Бекітемін
Мектеп директоры:
№ атындағы орта мектебіндегі терроризм және экстремизмгеқарсы күреске арналған ісшаралар жоспары
2024-2025 оқу жылы
|
р/с |
Ісшаралар атауы |
мерзімі |
жауаптылар |
|
Ұйымдастырушылық ісшаралар |
|||
|
1 |
«Терроризмге қарсы күрес » ҚР Заңымен таныстыру |
қыркүйек |
Әкімшілік |
|
2 |
«Сенім телефоны» жұмысын қалыптастыру. |
қыркүйек |
ТЖО, психолог, әлеуметтік педагог |
|
Терроризмге қарсы күрес ісшаралары |
|||
|
1 |
Мектептің қызметкерлерімен оқу-жаттықтыру сабақтарын өткізу |
қыркүйек қаңтар мамыр |
Мектеп әкімшілігі |
|
2 |
Мектептің вахта және тех.қызметкерлерімен қауіпсіздік жұмыстарын өткізу және журнал жүргізу. |
Жыл бойы |
Шаруашылық орынбасары |
|
3 |
Оқушылар мен ата-аналар арасында түсіндірме жұмыстарын ұйымдастыру |
тоқсан сайын |
ДТЖО 1-11 сынып жетекшілері |
|
4 |
Рейд жүргізу |
кесте бойынша |
ДТЖО сынып жетекшілері |
|
5 |
Жазғы мектеп жұмысы кезіндегі тәрбиешілер мен қызметкерлерге және лагерь балаларына қауіпсіздік нұсқаулығын өткізу |
мамыр-шілде |
Лагерь басшылары Лагерь тәрбиешілері |
|
Оқушылармен өткізілетін ісшаралар |
|||
|
1 |
Терроризмге байланысты әдебиеттердің кітапхана қорында болмауын тексеру |
қыркүйек |
Әкімшілік кітапханашы |
|
2 |
Дін деген ұғымды қалай түсінесің?» |
қазан |
кітапханашы |
|
3 |
Діни экстремизмге қарсы күреске байланысты сауалнама жүргізу |
Сәуір |
Мектеп психологы5-11с/жетекшілер |
|
4 |
Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыруын қадағалау |
жыл бойы |
1-11сынып жетекшілер |
|
5 |
Әскери-патриоттық айлық өткізу |
наурыз |
А.Сәрсенов1-11сынып жетекшілер |
|
6 |
«Стресті жеңу жолдары» тренинг өткізу |
қазан қаңтар сәуір |
9-10 сынып жетекшілері психолог |
|
|
«Назар
аударыңыз, қауіп!» суреттер көрмесі |
Қаңтар |
Сынып жетекшілер |
|
7 |
«Терроризм мен экстремизмнің қоғамға қатері» тақырыбында диспут өткізу |
ақпан |
8-10 сынып сын жетекшілері |
|
8 |
Құқықтық – акпараттық тақырыптарға сынып ата-аналар жиналыстарын ұйымдастырып өткізу |
кесте бойынша |
Тәрбие орынбасарлары 1-11сынып жетекшілері |
|
9 |
«Жас Отан» жастар қозғалысының маманымен кездесу өткізу |
кесте бойынша |
Тәлімгер |
|
Ісшараларды ақпараттық қолдау |
|||
|
1 |
Төтенше жағдай басқармасының оқушыларға арналған бүктемелерін тарату |
кесте бойынша |
Төтенше жағдайлар басқарма мамандары 1-11сынып жетекшілері |
|
2 |
БАҚ-та ісшаралар қорытындысын жариялау, сайтқа орналастыру |
жыл бойы |
Тәрбие орынбасарлары 1-11с/жетекшілері |
|
3 |
Терроризм деген не? Өзіңді қалай қорғауға
болады?» |
мамыр |
8-11 сынып оқушыларымен дөңгелек үстел |
Тәрбие жөніндегі орынбасары:
Үшарал қаласы №1 орта мектебі» коммуналдық
мемлекеттік мекемесі
Терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету бойынша
өткізілетін іс-шаралар жоспары
2017-2018 оқу жылы
№ Іс-шаралар Мерзімі Жауапты
1 Оқушылар мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша
жұмыс комиссиясын құру. Қыркүйек Мектеп директоры
2 Терроризмге және өртке қарсы ата-аналарға жаднама рәсімдеу.
қыркүйек 1-11 сынып жетекшілері
3 Терроризмге қарсы шаралар жоспары мен ақпараттарды мектеп сайтына
орналастыру қазан Информатика пән мұғалімі Тұрсынбаев А
4 «Табиғи түрдегі төтенше жағдайлар кезіндегі ұйым қызметркелерінің
іс-әрекеті» қызметкерлерге кеңес Қараша Мұратханов А
5 Діни экстремизм және терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыс
шеңберінде «Дін деген ұғымды қалай түсінесің?» 9-11 сыныптар
арасына дөңгелек үстел қараша Тоқтарбаева Б
Инкарбеков М
6 «Терроризм деген не? Өзіңді қалай қорғауға болады?»
(8-11 сынып оқушыларымен дөңгелек үстел) желтоқсан Мұратханов А
8 сынып жетекшілері
7 Жастар арасында тағатты сана мен патриоттық сезімдерін нығайту,
сондай-ақ бұрмаланған діни көзқарастардың қалыптасуын алдын алу
мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуі Желтоқсан
Тоқтарбаева Б
Инкарбеков М
8 «Табиғат аясында болған жағдайдағы алғашқы медициналық көмек»
кеңес қаңтар Сайболатова А
Тұралықова Б
9 «Назар аударыңыз, қауіп!» суреттер көрмесі Қаңтар
Педагог-ұйымдастырушы
Қарабекова А
1-5 сынып жетекшілері
10 «Тыңдаңыз!Төтенше жағдай!» жоспарлы оқыту, балаларды
эвакуациялау ақпан Н.Жұмағалиев
Мұратханов А
11 «Барлық бала білсін, оттан аулақ жүрсін» тәрбие сағаттарын
өткізу ақпан 6-11 сынып жетекшілері
12 «Көше бізге қорқынышты емес»
жол тәртібі бойынша сайыс өткізу наурыз Нұрсеитов Б
5-7 сынып жетекшілері
13 «Терроризм және интернет» тәрбие сағаттарын өткізу наурыз 1-11
сынып жетекшілері
14
«Жол белгілері не үшіне керек?» өнегелі мультфильмдер көрсету мамыр
1-4 сынып жетекшілері
Террористік актілерді болдырмау жөніндегі
ата-аналар мен оқушыларға арналған жаднама
Мұқият болыңыздар! Үйіңіздің кіреберісіндегі, аулаларыңыздағы,
көшедегі бөгде заттар мен адамдарды дер кезінде өздеріңіз ғана
байқай аласыздар.
Қырағы болыңыздар! Маңайдағы адамдардың жүріс-тұрысына, орынсыз
жатқан иесіз мүліктер мен заттарға көңіл аударыңыздар.
Үйлеріңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіздер: кіреберісте
домофонымен темір есік орнатыңыздар, жертөлелер, үй шатырлары және
техникалық ғимарат есіктерінің ашық - жабықтығын тексеріңіздер.
Көліктегі жолаушының күдікті жүріс-тұрысын көріп тұрып, байқамаған
сыңай танытпаңыздар! Сіздер көлікпен жүру қауіпсіздігін сақтауға
толық құқыларыңыз бар.
Ешқашан, тіпті, өте қауіпсіз болса да, қандай да бір сақтау немесе
басқа біреуге беру үшін біреудің қолынан зат алмаңыздар.
Адамдар аз (иесіз) жерде күдік тудыратын затты тауып алу сіздің
сақтығыңызды әлсіретуге тиіс емес. Қаскөй адам оны бір нәрседен,
біреуден қорыққандықтан тастай қашуы мүмкін.
Тіпті, сіздің жарылғыш құрылғыларын білетін жеке тәжірибеңіз болса
да, онымен бір нәрсе жасауға тырыспаңыз. Өздігінен жарылғыштар өте
сезімтал және әккі болып келеді.
Күдік тудыратын затқа жақындамаңыздар, тіпті қол тигізбеңіздер, бұл
- өмірлеріңізге өте қауіпті.
Балаларыңызға қауіпсіздік шараларын: бейтаныс адаммен көшеде
сөйлесуге, үйде есік ашуға, жерде жатқан иесіз ойыншықты алуға,
көзге түскен затқа жақындауға болмайтынын және т.б.
үйретіңіздер.
Күдікті тұлғаларды байқаған жағдайда ата-аналар мен оқушыларға
арналған жаднама
Терроризм актілерін дайындау немесе жоспарлауды куәландыратын
белгілері:
1. сіз жұмыс істейтін немесе үйдің ауласында, ғимарат айналасында
(жиі баратын жеріңізді) күдікті тұлғалардың бірнеше рет көрінуі,
фото және бейне түсірме жасауы, сондай-ақ дәптерге жазба жасау;
2. құқық қорғау орган қызметкерлерімен кездесуден қашу және бейне
камерадан бұлтару әрекеттері (басын түсіру, бұрылып кету, бетін
жабу);
3. жер төле және шатырларға техникалық қызмет көрсетуге қатысы жоқ
тұлғалардың кіруі;
4. тұрғын және әкімшілік ғимараттарға қызмет көрсететін персоналдар
және күзетушілермен бейтаныс адамдардың негізсіз байланысқа түсуі,
олардан жұмыс тәртібі, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар
және т.б. жөнінде мәліметтерді жинақтау;
5. бөгде тұлғалармен маңызы төмен жұмыстарды (пакет, түйіншек,
посылка беріп жіберу) ірі сыйақыға орындайтын тұлғаларды
іздеуі.
Күдікті тұлғаларды байқаған жағдайда келесі іс-қимылды орындау
қажет:
1. Ұстауға өздігімен әрекет қабылдамау;
2. Олар жөнінде құқық қорғау органдарына шұғыл хабарлау;
3. Өзіңіз назарға түспеу, тұлғалардың санын, нақты сыртқа
белгілерін, киімдерін және оларда бар заттарды, қолдануындағы
автокөлік номерін және маркасын, қозғалыс бағытын белгілеп алу.
Күдікті зат тауып алған кездегі ата-аналар мен оқушыларға
арналған жаднама
Біліңіздер: заттардың сыртқы көрінісі оның расында неге арналғанын
жасыруы мүмкін. Жарылғыш заттар үшін камуфляж есебінде әдеттегі
тұрмыстық заттар қолданылады: сумка, пакет, түйіншек, қорап,
ойыншық және т.б.
Табылған заттардың жарылу қаупін куәландыратын, белгілері:
1. көлік маңында, баспалдақта, пәтерде және т.б. орындарда белгісіз
түйіншектің немесе басқада бір заттардың болуы;
2. бөтен сумка, портфель, қорап, басқада заттың: кіреберісте, пәтер
есігінің, көліктің маңында өзгеше орналасуы;
3. табылған күдікті заттан шудың шығуы (сағат механизміне, жиілігі
төмен дыбысқа тән).
Егер де сіз күдік тудыратын зат тауып алсаңыз, ол фактіні назардан
тыс қалдырмаңыз:
1) қоғамдық көлікте:
- заттың (сөмкенің және т.б.) кімдікі екенін немесе кім қалдырып
кетуі мүмкін екенін қасыңыздағы адамдардан сұраңыз;
- егер иесі анықталмаса, табылған зат туралы дереу жүргізушіге
немесе кондукторға хабарлаңыз.
2) үйіңіздің кіре берісінде:
- көршілерден сұраңыз, мүмкін ол зат соларға тиесілі шығар. Егер
иесі анықталмаса, табылған зат туралы дереу құқық қорғау
органдарына хабарлаңыз (тел. 102, 112).
3) көшеде, саябақта және т. б.:
- айналаңызға қараңыз, егер мүмкіндік болса, заттың иесін анықтауға
тырысыңыз. Егер ол анықталмаса, құқық қорғау органдарына шұғыл
хабарлаңыз (тел.102, 112);
- затты бөгде адамдардан оқшаулауға немесе алыс арадан затқа
бөтендерді жібермеуге тырысыңыз. Құқық қорғау органдарының
қызметкерлері келген бойда зат табылған уақыт туралы ақпарат
беріңіз.
4) мекемелерде, ұйымдарда:
- тауып алған зат туралы объект күзетшісіне немесе әкімшілігіне
дереу хабарлаңыз.
Табылған затпен немесе күдік тудыратын заттармен жеке іс-қимыл
жасауға тырыспаңыз, олар жарылғыш құрылғылар болуы мүмкін, бұл
жарылысқа, көптеген құрбандыққа, қирауға әкелуі мүмкін.
Үзілді-кесілді тыйым салынады:
- табылған затты ұстауға, ашуға және орнынан қозғауға, бір жерден
екінші жерге апаруға, қолға алуға;
- табылған затты қалтаға, портфельге, сөмкеге салуға және т.б.;
- жерге көмуге немесе оларды су қоймаларына тастауға;
- заттардан шығып тұрған сым темірлерді немесе сымдарды үзіп
тастауға немесе тартуға, оларды залалсыздандыруға тырысуға;
- табылған заңсыз затты пайдалануға;
- оған жақын аралықта радио- және электрлі - аппараттарын, ұялы
телефондарды пайдалануға;
Жарылғыш құрылғылардың іске қосылуы нәтижесінде жарылыс
аймағында
немесе ғимараттың қираған үйінділерінің арасында қалған
жағдайға
арналған жаднама
Егер сіз жарылу аймағында қалсаңыз, естен танбай, қимылдай алатын
халде болсаңыз, ең бірінші кезекте түтін мен жалын жоқ жерге қарай
жүруге, еңбектеуге тиіссіз.
Егер сіз жарылыс кезінде зардап шекпесеңіз, ал қасыңызда зардап
шеккен адамдар болса, олардың жан-күйлерін бағалаңыз: тамыры соға
ма, адам есін жоғалтқан жоқ па? Ешқашан оның есін мүсәтір арқылы
жиғызуға тырыспаңыз. Естен тану – бұл организмнің сыртқы әсерден
қорғануы. Егер зардап шеккен адамның сынған жерлері болмаса (оның
сүйектерін мұқият басып көріңіз), оны қырынан жатқызыңыз. Ол
шалқасынан жатса, құсыққа шашалып, етпетінен жатса тұншығып қалуы
мүмкін. Күре тамырдан қан кеткен (алқызыл қан шапшып жатса) кезде
жарақатты неғұрлым тез, тым болмағанда саусақпен басып, содан соң
жараның жоғары жағынан жіппен, белбеумен, баумен, белдікпен таңу
керек.
Егер сіз ғимараттың қираған үйінділері арасында қалсаңыз,
саябырлауға тырысыңыз. Терең және бірқалыпты тыныс алыңыз. Өзіңізді
құтқаратынына иландырыңыз. Дауыстап және заттарды соққылау арқылы
адамдардың назарын аударыңыз. Егер сіз ғимараттың қираған
үйінділерінің түбінде қалсаңыз, сізді жаңғырық дыбыс анықтағыш
арқылы тауып алу үшін кез келген металл затты (сақина, кілт және
т.б.) оңды-солды қозғап, дыбыс шығарыңыз.
Егер бекітулі кеңістікте болсаңыз, оттықты тұтандырмаңыз. Оттегін
сақтаңыз.
Қабырғалардың қайта опырылып құлауын болдырмауға тырысып, абайлап
жылжыңыз, сырттан соққан ауаның қозғалысы бойынша бағдар ұстаңыз.
Егер мүмкіндігіңіз болса, қолға ұстауға келетін заттардың
(тақтайлар, кірпіштер және т.б.) көмегімен төбені бекітіңіз, содан
соң көмек күтіңіз. Қатты шөл қысқан кезде кішкентай тасты аузыңызға
салып, сорыңыз, мұрныңызбен тыныс алыңыз.
Адамдарды кепілге алған жағдайдағы іс-қимылдар бойынша жаднама
Адамдарды кепілге алудың әрбір нақты жағдайы өзгеше және
басқалардан ерекшеленеді.
Сонымен қатар егер сіз кепілге алынсаңыз:
1) өз-өзіңізге мүмкіндігінше жылдам келіңіз, тынышталыңыз және
үрейленбеңіз;
2) егер өзіңізді байлап немесе көзіңізді жапса, бойыңызды еркін
ұстауға тырысыңыз, терең тыныстаңыз;
3) болуы мүмкін қатаң сынаққа жеке адами, моральдық және
эмоционалды тұрғыда дайын болыңыз. Осы ретте адамдарды ұстаудың
көптеген жағдайларында кепілге алынғандардың тірі қалғандығын есте
сақтаңыз. Сізді босату үшін құқық қорғау және арнайы органдары
кәсіби шаралар қолданып жатқанына сеніңіз;
4) егер қашып кете алатыныңызға толық сенімді болмасаңыз, қашуға
тырыспаңыз;
5) террористер туралы мүмкіндігінше көбірек ақпаратты есте
сақтаңыздар. Олардың санын, қарулану дәрежесін мақсатқа сай
белгілеу, дене бітіміне, сөйлеу акценті мен тақырыбына,
темпераментіне, өзін ұстау мәнеріне және т.б. сыртқы пішінін
сипаттайтын ерекшеліктерге көңіл аудара отырып, барынша толық
кескінін жасау. Жан-жақты ақпараттың соңынан террористердің жеке
бастарын анықтауда көмегі тиеді;
6) әр түрлі белгілер бойынша өзіңіз отырған (қамалған) орынды
анықтауға тырысыңыз;
7) мүмкіндігінше терезелерден, есіктерден және адам ұрлаушылардың
өздерінен алысырақ, яғни құқық қорғау органдары белсенді шаралар
қабылдаған жағдайда (үй-жайға шабуыл, мергендердің қылмыскерлерді
көздеп атуы және т.б.) неғұрлым қауіпсіз жерге орналасыңыз;
8) ғимаратқа шабуыл жасаған жағдайда қолды желкеңізге қойып, еденге
етпеттеп жатуды ұсынады;
9) егер шабуыл жасаған және басып алған кезде Сізбен әдепкіде
(Сіздің жеке басыңызды анықтағанға дейін) ықтимал қылмыскер ретінде
бірқатар дөрекі іс-әрекетке барса, ашуланбаңыз. Сізді тінтуі,
қолыңызға кісен салуы, байлауы, эмоционалдық немесе жеке басыңызға
жарақат жасауы, тергеуге алуы мүмкін. Бұл тәрізді жағдайларға
түсіністікпен қараңыз, шабуылдаушылардың мұндай әрекеттері (барлық
адамды түпкілікті сәйкестендіргенге және шынайы қылмыскерлерді
анықтағанға дейін) дәлелденген.
Адамды ұрлаушылармен өзара қарым-қатынас:
1. агрессивті қарсылық көрсетпеңіз, шалт және қауіп төндіретін
қимыл жасамаңыз, террористерді өздері ойластырмаған іс-әрекеттерге
итермелемеңіз;
2. мүмкіндігінше адам ұрлаушылармен тікелей көзбен арбасатын
байланыстан қашыңыз;
3. бастапқыдан - ақ (әсіресе, бірінші жарты сағатта) адам
ұрлаушылардың барлық бұйрығын және өкімін орындаңыз;
4. пассивті ынтымақтастық позициясын ұстаныңыз. Сабырлы дауыспен
сөйлесіңіз. Басып алушылардың ашу-ызасын тудыруы мүмкін дұшпандық
рең мен іс-қимылға шақыратын жек көрушілік сезімін білдіруден
қашыңыз;
5) өзіңізді сабырлы ұстаңыз, бұл ретте өз абыройыңызды сақтаңыз.
Үзілді-кесілді қарсылық жасамаңыз, бірақ өзіңізге өте қажетті
жағдайда сабырмен өтініш жасаудан қорықпаңыз;
6) аталған жағдайда қатты күйзелуден қозғалуы мүмкін денсаулық
кінәратыңыз болса, бұл туралы өзіңізді ұстап отырған адамдарға
сабырлы түрде жеткізіңіз. Қалыптасқан жағдайларды ескере отырып,
біртіндеп өзіңіздің жай-күйіңізді жақсартуға байланысты өтініштер
деңгейін арттыруға болады.
Кепілдік жағдайында ұзақ болған кезде:
1) уайым, абыржу және асып-сасу сезімінің орын алуына жол бермеңіз.
Алдағы сынақтарға өзіңізді ойша дайындаңыз. Ақыл-ой белсенділігін
сақтаңыз;
2) ашыну сезімінің пайда болуынан қашыңыз, ол үшін өз-өзіңізді
сендірудің ішкі ресурстарын пайдаланыңыз;
3) жағымды нәрселер туралы ойлаңыз және сондай жағдайларды еске
түсіріңіз. Уақыт өткен сайын сізді босату мүмкіндіктерінің арта
түскенін ойлаңыз. Сізді дәл қазір босату үшін барлық
мүмкіндіктердің жасалып жатқандығына сеніңіз.
4) өзіңізге тұрақты айналысатын бір іс (дене жаттығулары, кітап
оқу, өмір туралы естеліктер және т.б.) табыңыз. Дене және
интеллектуалдық іс-қимылдың тәуліктік кестесін белгілеңіз, оларды
қатаң әдістемелік тәртіппен орындаңыз;
5) күшіңізді сақтау үшін, тіпті ұнамаса және тәбетіңізді ашпаса да
берген тағамның бәрін жеңіз. Осындай қысылтаяң жағдайда тәбетіңіз
бен салмағыңыздың жоғалуы қалыпты құбылыс болып табылатындығына ден
қойыңыз.
Психологиялық орнықтылықты сақтау кепілдегі адамды құтқарудың
маңызды шарттарының бірі. Мұнда ойдың айқындығын сақтауға, жағдайды
дәлме-дәл бағалауға мүмкіндік беретін жағымсыз әсерлер мен
күйзелістерден оқшаулайтын кез келген амал-әдістер тиімді. Келесі
ережелерді ұғып алған пайдалы:
1) аталған жағдайларда қолайлы дене шынықтыру жаттығуларын жасаңыз,
кем дегенде, денедегі барлық бұлшық еттерді кезек-кезек
ширықтырыңыз және босаңсытыңыз;
2) барлық жағдайларда аутотренинг пен медитацияны қолдану өте
пайдалы, олар өз психикаңды бақылауда ұстауға көмектеседі;
3) ішіңізден оқыған кітаптарыңызды, өлеңдеріңізді, әндеріңізді
есіңізге түсіріңіз, жүйелі түрде әр түрлі дерексіз проблемаларды
(математикалық есептерді шығарыңыз, шетел сөздерін есіңізге
түсіріңіз және т.б.) ойлап алыңыз. Сіздің ақыл-ойыңыз жұмыс істеуі
керек.
4) егер мүмкіндік боласа, қолыңызға түскеннің бәрін, тіпті оның
мәтіні сізге мүлдем қызықсыз болса да оқыңыз. Сондай-ақ
жазғандарыңызды қайтып алатынына қарамастан, жазуыңызға да болады.
Ақыл-есті сақтауға көмектесетін осы үдерістің өзі маңызды.
5) Болып жатқан жағдайларды жүрегіңізге жақын алмай, сырттан
қарауға тырысыңыз, соңына дейін істің сәтті аяқталатынына сеніңіз.
Қорқыныш, торығу мен селқостық – бұл үшеуі сіздің негізгі жауыңыз,
оның бәрі – өз ішіңізде жатыр.
Эвакуациялау туралы ақпарат алған кездегі
ата-аналар мен оқушылардың іс-қимылдары жөніндегі жаднама
Егер сіз қауіпсіз жерге көшіруді бастау туралы ақпаратты үйіңізде
естісеңіз:
1) ауа-райына қарай киініңіз, құжаттарыңызды, ақшаларыңызды, бағалы
заттарыңызды алыңыз;
2) электрді, газды, суды ажыратыңыз, пештегі (алау ошақтағы (камин)
отты сөндіріңіз;
3) көшу кезінде қарияларға және ауыр науқастарға көмек
көрсетіңіз;
4) кіреберіс есікті құлыпқа жабыңыз;
5) ғимараттан шығыңыз және көшірушінің командасын орындаңыз, тастап
кеткен үй-жайға жауапты адамдардың рұқсатынан кейін ғана қайта
оралыңыз.
Егер сіз қауіпсіз жерге көшіру туралы ақпаратты жұмыс орныңызда
естісеңіз:
1) асықпай және дүрлікпей жұмыс құжаттарыңызды сейфке немесе
кілтпен жабылатын үстел жәшіктеріне жинаңыз;
2) өзіңізбен бірге жеке заттарыңызды, құжаттарыңызды, бағалы
заттарыңызды алыңыз;
3) ұйымдастыру техникаларын, электр құрылғыларын сөндіріңіз;
4) есікті кілттеп жабыңыз және көшіру тәсілінде белгіленген
бағытпен жүріңіз;
5) ғимараттан шығыңыз және көшіру басшысының командасын
орындаңыз.
Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы
іс-қимыл жөніндегі 2013 - 2017 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту
туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 23 қазандағы № 1141
қаулысы
«Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы
іс-қимыл жөніндегі 2013 – 2017 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарлама туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы
24 қыркүйектегі № 648 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан
Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында діни экстремизм
мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013 – 2017 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар
жоспары (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) (Іс-шаралар жоспарының
реттік нөмірлері 8, 12-16, 25, 26, 28-32, 39-42, 49, 55, 60, 66-95,
97 және 98-жолдар құпия) бекітілсін.
2. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп
беретін мемлекеттік органдар (келісім бойынша):
1) Іс-шаралар жоспарының уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
2) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің
одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан
Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығында
белгіленген мерзімдерде және тәртіппен Іс-шаралар жоспарының іске
асырылуы туралы ақпарат берсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы туралы ережені бекіту жөнінде
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 маусымдағы № 588 Жарлығы
Қазақстан
Республикасының
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс
«Терроризмге қарсы іс-қимыл
туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңы
4-бабы 2-тармағының 3)
тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ
ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан
Республикасының Терроризмге қарсы орталығы
туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы
Президентінің «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
комитетінің Терроризмге қарсы орталығы туралы» (Қазақстан
Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 50, 572-құжат) 2003 жылғы 29
желтоқсандағы № 435 және
«Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 29 желтоқсандағы №
435 өкіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2005 жылғы 8
сәуірдегі № 544 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 18,
207-құжат) өкімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен
бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан
Республикасының
Президенті
Н.Назарбаев
Қазақстан
Республикасы
Президентінің
2013 жылғы 24 маусымдағы
№ 588 Жарлығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының
Терроризмге қарсы орталығы туралы
ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан
Республикасының Терроризмге қарсы орталығы Қазақстан
Республикасында терроризмге қарсы тиімді іс-қимыл жасау үшін
қажетті және жеткілікті жағдай жасау, қолдау және дамыту
мақсатында, соның ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік
органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының осы саладағы
келісілген іс-қимылдарын қамтамасыз ету үшін терроризмге қарсы
іс-қимылды үйлестіру саласындағы уәкілетті орган жанынан құрылатын,
тұрақты жұмыс істейтін консультациялық-кеңесші орган болып
табылады.
Қазақстан Республикасының
Терроризмге қарсы орталығы қызметінің құқықтық негізін Қазақстан
Республикасының Конституциясы, заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері
мен өзге де нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ осы Ереже
құрайды.
2. Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығының негізгі міндеттері, функциялары мен өкілеттігі
2. Қазақстан
Республикасының Терроризмге қарсы орталығының негізгі
міндеттері:
1) терроризмге қарсы іс-қимыл
саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен Қазақстан
Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша Қазақстан
Республикасының Президентіне ұсыныстар дайындау;
2) терроризмге қарсы іс-қимыл
саласында тұжырымдамалық көзқарастар әзірлеу, негізгі басымдықтарды
айқындау, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару
органдары үшін практикалық шаралар тұжырымдау;
3) терроризм профилактикасы бойынша
мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының
қызметін үйлестіру; террористік іс-әрекеттерді анықтау, жолын кесу,
террористік қылмыстарды ашу және тергеу; терроризмнің зардаптарын
барынша азайту және (немесе) жою, сондай-ақ терроризмге қарсы
іс-қимыл саласындағы қоғамдық бірлестіктермен және ұйымдармен
олардың өзара іс-қимылдарын ұйымдастыру;
4) террористік қатерлер мен
көріністердің мониторингі, оларды бағалау және болжау;
5) терроризмге қарсы күрес жөніндегі
республикалық жедел штабтың іс-қимылын ұйымдастыру;
6) терроризмге қарсы іс-қимыл
саласында халықаралық озық тәжірибені енгізу;
7) терроризмге қарсы іс-қимыл
саласында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де
міндеттерді шешу болып табылады.
3. Негізгі міндеттерге сәйкес
Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығына мынадай
функциялар жүктеледі:
1) терроризмге қарсы іс-қимыл
саласында мемлекеттік саясатты дайындауға қатысу;
2) терроризмге қарсы іс-қимылдың
халықаралық практикасын зерделеу;
3) терроризмге қарсы іс-қимылдың
жалпымемлекеттік жүйенің жай-күйіне кері әсер ететін себептер мен
жағдайларды анықтау және жою;
4) Қазақстан Республикасы
Президентінің немесе Үкіметінің шешімдерін талап ететін Қазақстан
Республикасының Терроризмге қарсы орталығының құзыретіне кіретін
мәселелер бойынша ұсыныстар тұжырымдау және енгізу;
5) терроризмге қарсы іс-қимыл
саласында мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару
органдарының қызметін бағалау және оны жетілдіру жөнінде шаралар
тұжырымдау;
6) Қазақстан Республикасының
Терроризмге қарсы орталығының құрамына кіретін мемлекеттік органдар
арасында терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жедел және
өзге де ақпаратпен өзара алмасу;
7) терроризмге қарсы іс-шараларды
іске асыру үдерісінде мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі
басқару органдары қызметкерлерінің жеке қауіпсіздігін қамтамасыз
етуде оларға өзара көмек көрсету;
8) терроризмге қарсы күрес жөніндегі
жедел штабтар қызметіне қатысты мәселелерді қарау;
9) терроризмге қарсы іс-қимыл
жөніндегі қызметін ұйымдастыруда терроризмге қарсы комиссияларға,
орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті
өзін-өзі басқару органдарына практикалық көмек көрсету;
10) терроризм актілерінің жолын
кесу, олардың зардаптарын барынша азайту мен жою бойынша бірлескен
және халықаралық терроризмге қарсы оқу-жаттығуларды және
жаттықтыруларды дайындауды, өткізу мен үйлестіруді қамтамасыз
ету;
11) Қазақстан Республикасы Ұлттық
қауіпсіздік комитетінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет
қызметінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің,
Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің, Қазақстан
Республикасы Қарулы Күштерінің және өзге де мемлекеттік органдардың
жеке құрамын кәсіби даярлауды үйлестіру мен әдістемелік қамтамасыз
етуді қоса алғанда, терроризмге қарсы іс-қимыл саласында кадрларды
даярлау мен олардың біліктілігін арттыру шараларын әзірлеуде және
келісіп жүзеге асырудағы ынтымақтастық;
12) терроризмге қарсы іс-қимылға
қатысатын мемлекеттік органдардың функционалдық мүмкіндіктерін және
материалдық-техникалық базаларын келісім бойынша пайдалану;
13) Қазақстан Республикасының
Терроризмге қарсы орталығының құрамына кіретін мемлекеттік
органдардың бірлескен бұйрығымен бекітілетін Қағидаларға сәйкес
мемлекеттік органдардың терроризм туралы «Антитеррор» ақпараттық
жүйесіндегі электронды ақпараттық ресурстарын құру, сатып алу,
жинақтау, қалыптастыру, тіркеу, сақтау, өңдеу, жою, пайдалану,
беру, қорғау жөнінде шаралар тұжырымдау;
13-1) Қазақстан Республикасының

Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығының
интернет-ресурсын қалыптастыру және дамыту жөнінде шаралар
тұжырымдау;
14) Қазақстан Республикасының

органдардың бірлескен нормативтік құқықтық актілерімен бекітілетін
Дайындау және басып шығару қағидаларына сәйкес Қазақстан
Республикасының Терроризмге қарсы орталығының ведомствоаралық
Ақпараттық бюллетенін шығару;
15) терроризмге қарсы іс-қимылдардың
нормативтік құқықтық актілерін, бірлескен жоспарлары мен
бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі ұсыныстарды мемлекеттік
органдардың қарауына енгізу;
16) терроризмге қарсы іс-қимыл
мәселелері жөніндегі халықаралық орталықтармен және ұйымдармен
терроризмге қарсы іс-қимыл саласында халықаралық ынтымақтастықты
жүзеге асыру;
16-1) «Қазақстан Республикасы
Терроризмге қарсы орталығының жаршысы» мерзімдік басылымын
шығару;
17) Қазақстан Республикасының

органдардың қызметкерлерін терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы
халықаралық ұйымдарға квоталық лауазымға не Қазақстан Республикасы
ратификациялаған халықаралық шарттардың негізінде өкілетті
өкілдердің міндеттерін орындау үшін Қазақстан Республикасының
дипломатиялық өкілдіктеріне штаттық лауазымға белгіленген тәртіп
бойынша жіберу.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер
енгізілді - ҚР Президентінің 04.05.2014 N
814;
06.04.2015 N
1031 Жарлықтарымен.
4. Жүктелген міндеттерді орындау
мақсатында Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы
орталығы:
1) мемлекеттік органдардың,
жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктер мен
ұйымдардың басшылары мен өзге де лауазымды адамдарын Қазақстан
Республикасының Терроризмге қарсы орталығының жұмысына қатысу үшін
шақыра отырып, оның отырысын шақыруға және өткізуге;
2) Қазақстан Республикасы

органдардың лауазымды адамдарының, терроризмге қарсы комиссиялар
басшыларының есебін Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы
орталығының отырыстарында тыңдауға, терроризмге қарсы
комиссиялардың тиісті жылға арналған жоспарларын келісуге,
терроризмге қарсы іс-қимыл саласында мемлекеттік органдар мен
жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жұмыс қорытындыларын
талқылауға;
3) терроризмге қарсы іс-қимыл

органдарының, қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдардың өзара
іс-қимылдарын үйлестіру мен жетілдіру үшін өз құзыреті шегінде
қажетті шешімдер қабылдауға;
4) Қазақстан Республикасының
Президентіне, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігіне,
Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесіне, Қазақстан
Республикасының Үкіметіне терроризмге қарсы іс-қимыл саласында
жүктелген міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін орталық және
жергілікті атқарушы мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарын
жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізуге;
5) мемлекеттік органдардан,
жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан, қоғамдық бірлестіктерден,
меншік нысанына қарамастан ұйымдардан терроризмге қарсы іс-қимыл
саласында қажетті материалдар мен ақпаратты белгіленген тәртіп
бойынша сұратуға және алуға;
6) Қазақстан Республикасының
Терроризмге қарсы орталығының құзыретіне кіретін мәселелерді шешу
үшін ведомствоаралық жұмыс топтарын құруға және осы топтардың жұмыс
тәртібін айқындауға;
7) мемлекеттік органдар мен
жергілікті өзін-өзі басқару органдарының лауазымды тұлғалары мен
мамандарын, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдардың
өкілдерін (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының Терроризмге
қарсы орталығының жұмысына қатыстыру үшін тартуға;
7-1) шет мемлекеттермен, халықаралық
ұйымдармен және орталықтармен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері
бойынша меморандумдар мен шарттарды әзірлеуге және жасасуға
қатысуға;
8) Қазақстан Республикасының
Терроризмге қарсы орталығының қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті
қызметтік құжаттар мен материалдарды сақтауды және пайдалануды
жүзеге асыруға, қажет болған жағдайда және келісім бойынша
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік
органдардың ақпараттық деректер жүйелерін пайдалануға құқылы.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс
енгізілді - ҚР Президентінің 06.04.2015 N
1031 Жарлығымен.
3. Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығының құрамы
5. Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы лауазым бойынша Қазақстан
Республикасының Терроризмге қарсы орталығының басшысы болып
табылады.
Қазақстан Республикасының
Терроризмге қарсы орталығының басшысы:
Тақырыбы: «Терроризм және оның зардаптары»
Мақсаты: А) Оқушыларға терроризм туралы терең түсінік беру,
оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру;
Ә) Жасөспірімге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын
ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік
бағытта арандатуға жол бермеу;
Б) Жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен
ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты
ұстанымы екенін ұғындыру.
Өтілу түрі: ойталқы, пікірталас.
Көрнекілігі: бейнефильм,
слайдтар.
Тәрбие сағатының жүрісі:
Мұғалім сөзі:
- Терроризм не екендігі туралы біздің заманымызда айтылған сөз көп.
Бұл сөздің анықтамасы адамдар мен қоғамға байланысты әртүрлі
болады. Мысалы, көптеген тұлғалардың анықтамасы бойынша «терроризм»
сөзі өзінің ұғымында джихадты, муджахидтарды, шариғат елдерінде
жаза қолдануды қамтиды. «Терроризм» – араб тілінде «ирхаб» сөзімен
аталады, мағынасы – «қорқыту». Тероризм мен діни экстремизм адамзат
баласына қауіп пен қатер төндіретін ұйымдар. Олар өз мүдделерін
жүзеге асыру үшін небір озбыр әрекеттерге барады. Билік пен
байлыққа қол жеткізу үшін ештеңеден тайсалмайды. Билікті орнынан
кетіріп, дінді сылтау етіп, адамдар өміріне қауіп ұялатады. Қоғам
арасында алауыздықты тудырып, тыныштықты бұзады. Ендеше біз бүгінгі
тақырыбымызда «терроризм» ұғымы туралы кеңінен түсінік алатын
боламыз.
І. Ой қозғау.
- Оқушылар, «терроризм» деген сөзді айтқанда ең бірінші ойларыңа не
келеді?
Ассоциация ТЕРРОРИЗМ
ІІ. Мағынаны тану.
1. Терроризм - [ лат. terror - қорқыныш, үрей] - саяси мақсатты
сылтауратып күш қолдану; ұғым XVIII соңында ұлы француз төңкерісі
кезінде якобиндықтар жүргізген репрессиялық саясатты атауда
қолданылды.
Террористік іс - әрекеттер тек ер адамдарға қатысты ма?
- Террористік іс - әрекетке тек ер адамдар емес, әйел адамдар да
барады. Қазіргі кезде жанкешті - мерген әйел адамдардың көбеюі
байқалады.
Террористік әрекеттердің нәтижесінде мемлекеттік бюджетке айтарлықтай материалдық зиян келтіріледі. Жарылғыш заттар қойылғандығы туралы жалған ақпараттар бойынша ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік органдарының арнайы қызметтері, төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің құтқару бөлімшелері, жедел медициналық жәрдем бригадалары бір мезгілде дабылмен көтеріледі. Олар «террористің» нұсқаған жерінде бірнеше сағат бойы жұмыс істейді. «Жарылғыш заттар қойылған» нысандарда өндірістік қызметтер немесе оқу процестері тоқтатылады, ұшақтардың ұшып-қонуы және пойыздарды жөнелту кестелері бұзылады, қоғамдық қауіпсіздік зардап шегеді, әдетте аталған ғимарат «толықтай залалсыз» деп табылғанша ондағы қызметкерлер, жұмысшылар, тұрғындар немесе оқушылар әбігерге түсіп, уақытша қауіпсіз жерге эвакуацияланады. Бірақ көптеген жағдайларда мұндай ақпараттар расталмайды. Бірақ жалған ақпарат таратып, дүйім жұртты әбігерге салатын террористердің артынан анықталып, қатаң жазаланатынын көпшілік біле бермейді.
Ең көп тараған «телефондық терроризм» нысандарына – вокзалдар, әуежайлар және көлік бекеттері (37,2%), демалыс және ойын-сауық орындары (24,8%), әкімшілік ғимараттар (18,6%), оқу орындары (16%), тұрғын үйлер (15,1%) жатады. Сараптама көрсеткендей «жалған террористердің» көбі ер адамдар болып табылады. Сондай-ақ кәмелетке толмағандар, әсіресе, мектеп оқушылары мен студенттер көбінесе қойылған «бомбалар» туралы жалған хабарлама бере отырып, «қалжыңдауды» әдетке айналдыруда. Бірақ бұл қалжыңның арты насырға шабатынын біле бермейді. Адамдарды қылмысқа итермелейтін белгілі бір себептер болады. Мәселен, сабақ оқығысы келмейтін оқушылар, жұмыс істегісі келмейтіндер, бұзақылық пиғылмен кек алғысы келетіндер осындай әрекеттерге барады. Сондай-ақ көреалмаушылық, қызғаныш немесе психикалық күйзелістер де себеп болуы мүмкін.
Терроризмге қарсы күрес туралы
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шiлдедегi N 416-I Заңы
Осы Заң Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы күрестiң құқықтық және ұйымдастырушылық негiздерiн, мемлекеттiк органдардың және меншiк нысандарына қарамастан ұйымдардың қызмет тәртiбiн, сондай-ақ азаматтардың терроризмге қарсы күрестi жүзеге асыруға байланысты құқықтарын, мiндеттерi мен кепiлдiктерiнбелгiлейдi.
• Телефон қоңырауынан қауіп төнгендегі іс-әрекеттер:
• 1.Түскен хабарламаны құқық қорғау мекемесіне жеткізу керек.
• 2.Сөздерді толық қатесіз есте сақтап қалу немесе оны қағазға жазып алу керек.
• 3.Хабарлаған адамның ( ер,әйел) айтылған сөзін, дауысының мәнерін , (ашық, төмен тағы басқа) кекештігін толық есте сақтау
• 4.Сөйлескен кезде мынандай сұрақтарға жауап алуға тырыс: -қайда,кімге қоңырау шалу - қайда, қалай байланысу
• 5.Қоңыраудың қай уақытта шалынғанын есте сақтау.
• 6.Байланыс кезінде қандай дауыстар болғанын (дауыстың көлікте,поезда тағы басқа) анықтап қалуға тырыс.
Сабақ
мақсаты:
Білімділік: Діни экстремизмнің алдын алу бойынша жастардың
діни сауаттылықтарын ашу;Дін мәселесі жөнінде оң пікір
қалыптастыру.Сондай – ақ қазақ қоғамын жайлап бара
жатқан түрлі келімсек дүние ағымдар, олармен күресу, сақтану
жолдары турасында пікірлесу.
Дамытушылық: Діни наным — сенім мен олардың пайда, зияны турасында
өмірден нақты мысалдар келтіре отырып түсіндіру. әлемдік діндер мен
түрлі ағымдарға байланысты ой — өрісі мен дүниетанымын кеңейту.
Тәрбиелік: Елжандылыққа, отансүйгіштікке, ізгілікке, мейірімділікке
баули отырып, имандылық тәрбие
беру
Өткізілу түрі
: Әңгіме, пікірлесу
Діни экстремизм аясында төмендегідей сауалдарға байланысты
өрбіді.
-
Дін дегеніміз не?
-
Дінге деген жастардың көзқарасы қандай?
-
Әлемдік діндерден секталардың айырмашылығы қандай?
-
Қазіргі заманда қоғамға қалай ықпал етуде?
-
Діни экстремизм деген не, оны қалай түсінеміз?
-
Діни экстемизм салдарынан әлемде нелер болып жатыр?
-
Хижап, паранжа , қысқа балақты шалбар, сақал қою мәселерін қалай түсінуге болады?
Және де көптеген діни ағымдардың пайда болуына байланысты, қоғамда кері саяси ұғымдардың пайда болуы, адамның сана сезімін улайтын, әлемдік діндердің атын жамылып теріс бағыт беретін діни секталардың экстремалды түрде қаптауы туралы мәселелер
Экстремизм терминін қазақ тіліндегі мағынасын
түсіндіріп кететін болсақ: Экстремизмлатынныңextremus – деген сөзінен
шыққан. Ол «ең соңғы, ақырғы, төтенше» деген мағынаны білдіреді.
Әрине, экстремизмнің түрлерінің бәрі – терроризм, расизм, этноцид,
геноцид – бәрі де күш қолдануға сүйенген. Экстремизмнің бүгінгі
таңда кең тараған түрі – терроризм. Terror – латын сөзі – қазақшаға
аударғанда қорқыныш, үрей деген мағынаны білдіреді. Террорлық
әрекеттің басты мақсаты қоғамда үрей, қорқыныш, әбігер туғызу,
елдің тыныштығын бұзу, өзіне көпшіліктің назарын аудару арқылы
өздерін үлкен саяси күш ретінде таныту болып табылады. Өмірде
радикалды саяси ілімдер, саяси ұғымдар, түсініктер жиі кездеседі.
Олар бірте-бірте кең етек алып, күш жинап, нақты практикалық
әрекетке ұласады, яғни террорға, ұйымдасқан бандитизмге, қарақшылық
қылмыс жасауға барады. Осы бір келеңсіз жағдайлардың кесірінен
қаншама бейкүнә жандар қаза табады. Адамның омірі адам үшін ең
қымбатты қазына болып саналады, осы қымбат қазынадан айыруға
ешкімнің құқығы жоқ! Қазіргі кезеңде әлемде кең етек алып отырған
бұл індетті материалдық қана емес, рухани мешеуліктің, адамдар
бойындағы гуманистік сезімдердің тұрпайылануының салдары деп
ұғынған жөн. Сондықтан да бұл ғасыр қасіретімен күресте осыны басты
назарда ұстауымыз керек.
Әлемдік діндер — БУДДИЗМ, ХРИСТИАН, ЗОРОАСТРИЗМ, ДАОСИЗМ, ИСЛАМ осы
діндердің барлығы әлеуметтік жағдайдан туындаған діндер. Осы
әлемдік діндер адамды адамгершілікке және тазалыққа, төзімділікке,
білімге, бірлікке шақыратын таза діндер болып табылады.Бірақ осы
заманда әлемдік діндердің кейпін танытып, бейнесін салып жүрген
көшірме діндер қаптап кетті. Осындай жасанды діндердің салдарынан
қоғамда терроризм және діни экстремизм терминдері пайда
болды.
Діни экстремизмнің салдарынан адамның санасы уланып теріс жолдарға түсіп жатқан адамдар аз емес.
Деректерге сүйенер болсақ нағыз экстремистік топтардың тауқыметін батыс елдері көруде. Соңғы жылдары АБД, Еуропа елдерінде саңырау құлақша қаптап кеткен христиан фундаменталист ұйымдары мен түрлі-түрлі секталар салдарынан мыңдаған адамдар аянышты хәлде қаза тапты. Мәселен, АБД-нің Калифорния (штатт) Сан Диего қаласында «Ұлық бұлақ» деп аталған сектаның 39 мүшесі, 1997 жылы 26 наурыз күні өздерін улап өлтірген. 1978 жылдың 18 қарашасында Оңтүстік Америкадағы Гуяна мемлекетінің Джеймстаун (Jamestown) қаласында «Халықтың храмы» деген сектаның 912 мүшесі циан газымен өз-өзін өлтірген. Францияның Сен Пиер қаласындағы «Күн храмы» сектасының 16 мүшесі 1995 жылы 23 желтоқсан күні өз-өздерін өртеп өлген. Осы сектаның Швейцарияның екі қаласындағы мансұбтары (мүшелері) 1994 жылы 5 қазан күні өздерін өртеп өлді. Күн храмы сектасының Канададағы белсенділері де тыныш тұрған жоқ: шығыс аймақтағы Морин төбесі деп аталатын мекендегі 5 адам 1994 жылы 4 қазан күні, ал, Сен Касмирдегі 5 адам болса 1997 жылы 23 наурыз күні өздерін атып не өртеп өлтірген. Американың Техас штатындағы Вако қалашығындағы «Давидиан» сектасына мүше 80 адамы 1993 жылы 19 сәуір өздерін өртеп өлтіргені әлем жұртшылығының әлі де есінде. Филипиндегірұһбан (монах) ДатуМангайаның сектасының акциясында 1985 жылы 19 қыркүйек күні 60 адам өзін улы газбен өлтірген. Жуықта, Орталық Африкадағы бір мемлекетте католик шіркеуінің бірнеше мың мүшесі бірге жан қию рәсімін жасағаны есімізде. Мұның бәрі де адастырушылардың ісі, бейкүнә адамдарды жалған уағыздармен алдаушылық.
Жалпы алғанда осындай қауіпті секталардан сақ болуымыз, кесірлі ағымдардың қиянаттығынан сақтануымыз керек.
Діни ұйымдарға еліктемеуді ескерту шаралары
1.Көшеде,қоғамдық орындарда бөгде адамдармен сөйлесуден бас тартыңыз.
2.Көшеде,қоғамдық орындарда және т.б жерлерде діни әдебиетпен танысуды ұсынса,оны алмауға тырысыңыз.Алған жағдайда ата-анаңызға,топжетекшіңізге,психологке,
оқытушыларға көрсетіңіз.
3.Егер бөтен адамдар лекция тыңдауға,семинарға қатысуға таныс емес жерлерге шақыратын болса,барудан бас тартыңыз,мекен-жайыңыз,телефондарыңыз,жақын адамдарыңыз жайлы ақпарат бермеңіз
4.Егер сізді адамдардың рухани өмірі,дін қызықтыратын болса,онда сізге көмектесетін ата-анаңыз,оқытушыларыңыз.Олар сіздерге арнайы әдебиеттер ұсынып,топ сағаттарын өткізіп,әңгіме жүргізеді.
5.Егер сіз діншіл адам болсаңыз,онда ата-анаңыздың ұсынған дінін қолдаңыз.
Қорытындылау: Соңғы пікір
«…Қазақ та адам баласы ғой,көбі ақылсыздығынан азбайды,ақылдының сөзін ұғып алар жүректе жігер,қайрат,байлаулықтың жоқтығынан азады.Жаманшылыққа бір ілігіп кеткен соң,бойын жиып алып кетерлік қайрат қазақта кем болады»
Абайдың он төртінші сөзі
«Жаудан да,даудан да қорықпаған қазақ едім,енді қорқынышым көбейіп жүр.Балаларын бесікке бөлемеген,бесігі жоқ елден қорқам.Екінші,немересіне ертегі айтып беретін әженің азаюынан қорқам. Үшінші,дәмін,дәстүрін сыйламайтын балалар өсіп келе жатыр.Мен солардан қорқамын»
Бауыржан Момышұлы
«Діни экстремизмді алатын болсақ,ол адамдар арасына ірткі салуға,өшпенділік отын тұтатуға,қантөгістер ұйымдастыруға жол ашады.Пиғылыбөтен,қазақтың болмысына жат ағымдарға қазір тосқауыл қоймасақ,онда ертең бірлігімізге сызат түседі.
Егер елімізде нағыз таза мұсылман, Құранның
жолымен жүретін халық көп болса елде береке, бірлік тыныштық
боТерроризм –
адамзаттың қасіреті

себептері мен зардаптарын ұғындыру;

Жүру барысы
1. Кіріспе сөз
Терроризмге қарсы күрес бүгінде әрбір елдің ішкі және сыртқы
саясатының басты бағыттарының біріне айналды. Бүгінгі әңгімеміз
терроризмнің саяси - әлеуметтік құбылыс ретіндегі табиғатына
арналмақ. Табиғаты күрделі, тарихы тереңде жатқан бұл құбылыстың
мән - жайын түсіну сарапшылар деңгейінен қалың оқырманға қарай жол
тарта бастады. Біз де сол үдеріске қарата бет бұрмақпыз. Ендеше
барлығыңа ортақ сұрақ: Терроризм дегеніміз не? Оның анықтамасы
қандай?
Оқушы: Латынның «terror» деген сөзі үрей, қүш қолдану, қорқыту
деген мағынаны білдіреді. Қазақстан заңындағы терроризмнің
анықтамасы былай болып келеді: «Терроризм – күш қолдану идеологиясы
және халықты үрейлендіруге байланысты және жеке адамға, қоғам мен
мемлекетке залал келтіруге бағытталған күш қолдану және (немесе)
өзге де қылмыстық әрекеттерді жасау не жасаймын деп қорқыту жолымен
мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін - өзі басқару органдарының
немесе халықаралық ұйымдардың шешім қабылдауына әсер ету
практикасы».
Оқушы: Қазақстан заңындағы терроризмнің анықтамасы орыс заңынан
алынған. Ал Американың терроризм жайлы анықтамасы бұл құбылысқа
толықтай саяси түс береді. АҚШ заңына сәйкес «Терроризм – бейбіт
адамдар мен түрлі нысандарға қарсы саяси мақсатты көздеген түрлі
топтар мен астыртын әрекет ететін агенттердің қоғамның көңіл -
күйіне ықпал ету ойымен күш қолдануы» болып табылады.
Мұғалім: Осы алдына қойған саяси мақсатына байланысты терроризм
төрт түрге бөлінеді. Біріншісі, ұлтшылдық сипаттағы терроризм. Бұл
террористер сепаратистік, ұлт - азаттық мақсаттар үшін күреседі.
Сепаратистік мақсаттағылар ретінде Шығыс Түркістандағы ұйғырларды,
Ресейдегі шешендер мен Түркиядағы күрділерді айтуға болады. Ұлт -
азаттық мақсаттағылар -- Африка мен Азиядағы колониялардың
Еуропадағы метрополияларға қарсы күресуші ұйымдары мен жеке
тұлғалары. Ұлы державалардың азат елдерге құлдық қамытын кигізуі
тарих сахнасына ұлт - азаттық күресін әкелді.
Екіншісі, діни терроризм. Бұл ең бір қатыгез, қисынсыз, әсіре
идеологиялық негізге құрылған терроризм. Бұл қанды текетірестер тек
діндер арасында емес (мұсылмандар - яһудилер) бір дін ішіндегі
ағымдар мен бағыттар (шиалар мен суннилер, котоликтер мен
протестанттар) арасында да жалғасып жатыр. Үшіншісі, қоғамдық
құрылысты өзгертуді мақсат ететін, идеологиялық - әлеуметтік немесе
революциялық терроризм. Миллиондаған адамдарды құрбан еткен
коммунистік қызыл террор – сталиндік репрессиялар (10 - 15 миллион
адам), Қытай көсемі Маоның «мәдени революциясы (15 миллион), 3
миллионға жуық адамның өмірін қиған Комбодже коммунистерінің
басшысы Пол ПотИенгСаридің әрекеті коммунизмнің нағыз террористік
идеология екенін көрсетті. Бұл террор Лениннің билікте тұрған
кезінде басталған болатын. Лениннің «Расстрелять» деген бұрыштама
қойылған талай құпия декреттері мен қаулылары бүгінде әлеуметтің
назарына ұсынылып жатыр. Ал енді осы тақырыпқа дайындалып келген
оқушыларымызға сөз берейік.
Оқушы: Терроризмнің тарихы біздің эрамызға дейінгі дәуірлерден
бастау алады. Қарсыластары мен мұрагерлерінің қолынан қаза тапқан
патшалардың өлімін (саяси террор) есепке алатын болсақ, алғашқы
террорлық актілердің бірі Александр Македонскийдің әкесі б. э. д.
340 жыл бұрын өлтірілген екен. Саяси террор орта ғасырларда үдей
түсті. 1090 жылы қазіргі Иранның солтүстігіне орналасқан Хамадан
аңғарындағы Аламут қамалын басып алған Хасан ибн Саббахтың ұйымы
бір жарым ғасыр бойы террорлық әрекеттерді жүзеге асырып, Парсы
бұғазы мен Жерорта теңізі аралығында орналасқан елдердің жүзден
астам халифалары мен қазиларының, әскер басшылары мен ресми дін
басшылардың жастығын қуратты. Бұл террористер сол ұлан - байтақ
өңір басшыларының өмірін ізден шығарып, сол замандағы билеушілердің
үрейін ұшырып келді. Тек 13 - ғасырдың ортасында Шыңғысханның
әскерлері бұл аймақты орта ғасырдың ең қанды қол террористерінен
біржола құтқарды.
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тір
лады» Н.Ә.Назарб
Терроризм - елге төнген қауіп
Бейбітшілік пен татулықты арқау еткен мемлекеттің билігін күйретуге әсер ететін бүгінгі таңда бүкіл әлем бойынша жаһандық мәселе -терроризм.Қазіргі уақытта, терроризм мен эктремизмнің таралу қаупі еліміздің қауіпсіздігіне төнетін шынайы қауіпке айналып отыр.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі № 416-І Заңының түсіндіріліміне сәйкес терроризм - күш қолдану идеологиясы және халықты үрейлендіруге байланысты және жеке адамға, қоғам мен мемлекетке залал келтіруге бағытталған күш қолдану және (немесе) өзге де қылмыстық әрекеттерді жасау не жасаймын деп қорқыту жолымен мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының немесе халықаралық ұйымдардың шешім қабылдауына әсер ету практикасы, ал терроризм актісі - адамдардың қаза табу қаупін төндіру, едәуір мүліктік залал келтіру не қоғамға қауіпті өзге де салдарлардың туындау қаупін төндіретін жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге де іс-әрекеттер жасау немесе жасаймын деп қорқыту, егер бұл іс-әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру не Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттердің немесе халықаралық ұйымдардың шешімдер қабылдауына әсер ету мақсатында жасалса, сондай-ақ нақ сол мақсаттарда адам өміріне қастандық жасау, сол сияқты мемлекет немесе қоғам қайраткерінің мемлекеттік немесе өзге де саяси қызметін тоқтату не осындай қызметі үшін кек алу мақсатында оның өміріне қастандық жасау саналады.
«Террор» сөзінің мағынасы латын тілінен аударғанда, қорқыныш, үрей деген ұғымды білдіреді.
Терроризмнің обьектісі қоғамның қауіпсіздігі болып табылады. Қосымша обьектісі адамдардың өмірі мен денсаулығы. Сондықтан, терроризмді көп обьектілі қылмыс түріне жатқызады. Қылмыстың обьективтік жағы - жарылыс жасау, өрт қою немесе адамдардың қаза болуы,елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға қауіпті өзге де зардаптардың туындау қауіпін төндіретін өзге де іс-әрекеттер жасау. Субъективтік жағынан терроризм тек қана тікелей қасақаналықпен жасалады. Кінәлі адам заңда көрсетілген әрекеттерді істеу арқылы зардаптардың болу қаупін туғызғанын немесе соны жасаймын деп қорқытудың қоғамға қауіптілігін сезеді және соны жүзеге асырады. Бұл қылмыстың субьектісі болып 14 жасқа толған, ақыл есі дұрыс адам саналады, ал объектісі болып қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін, реттейтін қоғамдық қатынастар, азаматтардың өмірі, денсаулығы, меншігі, мүліктік немесе сезім мүдделері болып табылады.
Терроризм мен экстремизм үшін қылмыстық жауаптылық ҚР ҚК-нің 255-260 баптарында көзделген, соның ішінде терроризм актісін жасау, терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру, террористік топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу, экстремистік немесе террористік әрекетті қаржыландыру және терроризмге не экстремизмге өзге де дем берушілік, террористік не экстремистік әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндіру немесе даярлау не қаруландыру, террористік немесе экстремистік даярлықтан өту үшін қылмыстық жауаптылықтар заңмен қарастырылған. Мысалы, террористік топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу үшін ең қатаң жазасы - он бес жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделсе, терроризм актісін жасаған үшін он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойына бас бостандығынан айыруға не өлім жазасына жазалануы көзделген.
Мысалы Ақтөбе қаласында 05 маусым 2016 жылы орын алған террорлық акт қылмыстық оқиғасы бейбіт халықтың тыныштығын бұзып, жұртшылықты дүр сілкіндергені баршаға мәлім. Күтпеген жағдай...
Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында аталған қылмыс бойынша 29 тұлғаға қатысты қылмыстық іс қаралып, 28 қараша 2016 жылы шешімін тапты.
Террористік топтың құрамында террорлық акт жасауға қатысқан қылмыстық топтың бел мүшесі - 7 тұлға өмір бойына бас бостандықтарынан айырылып, 2 тұлға ұзақ мерзімдерге қоғамнан оқшауланды. 18 тұлға террорлық шабуылдың болатыны жөнінде анық біле тұра, құқық қорғау органына хабарламағаны үшін түрлі мерзімдерге бас бостандықтарынан айырылды. Сондай-ақ, қылмыскерлерді, аса ауыр қылмысты күні бұрын уәделеспей жасырғаны үшін 2 тұлға жауапқа тартылып, жазаларын алды.
Сонымен қатар заңмен кейбір жағдайлар бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылатын мән-жайлар көзделген.Терроризм актісін дайындауға қатысқан адам, егер ол мемлекеттік органдарға дер кезінде ескертуімен немесе өзге тәсілмен терроризм актісін болғызбауға септігін тигізсе және егер оның іс-әрекетінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
Біздер Қазақстан Республикасының азаматтары ретінде осы террористік, экстремистік әрекеттердің алдын-алуға үлес қосуымыз керек.
Ақтөбе облысының қылмыстық істер
жөніндегі мамандандырылған ауданаралық
сотының төрағасы Н.Т.Сұлтанов
Терроризммен
күрес – баршаның міндеті Күллі әлем үшін шетін ахуал қалыптастырған
қоғамдағы діни экстремизм қаупіне байланысты таяуда Астана қаласы
бойынша Дін проблемаларын зерттеу орталығы басшысының орынбасары,
теолог Айбек АТАШЕВПЕН әңгімелескен едік. 08.01.2018 1151
FacebookTwitterGoogle+ PinterestVkontakteTelegram – Айбек
Асқарбекұлы, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатымен
қабылданған салмақты реформалар елімізде дінаралық және ұлтаралық
келісімді қамтамасыз етуде. Десе де, еліміз экстремистік қауіптен
ада деп кесіп айта алмаймыз... – Терроризм дегенде алдымен
«Қылмыстың артында кім тұр және неге сондай қылмысқа барды?»
деген сұрақ туады. Бұл тұрғыда кейбір принциптік мәселелерге мән
беруіміз қажет. Біріншіден, сәләфилікке ерушілердің діни сенімі
мен ұстанымы біздің қоғам мен мемлекетке қарсы агрессиялық сипатта
екені белгілі. Ал адам баласының бойында қалыптасқан мұндай
көзқарас түбінде бір теріс іс-қимылға айналуы әбден мүмкін.
Елімізде және шетелдерде дін негізінде орын алып жатқан оқиғалар
осының айқын дәлелі. Нақтырақ айтсақ, 2011-2012 жылдары Ақтөбе,
Атырау және Тараз қалаларында, 2016 жылы Ақтөбе мен Алматыдағы
оқиғалар терроризмге негізделген уахабшылдық идеяның нәтижесі.
Екіншіден, ғаламтордағыбейнематериалдардан жастардың бойындағы діни
агрессия ойланбастан қан төгуге, тіпті өзінің өмірін қиып жіберуге
бар екенін танытады. Олардың діни сауаты таяз. Себебі аталған
ағымның ерушілері ғана емес, уағызшыларын да діни сауатты деуге
келмейді. Себебі оларға пәтуа (нұсқау) беріп, бағыттап отырған
белгілі тарап бар және осы тарап қажет кезінде оларды өзінің
қолшоқпары ретінде пайдаланады. Мәселен, 2011-2012 жылғы оқиғаларға
ешкім танымайтын ӘбуМунзирәш-Шинкити деген шейхтің пәтуасы себеп
болған еді. Үшіншіден, еліміздегі басқа сәләфилер бұл оқиғаларды
жасаушы топты ДАИШ-пен байланыстырып әлек. ДАИШ-тің теологиялық
және діни идеологиясының сәләфилік екенін ешкім жасыра алмайды.
Демек діни астар мен идеологиялық база ортақ. Біз сәләфилік ағымға
қатысты есебімізден жаңылмау үшін оны назардан тыс қалдырмауымыз
керек. Төртіншіден, осы оқиғалар елімізде сәләфилікке қатысты батыл
саяси шешім қабылдауға қосымша қатаң негіз болады деп үміттенемін.
Біз осы уақытқа дейін сәләфилік идеяға ерушілерді «байсалды және
радикалды» деп бөліп келеміз. Ал сол «байсалдылардың» қоғам мен
ұлтқа қарсы агрессиялық көзқарастары қай уақытта іс-әрекетке
айналатынын білмейміз. Сонымен қатар терроризмнің
әлеуметтік-құқықтық және криминологиялық қыры, террорлық бағыттағы
қылмыстардың құрылымы мен динамикасы, терроризмнің таралуы мен
дамуының себептік-факторлық кешені де бар екенін ескерген жөн.
Қазақстан барлық түрдегі терроризмді қатаң айыптайды және
аталған жағымсыз құбылыспен күресте әлемдік қауымдастықтың ұжымдық
күш қосуын қолдайды. Мемлекетіміз терроризммен күрес туралы барша
13 халықаралық әмбебап конвенцияларға қосылған. Әлемдегі экстремизм
мен терроризмге қарсы күреске белсенді түрде қатысып келеді. Қазір
елімізде діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі
2013-2017 жылдарға арналған бағдарлама жүзеге асырылды. Сондай-ақ
2015 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясында Елбасы Нұрсұлтан
Назарбаев әлемді соғыс қатерінен арылтатын және оның себептерін
жоятын «Жаһандық стратегиялық бастама-2045» жоспарын әзірлеуді
ұсынды. Мұндағы мақсат – адамзат дамуы үшін ортақ жауапкершілікті
орнықтыру. Халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы тұра алатын
бірыңғай әлемдік желі құру мәселесі де көтерілді. – Жалпы,
террорлық ұйымдардың сипаты қандай? – Терроризм – идеология,
доктрина, тіпті жүйелік пікір де емес. Бұл – стратегия. Олар бүкіл
әлемді «жақсы» және «жаман» деп екі топқа бөліп, өздерін «жақсы»
категориясына жатқызады. Лаңкестік әрекеттерді іске асыру үшін
міндетті түрде сценарий дайындап, «а» және «б» жоспарын жасайды.
Терроризм жарқын болашақ пен жаңа мүмкіндіктерге үміттендіреді.
Бұлыңғыр болса да үнемі саяси мақсат-мүддесі болады. Бұл
халықаралық саясаттың бір бөлігі, сол себепті сырттан келетін
қолдау арқылы іске асады. Террорлық ұйымдар ең алдымен
идеологияларын дамытып, кітап, журнал, әлеуметтік желі және
қолдарынан келгенше БАҚ арқылы қатарларын пікірлері сәйкес келетін
адамдармен толықтырады. Терроризмнің төркінін бұл күнде Шығыстан,
мұсылман елдерінен іздеу кең өріс алып отыр. Оған діни сипат беру
қате. Шын мәнінде, терроризмді белгілі бір ұлтпен немесе дінмен
байланыстырудың негізі жоқ. Бейбіт тұрғындар өмірін жалмайтын
террорлық актілерді жасаушылардың діні, мәзхабы болмайды. Террорлық
қимылдарға кез келген ұлттың өкілі, кез келген діннің атын жамылушы
безбүйректер бара алады. Өкінішін, кегін, тағдырына
мойынұсынбауын террорлық топқа қосылумен ақтағысы келеді.
Лаңкестік әрекеттер әлемді дүр сілкіндіруде. Лаңкестікке қарсы
күрес жүргізу барысында қауіпсіздік тақырыбының маңызы мен сыртқы
саясаттың адам құқықтарына, демократияға, плюрализмге, заң
үстемдігіне қатысты маңыздылығын ескеру басты мәселелердің бірі.
Еліміз сыртқы күштердің қолдауын тауып отырған террорлық ұйымдардың
нысанасына айналмауы үшін халықаралық заңға құрмет көрсететін,
рационалды, ұлттық мүддені алға қоятын, бейбітшілік пен достастық
қағидаларына негізделген саясат ұстанғаны абзал. – Еліміздегі
террорлық қауіппен күрес нәтижелері қандай? – Бас прокуратураның
ресми мәліметі бойынша, соңғы жылдары сот орындары тарапынан
«Әл-Қаида», «Күрд халық конгресі», «Мұсылман бауырлар»,
«Хизб-ут-Тахрир» сияқты 15-ке жуық теріс ұйымдарға еліміздің
территориясында іс-әрекет жүргізуге тыйым салынды. Күрестің негізгі
қағидаларының бірі – халықтың қолдауы. Бұл қолдауға ие болу үшін
сенімді болу, сенімді болу үшін терроршыларды ұстау, оларды ұстау
үшін қолында өкілеттігі мен білімі болуы, қолында өкілеттігі және
білімі болуы үшін кәсіби деңгейі мықты болуы керек. Осы керектердің
жолында бірігіп күресуге тиіспіз. Қолдауға ие мемлекет лаңкестік
және экстремизм сияқты қауіп-қатерге бөгет болып, сүттей ұйыған
бірлікті шайқалтуға, ел ішінде туындауы мүмкін бөлінулерге төтеп
береді. Сол себепті лаңкестікпен күрес мемлекеттік органдардың ғана
борышы емес, әрбір қазақстандықтың міндеті.
Толығырақ:
https://egemen.kz/article/163332-terrorizmmen-kures-%E2%80%93-barshanynh-mindeti
МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯНЫҢ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА
БОЛМАЙДЫ!
![]()

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Терроризмнің алдын алу жылдық жоспар 2024-2025

шағым қалдыра аласыз