Тест «Түйесі бардың – киесі бар»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тест «Түйесі бардың – киесі бар»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Түйесі бардың – киесі бар»
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ертеде түйелі көш «сахараның салтанаты» деп аталған. Ежелгі Қытайдан Жерорта теңізіне дейінгі керуен жолының тарихы түйе түлігімен тікелей байланысты. Төрт түліктің бойында болатын жақсы қасиеттердің бәрі түйе малының бойынан табылады. Ауыз әдебиетінің көптеген үлгілерінде түйеге қатысты теңеу сөздер, даналық нақылдар, мақал- мәтелдер көптеп кездеседі. Бұл ой-тұжырымдар түйенің тіршілік ерекшеліктерін айқын аңғартады. «Түйесі бардың – киесі бар», «Көтерем деп түйеден безбе – салтанатың емес пе? Тебеген деп биеден безбе – қос қанатың емес пе?». Түйе түлігін қастерлеп «ұлық» деп те атайды. Түйешіні «ұлық баққан» деп құрметтеп, оған көпшілік жиналған жерде төрден орын берген. Кейбір аймақтарда түйені «кәуіс» деп атайды. Түйе түлігіне арналған аңыздар бойынша шығарылған күйлер де ел арасына кеңінен таралған. Сүгірдің «Бозінгені», Ықыластың «Желмаясы», Тәттімбеттің «Бозінгені» және т.б.

Түйені алғаш жүк тасымалдау мақсатында көш көлігі ретінде үйреткен. Ерте замандардағы ел мен елдің арасындағы сауда саттық түйелі көш керуендері арқылы жүргізілген. Тарихи деректерге Самарқан саудагерлерінің сапарға Жібек жолы арқылы 30 мың түйемен шыққандығы жазылған.

Ертеде қазақ даласында түйесі көп адамдар аз болмаған. Ертеректе Ақтөбе өңіріндегі Сортанды, Шақытты жерлерін жайлаған Қара деген кісінің 3 мың түйесі болған. (172сөз)


1. Көпшілік жиналған жерде кімге төрден орын бергенін белгілеңіз.

А) Түйені союшыға

В) Түйені баптаушыға

С) Түйе жайлы ән айтушыға

D) Түйе мінушілерге

Е) Түйені сатып алушыларға


2. Түйе түлігін қастерлеп, не деп айтқанын көрсетіңіз.

А) Кәуіс

В) Ұлық

С) Желмая

D) Сахараның салтанаты

Е) Бозінген


3. Түйені алғаш қандай мақсатта пайдаланғанын айтыңыз.

А) Көкпар ойыны үшін

В) Қыз ұзату үшін

С) Жауға шығу үшін

D) Жүк тасымалдау үшін

Е) Азық қылу үшін


4. Мәтінде түйеге қатысты ауыз әдебиеті үлгілерінің қайсысы кездеспейтінін белгілеңіз.

А) Мақал-мәтелдер

В) Даналық нақылдар

С) Аңыздар

D) Ертегі

Е) Күйлер


5. «Салтанат» сөзінің мағынасын ашыңыз.

А) Қолғанат

В) Қуаныш

С) Сән

D) Әдемі

Е) Керуен



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.01.2023
351
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі