тиімді тәжірибе
Тиімді оқыту бағдарламасы бойынша бірінші бетпе-бет кезеңінде алған теориялық білімімді тәжірбиемен ұштастыру мақсатында, 7 модульді ықпалдастыра отырып, өзім жетекшілік ететін 10 сыныптың Қазақстан тарихы пәнінің “ХУІІІ –ХІХ ғасырлардағы әкімшілік реформалар” тарауына орта мерзімді жоспарлауын жасаған болатынмын. Орта мерзімді жоспарлауда бұрынғы күнтізбелік жоспардың атауы ғана емес бүкіл құрылымына өзгеріс енген болатын. Оқыту мен оқудағы өзгерістерімді мектеп басшылығы да, әріптестерім де, өзімнің тәлімгерім Жанпеисова Айжан Нығыметқалиқызы да қолдап, қажет кезінде өздерінің көмегін көрсетті. Ал, 10 –сынып оқушылары бұрын да топтық, жұптық жұмыстар арқылы сабақтар өткізіліп жүргендіктен топта жұмыс істеу қиындық тудырмады. Дегенмен, курсқа дейін көптеген әдістерді, тіпті кері байланыстың өзін дұрыс қолданбаған екенмін. Сондықтан оқушыларға көптеген әдістерді қайта түсіндіріп, қарастыруға тура келді. Сондай-ақ бірінші бетпе-бет кезеңінде жоспарланған орта мерзімді жоспарлауға біраз өзгерістер мен толықтырулар енгіздім. Себебі, нәтижелі білім алу үрдісі өздігінен біліп, таныта білген білі
м дағдылары мен амал, көзқарастарын зейін қойып, зерделей білген білім модельдері аясында ғана жүзеге асады.
Оқушылардың жұптық, топтық, жеке жұмыс формалары да оқыту мен оқудағы маңызды мәселе. Жеке жұмыстар орта мерзімді жоспарлауда деңгейлік тапсырмалар мен үй тапсырмасы кезінде көрініс алса (А, Ә, Б деңгейлік тапсырма, орындық артына жасырылған тапсырма, TectMaker_Admin бағдарламасымен үйде жұмыс жасау, “Арнайы конферт” тапсырмалары.), жұптық жұмыстар көршісінің тест тапсырмаларын, үй тапсырмаларын тексеруде, “6 неліктен?” әдістері кезінде орыдалса, топтық жұмыс менің жоспарлауымдағы негізгі жұмыс формасы деп ойлаймын. Өйткені, тізбектелген 4 сабағым да негізінен топқа бөлуден басталып, топтық бағалау, құрдастар арасындағы сабақтарға негізделген. Тарих пәнін оқытуда топтық жұмыстың қолайлы екенін түсіндім.
Бірінші бетпе-бет кезеңіндегі тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлауда сергіту сәтін енгізбеген болатынмын, 1-2 күнгі тәжірибе барысында жоғарғы сынып оқушыларына да “Ой сергектің” қажеттілігін түсіндім, сондықтан “Қозғалыстағы суреттер”, “Комплименттер бұрқасыны”, “Өзгертулерді тап”, “Сыныптағы заттар” ой сергекктерді енгіздім. Жалпы сабақтағы жеті модульдің енгізілуін сол қалпында қалдырдым, уақыттың тиімділігі үшін кейбір әдістерді қысқарттым.
Әр сабақта оқушылар оқу үдерісінің барлық кезеңіне қатысып, өздерінің болжамдарын, сұрақтарын тұжырымдарын айтып, бір-біріне кеңес беріп, өз алдарына қандайда бір мақсат қойып, өздерін оқытудың ажырамас бөлігі екенін сезінуі қажет. Сондықтан оқушыларды сабақ басынан бастап соңына дейін үдерісте болғанын қамтамасыз етуге тырыстым. Мысалы №3 1867-1868 жылдардағы «Уақытша ережелер» тақырыбындағы сабақты алатын болсақ, сабақ басында ынтымақтастырғаннан кейін топқа бөлу кезінде оқушылардың білу, есте сақтау, сыни ойлауын қажет етеді. Яғни мұнда оқушылар таңдап алған карточкадағы уезддің қай генерал губернаторлыққа жататынын біліп, өз тобына орналасуы керек. Мұндағы мақсат жаңаны игеру үшін оқушының не білетінін, түсінетін білу мұғалім үшін өте маңызды. Сол сияқты үй тапсырмасы да өткен тақырыптың да бастапқы білім дағдыларын назарға алып, оларды одан әрі өрістетуді, АКТ-мен жұмыс істей білуін, сыныптағы А, Ә, Б оқушылардың тапсырмаларын да ескеруді көздейдіч. Тарих пәні үшін “Жигсо” әдісі өз тиімділігін 1-2 күндегі тәжірибемнен байқадым. Оқыту мен оқуда өз ойын білдіріп, оны қорғауда, дәлелдеуде, бірін-бірі оқытуда, белгіленген уақыт ішінде жұмыс істей білуде өз тиімділігін көрсетеді деп ойлаймын. Сабақ барысында жұптық жұмыс та өз тиімділігін көрсетуі тиіс деген болжаммен «Детальдарды қосу» әдісін алып отырмын. Бұл кезде білім алушылардың танымдық қабілетінің жоғарылығын, сөйлеу дағдыларының, ойлау, негіздеу, шығармашылық қабілеттерінің мүмкіндігін көремін деп болжаймын.
Сабақ барысында оқу үшін бағалау мен оқытуды бағалау менің сабақтарымдағы үлкен өзгерістің бірі болады деп есептеймін. Себебі, курсқа дейін оқушыларды бағалауда қиындықтар кездесетін. Қазір формативті бағалау мен бағалау критерийлері арқылы қиындықтарды шешуге болатынына көзім жетті.
Пайдалылған әдебиеттер:
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. “Назарбаев Зияткерлік мектептері” ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығы, 2016
2. ” Жақсылықова Г. И., Каженова А.М., Исмагилова Н.З. Интербелсенді әдіс-тәсілдер. Әдістемелік құрал. Өскемен 2014.
3. Алимов А. Қ. “Интербелсенді оқу әдістемесін мектепте қолдану”
4. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманит. бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық/ Ә. Төлеубаев, Ж. Қойгелдиев, т.б.- Өңд., толық. 2-бас. –Алматы: Мектеп, 2010-240б., сур.
Қосымша №1

Қосымша №2
|
Пәні: Қазақстан тарихы |
Мектеп: “С. Бекбосынов атындағы орта мектебі” КММ |
|||||
|
Күні: 3.05.2016ж |
Мұғалімнің аты - жөні: Қойбасаова Нұр Берікқанқызы |
|||||
|
Сынып: 10 |
Қатысқан оқушылар саны: |
Қатыспаған оқушылар саны: |
||||
|
Сабақ тақырыбы |
1867-1868 жылдардағы «Уақытша ережелер». |
|||||
|
Сабақтың мақсаты |
1867-1868 жылдардағы “Уақытша ережелердің” 1822-1824 жылғы жарғыларды алмастырудағы тарихи маңызын ашу |
|||||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: 1867-1868 жылдардағы патша өкіметінің әкімшілік, сот реформалары қандай мақсат көздегенін түсіндіре алады |
|||||
|
Оқушылардың басым бөлігі: 1867-1868 жылдардағы реформаның зардаптарын түсініп, саяси -әлеуметтік салдарын қорытындылап, айқындауға дағдыланады |
||||||
|
Кейбір оқушылар: Ш. Уалиханов ұсынған радикалды реформалар сияқты, қазақ елінің материалдық жағдайы мен тұрмысын жақсарта алатын еді дегендей өз нұсқаларын ұсына алады. |
||||||
|
Тілдік мақсат |
1867-1868 жылғы реформалардың негізгінде Қазақстанды басқарудың ерекшеліктері, тарихи маңызы туралы қорытынды жасай алады. Пәндік терминология: 1867-1868 жж, дала комиссиясы, Грисс, И.И. Бутков, Колпоковский, Александр ІІ, Орынбор генерал губернаторлығы, Батыс Сібір генерал губернаторлығы, Түркістан генерал губернаторлығы, әкери сот комиссиялары Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы: 1867-1868 жылдардағы реформаның салдары қандай? Патша өкіметінің бұл реформасы екі жылға жоспарланғанымен жиырма жылға созылды, сондықтан … Қандай фактілер, дәйектер мұны дәлелдей алады? 1867-168 жылдардағы “Уақытша ережелердің” салдарына байланысты Қазақстанның батыс, солтүстігіндегі халықтар қарсылық білдірді. |
|||||
|
Алдыңғы тақырып (Алдыңғы меңгерілген білім) |
8 –сынып оқу бағдарламасы бойынша 1867-1868 жылдардағы «Басқару туралы уақытша ережелер», облыс, уезд, болыс және ауылдардағы әкімшілік басқарудағы өзгерістермен таныс. |
|||||
|
Жоспар |
||||||
|
Басталуы: 8:55 3 мин (ұйымдастыру) 7 мин (үй тапсырмасы) |
І. Мұғаліммен сәлемдеседі. Шеңбер жасап бір-біріне жылы сөздер айтты. Сыныптағы кезекшіге сөз беріледі. Оқушылар сабаққа кедергі келтіретіндерді болдырмау үшін не істеу керектігін айтады, кезекші А1 форматқа жазып, оны іліп қояды. ІІ. Оқушыларды үш генерал губернатаорлыққа бөлемін. Ол үшін оқушылар таңдап алған карточкадағы уезддің қай генерал губернаторлыққа жататынын біліп, өз тобына орналасуы керек. бірнеше парақтарды таңдап алады. ІІІ. Үй тапсырмасы: 1. Өткен сабақтағы кері байланыспен жұмыс жүргіземін. Ә, Б оқушыларды қатыстыра отырып оқушы қажеттілігін қанағаттандырамын. Бірін-бірі оқытуына мүмкіндік беремін. Материалды түсінуді жақсартуға бағытталған сұрақтарды қолданамын 2. Б оқушылардың (2 немесе 3 оқушы) өтілетін тақырыпқа байланысты топты бағалау критерийлерін оқушыларға таныстыра отырып, әр топқа таратамын. 3.Әр топтағы А оқушыға 10 сұрақтан дайындап келген тест жұмысы бойынша жұмыс жүргіземіз. Сонда бір оқушы 15 (бір жауабы бар тест, бірнеше жауабы бар тест, сәйкестендіру тесті. TestMaker_Admin бағдарламасында жасалады.) сұраққа жауап беруі тиіс. Жауаптарын оқушылардың алдын ала дайындап келгендіктен экраннан шығарамыз. Оқушылар экран арқылы өзін-өзі бағалайды. |
1.Қазақстан тарихы. Жалпы білім беруге арналған мектептің 10-сыныбына арналған оқулық 2.Электронды оқулық 3.МАН 4.Интербелсенді әдіс-тәсілдер.Әдістемелік құрал.Жақсылықова И.Г Каженова А.М Исмагилова Н.З Бағалау парағын кезең сайын топ басшылары бағалап отырады. Ауызша формативті бағалау. Топтардың қасына барып, оқушыларға қолдау көрсетіп отырамын. Қарсылас топтар, ой қосуларына болады. |
||||
|
Ортасы 22 мин |
Жаңа сабақ. І. Жигсо әдісі арқылы топта сұрақтар топтамасымен жұмыс істейді. Тапсырма үлестірме материалдар түрінде таратылады. Топтағы жұмыс оқушылардың оқушылардың сөйлеу , тыңдау дағдыларын дамытады. 1-топқа.1867-1868 жылдардағы енгізілген әкімшілік -басқару жүйесінің дайындалуы . 2-топқа.Әкімшілік- басқару мен салық жүйесіндегі өзгерістер. 3-топқа. Сот жүйесіндегі өзгерістер. |
|||||
|
3 мин
2 мин |
ІІ. Қазақстан тарихының 10- сыныбына арналған электронды оқулықтан Ресейдің Қазақстанда жүргізген әкімшілік реформалары (1867-1867 жж) тақырыбындағы мәліметтерді электронды оқулықтан тыңдап толықтырған мәліметтерді қосып, өз ойларын жеткізуге дағдыланады.(қорытынды ойды кез-келген оқушы айтуы мүмкін, сондықтан оқушылардың өз ойын жеткізуіне мүмкіндік беремін.) Ой сергек “Қозғалыстағы сурет”. Оқушыларды сергіп, ойын бөліп көңілдерін көтеруге ықпал етеді. |
|||||
|
Аяқталуы (Соңы) 7 мин
5 мин |
Тақырыпты қорытындылау. Бекіту тапсырмалары. «Детальдарды қосу» әдісі. (детальдарды оқушылар жұптасып құрауына да болады.) а) Ресей империясы Қазақстанды жаулап алғаннан кейін отаршылдық отаршылдық езгі күшейді….. б) 1867-1868 жылдардағы ереже “Уақытша ереже” деп аталды…. в) Екі жылға жоспарланған реформа жиырма жылға созылды… д) “Уақытша ереженің” салдарынан Қазақстанда қарсылықтар болды…. т.б Карточка таратылған оқушылармен жұмыс.
Кері байланыс.
( Бұл кері байланыс арқылы оқушылар өздерінің сабаққа қатысу
деңгейі мен сабаққа деген ынтасын білдіреді) 2. А оқушыға өтілетін тақырыпқа топты бағалау критерийлерін жасап келуді ұсынамын. 3. Тақырыпты тұжырымдамалық карта жасап келу, слайд таныстырылымдар арқылы. |
|||||
|
Қосымша ақпарат. Сабақ барысында көп қозғалмаған немесе белгілі бір деңгейлерге жете алмай тұрған оқушыларға сабақ арасында беріп кетемін.
|
||||||
|
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау - Оқушылардың Үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-ны қолдану Құндылықтарменбайланыс (тәрбие элементі) |
||||
|
8 сыныпта өткен тақырып болғандықтан қайта пысықтап, түсініп, талдауға мүмкіндік береді. . |
Топтар арасында жұмыс жасау, талқылауды тыңдау немесе талқылауға көмек беру, қажетіне қарай топтар немесе жеке оқушыларға қолдау көрсетемін. Қазақ жеріндегі әлеуметтік-экономикалық үрдістің өзгеруіне тікелей әсер еткен реформаның салдарына талдау жасайды. Бағалау парағына топ басшылары баға кояды. Ұсынылған кері байланыс бойынша оқушылар өзін-өзі бағалап рефлексия жасайды. (ол оқушының нені түсініп, нені түсінбегендігінен хабар беріп, келесі сабақты жоспарлауда неге назар аудару керек екеніне мүмкіндік береді) |
География, дүниежүзі тарихымен пәнаралық байланыс бар. Қазақстан тарихының 10-сыныбына арналған электронды оқулықты қолданамын.Оқушылар өздері дайындап әкелген тесттерін интерактивті тақтамен жұмыс жүргізеді. |
||||
|
Рефлексия |
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес Келетін сұрақтарға жауап беріңіз. |
|||||
|
Қорытынды бағамдау |
||||||
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз