Материалдар / Темірхан Медетбек поэзиясы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Темірхан Медетбек поэзиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ақын Темірхан Медетбектің поэзиясындағы ерекшеліктер және әдебиеттегі өзіндік орны турасында жазылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Тамыз 2021
842
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жоспар

  1. Кіріспе

Т.Медетбек өмірі, көк түріктер сарыны

  1. Негізгі бөлім

Т.Медетбектің өлеңдерінің қысқаша тақырыптық бөлінісі

Өлеңдерінің рухани жаңғыру идеясы

  1. Қорытынды бөлім

  2. Пайдаланылған әдебиеттер













































Қазіргі қазақ поэзиясына тың дүние толқынын тудырып, жаңа леп әкелген ізденістің ақыны – Темірхан Медетбек. 1945 жылы 6 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданы, Амангелді ауданында дүниеге келген. Ақынның жастайынан өлеңге деген құмарлығын әдебиеттің құдіретті күші шыңдап, қазақ поэзиясының жаңашыл ақындарының қатарына қосты. Орта мектепті бітірген соң Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік педагогикалық институтында (қазіргі Ұлттық педагогикалық университет) оқыған. Алғашқы еңбек жолын 1968-2002 жылдары радио мен телевидениеде, әр түрлі газет-журналдарда қызмет атқарып, шығармашылық ұйымдардан бастаған. Қазақстан Жазушылар одағында екінші хатшы болып тағайындалды. 2003 жылы «Ақиқат» журналының бас редакторы болған. Саналы ғұмырын мағыналы өлең – жырға арнап жүрген ақын алғашқы жинағын 1970 жылы «Жанымның жапырақтары» деген атпен жариялайды. Басқа да бірнеше өлеңдері орыс, украин тілдеріндегі жинақтарда жарық көреді. Ал өзі украин ақыны Валерий Гужваның, өзбек ақыны Еркин Вахидовтың өлеңдерін қазақ тіліне аударады. Ақын – ақиқаттың жүгін арқалаушы. Өткір тілді, оқшау ойлы Темірхан өлеңдері лирикадан үйлесімді сыр шерте отырып, «қара қазан, сары баланың» қамын жырлаудан да алыстамайды. Ақынның кейде шындықты айтамын деп, «туғанына да жақпай» қалатын сәттері болған. Елдің басындағы халді айна-қатесіз жырлап, санасы мен тұрмысы азат ұрпаққа өлеңдерін жолдады. Сонымен қатар, ақын қазақ поэзиясының түркілер кезеңінен қалыптасқан романтикалық-реалистік өршіл сарынын өзіндік көркемдік шешім аясында жаңашыл туындыларымен байытты. “Көк түріктер сарыны” атты жинағында (2002) замана зары мен бүгінгі күн мәселелері ежелгі түркі жырлары үлгісінде айтылған, ақын көне түрді жаңа дәстүрмен ерекшелеген. Ол бұл батырлықтың рухын “Қуат жырында”, “Асқанның орманын отындай өртедім. Тасқанның көлдерін астаудай төңкердім” деп беріліп, батырлар айбарын асқақтата түседі. Оның “Махамбет рухының монологы”, “Күлтегін”, “Тоныкөк” дастандары — ұлттық бояуы қанық, күрескер, рухани құндылықтарды толықтай танытқан поэтикалық қуатты шығармалар. Бір журналистке берген сұхбатында: «- Жалпы, мен - ізденістің ақынымен. Мен туралы жазып жүргендер де осылай дейді. Сіз менің шығармашылығымның екі кезеңнен тұрғынын жақсы аңғарғансыз. Бірінші кезеңімде де экспериментке көп техникалық революция заманының, урбанизациның ақыны деп мақтағандар да, даттағандары да болды... Енді ол жағына көп бара бермей-ақ қояйын. Оны өзіңіз де біліп отырсыз. Екінші кезеңі – көк түріктер сарыны". Мен бұл сарынға ұзақ дайындалдым. Ол "Күлтегін", "Тоныкөктермен" танысқаннан баталған-ды. Қаншама рет сол сарынның ішіне кірем деп жанталастым. Алдырмады. Көбі сәтсіз боп шықты[1. 281 бет]. Көк түріктері сарынының ішіне енгендей болдым Ал ғасырлар қойнауында жатса да көк түріктері сарыны біздің қанымыз бен жанымызда бар ғой. Сондықтан бұл сарынды жұртшылық, ұлттық рух үйіне құлағы тосаң боп қалғандар болмаса, бірден қабылдады" дейді[1. 282 б]. Әкімдерге сенім артып, кімдерден үміт күтесіз деген сұраққа:"құдайға шүкір, тегеурінді, талантты жастар легі келе жатыр. Бізге қарағанда бәрінің бір ақ ерекшелігін айтуға болады: ойы бостан, еркін жазады. Қалт жібермей қадағалап отыратын цензура жоқ. Оларға айтар бір-ақ тілек бар: ар-ождан цензурасын ұмытпаса екен[1. 304 б].

Темірхан ақынның түркі әлемін аспандатқан туындысын Ә.Кекілбайұлы: “Көк түріктер сарыны”- елдік мұрат пен ерлік намыс жыры. Шын азаматтың шырқыраған жан дауысы. Дегдар ақыл-ой мен елдар сана -сезімді енжар қалдыра алмайтын әділ де әсерлі шығарма…” – десе, Э.Төреханов : “Табиғат дарынға сараң. Содан болар өлең көп-ақ, ақын аз. Сілкісең, ішінен топан сөз сау ете қалатын өлең жинақтары қаншама. Темірханның кітаптарына тозаң қонбайды, іші құйма ой. Қайсысын алсаң да бес батпан”, – деп, тіл орамы, ой толғамы, ділі мен діні жағынан тегіне тартып туған Темірхан поэзиясының өміршеңдігін ерекше атап көрсетеді /2.3/. Бір кездері көк түріктердің басып жүрген жерінің әрбір тау-тасынан ақын тарихты , көк түріктердің өзін көреді:

Тау, шыңдарым – қорғандар

Қоршап жатқан шетімді.

Қаптап тұрған ормандар

Көк түріктер секілді

Жасын ойнарқанында

Құлақ салшы , байқашы;

Жүріп жатыр жанында

Жекпе-жектің шайқасы / 3;132 /.

М. Мағауин : “Т.Медетбектің ежелгі ата-баба рухын қайта көтерген, бүгіннен озып, ертеңге бағытталған, терең де сырлы толғаулардан тұратын, әуені де, лепесі де соны серпінге толы “Көк түріктер сарыны” соңғы жыл санақтан келгенде, кесімі бір-ақ мүшел уақыт үшін аз олжа емес”, – дейді /4.9/.  «Темірхан Медетбек – қазақ жырындағы соны құбылыс! Ерен әрі ерек құбылыс. Кейбіреулер «Темірхан айтарын айтты, енді осы жерден тоқтай қалса» деседі. Бұл– шегіне май айналмайтын іштар пенденің өксігі. Қазақ жыры нотасындағы Темірхан Медбектің көк түріктердің қуат алып, Көк Бөрімен шар болаттай шарпысқан « Көк түріктер сарыны» адамзат тарихында үш мың жылдай асыр салған көшпелі, салт аттылары тұяғының салқар симфониясына ұласты. Қазақ поэзиясында көне көк түріктер сарынымен алғаш рет бетпе-бет келген ақын– осы Темірхан Медетбек сол симфонияны да оның өзі тамамдап кетуі керек. Оған орта жолда келуге килігуге ешқайсымыздың моральдік қақымыз жоқ. ...Темірхан Медетбек жырының жұлын жүйесі осы күнгі қазақ поэзиясынан мүлде бөлек. Күлтегін жырының ғасырдағы соны сорабы, жаңа жаңғырығы секілді. Темірхан М. Мын ажарық дүниенің есігін екі рет жұлып ашқан адам. Бірінші рет өз анасының құрсағынан ақын болып туып 70-жылдары қазақ поэзиясының босағасын аттағанда, қара өлеңге европалық озық өлең мідениетін еселеп енгізіп, ғылыми-техникалық прогрестің әлем ырғағын алып келсе, ел жұрты егемен болғанда алаш анасының құрсағынан қайта туып, қазақ жырын көне түркіде қалған қайта ата жұртымен қайта табыстады. ..Түркі жұртының Тәңіріне ғана тін бекзат болмысын –бітімін төрткүл дүниеге паш еткен осы Темірхан жыры!» – дейді Серік Ақсұңқарұлы[12-14]. «Әділін айтсақ, тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары поэзиямызда қазақтың шегіп жатқан қасіреті мен қайғысын дәл Темірхан секілді жеріне жеткізіп, әрі терең, әрі батыл жырлаған ақын некен-саяқ. Ақынның ұлты үшін қабырғасы қайысып, жүрегінен төгілген жырларын оқығанда көзінен жас тығылып, сүйегін сырқырайды. Ұлтынан табанына шөңге кірсе, ол қазақ үшін жүрегімен сүйетін Темірханның жүрегіне тікен болып қадалады. Ақынның «Көк түріктер сарыны жианғын оқи отырып, мұны сезінбеу мүмкін емес» -дейді[19 б].

Ақынның табиғат мәселесіндегі өлеңдерінің қатарына «Экологиялық өлең», «экологиялық баллада», «экологиялық апат», «Полигон» т.б жатады. Онда ақын өлеңінде туған жер тақырыбында сыр шертеді. Табиғаттың таусылу жыры сөз етіліп былай дейді:

«Кiлем жабылған керуендей

Созылып жататын жоталарым –

Үйелеп қалған түйелердей –

Жұлым-жұлым болды.

Кеуiп қалған

Өзек пен сайларым

Тiлiнген шүберектей

Жырым-жырым болды.

Далам қурап жатыр!

Орманымды

Ара мен балталар

жiлiктей сындырып,

Шұжықтай

Турап жатыр».





«Жер шары» өлеңінде де: « Сені біз

Анамыз дейміз.

Сен үшін

Күйеміз, жанамыз дейміз.

Сөйте тұра

Жаншып, таптаймыз.

Сені қайғы қасірет

Шырмауға айналды.

Барқыттай жасыл көйлегің

Шұлғауға айналды

Жер шарым-ау!

Шаршадың ау!» -деген.


«Қасиетті жерім–

Аяғын сүртпестен!–

Әркім кеп отыратын

Бөстек болды» (Қобыландым қолбала болды) / 3 /.


Сайын даланың сары алқабының көркі не дегенде ойға бірден кербұғы, марал, киіктердің ойға сап ете қалатыны бар. Осы қасиетті жануарлар дәуірлер сала аңыздан шықпаған, сонау «Жошы ханның өлімі» жырын толғаған Кетбұғадан бастап келе-келе Оралхан Бөкей, Шыңғыс Айтматовтардың прозасына арқау болып аңыздық мифологиясымен ұштасатын болса, Темірхан Медетбектің «Киіктің тас мүсіні» өлеңімен жалғаса толғағандай болады. Жаным күйініп кеткен кезде күйіктен

Айналады төмпешікке биіктер, –

Жетімсіреп жатыр мына кең алқап,

Жоқ қой қазір қаптаған сол киіктер. Осы жолдары ақын ішінің уы ақтарылғандай, киіктің қырылғанын, көз алдыңа қып-қызыл бояуды әкелгендей. Қалған бірен-саран бұл жануарлар тоз-тоз болып, қаңғып кеткендігі суреттеледі. Ары қарай өлең: Тірі киік таба алмастан суретке

Түсіреді тас мүсінді тілшілер.

Аптабында мендегі сол күйіктің

Дәл осы сәт мына далам күйіп тұр!

Әлдеқандай мылтық дауысы естілсе

Дір етеді тас мүсіні киіктің!-дейді[5. 16 б].

Бір кездері ел ішінде Семейдегі атом бомбалардың жарылып, ойпан-тойпаны шығып жатқанда да ақын қаламы тек қалмады. Оны да жырлады:

«Астан –кесткен болып ішкі әлемім,

Отыр едім ойлап тірлік өлеңін

Көктен бе әлде,

Жерден бе әлде –

күңіренген –

Шықты кенет «сынақ, бомба» деген үн.

Сол бір сөзден су тартылып, жанады ел.

(Ей, адамдар, мейірімді бола гөр).

Сол бір сөзден тыжырынып денесі,

Сұп-сұр болып бара жатты қара жер.

Сол жалғыз үн кетті менің құтымды ап.

Сол жалғыз үн кетті менің құқымды ап.

Қабірдегі өліктер де қозғалып,

Аунап түсті сүйектері сықырлап»

[5. 26-27 б].

Сол сияқты «Полигон», «Қалалық қоқыс тастайтын жер» т.б өлеңдерінің табиғат ананың ластануының көріністерін жыр етіп төгеді.

Ел жердің тарихы, тәуелсіздік тар жолына келтірілген өлеңдері де баршылық. Өлеңдерін екі кезеңнен өткізеді. Біріншісі– тәуелсіздіке дейінгі, екіншісі – тәуелсіздік жылдары. «Қуғын-сүргін заманы» дейтін өлеңінде:

Құтырып алды!

Арыстарымның терiсiн –

Тiрiдей! –

Сыпырып алды.

Әруақтарымды күңiрентiп –

Аяғынан сүйреп! –

Моладан шығарды.

Неткен халық ек шыдамды?!-дейді. [3. 26-27 б].

«Туған жер топырағы» өлеңі. Мұнда ақынның қасиетті туған жеріне жеті рет аунап жеті рет алған әсері, дәні мен нәрін айтады. Бір аунағанда – ғаламат қайран қалдырады; екі аунағанда– қара жердің рухы сіңіп, айбары асты; үш аунағанда–дауыл соғып қара жердей төзімге ие болады; төрт аунағанда– жігері найзадай алмасқа айналды; бес аунағанда–кең даладай кеңдік кіреді ішіне; алты аунағанда– жүрегіне мейірім мен рақым алады; жеті аунағанда–алпыс екі тамырында махаббат қызуы ағып жатты; Соңғы рет алған құнарлы жер қасиеті ақынға ерекше тигендей «өмір гүлі гүлдеді» дейді. Туған жерге деген шексіз махаббатының айғағы осы дерсіз.

Ел-жер қандай болмасын, қай жер болмасын бәрі де бір қазақтыңкі ешкімнің айыруға, бөлуге құқысы жоқ деп санайтұғын ақынның «Маңғыстау» өлеңін-де: «О, менің Маңғыстауым, Маңғыстауым

Марқайып мақтанарым, алға ұстарым.

Өзіңде бар махаббат, бар құштарым.

Жыр болып құйылады алғыстарым.

... Бүгінде жүрегімнің байтақ әні.

Айбарың кімді болсын қайтарады.

Сен десем Фариза ақын отқа айналып,

Кемедей Кекілбаев шайқалады»-деп толғанады[5. 106 б].

«Түркістан» туралы өлеңінде де осы жерді, елдің даналық рухын асқақтата түседі. Бірқатар өлеңдерінің сарынын аңыз етіп, астары ақиқатпен ұштасатыны бар. «Бір уыс топырақ» өлеңінде кейуананың жалғыз баласы жолға шығып жатқандағы бір уыс топырақты беруімен басталады, бала жолға шығады және жолда тар мықыннан оқ тиіп омалады, сол жерде қансырап жатқанда қапалы анасының сөзі ойына оралады. Қолындағы топырақты оқ тиген жерге қойып бала жазылады. Бірақ еліне қайта оралмайды, ештеңе көрмейді, тауқыметке түседі, көзін тағы топырақпен сүрткенде көзіне нұр кіріп, арғы-бергі дүниеге көзі түседі. Өлеңнің тақырыбы – туған жер болса, идеясы– ата мекенді сағыну, бір уыс топырақтың қадір-қасиетін түсіну, жерді қорғап-күту түсінігі. Енді бізге қымбат болған тар дүниенің есігін құлтап, кең далаға тіршілікке шыққан сәтте, қаламгердің «Тәуелсіздік» өлеңі жарқ етті: «Қапаландық,

Жәбірлендік,

Зарладық,

Өзгелерге жанды қидық,

Арнадық,–

Қырылдық қой қорғап біздер Мәскеуді,

Ал Мәскеуден қорғана біз алмадық.

Таптап, қырқып,

Жоқ етті де нуымды,

Жазирамды етті кәусар менен суымды,

Шұлғау етті қасиетті туымды.

Мұның бәрін,

Мұның бәрін ұғынам...

Жүрек жара–

Зар заманның мұңынан.

Сол кезде мен азаттық деп,

Теңдік деп,

Бөрі болып айға қарап ұлығам!

Тәуелсізбін, енді, міне,

Мен бүгін.

Келді кіріп азаттығым,

Теңдігім.

Бостандықта бойлығым мен ендігім!

Шешіл енді, шемен болған шерлі үнім.

Кеуделерді тарылтпасын кек қысып,

Кетеді одан өр далама өрт түсіп...

Құсқа айналып кеудемдегі жүрегім

Сүйіншілеп келер күнге кетті ұшып»-дейді[5. 183 б].


Тағы бір бостандық туралы дүниесінде:

«Қарашы оған:

Кетеді адам аяп.

(Айттым мұны тұрсам да қаламай-ақ!)–

Бостандығың келіп тұр, бостандығың!

Жалақ ерін,

Жалаңбас,

Жалаңаяқ!

...Ол келген жоқ–

Қара орман қамалдай боп,

Ол келген жоқ–

Дауылды замандай боп.

Абылай боп келген жоқ ол бостандық,

Бөгенбай боп келген жоқ,

Қабанбай боп.

Десек те біз: мұз бастық

Қар жастандық.

Рас, рас тоқтыққа сан мастандық.

Кенесары,

Сырым боп, Сыпатай боп,

Махамбет боп келген жоқ ол бостандық.

... Әлі соғып тұр боран,

Ақпаныңыз.

Толық ата қойған жоқ ақ таңыңыз.

Бостандықты–

Тірсегі дірілдеген–

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!