«Жеңіл өнеркәсіп және сервис
колледжі», Өндірістік оқыту шебері:Анвар
О.А.
Тік белдемшені
пішу
Белдемшенің шығу
тарихы
Киім- адам мәдениетінің
құрама бөлігі. Киімнің шығуы аяздан, ыстықтан және басқа да климат
жағдайынан қорғану керектігінен пайда болды. Ең алғашқы киімнің
түрі тері болып табылады, белді орап , баумен байлаған, киім
бастамасы алжапқыш, белдемше,
шалбар.
Әр түрлі киімге жататын
бұйымдарды екі негізгі топқа бөлуге болады. Белдікті және иықты
бұйымдар. Белдемше, шалбар, белдемше шорты – белдікті топқа жатады.
Көйлек, блузка, камзол, халат, шапан – иықты топты
бұйымдар.
Белдемшенің ең көне
элеметтерінің бірі белдік болатын. Оған қару және жорықта қалталар
ілінген. Белдікке тартылған терілер, жапырақтар, маталар алғашқы
белдемшенің түпнұсқалары еді.
Орта ғасырларда белдемше
дегеніміз тамаққа қатырылып жиналған және белге оралған, ұзындығы
тізеге дейін жететін киім еді. Оны еркектер де, әйелдерде кие
берген.
ХҮ ғасырдан бастап
готикалық беледемшелер көкірек тартқышқа
бекітілді.
ХҮІ ғасырда бай әйелдер
кең, көлемді, салмағы ауыр киімдер кие бастаған. Жамбастарына
диаметрі азайтылған, былғары белдіктерге бекітілген бірнеше
металдардан жасалған кринолин – каракас киді. Бұл белдемшенің
қозғалмауын және конустық формада болуын
сақтады.
ХҮІІ ғасырда бүрмелеу,
түрлі түсті гирлянд, өрнектеу шашақтар сияқты әшекейлеуі көп жұмсақ
белдемшелер көбірек пайда болды.
ХІХ ғасырда ғажайыбы мол
мода белдемшені біресе кең, біресе тар етіп, оған шлейф
жапсырылатын, сымнан жасалған қатпарлыкаркастан ілініп
жасалады.
ХІХ ғасырдың соңында ғана
әйел киімдері қарапайым бола бастады. Блузка мен белдемше жұптасқан
ансамбль көбірек орындалады. Белдемше еркін, қарапайым, күнделікті
өмірге ыңғайлы бел бұйымына
айналды.
Белдемшенің сыртқы
көрінісіне сән үлкен әсер етеді, оның ұзындығы мен формасын
өзгертуде, бүкпелерін орналастыруда , жалпы силуэтін
өзгерткенде.
-
XX
ғасырдың 70 жылдарында сәнде түбегейлі өзгерістер болды. Киімнің
сәнін анықтауда тек, қана оның фасоны мен ұзындығы ғана емес,
сонымен бірге стиль туралы айтыла бастады. Әр стилдің ерекшелігіне
пішімі, формасы , сәндеу түрлері, матасы, киімге керекті
жиынтықтары, сонымен қатар әртүрлі толықтырулар, зергерлік бұйымдар
мен косметика жатады.
Бүгінгі күнде қазіргі
заманғы белдемше модельдерінде тарихи кезеңдердегі әртүлі қолдануды
және қазіргі заманғы жаңалықтарды бірге қосып
қолданады.
Белдемше костюмның
бөлігі, өзіндік бұйым немесе көйлектің бөлігі болуы
мүмкін.
Белдемшеге : әдемілік,
қарапайымдылық және ыңғайылық талаптары
қойылады.
Силуэт бойынша
белдемшелерді тік, етегіне кеңейе түскен және етегі жағы тартылған
болады.
Ал, пішімі жағынан тік,
қиықты, конусты болады.
Тіке белдемшелер қынамалы
бір, екі немесе үш тігісті, складкамен немесе оларсыз, кең, бүрмелі
немесе резеңкеде болуы мүмкін. Тіке белдемшелерде негізгі жіптер
бұйымның ұзындығында орналасады.
Белдемше түрлері және
оның негізгі конструкциясы.
Негізгі
стилдері:
-
классикалық:
- жастарға
арналған:
-
спорттық:
- джинсі
стильі:
-
фольклорлық:
-
ретро.
Мата
таңдау
Белдемшеге мата таңдағанда, оны немен киетіндігін шешіп алу керек:
блузкамен, жемпірмен, қамзолмен. Мата таңдауы бұйымның қолданылуына
қарай (күнделікті, үйге киюге), мезгілге (жаз, қыс), сәнге және
пішінінің ерекшелігіне байланысты. Тіке белдемшелерге және камзолга
ауыр және тығыз мата ұсынылады (жүн, джинсы матасы). Әр түсті,
сызықша немесе шатраш. Төменге қарай кеңейе түскен белдемшелерді
жеңіл маталардан тігеді: мақта, зығыр, жүн және жібек. Клеш және
қиық белдемшелерді тігуге жақсы драпталатын маталар лайық мақта,
жібек немесе жеңіл жүн.
Біздегі тік белдемшенің моделі
осындай, осыған лекаломыз дайын.


Техникалық
сипаттамасы: әйелдің күнделікті киюге
арналған тік белдемшесі. Тік пішімді, синтетикалық талшығы бар, ақ
түсті матадан әзірленген. Алдыңғы бойында бел қымтымалары бар.
Белдемшенің ұзындығы тізеге дейін келген.
Алдыңғы бойы – тұтас пішілген,
бел қымтымалары бар.
Артқы бойы – ортаңғы тігісті,
жасырын сыдырма түймелікпен өңделген, етек айырығы, бел қымтымалары
бар.
Бел қиығы белдікпен
өңделген.
Тік белдемшенің модельденген
түрлері:

Лекалдардың 2 түрі
бар:
-
Тігіс еніне
берілген;
-
Тігіс еніне
берілмеген.
Біздегі лекаломыз бірден тігіс
еніне берілген масштаб көлеміндегі лекалдар жиынтығы.
Лекалдар жиынтығы дегеніміз
– алдыңғы
бойдың бірінші бөлшегі, алдыңғы бойдың екінші бөлшегі, артқы бойдың
бірінші бөлшегі, артқы бойдың екінші бөлшегі, жең, мойын
ойындысының әдібі.
Бұл лекалымызда иық еніне 1
см, бүйір тігісіне 1 см, етегі мен жеңіне 2,5 см
беріледі.
Негізі шынайы өлшем
лекалдарында тігіске иық еніне 1см, бүйір және артқы тігістеріне
1,5 см, етегіне 3-4 см беріледі.

Материалдарды
пішу деп оларды төсемге арналған
жекелеген жаймаларға қию (төсемдерді дайындаған кезде), бұл
төсемдерді бөліктерге қию және бөлшектерді пішу түсініледі. Пішу
өндірісінің келесі міндеттеріне пішілген бөлшектерді тігуге
дайындау (нөмірлеу, суретті реттеу, көмекші сызықтар, кертпелер
салу), бөлшектерді жинақтау, пішімді тігін цехына жіберу
жатады.
Бұйым бөлшектерін пішуді төсем
жаймасының беткі жағында бормен не қарындашпен салынған лекало
суреттемесі бойынша орындайды. Көйлек және басқа да жұқа әрі жылтыр
маталарда лекало суретін салу үшін қағазды пайдаланады. Лекало
контурларын қағазда қарындашпен жүргізеді, суреттемені төсемге
қысқыштармен бекітіп, төсемді онымен бірге пішеді. Суреттеме алу
үшін лекало контурларын бормен не қарындашпен жүргізу көп уақытты
алады, ал оны бір-ақ рет қана пайдалануға болады. Бұл тәсіл
берілген бұйымға арналған материалды бір рет пішкен жағдайда немесе
пішу үшін әртүрлі енді жаймаларды пайдаланған жағдайда ғана өз-өзін
ақтайды. Бірақ егер жайылмалар көп рет пайдалануға арналса және
тұрақты енді материал пішілуі тиіс болса (көбінесе бұл астар мен
қолданбалы материалдарды пішкен кезде болады), онда төсемнің
үстіңгі жаймасында лекало контурларының суретін салу үшін
трафаретті пайдаланады.
Егер материалда текстильді
ақау болса, онда оны жалпы төсемде пішуге болады, тек бұл жерде
орындалуы тиіс шарт – ақау бұйымды пайдаланған кезде көзге
көрінбейтін бөлшектерге (астыңғы жағаға, өңірастының астыңғы
бөлігіне және т.б.) немесе лекалоаралық бөліктерге түсуі тиіс. Егер
бұл іске аспаса, онда мұндай жаймада бөлек лекало жайылмасын
жасауға тура келеді. Егер ақаулы бірнеше жайма бар болса, оларды
төсем жасай отырып, бірге пішуге болады. Ақаулы жаймаларды төсеу
кезінде ақаудың орналасқан жерін астыңғы жаймадан келесі жаймаға
ауыстырады. Үстіңгі жаймада барлық ақаулардың орындары белгіленеді.
Одан кейін жайылманы жүргізуге болады. Жаюшының шеберлігі барлық
ақауларды лекалоаралық бөліктерге орналастырудан және бұл ретте
материал шығысының белгіленген нормаларынан асып кетпеуден
тұрады.
Сонымен, лекало контурларын
материалға көшірудің бірнеше тәсілдері бар. Қандай да бір тәсілді
таңдау тігін бұйымдарының сұрыпталымын, пайдаланылатын
материалдарды, кәсіпорынның қуаттылығын, оның жабдықталуын ескере
отырып жүзеге асырылады. Бұл таңдаудың мақсаты жоғары сапалы пішім
алу болып табылады.
Маталарды төсеу кезінде
мынадай техникалық талаптар сақталады:
■ жаймаларды керілген, қиғаш,
босаң жерлерсіз (қыртыстарсыз) орналастырады;
■ жаймаларды төсемнің алдыңғы
шеті бойынша және жиектерінің бірін бойлай
теңестіреді;
■ торлы не жолақты ірі суреті
бар материалды беткі жағын беткі жаққа қаратып төсеген кезде жұп
жаймаларда суретті сәйкестендіреді;
■ түкті маталарды төсеген кезде
түктің бағыты барлық жаймаларда бірдей болуын
қадағалайды;
■ бірнеше түсті (артикулды)
материалдарды төсеген кезде әуелі бір түстегі (артикулдағы), одан
кейін басқа түстегі және т.б. материалдарды
төсейді.
Пішудің алдында барлық матаны
дерлік декатирлейді. Декатирлеу
(тігер алдында мата отырмас үшін) – мақта,
мата, зығыр, штапель матаны суға салып сығып (бұрап сықпайды),
бойлық жіп бойымен тегістеп жаяды. Содан кейін матаны шала
кептіріп, бойлық жіп бойымен терістеме жағынан бастыра үтіктейді.
Шала кепкен матаның (бойлық жіп бағытымен) терістеме жағынан дәке
немесе жұмсақ жұқа мата жайып, үстінен бастыра
үтіктейді.
Пішу
түрлері:
Түкті маталарды (барқыт,
вельвет, велюр) тігін өндірісінде пішу күрделі болып келеді. Түкті
маталарды пішу кезінде барлық бөлшектер төменнен жоғары бағытталуын
қадағалау керек. Лекалды матаға қойып, ағылшын инелерін қадаған
кезде, мата тесіліп қалуы мүмкін.
Тор көзді
маталарда матаның көлденең қималарын
бірдей етіп, оң жағынан ішке қарай бүктейміз. Сонымен қатар,
жиектер бір-біріне сәйкес келуі қажет емес, бәрі тор көзді суреттің
сызықтарына байланысты болады.
Көлденең қималарын тордың
сызығы бойынша ағылшын инелерімен қыстырамыз. Лекалдар жиынтығы тор
көзді маталарда тордың сызықтары бойынша дәл орналасуы
қажет. Тор көзді маталарда
сызықтардың асимметриялық немесе симметриялық екенін анықтаңыз.
Егер ассимметриялы болса, тек бір бағытта пішу
орындалады.
Осы жағдайларды есепке ала
отырып, тор көзді және түкті маталардан дайындалатын бұйымдарда
мата шығыны көптеу болады.
Гүлді маталарды пішкен кезде
суреттің, яғни гүлдің төменге қарай емес, жоғары бағытталуын
қадағалайды.
Әйел көйлегін пішудегі нұсқаулық
картасы
-
Матаны
декатирлеу;
-
Матаның
оң бетін, түгін, суретін және негізгі жібінің бағытын
анықтау;
-
Мата
ақауларын белгілеу;
-
Матаны өң
бетін ішке қарата екі бүктеп жаю, мата қиықтарын пішу үстелінде
шеберге жақын орналастыру;
-
Лекалоларды орналастыруды үлкен бөлшектен бастаймыз (артқы
бой, алдыңғы бой). Барлық майда бөлшектерді солардың арасына
орналастырамыз;
-
Лекалоларды мата жылжымас үшін ағылшын инелерімен
қыстырамыз;
-
Тігістікті сызуды өткірленген сабын немесе бормен лекало
жиегінен және тігістік арқылы жүргіземіз;
-
Сызық ені
0,1-0,2 см;
-
Матаны
екінші сызықпен өткір қайшымен қырқамыз;
Мынандай
қалыпта тігістікке берілетін қосымшалар:
Қайып
тігу – 1 см;
Бүйір
қиығы – 1 см;
Ортаңғы
қиық – 1 см.
Құрастырып тігу – 1 см;
Бұйымның
етегі – 3 см
Технологиялық нұсқау
картасы
№
|
Операцияның
аталуы
|
Операцияның орындауға
қойылатын негізгі талаптар
|
Сурет
|
Құрал-жабдықтар
|
1
|
Көктелген белдемшені тұлғаға
кигізу
|
Өлшем жүргізуді тұлғаның оң
жағынан орындалады.Тұлғаға сай келетін аумағын алдыңғы және артқы
бөліктерінің ортасын туралайды. Бақылау сызық көктеу тігістерін
жөндеу,тексеру.
|

|
|
2
|
Белдемшенің тепе-теңдігін
тексеру.
|
Таңдап алынған силуэт бойына
тұлға пішініне сай қынамалы келетінін тексеру. Егер силуэтке
өзгертулер енгізер керек болса, онда вертикаль бойына бүйір
тігістерін ауыстыру арқылы инені шыншып кемістіктерін жою үшін ине
жіне сабын арқылы өтеді.
|

|
Қол
жұмыс,ине.
|
3
|
Белдемшенің ұзындығын
анықтау
|
Белдемшенің ұзындығын анықтау,
ұзын болса сабынмен белгілеп көктеп тігу.
|

|
Қол жұмыс,
ине,сабын,
сантиметрлік
таспа.
|
4
|
Бел қиығын
тексеру
|
Бел қиған нақты
белгілеп,сабынмен сызып тексеру,артығын қию
|

|
Қол жұмыс,сабын
қайшы.
|
5
|
Қатпардың тереңдігін
тексеру
|
Қатпардың
тереңдігін,ұзындығын,орналасу орнын анықтап алады.Олшемнен кейін
артығын қию
|

|
Қол
жұмыс,қайшы,
Сантиметірлік
таспа.
|
6
|
Табылған өзгертулерді жіппен
тігу
|
1-ші өлшемді жүргізгеннен
кейін,өлшемдік табылған өзгертулерді жіппен көктеп тігіп
белгілейді.
|

|
Қол
жұмыс,жіп,
Ине.
|
7
|
Белдемшені тұлғаға
кигізу
|
Дайын болған белдемшені тағы
бір рет, 2- өлшемнен жүргізу, киіп көру.
|

|
|
Белдемше
түрлері

