Күні | 23.01.2018 |
Кабинет | 304,312каб. |
Сыныбы | 8 «А,В» |
Пәні | Геометрия |
Пән мұғалімі | Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы «№10 жалпы білім беру орта мектебі» КММ-сі Кенесбаева Гулнара |
Тақырыбы | Тікбұрышты үшбұрыштарды салу |
Мақсаты | Білу:Салу есептерін еске түсіру.Түсіну:Тікбұрышты үшбұрыштарды салу есептерімен байланыстыру.Қолдану:Тікбұрышты үшбұрыштың қасиеттерін есептер шығаруда қолдану. Талдау:Қасиеттерді қолданып шығарылған есептерді талдай білу, дәлелдеу.Жинақтау: Сыни тұрғыдан ойлау арқылы салу есептерінде тікбұрыштың қасиеттерін қолданып есептер құрастыру.Күрделі тапсырмалар беру, оқушыларды ойландыру.Бағалау:Тікбұрышты үшбұрыштарды шешумен салу есептерін ажырата білу. |
Күтілетін нәтиже | Білу: Салу есептерін еске түсіреді.Түсіну:. Тікбұрышты үшбұрыштарды салу есептерімен байланыстырады.Қолдану:Тікбұрышты үшбұрыштың қасиеттерін есептер шығаруда қолданады..Талдау: Қасиеттерді қолданып шығарылған есептерді талдай біледі, дәлелдейді.Жинақтау: Сыни тұрғыдан ойлау арқылы салу есептерінде тікбұрыштың қасиеттерін қолданып есептер құрастырады.Күрделі тапсырмалар беру, оқушыларды ойландыру.Бағалау: Тікбұрышты үшбұрыштарды шешумен салу есептерін ажырата біледі. |
Ресурстар | Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер. |
Сабақтың құрылымы | І. Ақпарат блогы.ІІ. Логикалық тапсырмалар блогы.ІІІ. Жаттықтыру және білімді есепке алу блогы.ІV. Интеллектуалдық тренинг блогы.V. Күтілетіннәтижеблогы. |
Оқытуәдісі | «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқытуды басқару және көшбасшылық». |
Мұғаліміс-әрекетініңтәсілі | Бағыт-бағдар береді, оқушыларға қажет болғанда көмек береді, олардың танымдық тапсырмаларды өз бетімен орындауын қадағалайды. |
Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру формасы | Күтілетін нәтижеге қол жеткізу үшін кестеде берілген тапсырмаларды орындап, сұрақтарға жауап беру. Өз мүмкіндіктеріне қарай деңгейлік тапсырмаларды орындау. Тақырыптың идеясын түсіне отырып баға беру. |
Танымдықтапсырмалар | Сабақтың ЖБЕА блогындаберіледі. |
Оқушыіс-әрекетінұйымдастыру | Күтілетін нәтижеге қол жеткізу үшін , суреттерді пайдаланып сұрақтарға жауап беру; Өз мүмкіндігіне қарай деңгейлік тапсырмаларды орындау. |
Оқушыда дағды қалыптастыру | Өзін-өзі дамыту дағдылары – өзінің деңгейін бағалау, оны жоғарылату бағытында жүйелі жұмыс жасау, белгіленген мақсатқа жетіп барып нәтиже көрсету, жинақталған білім мен қалыптасқан дағды негізінде ой қорыта алу |
Негізгі ұғымдар мен терминдер | Тікбұрыш, Брадистің «Төрт таңбалы математикалық кестесі» |
Ақпарат көздері | Интернет желісі, Оқулық. |
Сабақты бағалау | Оқушының оқу іс-әрекеті деңгейіне байланысты бағаланады. |
Психологиялық дайындық
| «Жүректен жүрекке» А4 жүрек пішіндес қағаз таратылады. (қызыл, көк, сары) Сол жүректерді таңдап алады, әркімнің арқасына жабыстырады, әр адам сәттілік тілеп, тілек жазады,сол бойынша топқа бөлінеді. |
Топқа бөлу
| І топ: Циркуль
ІІ топ: Карандаш
ІІІ топ: Сызғыш
|
І. Ақпарат блогы. 6 минут | Тақырып жоспары:1.Тікбұрышты үшбұрыштың қасиеттері.2.Тікбұрышты үшбұрышты шешу.3. Тікбұрышты үшбұрышқа арналған салу есептері
|
ІІ. Логикалық тапсырмалар блогы.6 минут
| І.Білу.Түсіну.«Динамикалық әдіс» топ болып шеңбер құрып, бір-біріне салу есептерінің түрлері туралы не білгенін, түсінгенін айтады.1.Тікбұрышты үшбұрыш дегеніміз не?2.Салу есептері дегеніміз не?3.Салу есептерінің түрлері қандай?ІІ. Қолдану.Талдау.1.Сызғыштың көмегімен орындалатын салулар2.Циркульдің көмегімен орындалатын салулар3.Қарапайым салу есептеріІІІ. Жинақтау. «Ротация» әдісі арқылы әр топ жаңа тақырып бойынша түсінбеген сұрақтарды бір-біріне қойып талқылайды, жинақтайды. |
ІІІ. Жаттықтыру және білімді есепке алу блогы.18 минут
| І деңгей.Жаңа тақырып бойынша оқулықтағы 180-182 есептерді шығару.ІІ деңгей. Оқулықта берілген «Өзіңді тексер!» атты тест тапсырмасын тексеруІІІ деңгей. С тобының есептерін орындау |
ІV. Интеллектуалдық тренинг блогы.6 минут
| І топ. Циркуль ІІ топ. Сызғыш.ІІІ топ. Қалам |
V. Күтілетіннәтижеблогы. | Сабақты өздігінен бағалау. Сыныптың сабақты оқу қарқыны мен күтілетін нәтижеге қалай қол жеткізгендігін дәлелдеу үшін әр оқушыға 2 сұрақтан беру . |