Материалдар / Тіктөртбұрыштың периметрін әртүрлі тәсілмен табу. Пысықтау
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тіктөртбұрыштың периметрін әртүрлі тәсілмен табу. Пысықтау

Материал туралы қысқаша түсінік
1. Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтың мақсатын түсіндіру. 2. Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру. Біз бүгінгі сабақта геометриялық саяхатқа аттанамыз. Осы саяхатшылар тобына мүше болу үшін бірнеше сыннан өтулерің тиіс. Бірінші сынақ - сөзжұмбақты шешу. 1. «Геометрия» сөзі нені білдіреді? (Жер өлшеу.) 2. Екі жағынан нүктелермен шектелген тік сызықтың бір бөлігі. (Кесінді.) 3. Нүктелері ортаңғы нүктеден бірдей орналасатын бітеу сызық қалай аталады? (Шеңбер.)
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Тамыз 2018
1834
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы:Тіктөртбұрыштың периметрін

әртүрлі тәсілмен табу. Пысықтау

Сабақтың мақсаты: тіктөртбұрыштың периметрін есептеу дағдыларын жетілдіру; тиімді тәсілмен есептеуге үйрету.

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтың мақсатын түсіндіру.

  2. Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.

Біз бүгінгі сабақта геометриялық саяхатқа аттанамыз. Осы саяхатшылар тобына мүше болу үшін бірнеше сыннан өтулерің тиіс. Бірінші сынақ - сөзжұмбақты шешу.

  1. «Геометрия» сөзі нені білдіреді? (Жер өлшеу.)

  2. Екі жағынан нүктелермен шектелген тік сызықтың бір бөлігі. (Кесінді.)

  3. Нүктелері ортаңғы нүктеден бірдей орналасатын бітеу сызық

қалай аталады? (Шеңбер.)

  1. Түзу сызық жүргізуге арналған құрал. (Сызғыш.)

  2. Қозғалып келе жатқан нүктенің ізі. (Сызық.)

  3. Жазу құралының қағазбен түйіскен ізі қалай аталады? (Нүкте).

  4. Екі сызықпен шектелген жазықтықтың бір бөлігі. (Бұрыш.)

  5. Белгілі нүктеден бастау алатын түзу сызықтың бөлігі. (Сәуле.)

  6. Жазықтықтағы бейнесі дөңгелек болатын көлемді фигура. (Шар.)

Екінші сынақ - перфокарталар бойынша жұмыс:

1. Берілгендердің қайсысы дұрыс?

1) Тіктөртбұрыштың ауданы - барлық қабырғаларының қосындысы.

2) Тіктөртбұрыштың периметрі - ауданның өзіне сыйдыратын бірліктер саны.

3) Шаршының периметрін табу үшін оның қабырғасын 4 есе арттыру керек.

2. Өлшем бірлігінің «артығын» көрсет.

1) 1 см²; 2) 1 км; 3) 1 м².

3. Пішіні тіктөртбұрыш болып келген бақшаның ауданы 24 м². Бақшаның ені 3 м. Ұзындығы неге тең?

1)8м; 2)6м; 3)19м.

4. Жер телімінің ені 8 м және ол ұзындығынан 4 есе кем. Жердің ауданы нешеге тең?

1) 16 м²; 2) 256 м²; 3) 32 м².

5. Ұзындығы 32 см сымнан қабырғасы 8 см болатын шаршы жасауға бола ма?

1)иә; 2)жоқ.

6. Шаршының ауданы 36 дм²-ге тең. Бұл шаршының қабырғасы нешеге тең?

1) 16 дм; 2) 8 дм; 3) 6 дм.

7. Шаршының периметрі 40 см. Оның қабырғасының ұзындығы нешеге тең?

1) 9 см; 2) 6 см; 3) 10 см.

3-ші сынақ: әрбір фигураның қырларының санын есепте №8 (83-сабақ).

4-ші сынақ: баған түрінде есептеу №1 (83-сабақ).

3. Өткен тақырыппен жұмыс.

Сонымен, сендер сынақтан өттіңдер, енді саяхатқа дайынсыңдар. Әрбір ғылыми саяхаттың мақсаты бар: ол - ғылыми құбылыстардың қандай да бір ерекшеліктерін зерттеу. Сендер қалай ойлайсыңдар, біздің саяхатымыздың мақсаты қандай болуы тиіс? (Аудан мен периметрді есептеу, сондай-ақ геометрияның қалай пайда болғанын зерттеу).

Мұғалім геометриянық даму тарихынан үзінді оқиды.

«Геометрия» сөзі гректің «ге» - «жер», «метео» — «өлшеу» сөзінен шыққан. Геометрия ежелгі Мысырда біздің заманымызға дейін 2000 жылы, яғни 4000 жыл бұрын болған. Египет фараоны жерді бөлді, әрбір мысырлыққа шағын жер берді, фараонға жер салығын төледі. Ніл өзені арнасынан асып, жер телімдерін су басып қалатын болғандықтан, фараон жер өлшеушілерді жіберіп, жердің қаншалықты кішірейгенін анықтатып, неше салық алу керектігін белгілеп отырған. Осылайша Мысырда геометрия пайда болып, ол жақтан басқа елдерге тараған.

Мысырлықтар ұзындықты өлшеудің басты бірлігі ретінде шынтақты пайдаланды. Шынтақ 7 алақанға, алақан 4 саусаққа бөлінді. Жіп алып, шынтақ бойын өлшеңдер. Өз достарыңның өлшегендерімен салыстырыңдар. Одан мынадай қорытынды шығады: адамдардың бойы және шынтақтары әртүрлі ұзындықта болады. Міне, мысырлықтар да дәл өлшеу үшін өлшеуіш үлгісі ретінде бүкіл Мысырға ортақ шынтақ, алақан, саусақты алды. Осы өлшем бірлігінің көмегімен мысырлық жер өлшеушілер ұзындықты өлшеп, шаршының, үшбұрыштың, дөңгелектің ауданын табуды үйренді.

- Қазіргі кезде ұзындық пен ауданды өлшеудің қандай өлшем бірліктері бар?

Ежелгі гректер мысырлықтардан геометриялық білімді үйренді. Ежелгі Грекияда геометрия логикалық топшылаулар мен дәлелдемелер жүйесі бар ғылым ретінде қалыптасты. Геометрия геометриялық фигуралардың қасиеттері туралы ғылымға айналды.

- Қандай геометриялық фигураларды білесіңдер? №2 (83-сабақ) тапсырманы орындаңдар.

Shape3 Shape2 Shape1





- Тіктөртбұрыштың ұзындығын а, енін b деп белгілеңдер.
Ауданын қалай есептейміз? Периметрін қалай есептейміз?

Р = а + b + а +b = а + а + b + b = а • 2 + b • 2 = {а + b)•2 Әріптердің көмегімен тіктөртбұрыштың ауданы мен периметрін табу формуласын жазыңдар. Р = (а + b) • 2, S = а • b

  • Құрметті зерттеушілер, кестенің көмегімен тіктөртбұрыштың периметрі

мен ауданын, ұзындығы мен енін есептеңдер.



ҰЗЫНДЫҒЫ

ЕНІ

ПЕРИМЕТРІ

АУДАНЫ

20 см

5 см

50 см

100 см²

40 см

? см

? см

80см²

а см

? см

(а + ?) • 2

а • b см²

Х м

у м

?

? см²

Енді оқушылар №4 және №5 тапсырмаларды орындайды.

- Саяхатқа өзімізбен азық-түлік алуды шештік.

7 (83-сабақ) тапсырманы балалар ауызша орындайды.

6 (83-сабақ) есепті құрастырып, шешу ұсынылады. Есептің қысқаша жазылуын түрліше жүргізуге болады:

1) кестеде (оқулықты қара)

2) 6 қ - 540 теңге
?қ-420теңге
1 қ - ? теңге

Келесі тапсырма - геометриялық фигураларды сұрыптау. Кестені толтырыңдар.



Фигура нөмірі

Өріп

Сипаты

Фигураның атауы

1.

ә.

Қабырғалары тақ сан; 3 қабырға, тік бұрышы бар

Тік бұрышты үшбұрыш





Shape4

Геометриялық фигуралар







Shape6 Shape5

қабырғалары тақ сан



қабырғалары жұп сан







Shape10 Shape9 Shape8 Shape7

3 қабырға



3 қабырғадан артық



4 тік бұрыш



тік бұрыш жоқ





Shape18 Shape17 Shape16 Shape15 Shape14 Shape13 Shape12 Shape11

Тік

бұрыш жоқ

Тік

бұрыш бар



5 қабыр ға

7

қабырға

барлық қабыр-

ғалар

тең

тең қабыр-ғалары жоқ

4 қа-

быр-ғаданартық

4

қабыр-

ға









а) ә) б) в) з)

Shape20 Shape19 г) д)

5

қабырға



7

қабырға









е) ж)



4.Сабақты қорытындылау.

- Саяхатқа аттанар алдында қандай мақсат қойылды? Жаңа нені білдіңдер? Енді геометрия туралы бәрін білем деп ойлайсыңдар ма? Геометрия туралы нені білгілерің келеді? Зерттеуші болу үшін адамға қандай қасиеттер қажет? Қандай тапсырмалар қиындық келтірді? Қиындықтан шығу үшін не істеу керек? Сабақтағы өз жұмысыңа қандай баға бересің? Өз нәтижелеріңді жақсарту үшін не істеу керек?

5. Үй жұмысы: №3. Үйіңдегі кілемнің ауданын тап.

84-сабақты мұғалім өз қалауы бойынша құрады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!