Жүктерді ұсақ, аз тонналы қатынастарда тасымалдау; пакеттер де және контейнерлерде.
Жүк тасымалы үшін және оның барысында теміржол көлігінің инфрақұрылымы көрсететін қызмет үшін төлемді, сондай – ақ өзге де тиісті төлемдерді яғни қосымша алымдар, вагондарды контейнерлерді пайдалану, жұмыс және қызмет көрсету ақысы, айыппқлды анықтау процессі баға қою деп аталады.
Тасымалдау дегеніміз- жолаушылармен жүкті теміржол көлігімен тасымалдауға даярлау, оны жүзеге асыру және аяқтау барысында атқарылатын ұйымдастыру және технологиялық операциялардың жиынтығы. Теміржол көлігімен тасымалдауға көптеген инфрақұрылымдар қатысады.
Тасымалдау ұдайы қайталанып отыратын мынадай операцияларды атқарудан тұрады: Жүкті жөнелтуге қабылдау, вагондарды жүк тиеуге беруге байланысты маневрлер, вагондарға жүк тиеу, оларды әекту маневрлері, пойыздарды құрастыру және оларды жөнелтуге дайындау, пойыздардың баратын стансасына дейінгі жүрісі, пойыз құрамдарын жол бойында сұрыптау және құрастыру, баратын стансасында тарату, вагондарды жүк түсіретін орындарға беру маневрлері, жүк түсіру және оны қабылдаушыға тапсыру және т.с.с.
Жүк тасымалдау және коммерциялық жұмысы мынадай мәселелерді де қамтиды: жүк тасымалдау ережелері мен маршруттарының жасалуын, олардың сақталуын қамтамасыз ету; озат тасымалдауц әдістерін яғни пакеттеп, контейнерменғ аралас және маршруттап қолдану; тиеу- түсіру жұмыстарын мехиникаландыруды, жүктерді басқа бағыттарға ауыстыруды, коммерциялық тексеру қосындарының, сұрыптау платформаларының жұмысын, басқа да көлік түрлерімен өзара байланысты және т.с.с. қамтамасыз ету.
Көлік түрлеріне қарай теміржол көлігімен жүк тасымалдау тікелей теміржол қатынасымен, тікелей аралас қатынаспен және жекелей аралас қатынаспен тасымалданатын жүктерге бөлінеді.
Тікелей аралас қатынаста - жүк тасымалдауды оның бүкіл жүріс жолына толтырылатын бір ғана көлік құжатымен бірнеше көлік түрлері жүзеге асырады.
Жекелей аралас қатынаста – жүк тасымалдауды әр бір көлік түріне жекелей толтырылатын тасымалдау құжатымен бірнеше көлік түрлері атқарады.
Арнайы теміржол тасымалы аса маңызды мемлекеттік және қорғаныс мұқтаждықтарын қанағаттандыруға, сондай-ақ сотталған және қамауда отырған адамдарды тасымалдауға арналған.
Жүк тасымалдау дегеніміз оларды шығарылатын жеріне тұтыну орындарына дейін жеткізуді білдіреді. Жүк тасымалы өнеркәсіп пен ауылшаруашылық өнімдерін өндіру жұмысын оларды пайдаланатын салада жалғастыруды және аяқтауды көздейді, олар осыдан кейін ғана пайдалануға дайын болады.
Жүк дегеніміз бұл белгіленген тәртіп бойынша жүк вагондарымен, контейнерлермен тасымалдау үшін қабылданған нысан.
Тасымалдау дегеніміз – жолаушылар мен жүкті теміржол көлігімен тасымалдауға даярлау, оны жүзеге асыру және аяқтау барысында атқарылатын ұйымдастыру және технологиялық операциялардың жиынтығы.
Жүк тасымалдауды ұйымдастыру барысында тасымалдау және коммерциялық операциялар орындалады.
Жүк тасымалдау операциясы дегеніміз – бұл қоймадағы жүкті көлік құралдарына тиеу және олардан қоймаға түсіру, жол табаны әр түрлі темір жолмен тасымалдауда жүкті вагоннан–вагонға ауыстырып тиеу, жүкті көліктің бір түрінен екінші түріне ауыстырып тиеу, жүктің бар – жоғын немесе салмағын тексеру үшін оны қойма ішінде жылжыту және т.с.с.
Коммерциялық операция дегеніміз – бұл тасымалдауц және тапсыру құжаттарын, есепке алу және есеп беру құжаттарын толтыру, темір жолмен жүк тасымалдау үшін алымдар мен төлемдердің барлық түрлерін өндіріп алу. Сонымен қатар коммерциялық операциялар мыналарды қамтиды: вагондарды әр түрлі жүктерді тасымалдауға дайындау және оларды коммерциялық тұрғыдан қарап тексеру, жүк жөнелтушілер мен жүк қабылдаушыларға көлік – экспедициялық қызмет көрсету, акт жасау, талап қою, шарт жасасу, іс қағаздарын жүргізу, тарифтік нұсқаулар мен кон
Жүк тасымалдау үрдісін реттеу.
Жүк тасымалдау мен коммерциялық жұмыстар тасымалдауға, негізінен алғанда, оның бастапқы және ақырғы операцияларына, жөнелтілетін жүкті қабылдауға және тиеуге оны түсіруге және жүк қабылдаушыға тапсыруға байланысты мәселелер ауқымын қамтиды.
Жүк тасымалдау және коммерциялық жұмысы мынадай мәселелерді де қамтиды: жүк тасымалдау ережелері мен маршруттарының жасалуын, олардың сақталуын қамтамасыз ету; озат тасымаддауәдістерін қолдану; тиеу–түсіру жұмыстарын механикаландыруды, жүктерді басқа бағыттарға ауыстыруды, коммерциялық тексеру қосындарының, сұрыптау платформаларының жұмысын, басқа да көлік түрлерімен өзара байланысты және т.с.с. қамтамасыз ету.
венциялық тыйым салу кітаптарын толықтыру және түзету.
Жүк тасымалдау ережелері.
Жарғының 9-бабына сәйкес жүктерді, контейнерлерді тиеу, түсіру, сорттау, сақтау операциялары жалпы жұрт пайдаланатын орындарда жүргізіледі. Жүк пен контейнерлерді тиеу – түсіру операциялары жалпы жұрт пайдаланбайтын орындарда атқарылады.
Жалпы жұрт пайдаланатын орындарға жабық және ашық қоймалар, сондай –ақ теміржол стансасының аумағынан арнайы бөлінген, инфрақұрылымның иесіне тиесілі және жүкті, оның ішінде контейнерлерді тиеу, түсіру, сорттау операцияларын орындау үшін пайдаланылатын учаскелер жатады.
Тасымалдау жоспарын ұйымдастыру негіздері.
Тасымалдаудың бірыңғай жаңа моделі оны жедел басқарудың қолданылып жүргенн автоматтандырылған жүйесін алмастырады. Осы заманғы қаржы есеп–қисап айырысу және ақпараттық технологиялар негізінде жүк тасымалдау шартын асыруда жүк тасымалы үшін автоматтандырылған есеп айырысу жүйесі тасымалдауға қатысатын барлық мүшелер арасында ақпараттық – технологиялық өзара әрекеттесуді қамтамасыз етеді.
Жүк тасымалдау және коммерциялық жұмысты дамыту мен жетілдірудің негізгі бағыттары мынадай:
-
жүкті «есіктен есікке дейін», «толассыз жөнелту», «мультимодальдық, транзиттік, интермодальдық» жеткізу технологияларын қоса алғанда, жоғары сапалы көлік қызметін көрсетуге бағдарланған тасымалдау технологиясын енгізу;
-
ішкі және халықаралық қатынастарда жаңа логистикалық жүйелерді жасау және қолданыстағы жүйелерді жетілдіру;
-
жасалған шарттар мен ұзақ мерзімді келісім шарттар бойынша тасымалдауды қамтамасыз етудің кепілді жүйесіне көшу, олардың орындалуын автоматтандырылған бақылау жүйесіне енгізу.
Әскери теміржол тасымалы - әскери бөлімдер мен бөлімшелерді, әскери жүктерді, әскери командалар мен әскери қызметін, ішкі істер органдарындағы, қылмыстық атқару органдарындағы қызметін өтеп жүрген жеке адамдарды, ұлттық қауыпсіздік комитеті органдарының қызметтерін тасымалдауға арналған.
Тасымалдауды ұйымдастыру.
Жолдың тасымалдау қабілеттілігі дегеніміз белгіленген телімнен немесе жол кесінділерінен, уақыт бірлігінде өтетін максимальдық көлік құралдар саны.
Жылжымалы құрамдармен тасымалдау қабілеттілігі дегеніміз бір мезетте тасымалданатын жүктер немесе жолаушылардың техникалық саны.
Транспорттық тасымалдау қабілеттілі дегеніміз транспорт құралдарының және құрылыс пен құрылымдардың жиындығының өткізу қабілеттілігі.
Жолаушылар тасымалдайтын көлікте өндірістік процесті оңтайлы ұйымдастыру жолаушылар қозғалысына жіберілетін уақыт шығынын азайтып жолаушылардың көліктік шаршауын төмендетіп және жұмысшылармен қызметкерлердің атқаратын жұмыстарының сапасымен өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Атқаратын жұмысына қарата, жолаушыларды тасымалдау: маршруттық, экскурсиондық, саяхаттық, қызметтік, вахталық. болып бөлінеді.
Ұйымдастыру түрі бойынша: маршуттық, жалдамалы, тікелей, аралас.
Көліктік пакеттер туралы жалпы ұғымдар.Көліктік пакеттердегі жүк тасымалдауларының шарттары және ережелері.
Көліктік пакет – жүкті өңдеуді, тиеуді, түсіруді және қойма жұмыстарын кешенді механикаландыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін әртүрлі тәсілдер мен пакетке салу құралдарын қолданып бірнеше көліктік қаптама комплектілерінен қалыптасқан іріленген жүк бірлігі. Пакетке салу құралдарына: табандықтар (жайпақ, тіреулік, керегекөзді, жәшіктік), иілгіш және қатты бекіткіштер (таспалар, строптар, торлар, үлдірлер), сым, арқан және басқа да бекіткіш элементтер жатады;
Жүктерді тасымалдауға қабылдауға дейін жөнелту стансасы бұл жүктерді халықаралық теміржолмен тасымалдауға рұқсатын, өтінімнің бар-жоқтығын, жүк жөнелтуші Келісімнің шарттарын орындайтын, тасымалдаушы жоя алмайтын кедергілердің жоқтығын тексеруі тиіс. Жүк шамадан артық тиелетін немесе шекаралық стансаларда вагондар жол табанының ені басқа доңғалақ жұптарына немесе жылжымалы доңғалақ жұптарын қолдану арқылы ауыстырып қойылатын жағдайда бұл мәселелерді тасымалдауға қатысатын барлық темір жолдардың келісімін алғаннан кейін ғана жөнелтілімдер қабылдануы тиіс.
Тікелей халықаралық қатынастарда тасымалдауға жіберілмейтін, сондай-ақ әр түрлі елдердің жодлары арасында алдын ала келісуді қажет ететін заттар мен жүктердің тізбесі Келісімде жарияланған.
Қауіпті жүктер қауіпті жүктерді тасымалдау ережелерінің (Келісім үшін арнайы екі бөлік болып шығарылған) шарттары сақталғанда ғана тасымалдауға қабылданады. Жүктер темір жолдарға тиесілі емес контейнерлермен, табандықтармен, тасымалдау пакеттерімен тасымалданатын реттерде Келісімге қоса шығарылатын Қосымшаларда жарияланған тиісті ережелер қолданылады.
2. Қауіпті жүктердің түрлері.
Жүктер халықаралық қатынастарда тасымалдауға вагондық, ұсақ жөнелтілімдермен және ірі тоннажды контейнерлер жөнелтілімдерімен қабылданады.
Ірі тоннажды контейнерлермен тасымалдау үшін бір жүк қағазымен ұсынылатын жүк немесе бос күйдегі ірі тоннажды контейнер ірі тоннажды контейнер жөнелтілімі деп есептеледі.
Жүк жөнелтуші жүк қағазындағы «Жөнелтілім түрі» графасында тасымалдауға ұсынылатын жүктің қандай жөнелтілім түріне (вагондық, ұсақ немесе ірі тоннажды контейнер жөнелтілімі) жататынын көрсету міндетті. Массасы мен көлемі вагонның ең көп жүк көтерімділігі мен сыйымдылығынан аспайтын жүктер және олардытасымалдау үшін екі немесе одан көп вагондарды тіркестіру (тар табанды теміржол стансаларынан жөнелтуде және т.с.с.) қажет болатын жүктер тасымалдауға вагондық жөнелтілім ретінде бір жүк қағазымен қабылданады.
Тасымалдауға қатысатын барлық жолдардың келісімі болатын жағдайда жүк жөнелтушінің жазбаша өтінімі бойынша бір стансаға және бір қабылдаушының атына баратын бір текті жүкті (кен, көмір және т.с.с.) бір жүк қағазымен тасымалдауға рұқсат етіледі.
Жүктерді вагондық, ұсақ жөнелтілімдермен және ірі тоннажды контейнерлік жөнелтілімдермен қабылдап, жөнелту оларды жөнелтетін теміржолда қолданатын Ережелерге сәйкес жүргізіледі. Жүк жөнелтуші жүк орындарына өшпейтін айқын жазулар жазуы немесе жапсырма бекітуі әлде тақтайша ілуі тиіс, оларда жүк орындарының таңбалары (маркалары) мен нөмірлері, жөнелту стансасы мен жол атаулары, жүк жөнелтуші мен қабылдаушы, ұсақ жөнелтілімдер болса, орындарының саны көрсетіледі.
Ұсақ жөнелтілімдерде әрбір жүк орны таңбалануы тиіс, вагондық жөнелтілімдерде – вагон есігінің маңайына орналасатын жүктердің кемінде 10 жүк орны таңбаланады.
Контейнерлерде және көліктік пакеттерде тасымалдау
Контейнерлік тасымалдау (немесе контейнерлеу) - стандартты модульді контейнерлерді пайдаланып жүк тасымалдау және модульді тиеу жүйесі. Контейнерлер 3,5 тонналық 20 және 40 футты.
Контейнерлік тасымалдау жүктің сақталуын қамтамасыз етеді: контейнер клиенттің қатысуымен пломбаланып, оның немесе өкілінің қатысуымен ақырғы пункте ашылады. Осыған қарамастан, контейнермен жүк тасымалдау тәуекел іспеттес. Жүкті сақтандыру - сізге жүктің жүріс жолындағы кез келген күтпеген жағдайлардан болатын шығындардан құтылу үшін көмектеседі
Контейнер – көліктің әр түрлі түрлерімен тарасыз жүкті тасу үшін қызмет ететін стандартты ыдыс. Контейнерлерді қолдану тиеу-түсіру жұмыстары механизациясын жеңілдетеді, көлік құралдарының айналымын жылдамдатады, жүктің сақталуын жақсартады, көліктік шығындарды азайтады.
Контейнерлер азық-түлік
және халық тұтынатын өндірістік тауарларды, өндірістік және басқа
ұйымдарды материалдық-техникалық жабдықтау заттарын, азаматтардың
үй заттарын және контейнерге жарамды басқа жүктерді ыдыссыз әрі
қаптамасыз, алғашқы қаптамада немесе жеңілдетілген ыдыста және
қаптамасыз қосымша бекітумен тасымалдауға
арналған.
Контейнерлерде тез бұзылатын және қауіпті
жүктерді тасымалдауға рұқсат беріледі.
Жүкжөнелтушілердің, жүк алушылардың, тасымалдаушылардың, өзге де
адамдардың оларға тиесілі емес контейнерлерді тасымалдар үшін
пайдалануына, оның ішінде мұндай контейнерлердің иесінің
рұқсатынсыз жүктерді сақтауына, егер тиісті шарттармен өзгесі
белгіленбесе, рұқсат етілмейді.
Контейнерлердің белгіленген үлгідегі таңбасы бар, барлық
ірітоннаждық контейнерлерге ҚКК тақтайшасы (оны пайдаланудың
қауіпсіздігін куәландыратын) және КБК тақтайшасы (оның жүктерді
кедендік бақылаумен тасымалдауға жарамдылығын растайтын), сондай-ақ
кезекті куәландыру немесе жөндеу мерзімі көрсетілген трафареттер
бекітіледі.
Жаңадан
жасалған және темір жолдар бойынша тасымалдауға алғашқы ұсынылған
мамандандырылған контейнерлер Қазақстан
Республикасының заңнамасында бекітілген техникалық талаптарға
сәйкес келуі тиіс.
Контейнерді
таңбалауға қатысты талаптарды сақтау үшін тасымалдаушының алдындағы
жауапкершілік оның иесіне жүктеледі. Тиісті таңбалау болмаған кезде
контейнерлер тасымалдауға қабылданбайды
көліктік пакет - әмбебап, арнайы біржолғы
пайдаланылатын немесе табандықпен немесе табандықсыз көп айналымдық
пакет құралдардың көмегімен өзара бекітілетін ыдыстағы
(жәшіктердегі, қаптардағы, бөшкелердегі, мамандандырылған
контейнерлердегі) немесе ыдыссыз жүктің жекелеген орындарынан
қалыптастырылған ірілендірілген жүк орны;
әмбебап
контейнер - жүкті орналастыруға арналған ішкі көлемі бар көп рет
қолданылатын, бір немесе бірнеше көлік түрімен жүк тасымалының
сақталуын қамтамасыз ететін, брутто массасы, габаритті мөлшері,
конструкциясы және таңбалануы бойынша стандартты және
механикаландырылған тиеу, түсіру (жүкті босату) және қайта тиеуге
арналған конструкциясы бар, жүктердің кең номенклатурасын
тасымалдауға пайдаланылатын көлік жабдығының біріздендірілген жүк
бірлігі;
әмбебап
орташа тонналық контейнер - тиісінше ең жоғарғы рұқсат етілген
брутто массасы 3 және 5 тонна, сыйымдылығы 5 және 11 текше метр,
тиісінше 3-тен және 5-тен басталатын тоғыз мәнді нөмірі бар әмбебап
контейнер;
әмбебап ірі
тонналық контейнер - брутто массасы 10 және одан көп тонна және
ұзындығы 10 және одан көп ағылшын футы болатын, ИСО стандартына
сәйкес келетін таңбалау коды бар және Контейнерлер жөніндегі
халықаралық бюрода (ВІС) тіркелген әмбебап
контейнер;
Жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру үшін
тасымалдаушы мен жүкті жөнелтуші арасында тасымалдау шарты
жасалады, ол бойынша тасымалдаушы өзіне жүк жөнелтуші сеніп
тапсырған жүкті уақтылы және сақтаулы түрде жөнелту станциясынан
жеткізу станциясына дейін жеткізіп, жүк алушыға тапсыруға
міндеттенеді, ал жүк жөнелтуші (жүк қабылдаушы) жүк тасымалдауға
ақы төлеуге және оны қабылдауды қамтамасыз етуге
міндеттенеді.
Жүктерді
тасымалдау шарты темір жол көлік жүкқұжатын жасаумен
ресімделеді.
Жүк
тасымалдау шарты жүк жөнелтушіге жөнелту станциясының темір жол
көлігі жүк құжатына күнтізбелік мөртаңба қойылып, жүктің
қабылданғаны туралы түбіртек берілген және жүкті тасымалдауға
қабылдау туралы қабылдау-тапсыру құжаттарына (вагондарды
беру-алу ведомосі, жаднама, натурлық парақ) кол қойылған
сәттен бастап жасалды деп есептеледі.
Тасымалдау
шарты жүк алушы немесе уәкілеттік берілген адам темір жол көлігі
жүкқұжатын алғаннан кейін және жол ведомосына, сондай-ақ жүкті
қабылдау туралы қабылдау-тапсыру актісіне қол қойғаннан кейін
орындалды деп есептеледі.
Тасымалдау
үдерісін орталықтан басқаруды және ұйымдастыруды, жүк
тасымалдаушыларға магистральдық темір жол желісінің қызметтерін
көрсетуді магистральдық темір жол желісі операторы жүзеге
асырады.
Тасымалдаушы
жүк тасымалдау бойынша өз міндеттемелерін орындау үшін
магистральдық темір жол желісінің операторы көрсететін
магистральдық темір жол желісі қызметтерін
қолданады.
Магистральдық темір жол желісінің операторы темір жол көлігінде
техникалық құралдарды тиімді пайдалану және қозғалыс қауіпсіздігін
қамтамасыз ету талаптарын негізге ала отырып, магистральдық темір
жол желісі бойынша жылжымалы құрамның өткізілуін қамтамасыз етеді,
тасымалдау үдерісін үйлестіруді, орталықтан басқаруды және
ұйымдастыруды жүзеге асырады.
Жүк
жөнелтуші, жүк қабылдаушы жүкті тасымалдаумен байланысты жұмыстарды
орындау үшін тармақ иеленушісінің, тасымалдаушының, экспедитордың,
жылжымалы құрам иесінің және басқа да адамдардың қызметтерін шарт
негізінде қозғалыстың, техникалық құралдар мен жылжымалы құрамның
қауіпсіздігін қамтамасыз ету шартымен
пайдаланылады.
Вагон
(контейнерлер) операторы тасымалдау үдерісінде қатысушыларды шарт
негізінде вагондармен (контейнерлермен) қамтамасыз ету бойынша,
вагондар (контейнерлер) қозғалысын бөлу және басқаруы
бойынша қызметтер көрсетеді, сондай-ақ тасымалдаушымен шарт
негізінде вагон (контейнер) операторы қызметтерін көрсету жолымен
тасымалдау үдерісіне қатысады
Жүктердi контейнерлер мен тегендерде тасымалдау
Жүктердiң ұсақ топтарын ыдыссыз, бастапқы
орамасымен немесе жеңiлдетiлген ыдыспен тасымалдау әмбебап
контейнерлермен жүзеге асырылады. Ерекше тасымалдау шарттарын қажет
ететiн жүктердiң жеке түрлерiн тасымалдау жағдайында, тасымалдау
мамандандырылған контейнерлермен немесе тегендермен жүзеге
асырылады. Әмбебап контейнерлермен халық тұтынатын азық-түлiк және
өнеркәсiп тауарлары, өнеркәсiптiк және басқа ұйымдардың
материалдық-техникалық бұйымдары, сондай-ақ азаматтардың үй
мүлiктерi тасымалданады.
Тегендермен пакеттелген түрде ыдысты-майда даралы жүктер тасымалданады.
Жүктердi автомобильмен тасымалдаулар үшiн қолданылатын әмбебап контейнерлер және тегендер ұлттық стандарттарға сәйкес келедi, олардың кiмге тиесiлi екендiгiне қарамастан мынадай таңбалары болады:
1) Қазақстан Республикасы;
2) контейнер тиесiлi адамның шартты (қысқартылған) атауы;
3) контейнердiң нөмiрi;
4) ыдыстың массасы, нетто массасы мен брутто массасы, кг;
5 iшкi көлемi, м3;
6) жасалған орны, айы және жылы;
7) соңғы күрделi жөндеуден өткен орны, айы және жылы.
Ескерту. 339-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 23.07.2013 № 735 қаулысымен.
Жүктердi автомобиль көлiгiмен тасымалдауға арналған әмбебап контейнерлердiң негiзгi үлгiлерi, брутто массасы 2,5 (3) тонна (бұдан әрi – т), 5 т, 10 т, 20 т және одан артық контейнерлер болып табылады.
Контейнерлер мен тегендердi тасымалдау үшiн тасымалдаушылар жүк автомобильдердi, ернеулi платформасы бар тiркемелер мен жартылай тiркемелердi немесе мамандандырылған автокөлiк құралдарын (контейнер тасығыштар, фургондар) бөледi.
Контейнерлер мен тегендердi автокөлiк құралдарына тиеу кезiнде мынадай талаптар сақталады:
1) контейнерлер мен тегендер платформаның барлық алаңында, шанақтың алдыңғы ернеуiнен (қабырғасынан) бастап оның бойлық бiлiгiне симметриялы түрде бiркелкi орналастырылады;
2) контейнерлер мен тегендердiң санын және оларды автокөлiк құралында орналастыру схемаларын жүк жөнелтушi мен тасымалдаушы бiрге белгiлейдi, бұл ретте контейнерлердiң немесе тегендердiң брутто жалпы салмағы автокөлiк құралының жүк көтергiштiгiнен аспайды, ал контейнерлер мен табандықтардың көлемдерi автокөлiк құралдарының көлемдерiнен шықпайды, сондай-ақ жол белгiлерiнде көрсетiлген көлемдерден аспайды;
3) қалааралық тасымалдау кезiнде жүк жөнелтушi контейнерлердi автокөлiк құралында есiктерiн платформаның iшiне қаратып орналастырады;
4) қалалық және қала маңындағы тасымалдау кезiнде, шартта автокөлiк құралынан контейнерлердi алмай жүктердi тиеу мен түсiрудi жүзеге асыру көзделетiн болса, контейнерлердi жүк жөнелтушi есiктерiн ернеулерге қаратып орналастырады;
5) контейнерлердiң толық емес жинағын тасымалдау кезiнде, оларды автокөлiк құралы платформасының алдыңғы ернеуiне тығыз орналастырады. Бос контейнерлердi есiктерiн ашық қалдырып тасымалдауға рұқсат етiлмейдi.
Тасымалдаушылар, жүк жөнелтушiлер және жүк алушылар контейнерлер мен тегендердiң алмасу пункттерiн кәсiпорындарда, көтерме-сауда базаларында, материалдық-техникалық жабдықтау базаларында, жүк терминалдарында және басқа да жүктердi жөнелту мен алу пункттерiнде жасауы мүмкiн.
Жүктердi контейнерлермен тасымалдауға арналған жылдық шарттарда немесе бiр жолғы тапсырыстарда мыналар:
1) әрбiр үлгiдегi контейнерлермен жүктердi тасымалдау көлемдерi (оның iшiнде контейнерлердi әкелу және әкету бойынша бөлек түрде);
2) жүк жөнелтушiге бос контейнерлердi әкелу және жүк тиелгендерiн әкету кестесi;
3) контейнерлердi тиеу және түсiру тәртiбi (оларды автокөлiк құралдан алып немесе автокөлiк құралдан алмай);
4) жүк жөнелтушiде контейнерлердi алмасу пунктiн ұйымдастыру, оның жұмыс тәртiбi, айналымдағы контейнерлердiң санын белгiлеу, құжаттарды ресiмдеу тәртiбi және тағы басқа;
5) контейнерлердiң айналым мерзiмдерi келiсiледi.
Тасымалдаушылар тиеу үшiн ақаусыз, берiлген жүктi тасымалдау үшiн жарамды, жүктiң қалдықтары мен қоқыстан тазартылған контейнерлердi бередi.
Берiлген жүктi тасымалдауға арналған контейнерлердiң жарамдылығын жүк жөнелтушi анықтайды. Контейнерде, тасымалдау кезiнде жүктiң сақталуына ықпал етуi мүмкiн қандай да болмасын ақаулықтар байқалған кезде, тасымалдаушы мұндай контейнерге тиеуден бас тартуы мүмкiн.
Жүктердi қаңқасы қисайған, тиек құрал-жабдықтарында немесе пломбалау құрылғыларында ақаулық, көтеру сырғаларында жарықтар немесе айырылған жерлер бар, қаптамасы немесе төбесi зақымдалған және жүктiң жетiспеуiне, бүлiнуiне немесе зақымдануына әкелуi мүмкiн басқа да ақаулықтары бар контейнерлерде тасымалдауға рұқсат етiлмейдi.
Жүктердi контейнерлерде автомобиль көлiгiмен тасымалдау осы Қағиданың 7-тарауына сәйкес жасалатын бiр автомобильмен (автопоезбен) бiр жүк алушының мекенжайына тасымалданатын әрбiр тиелген контейнерге немесе контейнерлер тобына жасалатын тауар-көлiк жүкқұжатымен ресiмделедi.
Тауар-көлiк жүкқұжатында жүк жөнелтушi:
1) «Жүктiң атауы» деген бағанада – жүктiң атауын, контейнердiң нөмiрiн, пломбаның бедерiн;
2) «Орындар саны» деген бағанада – контейнерлердiң санын (әртүрлi жүккөтергiш контейнерлер үшiн бөлек);
3) «Салмағы, кг» деген бағанада жүктiң брутто салмағын және контейнердiң өз салмағын көрсетедi.
Бiр тауар-көлiк жүкқұжатымен ресiмделген бiрнеше контейнердi тасымалдау кезiнде, жүк жөнелтушi онда барлық контейнерлердiң нөмiрлерi мен олардың әрқайсысындағы пломбаларды көрсетедi.
Бос контейнерлердi толтыру үшiн алдын ала әкелу кезiнде тасымалдаушы әрбiр автокөлiк құралына екi данада iлеспе ведомосын осы Қағидаға 14-қосымшаға сәйкес жазып бередi, олардың бiреуi – контейнерлердiң қозғалысын есепке алу үшiн, ал екiншiсi бос контейнерлердi тасымалдау кезiнде орындалған көлiктiк жұмысты есепке алу үшiн қызмет етедi.
Жүк жөнелтушiде контейнерлерге жүк тиеу және жүк алушыларда жүктi контейнерлерден түсiру, әдетте, контейнерлердi автокөлiк құралдан алып жүзеге асырылады.
Тиелген және бос контейнерлердi автокөлiк құралдарынан алуды және қоюды жүк жөнелтушiлер мен жүк алушылар жүзеге асырады.
Жүк жөнелтушi жүктердi контейнерге толық сыйғанынша, бiрақ оның жүк көтергiштiгiнен асырмай толтыруы мүмкiн.
Жүк жөнелтушi жүктi контейнерде, тасымалдау кезiнде оның контейнер iшiнде жылжып кету мүмкiндiгi болмайтындай және жүктеме контейнердiң еденiне бiркелкi бөлiнетiндей етiп орналастырады.
Жүк жөнелтушi жүктi орналастыру кезiнде жүк пен контейнер есiгiнiң арасына 30-дан 50 мм дейiн бос кеңiстiк қалдырады. Жүктердi немесе оларды бекiтуге арналған құрал-жабдықтарды (тiректер, сыналар, төсемелер және басқалар) контейнердiң қабырғаларына, еденiне және төбесiне шегемен немесе қапсырмамен қағуға рұқсат етiлмейдi.
Жүк жөнелтушi жүктердi контейнерлерде ыдыссыз, бастапқы орамасымен немесе жеңiлдетiлген ыдыспен тасымалдау кезiнде, жүктердi қажалудан, майысудан, мұздап қалудан немесе қызып кетуден сақтайтын құралдарды (контейнердiң қабырғаларын қағазбен қаптау, қорғаныш тақтайшаларды, резеңке төсемелердi қою, жүктi жұмсақ оқшаулағыш материалдармен орау және тағы басқа) қолданады.
Контейнерге майланған күйдегi қосалқы бөлшектердi, метиздердi және басқа өндiрiстiк-техникалық мақсатқа арналған өнiмдi тиеу алдында жүк жөнелтушi контейнерге төсеу және контейнердiң қабырғалары мен жүктiң арасына салу үшiн тығыз қағаз қолданады немесе контейнердiң iшкi бетiн ластанудан және зақымданудан сақтайтын басқа шаралар қабылдайды.
Сұйық жүктер контейнерлермен тасымалдауға жеңiлдетiлген ыдысқа (тор жәшiктер, қатырма қораптар) салынған, сыйымдылығы 1 л аспайтын ұсақ ыдыспен (бөтелкелер, банкалар) ғана жiберiледi.
Контейнерге тиелуi немесе одан түсiрiлуi тиеу-түсiру механизмдерiн қолданусыз мүмкiн емес ауыр салмақты жүктер тасымалдауға тасымалдау шарты бойынша қабылданады.
Әмбебап контейнерлермен ыдыссыз сусымалы жүктердi, өткiр және улы заттарды, сондай-ақ иiсi нашар және контейнердiң қабырғалары мен еденiн ластайтын жүктердi тасымалдауға рұқсат етiлмейдi.
Тасымалдаушылар жүгi бар контейнерлердi контейнерлер мен пломбалардың сыртқы тексерiлуi бойынша және жүк жөнелтушi көрсеткен салмақ бойынша жүк жөнелтушiден тасымалдауға қабылдайды және жүк алушыға тапсырады.
Тиелген контейнердi жүк жөнелтушiден қабылдау кезiнде тасымалдаушы контейнердiң сыртқы тексерiлуiн жүргiзедi, пломбаның бүтiндiгi мен жарамдылығын, пломба сымының бүтiндiгiн, сондай-ақ контейнерлердiң нөмiрлерi мен пломбалардың бедерлерiндегi жөнелтушi бақылау белгiлерiнiң тауар-көлiк жүкқұжатында көрсетiлген контейнердiң нөмiрi мен бақылау белгiлерiне сәйкестiгiн тексередi.
Пломбаларының бедерлерi анық емес, сондай-ақ пломбалары дұрыс iлiнбеген контейнердi қабылдауға рұқсат етiлмейдi. Контейнердiң немесе пломбаның ақаулылығы, контейнер нөмiрi мен пломбалардың бедерлерiндегi белгiлердiң және тауар-көлiк жүкқұжатындағылардың сәйкес еместiгi байқалған кезде, тасымалдаушы бұл туралы жүк жөнелтушiге хабарлайды.
Мұндай контейнерлер тасымалдауға байқалған кемшiлiктер жойылғаннан кейiн қабылданады.
Жүк жөнелтушi автокөлiк құралы келгенге дейiн контейнердi тиейдi, оны осы Қағиданың 5-тарауына сәйкес пломбалайды және iлеспе құжаттарды дайындайды.
Жүгi бар әрбiр контейнерге жөнелтушi тиелген орындардың санын көрсетiп, мөрмен және қолмен расталған жүктiң тiзiмдемесiн салады.
Жүк жөнелтушiнiң зақымданбаған пломбасымен жарамды контейнермен келген жүктер жүк алушыға жүктiң салмағы, жай-күйi және жүк орындарының саны тексерiлмей берiледi.
Жүк алушы жүгi бар контейнерлердi қабылдау кезiнде контейнерлердiң сыртқы тексерiлуiн жүргiзедi, пломбаның бүтiндiгi мен жарамдылығын және контейнерлердiң нөмiрлерi мен пломбалардың бедерлерiндегi жөнелтушi бақылау белгiлерiнiң тауар-көлiк жүкқұжатында көрсетiлген контейнерлердiң нөмiрлерi мен бақылау белгiлерiне сәйкестiгiн тексередi және тауар-көлiк жүкқұжатында контейнердi қабылдағаны туралы қол қояды. Жүк алушының тауар-көлiк жүкқұжатындағы қолы мөрмен немесе мөртабанмен расталғаннан кейiн ғана жүк алушы пломбаны алуы және контейнердi ашуы мүмкiн.
Жүк жарамсыз контейнерде, сондай-ақ пломбасы бұзылған немесе болмаған контейнерде келген жағдайда, жүк алушы контейнердi тасымалдаушымен бiрге ашады, салмағын, орындар санын және жүктiң жай-күйiн тексередi және жүктiң жоғалғаны, бүлiнгенi немесе зақымданғаны байқалған жағдайда тауар-көлiк жүкқұжатына жазады немесе осы Қағиданың 11-тарауына сәйкес актi жасайды.
Егер шартта өзгеше көзделмесе, жүктер түсiрiлгеннен кейiн жүк алушылар контейнерлердi жүктердiң қалдықтарынан тазартады, ал шикi мал өнiмдерiн және тез бүлiнетiн жүктердi тасымалдаудан кейiн жүк алушы контейнерлердi жуады және қажет болса оларды дезинфекциялауды жүргiзедi.
Жүктердiң темiр жол станцияларынан, теңiз порттарынан (айлақтардан) және әуежайлардан орталықтандырылған әкетiлуi кезiнде жүк алушылар өздерiнiң мекенжайына келген жүгi бар контейнерлердi, жүктердi көлiктiң тиiстi түрлерiмен тасымалдау қағидаларында белгiленген мерзiмдерде қабылдайды
Пакеттелген жүктердi тасымалдау ерекшелiктерi
. Өздерiнiң өлшемдерi мен қасиеттерi бойынша пакеттелiп жасалуы мүмкiн, жүктердi жүк жөнелтушi тасымалдауға, әдетте, пакеттелген түрде ұсынады.
. Пакет деп ыдыстағы (жәшiктердегi, қаптардағы, бөшкелердi және басқалар) жеке орындардан құралған, бiр-бiрiмен бiр рет пайдаланылатын тасымалдау және сақтау үдерiсiнде әмбебап немесе арнайы немесе көп айналымдық пакеттегiш құралдардың көмегiмен байланыстырылатын тегендердегi немесе оларсыз:
1) механикаландырылған тиеу (түсiру) мүмкiндiгiн;
2) пакеттердiң бүтiндiгiн;
3) автокөлiк құралдарының жүк көтергiштiгiн (сыйымдылығын) барынша пайдалануды қамтамасыз ететiн iрiлендiрiлген жүк орны түсiнiледi.
Пакеттегi жүктердi бекiту құралдарында жүк жөнелтушiнiң бақылау белгiлерi болады және бекiткiштер мен бақылау белгiлерiн бұзбай пакеттерден жеке жүк орындарын алу мүмкiндiгiн болдырмайды.
Жүк жөнелтушiнiң атауы бар пломбалар, құлыпқа бекiтiлген бақылау таспасы, отырғызу пленкасы бақылау белгiлерi болып табылады.
Аталған талаптар дұрыс сақтамай құралған пакеттермен жүктердi тасымалдауға беруге рұқсат етiлмейдi.
. Жүктердi пакеттеудi жүк жөнелтушi оларды тасымалдауға бергенге дейiн жүзеге асырады.
Жүк жөнелтушi пакетте пакеттегi жүк орындарының санын, сондай-ақ пакеттiң брутто және нетто салмағын көрсетедi.
Жүк жөнелтушi ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес пакеттердi қалыптастырады.
Әрбiр пакетке бiрдей орамадағы немесе орамасыз, бiр жүк алушының мекенжайына баратын бiртектi жүктi ғана салуға рұқсат берiледi.
Ескерту. 366-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 23.07.2013 № 735 қаулысымен.
Тегендердегi пакеттермен ыдысты және майда даралы жүктер тасымалданады. Жайпақ тегендерде стандартты ыдыстағы және орамадағы (жәшiктердегi, қораптардағы, қаптардағы және т.б.); тағанды тегендерде – берiктiгi жеткiлiктi емес ыдыстағы майда даралы, тiреу беттерi тегiс емес осал жүктер жәшiктi тегендерде орамасыз жүктер, машина жасау, парфюмерия, резеңке техникалық өнеркәсiптiң ұсақ өнiмдерi тасымалданады.
Кейбiр жүктер (түстi металдардың құймалары, шиналар, бумалар және басқалар) тегендердi қолданбай пакеттелуi мүмкiн.
. Көп айналымдық пакеттегiш құралдарды қауiптi жүктер мен өзiне тән иiсi бар жүктердi пакеттеу үшiн пайдалануға рұқсат етiлмейдi. Мұндай жүктерге ерекше жағдайларда пайдаланылған пакеттегiш құралдарды тасымалдаушы жүк алушыдан – олар тазартылғаннан кейiн, ал қажет жағдайларда жуып және дезинфекцияланғаннан кейiн қабылдайды.
Жайпақ тегендердегi жәшiктердi бекiткiштердiң схемалары осы Қағидаға 11-қосымшада келтiрiлген.
Жүктердi тегендерге шегелермен, қапсырмалармен немесе басқа жүктi немесе тегендi зақымдауы мүмкiн осыларға ұқсас құралдармен бекiтуге рұқсат етiлмейдi.
Пакет құрастыру кезiнде мынадай талаптар сақталады:
1) пакеттiң салмағы тегендiктiң атаулы жүк көтергiштiгiнен аспайды;
2) жайпақ тегеннiң жан-жағынан пакеттiң жиынтық асылмасы 40 мм аспайды.
. Жүк жөнелтушiлерге (жүк алушыларға) тиесiлi тегендер жүктердi тасымалдаудан кейiн, егер шарттардың талаптары бойынша өзгеше көзделмесе, өздерiнiң иелерiне қайтарылады.
Бос тегендердi тасымалдау құны уағдаласу тарифтерi бойынша алынады.
Жүктердi автомобиль көлiгiмен тасымалдауға арналған жылдық шартта немесе бiржолғы тапсырыста:
1) пакеттелген жүктердi тасымалдау көлемi;
2) тегендердiң (пакеттердiң) үлгiлерi мен параметрлерi;
3) пакеттердi тиеу және түсiру тәртiбi мен тәсiлдерi;
4) тегендердi қайтару немесе алмастыру тәртiбi мен мерзiмдерi;
5) пакеттелген жүктердi тасымалдауға тән басқа да жағдайлар қосымша келiсiледi.
Тауар-көлiк жүкқұжатында жүк жөнелтушi:
1) ұлттық стандарттарға немесе техникалық шарттарға сәйкес пакеттер саны, жекелеген жерлердi орау түрлерi, теген типтерi;
2) пакеттегi жүктiң нетто салмағын;
3) пакеттердiң брутто салмағын көрсетедi.
Тауар-көлiк жүкқұжатының барлық қалған деректемелерi осы Қағиданың 4-тарауына сәйкес толтырылады.
Ескерту. 373-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 23.07.2013 № 735 қаулысымен.
Жүктердi пакеттермен жүк жөнелтушiден тасымалдауға қабылдауды және жүк алушыға тапсыруды тасымалдаушылар пакеттердiң санын сырттай тексеру бойынша пакеттердi бөлшектемей және салмағын тексермей тексеру арқылы жүзеге асырады.
Бекiткiшi бұзылып келген пакеттер жүк алушының талап етуi бойынша бөлшектеледi, ал зақымданған жүк орындары салмағы пакеттегi жүк орындарының санын тексеру арқылы берiледi.
Тиелген күйдегi ақаулы тегендердi жүк алушы қабылдайды.
Бос тегендердi алуды, пакеттердi құрастыруды, оларды автокөлiк құралдарына тиеудi және бекiтудi – жүк жөнелтушi, ал пакеттердi босатуды, оларды автокөлiк құралынан алуды, тегендердi түсiрудi, автокөлiк құралдарына бос тегендердi тиеудi жүк алушы жүзеге асырады.
Жүк жөнелтушiлер мен жүк алушылар пакеттелген жүктердiң механикаландырылған тиелуi мен түсiрiлуiн қамтамасыз етедi.
Ақаулы бос тегендердi тасымалдаушылар, жүк жөнелтушiлер және жүк алушылар қабылдамайды
Жүктерді тасымалдаудың контейнерлік транспорттық жүйесі және оның нәтижелілігі. Контейнерлердің топтастырылуы: әмбебаб және арнайы. Контейнерлердің негізгі үлгілері және олардың контрукциясы. Контейнерлердің негізгі мөлшерлері ГОСТ және ИСО стандарттарымен.
Контейнерлік бекеттерінің ғимараттары,контейнерлерді тасымалдау цехтары, контейнерлер орталықтары, «Терминал» орталықтары.
Контейнерлердің тиеу-түсіру жұмысының технологиясы мен мехникаландырылуы. Жартылай автоматтық және автоматтық алуы контейнердің жүк тасымалдауы үшін. Контейнерлік тиеу-түсірудегі техника-экономикалық көрсеткіштері және әр түрлі механикалық құрылғаларының пайдалану ортасы.
Контейнерлік алаңда тиеу-түсіру жұмысы кезінде кешенді жүйенің автоматтық басқарылуы.
Контейнерлерде арту және түсіру жұмыстарының технологиясы мен механикаландырылуы.
Автоконтейнер тасымалдаушылар және олардың пайдалану орталығы. Контейнерлер бекеттері мен терминалының ұйымдастыру жұмысының алдыңғы озат қатарлы әдіс-тәсілдері.
Контейнерлік бекеттердің сыйымдылығы мен мөлшерін анықтау және контейнелерді қайта құрастыруға қажет машиналар санын анықтау.
Контрейлер (контейнер тасығыш автожетек) және олардың құрылысы. Оларды пайдаланудың нәтижелі ортасы. Контрейлерлік орталықтың құрылғысы және контрейлермен бірге тиеу-түсіру жұмыстарын механикаландыру.
Жүктерді тасымалдау кезінде көрсетілетін операциялар.
Теміржол көлігіндегі жүк және коммерция жұмысы теміржол жарғысы негізінде жүзеге асырылады. Жүк жұмысы жалпы пайдалану және жеке пайдалану орындарында атқарылады. Жалпы орындарына тиеу-түсіру операциялары жинақталған теміржол стансасының жүк аулалары жіне теміржол қарамағындағы басқа да тиеу-түсіру қосындары жатады. Жеке пайдалану орындарына мекеме мен кәсіпорын қарамағындағы қоймалар, жүк алаңдары және басқа қосындар жатады.
Тасымалдауға ұсынылатын жүктердің жалпы мөлшерінің 80 процентінен астамы теміржол тармағына үздіксіз рельс жолымен қосылған кәсіпорындар мен мекемелерде тиеліп, түсіріледі. Мұндай жолдар кірме жолдар деп аталады.
Теміржолдың кірме жолдары бар кәсіпорындарымен, мекеме мен қарым-қатынасы, вагондар беру, алып кету тәртібі кірме жолдарды пайдалану шарттарымен реттеледі. Егер кәсіпорындардың бір өндіріс ауданында орналасқан жеке-жеке тұрған көлік цехтары есепті бірлескен көлік шаруашылығы – ӨОТК-ге кірсе, бұлармен кірме жолдарды пайдалануға шарт жасалады.
Локомотив пен вагонды дұрыс пайдалану, олардың тұру уақытын қысқарту тиеу-түсіру жұмыстарын тездету және қаражат үнемдеу үшін кәсіпорындарының кірме жолдары мен стансаның жұмысы біртұтас технологиялық процесс арқылы іске асырылыды.
Тиеу-түсірумен қатар стансада коммерциялық операциялар жүргізіледі. Оларға: жүкті дайындау, салмағын өлшеу және оны тасымалдауға қабылдау, тасымалдау құжаттарын әзірлеу, кіре ақы, алым алу, келген жүктерді алушыларға беру т.б. жатады. Жүк кәдімгі жүк пойызының жылдамдығы мен және көтерме ақы төленген жоғары жылдамдықпен жедел пойызда (тез бұзылатын азық-түліктер, малдар) тасымалданады. Мұнан басқа жүк жолаушылар пойызының жылдамдығы мен багаж вагондарында немесе арнайы пошта-багаш пойызбен тасымалданады.
Вагонды жүк тиеуге беру алдында коммерциялық және техникалық байқаудан өткізеді. Бұл жерже оның жүк тиеуге жарамдылығы анықталады. Жөнелтілетін жүктердің әрбіріне, мейлі толық вагонда болсын, ұсақтап жөнелту болсын, маршрутты пойызда болсын, немесе бір топ вагондарда, немесе бір комплект контейнерлер болсын, мұнда жүк жөнелтуші – негізгі жүк қағазын толтырады. Ол бүкіл жол бойы жүкпен бірге болады және белгіленген стансада жүкті алушыға жүкпен қоса беріледі.
Жүк тасымалдауға жөнелтушінің қаржысы есебінен дайындалады. Жүкті тасымалдау үшін тиеу қосынында жасалған жүк қағазымен қоса қабылдаушы – өткізушіге тапсырады. Бұл қызметкер жүктің қорабын, жөнелту таңбасын қарайды, мұнда жүк алушының мекен-жайы, аты-жөні жазылады. Содан соң бұл жүкті арнайы кітапқа тіркеп, теміржол таңбасын басады. Теміржол таңбасында жүктің аты, орын саны және жөнелткен стансасы мен қай теміржолға қарайтыны көрсетіледі.
Жүк кеңсесіне кіре ақысы анықталып, оны жүк қағазына жазады (кіре ақысы арнайы тариф нұсқауымен анықталады). Бұл ақыдан басқа теміржол жүкті тиеу, түсіру, салмағын өлшеу және кірме жолға вагондарды жеткізу үшін үстеме ақы алады. Көптеген теміржол бөлімшесінде жүкті тасымалдау құжаттарын өңдейтін технологиялық орталық ашылған. Мұнда уақытқа сай есептеу техникаларын қолдану арқылы тасымалдау ақысы есептеледі.
Жүк қағазы негізінде жүк кеңсесінде кіре ақы қағазын толтырады.Ол тасымалдау жоспарының орындалғаны туралы есеп беруге және есеепке алуға, жүктің жеткені туралы есеп беруге, кіре ақы алуға болады.Жүк кеңсесіңде тасымалдауға берілетін ақы алынып, бұл жөніндежүк жөнелтушіге құлақ қағазы беріледі.
Жүктерді қайта тиеу.
Темiржолда жүк операциясын орындау және оларды сақтау үшiн жабық жүк қоймалары, контейнер және ақтара түсiрiлген жүк алаңдары, таразы шаруашылығы, т. б. сол сияқты керек - жарақтар мен ғимараттар кешенi болады. Жабық қойма жүктi тиеу және түсiру жолдарының iшiнде немесе сыртында орналасуына қарай бөлiнедi.
Жүктi қойманың iшiнде жылжытуға бейiмделген қарапайым құралдар мен механизмдерге өздiгiнен жүретiн арбашалар (электрокалар, автокалар) жатады. Сусымалы, кесектелген және дара жүктi конвейер (транспортер) арқылы бiр орыннан екiншi орынға жылжытылып, көшiріледi.
Бөлектеп қапталған жүктердi пакеттеп тасымалдау және тiкелей “вагон-автомобиль” және керiсiнше ауыстырып тиеу (1-сурет.) кеңiнен қолданылуда. Пакеттердi қолдану тасымалдау шығынын 15-30% қысқартуға, ал тиеу-түсiру жұмыстарындағы еңбек өнiмдiлiгiн 3-4 есе арттыруға мүмкiндiк бередi.

Жүкті бекіту түрлері.
Жүк жұмыстарының концентрациясы үшін тиімді жағдайлар, қатты жабындысы бар автомобиль жолдарының желісінің кеңеюімен, жалпы пайдаланудағы елдің күшті автокөліктік шаруашылықтарды ұйымдастырумен, темір жолдардан шалғай орналасқан экономикалық аймақтарға қызмет көрсететін.
Жүк жұмыстарының концентрациясы мәселесінің 2 мақсаты бар:
-
аз қызмет көрсететін станцияларды жабудың дұрыстығын анықтау
2) тірек станцияларын құру және олардың арасындағы жүк жұмыстарын бөлістіру.
Екінші мақсат негізінде, болашақтағы жоспарда жергілікті жүк ағындарын басқарумен және сәйкес тірек станцияларына жүк жөнелтушілер мен қабылдаушылар кәсіпорындары мен мекемелерін дұрыс тіркеумен байланысты.
Жүк жұмыстары станциялардың аз санына шоғырланғанда тиеу-түсіру жұмыстарын механизациялауға және автоматтауға тиімді жағдайлар және жұмыс ресурстарына деген мұқтаждық пен бөлімшедегі жергілікті жұмыстың көлемі азаятыны анықталған.
Автомобиль көлігімен тасымалдаудың өзіндік құнында жанармайға, майлау материалдарына, техникалық қызмет көрсетуге және амортизацияға, оның жолдың бөлігін айнымалы шығындардың 10% - дық көлемді қабылдайды, шығындарды және барлық нормалармен белгіленген автомобильдердің жүргізушілерінің жол ақысына шығындарды ескереді.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Теміржол көлігіміен жүктерді тасымалдау

шағым қалдыра аласыз