400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тіл білетін және сөз ұғатын адам

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: тіл білудің тек сөздерді білу емес, сөздің мағынасын түсініп, оны орынды әрі дұрыс қолдана білу екенін көрсету. Негізгі ойы: адамның тіл мәдениеті оның сөзді қалай, қай жерде және қандай мақсатта қолдануынан көрінеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тіл білетін және сөз ұғатын адам


Тіл мен сөз адамзат арасындағы қарым-қатынастың негізгі құралы. Адам қоршаған ортаны танып, ақ пен қараны ажыратып, қоғамда болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтардан дәл осы тіл арқылы хабардар болады.


Тіл тек грамматикалық ережелер мен сөз таптарының жиынтығы емес. Ол ойлау, тану, сезіну және мәдениетті жеткізудің басты құралы. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады», деген. Бұл сөз тілдің ғана емес, сөз мәдениетінің де маңызын айқын көрсетеді.


Дегенмен, тілді білу мен сөздің қадірін түсіну екі бөлек ұғым. Ана тілінде еркін сөйлей алған әрбір адам сөздің салмағын сезіне бермейді. Сөз  жай ғана дыбыстардың немесе сөйлемдердің жиынтығы емес, ол адамның тәрбиесі мен дүниетанымының көрінісі.


Бұл мәселе қазақ тіл білімінде де жан-жақты зерттелген. Академик Рәбиға Сыздық сөз мәдениетін тілдің қолданыстағы көрінісімен байланыстырып, адамның ойын дұрыс әрі орынды жеткізуіне ерекше мән берген. Ғалымның пікірінше, сөзді дұрыс қолдану тек тілдік норманы сақтау емес, ойды дәл жеткізу мен сөздің мағынасын орнымен пайдалана білу.


Ал профессор Нұргелді Уәли сөз мәдениетінің маңызды белгілерінің қатарына сыпайылық пен ізеттілікті, айқын ойды, сөзді дәл таңдай білуді және сөйлеу шеберлігін жатқызады.  Демек, адамның тіл білуі оның сөздік қорының молдығымен ғана өлшенбейді. Нағыз тіл мәдениеті қандай сөзді, қай жерде, кімге және қандай мақсатпен айту керектігін түсінуден көрінеді.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23.09.2026
15
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі