргенін көңілге түюге
міндетті. Аудитория жаңалықтарына салмақ әкелетін
кез-келген газет материалдары жиі репортаж деп аталады.
- Репортаж – бұл көзбен көрген оқиға туралы
әңгіме.
Алайда басқа газет жанрларында да хабарланады. Мысалы, ақпарат мақалалары деректерді, оқиғаларды, болған жайларды хабарлайды.
Ақпарат мақалаларының репортаждан айырмашылығы неде? Мақала қайда,қашан болғаны жөнінде баяндап, оқиға деп атайды, ал репортажда болған оқиғаны бейнемен бере отырып, қалай болғаны жөнінде баяндайды. Барлық репортажда нақтылық, дәлдік болу керек, атап айтқанда документалды түрде.
Репортаждың белгілері
-
Нақты көрсетілген орны, уақыты, қатысушылары, құжаттары
- Автордың (қатысушының) жеке қатысуы
- Автордың көзқарасы, бағасы
- Қазіргі (болашақ) пішіндегі оқиға
мазмұны
Репортаж - кеңейтілген жанр. Репортаждың түрлілігі оқиғаның сипаттамасы мен мазмұнына байланысты ажыратылады.
Оқиғалы (таныс) репортаж оқиғаны хронологиялық тәртіпте тікелей көрсетеді. Бұл кеңейтілген түрі. Тақырыптық репортаж басқаша құрылады: репортер алдымен қандайда бір ірі оқиға туралы материал жинайды, мол материалдардың ішінен қажетті тақырыпты ашатын дүниелерді таңдайды.
Кәдуілгі «мәтінді» репортаждан басқа газеттерде,әсіресе журналдарда фоторепортаж жиі шығады. Кейде фоторепортаждарда мәтіндер негіз болады, ал иллюстрация көмекші рөл атқарады. Көбіне журнал репортаждарында негізгі мазмұн суреттер арқылы, ал жазу оған түсініктеме ретінде беріледі. Бірақ кез-келген жағдайда суреттер репортажда айтылғандардың түпнұсқасы бола алмайды. Фоторепортаж мектеп газетінің көпшілікке танымал жанрларынан болуы мүмкін.
Біздің өмірімізге еніп, үлкен маңызға ие болған ақпаратты жанрлар – радио мен телерепортаж. Олар тыңдармандар мен көрермендерге әсер бере отырып, оқиғаға араласқан куәгер ретінде танытады. Радио мен телерепортаж оқиға орнында, болған уақытында жүргізіледі. Радиорепортер нені әңгімелеп отыр, сол жөнінде тыңдаушылардың көзін жеткізуге тырысу керек. Телерепортажда көрермен онсыз да көреді. Репортер тек баяндап тұрады.
Практикалық сабақ.
2-тапсырма. «Мен репортаж жүргіземін…» тақырыбында өзіңнің репортажыңды құр.
10, 11- тақырып. Аудиториямен қарым-қатынас технологиясы
Тілші мамандығын таңдағанда өз дауыс күшіңнің әсеріне сенімді болуың керек.
Дауыс үйлесімі – бұл тек қана күш емес, сондай – ақ қарқын, биіктік, құбылыс. Олар бір-бірімен тығыз байланыста және дыбыс шығару аппараттарының барлық элементтеріне тәуелді, бір-біріне әсер етеді.
Ең басты барлық дыбыстық ерекшеліктерді біріктіруші үйлесім – дауыс ырғағы.
Дауыс ырғағы неғұрлым төмен түскен сайын баяулай береді. Қарқынды өрлеу бірсөзділікті де білдіреді. Баяу көтерілетін және терең дауыс ырғағы белгісіздікті, күмәнді, ақпаратты дұрыс білмеушілікті білдіреді. Терең сезім әр уақытта дыбыс үзілісі мен дауыс ырғағын қажет етеді. Күмән, тынышсыздық, қорқыныш – бұлар дауыстың төмендігін байқатады.
Дауыс күшін дамыту үшін таныс
емес мәтінді бірнеше минут дауыстап оқуға көңіл бөлу жеткілікті.
Біз таныс емес бұрын оқымаған шығармалардың үзіндісін дауыстап
оқығанда, еріксіз мынадай мәселелерге кездесеміз:
- сөз орамдарын соңына дейін айта алмау
- ауа жетіспеушілік
- қажетті сөз мәнерінің
болмауы
Маңызды ереже: Егер сіз маңызды, өте салмақты нәрсе айтатын болсаңыз, сіздің даусыңыз сабырлы, сенімді және мейірімді болу керек.
Дауыс ырғағы дененің жағдайы мен беттің құбылуымен байланысты. Дауыс ырғағының маужыраңқы немесе қызуқанды кейіпте болуы сол сәтте дауыстан айқындалып тұрады және күткен жауапты алу қиын. Тікелей эфир ұзақтығында «Күлкіні сақта!» деген термин бар. Төменгі қарқында айтылған дауыс сенімділікке жетелейді. Дауыс ырғағынан басқа да маңызды мәселе – екпін мен сезім. Әсіресе бірінші айтылатын сөз ерекше жеткізілу керек.
Қарама–қайшы жақтар: Сөздің соңын жұтып қою, сөздер легін үзіліссіз айту, сонымен қатар қырыл мен жөтел. Тағы бір кемшілік – сөз орамдарының аяқталмай қалуы. Мұндай жағдай үнсіздік әкеледі. Бұл ол жасырғысы келген ақпарат түрінің ішкі қақтығыс кедергісінің деңгейі. Көптеген күмәнсіз ақпараттарды жасырмау немесе айтуға болмайтынды айтып қою, айтатын жайтты айтқысы келмеу, дауысын жөнсіз көтеру тілшіге тән емес.
Сезім жайлы айтқанда, тембр төмендейді. Егер сіздің әңгімелесушіңіздің дауыс тембры жоғары әрі сөзді қарқында болса, сіз мына сөздерді көру, көзқарас, қарау. Егер төмен болса сезу, үйлесім, ұғыну. Егер сөз ұсақ мөлшерлі болса: есту, пікір, ойындағысын айту сияқты сөздерді қолдануыңыз керек. Егер сіз алған ақпараттың анық екендігіне күмәнді болсаңыз, ақпараттың күмәнді жерлерін бойыппен, сөздің дауыс ырғағын бөліп қайталап оқып, және әңгімелесушіден осы ақпаратқа сенімділігін әрі оны қажет болған жағдайда осыған сүйенуге болатыны жайлы сұрауыңыз керек.
Практикалық (машықтану) сабақ.
Дем жақсы шығуы үшін, дауыстың жақсы шығуы, жүріс, ым, кескін өте қажет.
1-тапсырма. Дауысқа орналған жаттығуларды орындау.
Үш тіркелім бойынша орнығу.
1. тапсырма мазмұны
Ортаңғы тіркелім.
1. Дауыс құрылымы ұстанымын ұйымдастыру. «А» дауысты дыбысын іштей айту үшін ауызды еркін және кең ашу немесе ауызға ыстық картоп, балмұздақ шарын салу. Кең ашылған ауызда саңылау болуын керек.
Дауыс құрылымына осылай жаттығу жасау арқылы мына дыбыстарды айту керек: мгм, мама, мәммә, мыммы, мумму.
«Менің дауысым - менің капиталым»
Тренинг алдында түзу отыру және іштің төменгі жағын жеңіл көтеру керек.
2-тапсырма.
Мақалдарды әр түрлі нұсқада айту.
«Менің жерім жер астында жатсам да мейірімді» деген мақалды.
- дыбыссыз, анық,
мәнерлі.айт
- сыбырлап,дауысты дыбыстарды созып айт.
- жарты дауыста (осы жерде, алысырақ, алыс)
айт
- бар дауыспен осы жерде, алысырақ, алыс тұрып
қайталап айт
3-тапсырма.
Оқиға орнында репортаж өткізу.
«Жүзге дейін» шоу – бағдарламасының жүргізушісі рөлінде ойнап көру.
12.13. тақырып. Тілшімен кездесу.
Ақпараттық материалды дайындау.
Іс – шарадағы оқушылардың шығармашылығы:
Дөңгелек үстелдің тақырыбы: Баспасөздегі жарнама.
Дөңгелек үстелдің ақпараттық
бөлігі
• Баспасөздегі жарнаманың мәтіні: оңы мен
солы.
• Криптожарнаманың алдын алу және оны жою.
• Кәсіби әдеп.
• Авторлық құқық .
Оқушылардың ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСЫН ұсыну
«5+ ЖАРНАМА АГЕНТТІГІ»
Келесі номинациялар беріледі:
• Үздік жарнамалық ролик
• Үздік жарнамалық дизайн
• Үздік жарнамалық
мәтін
14.15-тақырып. Үлгі жасау және газеттің бетін дайындау
(газетті көркемдеу талабы)
- Бейнематериал дайындау - бұл нақты материалдарды (мәтіндерді,
тақырыптарды, әшекейлерді) ретімен орналастыру
- Үлгі жасау - Бейнематериалдар шығару үшін қажетті материалдар мен
суреттерді реттеу жоспары
- Мазмұны формасынан жоғары болу керек.
Дизайнер күні бұрын бетке енетін мақала көлемін
анықтау керек.
- Төменгі жолақтар айырықша болады. Бірінші жолақтардың үлгісі әр
түрлі түседі. Мақала әр түрлі тақырыпта және түрлі көлемде болғаны
жөн.
- Әшекейлер де алуан түрлі болу керек. Олар көлемі жағынан ғана
емес, пішіні жағынан ерекшеленеді. Фотоәшекейлер, компьютер
суреттері, коллаждар т.б.әрленеді.
Бейнематериал бетін дайындау қағидалары
- Алғашқы бетін дайындау алдында қандай материалдар мен
фотолар үйлесіп тұратынын жобала.
- Әр жолаққа сай келетін ақпараттарды,мәтіндерді,фотоларды
анықта.
- Суретке арналған жолақты ірі етіп ал.Басқа әшекейлермен тығыз
болмасын.
Оған жол бермеңіздер.Барлық фотолар біркелкі
болса,әдемі көрінбейді,сондықтан негізгі біреуін айырықша етіп
ал.
- Негізгі мақала тақырыбы басқа тақырыптарға қарағанда ірі болу
керек.
- Мазмұндас шағын материалдарды топтайды.
- Мақалаларды тақырыбымен бір қатарға жазбайды.
- Есте сақта: Бәрін ерекшелеу – ештеңені ерекшелеу
емес.
Бір жылға арналған тақырыптық жұмыс жоспары
№ |
Сабақтың тақырыбы |
Сағат саны |
Теория |
Практика |
||||||
Оқу-тақырыптық жұмыс жоспары |
|
|||||||||
1 |
Кіріспе әңгіме. Үйірменің жұмыс жоспарымен таныстыру. Үйірмеге қатысушылар тізімін жасау. |
1 |
1 |
|
||||||
Сөйлеу мәдениеті мен техникасы |
|
|||||||||
2 |
Назар аударуды дамыту ойындары. |
2 |
1 |
1 |
||||||
3 |
Түрлі әңгімелерден рольдік ойындарға этюдтер жасау. |
3 |
1 |
2 |
||||||
Сымбаттылық, икемділік |
|
|||||||||
4 |
Психофизикалық тренинг, этюдке дайындық. Сымбат пен жүріс әсемдігін меңгеру. |
3 |
1 |
2 |
||||||
5 |
Студиялық«Көрерменге сөйлеу» этюдін үйрену. («Танысу», «Тілек тілеу», «Айна»). |
2 |
1 |
1 |
||||||
6 |
Үздік репортаж «Ұлттың ұлы ұстазы» Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығы |
2 |
1 |
1 |
||||||
7 |
Студия құрылымымен, оның негізгі мамандары: оператор, режиссер, сценарист, суретші, гримермен танысу. Эфирлік этюд үйрену. |
3 |
1 |
2 |
||||||
8 |
Грим техникасы. Гримнің және гримдегі техникалық құралдардың гигиенасы. Жалпы рең берудің әдістері |
3 |
1 |
2 |
||||||
9 |
Сценарий құрып үйрену |
3 |
1 |
2 |
||||||
10 |
Ұстаздар күніне орай «Ұстазбен сырласу» сұхбатының сценариін құру, монтаждау. |
2 |
|
2 |
||||||
11 |
Дауыс мәнері, өзін-өзі ұстау әдебі т.б. ерекшелігі бар балаларды рөлдеріне қарай іріктеп бөлу. |
2 |
1 |
1 |
||||||
12 |
Қажетті жағдайларды баяндау, әр кейіпкердің камера алдында өзін-өзі ұстау ерекшеліктеріне тоқталу. Кейіпкерлер костюмі, сахнаның безендірілуі, сахналық қосымша әрлегіш құралдар (музыкалық фон, дыбыстық құралдар т.б) түсіндіру. Костюмдер мен безендірулерді дайындауға көмек көрсету. |
2 |
1 |
1 |
||||||
13 |
Дыбыстағы мәнер, мимика, пунктуациялық ережелерді үйрету |
2 |
1 |
1 |
||||||
14 |
Сырласу кадрын оқушылар мен ұстаздар алдында қою |
2 |
1 |
1 |
||||||
15 |
Үйірмені сырттан бақылаушылармен және қатысушылармен бірге талдау жұмысы (келесіде қайталанбауға тиісті жіберілген кемшіліктері). Іс- әрекетті талдау (Сұхбатпен жұмыс жасау қызықты болды ма, оның қажеттілігі болды ма, ұжыммен бірге әрі қарай не жасайтындығына - келесі іске ұжымдық жоспар құру) |
2 |
1 |
21 |
||||||
Әдеп пен мәдениет |
||||||||||
18 |
Әдептің жалпы адам мәдениетімен байланысы Адамның бір-біріне сыйластығы, жер табиғатына, Отанға,балалық шаққа, кәрілікке, ата-анаға, нанға, білімге, өз-өзіне және барлық білмейтін нәрсеге сыйластық қарым-қатынас. |
2 |
1 |
1 |
||||||
19 |
«Адам – ұлы құндылық» тақырыбында әңгіме құру. |
2 |
1 |
1 |
||||||
20 |
Сахналық этюд , әдеп «сиқырлы» сөздерден басталады» (Әдеп). |
2 |
1 |
1 |
||||||
21 |
Жағымсыз қылық, іс-әрекеттердің зияны (Мәдениет) |
2 |
1 |
1 |
||||||
22 |
«Әдеп пен мәдениет» тақырыбында шығармалармен танысу |
2 |
1 |
1 |
||||||
23 |
Эфир әдебі ,мәдениеті |
2 |
1 |
1 |
||||||
|
|
|||||||||
24 |
Өзін таныстыру,жарнамалық жұмыс тапсырмалары |
2 |
1 |
1 |
||||||
25 |
Бейнетаспаға түсіріп монтаждап , нәтижесін шығару |
2 |
1 |
1 |
||||||
Телестудиялық ойын |
|
|||||||||
26 |
Деректі кино, ойынды кино түсіру ерекшеліктері |
2 |
1 |
1 |
||||||
27 |
Рәміздердің 30 жылдығына репортаж дайындау |
2 |
1 |
1 |
||||||
28 |
БАҚ беттеріне шығару, жариялау, Өңдеу |
2 |
1 |
1 |
||||||
29 |
Әлеуметтік жарнама, анимация,видеоарт, музыкалық клип, киножурнал таныстыру |
2 |
1 |
1 |
||||||
30 |
Интервью, сұхбат, репортаж жасау ерекшеліктері |
2 |
1 |
1 |
||||||
31 |
Атаулы мереке, даталарға репортаж дайындау. |
3 |
1 |
2 |
||||||
32 |
Пантомимикалық іс-әрекеттермен дайындық. Афишалар дайынау. |
2 |
1 |
1 |
||||||
33 |
.Публицистикалық стилмен жұмыс. Мақала, очерк |
2 |
1 |
1 |
||||||
34 |
Газет, журнал беттеріне мақала жариялау ерекшеліктері |
2 |
1 |
1 |
||||||
35 |
Бағдарлама жасау ерекшеліктері |
2 |
1 |
1 |
||||||
36 |
Үздік репортаждар сайысы |
2 |
|
2 |
||||||
37 |
«Наурыз-ұлттық мейрам» Сценарий жазу |
2 |
1 |
1 |
||||||
38 |
«Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» ток шоу |
1 |
|
1 |
||||||
39 |
«Тәуелсіздік жетістіктері» үздік киноленталар байқауы |
2 |
1 |
1 |
||||||
40 |
«Туған өлкемнің көрікті жерлері» үздік оператор байқауы |
2 |
1 |
1 |
||||||
41 |
«Білімдінің күні жарық» зияткерлік сайысының сценарийін құру |
2 |
1 |
1 |
||||||
42 |
«Ардагерлерімізді ардақтайық» ауыл ардагерлерімен сұхбат құру |
2 |
1 |
1 |
||||||
43 |
«Кітап оқуды әдетке айналдырайық» үздік буктрейлер байқауы |
2 |
1 |
1 |
||||||
44 |
«Латын әліпбиі –заман талабы» пікірталас алаңын ұйымдастыру |
2 |
1 |
1 |
||||||
45 |
«Өнер мектебінің» іс-шараларына қатысу |
2 |
1 |
1 |
||||||
46 |
Баспа беттеріне мақала жариялау |
2 |
1 |
1 |
||||||
47 |
«Мен таңдаған мамандықтың ерекшелігі» үздік бейнерепортаж жасау |
2 |
1 |
1 |
||||||
48 |
Сөз-адам ойының айнасы, шешендік сөздер ерекшелігі |
2 |
1 |
1 |
||||||
49 |
Сөз маржан сайысы |
1 |
1 |
|
||||||
50 |
Шығармашылық жұмыстар |
2 |
|
2 |
||||||
51 |
«Мен шешен сөйлеймін» байқауы |
2 |
|
2 |
||||||
52 |
Сөйлеу мәнерін жетілдіру |
3 |
1 |
2 |
||||||
53 |
Ақпараттық сөйлеу |
2 |
1 |
1 |
||||||
54 |
Диктордың сөйлеу ережелері |
3 |
1 |
2 |
||||||
55 |
Тележурналистің сөйлеу мәдениеті |
2 |
1 |
1 |
||||||
56 |
«Егер мен тілші болсам» байқауы |
2 |
|
2 |
||||||
57 |
Тілдік норманың сақталуы |
2 |
2 |
|
||||||
58 |
Тіл мәдениетінің бағыттары |
2 |
1 |
1 |
||||||
59 |
«Мен қалаған мамандық» бейнероликтер сайысы |
2 |
|
2 |
||||||
60 |
Тест тапсыру |
1 |
|
1 |
||||||
61 |
Атаулы даталарға бейнориликтер жасау |
3 |
1 |
2 |
||||||
62 |
«Тіл дамыту» бағдарламаларын жасау |
2 |
|
2 |
||||||
63 |
«Үздік сценарий» байқауы |
2 |
1 |
1 |
||||||
64 |
Монтаждау жұмыстары |
2 |
1 |
1 |
||||||
65 |
«Болашақ біздің қолымызда» бейнеролик жасау |
2 |
|
2 |
||||||
66 |
Монтаж-видео |
2 |
1 |
1 |
||||||
67 |
Монтаж-фото |
2 |
1 |
1 |
||||||
68 |
Монтаж жұмыстарының негіздері |
2 |
1 |
1 |
||||||
69 |
Монтажвидео жасау |
1 |
1 |
|
||||||
70 |
Монтаж фото жасау |
1 |
1 |
|
||||||
71 |
Рефлексиялық есеп Жыл бойғы қайталау |
1 |
1 |
1 |
||||||
|
Барлығы |
144 сағат |
70 |
74 |
|
Қолданылған әдебиеттер:
Қазақ журналистикасы .Алматы-2008.1,2,3- том
Телестудия анықтамалығы. Алматы-2003.
«12 жылдық білім беруге көшу жағдайында мекеме әрекетінің мазмұны мен ұйымдастыруына жаңа тәсіл» семинар-тренингінің мануалы.ББҚБ Қарағанды-2006
«Лидер» газеті№4(84) 2009 жыл
М.М.Жанпейісова «Модульдік оқыту технологиясы» оқушыны дамыту құралы ретінде».Алматы-2006
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы
5-10 сыныптарға арналған бұл үйірме бүгінгі таңдағы ақпараттық құралдар және олардан алынатын сансыз мәліметтермен жұмыс істеуге деген оқушы бойындағы аса үлкен қызығушылықты шығармашылық жұмыспен ұштастырып, нәтижелі мақсатқа жұмылдыруға мүмкіндік береді. Үйірме телестудия негіздерін қамти отырып, сан қырлы жанрларынан хабардар етеді.Оқушылардың жазған мақалаларының жетістігі мен кемшілігі талданып,тұлғаның кәсіби дамуына ықпал жасалады. Үйірме оқушылардың іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыра отырып,танымдық, шығармашылық жұмысқа баулиды ,ой-өрісінің дамуына мүмкіндік тудырады.