«Тиімді әдіс-тәсілдер - сапалы сабақ кепілі»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Тиімді әдіс-тәсілдер - сапалы сабақ кепілі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа технологияның басты мақсаты — өздігінен дамуға ұмтылатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Ал, осы технологиялардың кеңінен қолданылуы білім құзіреттілігіне жету жолында үлкен роль атқарады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тиімді әдіс-тәсілдер -сапалы сабақ кепілі»

Баяндамашы: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:

Ержанова Гульжанат Атбасаровна

«Кеңес одағының батыры П.Исаков атындағы

1 жалпы білім беретін мектебі»КММ

Әдіс дегеніміз – мұғалімнің белгілі бір мақсатқа жетудегі іс - әрекеті, ал технология –көптеген әдістердің жиынтығы.

Жаңа технологияның басты мақсаты — өздігінен дамуға ұмтылатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Ал, осы технологиялардың кеңінен қолданылуы білім құзіреттілігіне жету жолында үлкен роль атқарады.

Тақырыптың өзектілігі:

Мектептегі дәстүрлі сабақтардың  балаларды жалықтыруы;

Оқушылардың  тіл байлықтарының төмендігінен ойларын ашық, жеткілікті түрде жеткізе алмауы;

Қазіргі техника заманы дамыған кезеңде, оқушылар интернетті пайдалана білгенімен, айтылым мен жазылым дағдыларының төмендеуі;

Жұппен, топпен жұмыс істей алмауы;

Оқушылардың кез-келген туындаған проблемалардың шешімін таба алмауы;


Бір технологияның өзі әр түрлі мұғалімдердің шеберлігіне байланысты әрқилы жүзеге асырылуы мүмкін. Не үшін тиімді? Себебі, қазақ тілі мен әдебиеті сабағында озық технологияларды пайдалану - оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруын, оқушының өзін-өзі дамытуын, ойлауын елестету мен есте сақтау белсенділігін, дағдысын білім саласының дамуын қамтамасыз етеді. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру, өздігінен білім алуға құштарлығын таныту.

. «Биопоэма» әдісі - сынып оқушыларын екі-екіден жұптап отырғызу. Төмендегі сұрақтарды тірек ете отырып, бір-біріне сауалнама өткізеді. Сол арқылы бір-бірін жақынырақ танып, көршісі туралы поэма жазады.

  • Мақсаты: бір-бірімен жақынырақ таныстыру, толығырақ білу.

  • 1.Аты.

  • 2.Үш-төрт етістік ( нені жасағанды ұнатуына байланысты).

  • 3.Басқалармен қарым-қатынасы.

  • 4.Үш-төрт ұнататын заты.

  • 5.Үш-төрт басынан өткізген немесе қазір сезініп отырған сезімі.

  • 6. Екі- үш жеткен дәрежесі (нәтижесі)

  • 7.Екі-үш көргісі келетін немесе сезім ұялататын заттары.

  • 8.Ол қорықпайтын екі-үш заты.

  • 9.Мекен-жайы.

  • 10. Тегі.

«Пирамидалық түрдегі оқиға» немесе жазуға деген қызығушылығын қалай оятуға болады?
1. Сіздің оқиғаңыздағы кейіпкердің есімі ( кейіпкер ретінде тек адам ғана емес, жануар, жеміс-жидек, жансыз дүниелер де бола алады)
2. Кейіпкерді сипаттайтын екі сөз (түрі, жасы, мінезі, қасиеті)
3. Іс-әрекеттің болған орнын сипаттайтын үш сөз (ел, мекен, қоғамдық орындар және т.б.)
4. Оқиға мәселесін сипаттайтын төрт сөз (ақша, адасып қалу, кедейлік, кездесу, махаббат)
5. Бірінші болған оқиғаны сипаттайтын бес сөз (оқиғадағы мәселенің шығу себебі неде?)
6. Екінші болған оқиғаны сипаттайтын алты сөз ( сюжет барысы бойынша кейіпкерге және оны қоршаған ортаға не болды?)
7. Үшінші оқиғаны сипаттайтын жеті сөз (мәселені шешу үшін қандай шаралар қолданылады?)
8. Мәселенің табылған шешімдерін сипаттайтын сегіз сөз

Сабақ алдында тақтада немесе үлкен ақ парақта келесі сызбаны дайындап қою керек:

1.__________

2._________________

3._________________________

4.________________________________

5-------------------------------------------------------










«Бөлмедегі заттар»

Сабаққа рефлексия жасау үшін әр оқушы бөлмедегі бір жансыз заттың атын жазады. Қағаздар жиналып, әр оқушы бір қағаздан суырып алады да, сол заттың атынан бүгінгі сабақ, өзінің оған қатысы туралы сөйлейді.



  • «Білім-біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыру дағдысы»

Ахмет Байтұрсынов





    • Назар аударып тыңдағандарыңыз үшін алғысымды білдіремін!!!!









































«Тиімді әдіс-тәсілдер -сапалы сабақ кепілі»

Баяндамашы: Қазак тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:

Ержанова Гульжанат Атбасаровна

«Кеңес одағының батыры П.Исаков атындағы

1 жалпы білім беретін мектебі»КММ

Мастер –класс



















Ақкөл ауданы 2023 жылъ

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.11.2023
268
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі