Темірхан Медетбек «Тәуелсізбін» өлеңі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Темірхан Медетбек «Тәуелсізбін» өлеңі

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал әдіс-тәсілдер арқылы ашылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Темірхан Медетбек «Тәуелсізбін» өлеңі

Мұғалімнің аты-жөні: Бисекенова Жазира

Күні: 18.04.2018

СЫНЫП: 7

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

7.Т/Ж1. Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау.

7.Т/Ж4.Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып, үзінділерді жатқа айту.

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Әдеби шығарманың сюжетін біледі, кейіпкер бейнесін таниды;

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Шығарма сюжетін талдайды, кейіпкер бейнесін ашады;

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдайды, үзінділерді жатқа айтады.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сөздік, көрнекілік, әдісі.

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі

Алдыңғы оқу

М. Шахановтың «Нарынқұм зауалы» шығармасы

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы

Оқушының қызметі

Бағалау түрлері

Сабақтың басы

10 минут

Мұғалім оқушылармен амандасып, сыныпты түгендейді. Оқушылар «Сиқырлы қоржын» әдісі арқылы үш топқа бөлінеді.

Қ ызығушылықты ояту мақсатында таақтадан «Қазақстанның физикалық картасы» көрсетіледі.

Әр топтан 2 оқушы тақтаға шығады. «Жұлдызды микрафон» әдісі арқылы олардың әрқайсысы кезектесіп бір-бір сөйлемнен айта отырып, картаны пайдаланып, «Менің елім Қазақстан» деген тақырыпта сөйлейді.

Мұғаліммен амандасып, «Сиқырлы қоржын» ішіндегі бостандық, азаттық, тәуелсіздік сөздерін таңдау арқылы топқа бірігеді.

«Қазақстанның физикалық картасы» арқылы «Менің елім Қазақстан» тақырыбында әр топтан 2 оқушы шығып бір сөйлемнен айтады.

Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі.

смайлик арқылы

Сабақтың ортасы

20 минут

Оқушыларға Темірхан Медетбек туралы бейнеролик көрсетіледі.

Т. Медетбек Темірханның «Тәуелсізбін» өлеңін әр топ оқиды.

Оқулықтағы сөз маржанда берілген сөздерді талдап, дәптерлеріне жазады.

1-тапсырма. «Тақтамен бөліс» әдісі

«Тәуелсізбін» өлеңін оқу арқылы авторды қандай адам деп ойлайсыңдар? Тақтаға әрқайсысың бір жауаптан жазыңдар.

Дескриптор

- автор бейнесін анықтайды;

- өз ойларын дәлелдейді.

2-тапсырма. «Қайта құрастыру» әдісі

Әр топқа мұғалім өлеңнің өзі қалаған екі шумағының тармақтарын жеке-жеке қиып береді. Олар тармақтарды мағынасына қарай орналастырып, өлең мәтініне сай құрап шығарады. Бір топқа берілген шумақтар келесі топта қайталанбайды.

Топтар құраған шумақтарының біреуін жатқа айтып береді. Жатқа айту әдісін өздері таңдайды. Бір оқушы айта ма әлде өздері іштей бөліп ала ма, оны топ мүшелерінің өздері шешеді.

Дескриптор

- кейіпкер бейнесін ашады;

- үзіндіні жатқа айтады.

3-тапсырма. Кейіпкер бойынан асқақ рух пен өрлік аңғарыла ма? Автор тарих өткелдерін, қазақ халқының бейнесін қалай сипаттайды? Ойыңызды дәлелдер арқылы жеткізіңіз.

Дескриптор

-өлең жолдарындағы кейіпкер бейнесін ашады;

-дәлелдер келтіреді;

-кейіпкер бойындағы асқақ рух пен өрлікті анықтайды.

Оқушылар Темірхан Медетбек туралы бейнеролик көріп, пікір алмасады.

Т. Медетбек Темірханның «Тәуелсізбін» өлеңін әр топ оқиды. Оқулықтағы сөз маржанда берілген сөздерді талдап, дәптерлеріне жазады.


1-тапсырма. «Тақтамен бөліс» әдісі арқылы оқушылар Т.Медетбектің қандай екенін жазады.

патриот, өз елін сүйетін, арманына жеткен, бақытты, т.б.

2-тапсырма. «Қайта құрастыру» әдісі

І топ:

Тәуелсізбін!

Тәуелсізбін мен бүгін.

Келді, міне, азаттағым, теңдігім.

Бостандықта бойлығым мен ендігім.

Шешіл енді, шемен болған шерлі үнім!

Қарсы қарап қатал мынау заманға,

Айналдық біз қайтпас, қайсар қамалға.

Алды бүгін тәуелсіздік тау, тасым,

орман, көлім, далам менен балам да!

ІІ топ:

Тәуелсізбін –

Өзіме-өзім құдаймын.

Тәуелсізбін –

Нұры - сынды, күн, айдың.

Құласам да емін-еркін құлаймын,

Жыласам да емін-еркін жылаймын.

Тәуелсізбін –

танып тұрмын өзімді.

Ұшырамын қанат байлап сөзімді.

Ешкім енді көкірегімнен итеріп,

Ешкім енді шұқымайды көзімді.

ІІІ топ:

Тәуелсіз ғой ойым менен ұғым да,

бақыт құсым қонды келіп тұғырға.

Тәуелсіздік алды бүгін, қараңдар,

Тойым түгіл

қайғым менен мұңым да.

Заман өтті –

қансыратып қанаған,

Заман өтті –

қалтыратып тонаған.

Тәуелсіздік келді, міне, ақыры!

Зорға жеттім,

Зорға жеттім мен оған...





ҚБ арналған смайлик









5-конечная звезда 1

















































ҚБ арналған мөр

Сабақтың соңы

10 минут

Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау

Кері байланыс: «Кеме» әдісі

Үйге тапсырманы күнделіктеріне жазып алады.

Кері байланыс: «Кеме» әдісі бойынша алдарына таратылған кеменің суретін тапсырманың барлығын орындап, түсінген болса жасыл түске, белгілі бір қиындық келтірген тапсырма болса сары түске, тапсырмалар қиын болған жағдайда қызыл түске бояу арқылы сабақты қорытындылайды.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.12.2018
7260
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі