Материалдар / Тіл дамытуды оқыту әдістемесі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тіл дамытуды оқыту әдістемесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Толық материал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Ақпан 2023
1024
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

1- ДӘРІС. ТІЛ ДАМТЫУ ӘДІСТЕМЕСІ ПӘНІ.


Жоспар:

1 Тіл дамтыу әдістемесі пәні және курстың міндеттері.

2 Мектепке дейінгі балаларды оқытудағы тіл дамыту мақсаттары


1Тіл дамтыу әдістемесі пәні және курстың міндеттері.

Әдістеменің қолданбалы ғылым ретіндегі сипаттамасы. Ғылым ретіндегі әдістеменің іргелі және қолданбалы міндеттері. Ғылым дамыту әдістемесі курсын оқытудың негізгі міндеттері. «Сөйлеуді қалыптастыру», «Тіл дамыту», «Коммуникативті-тілдік дағдылары» ұғымдарының мазмұны. Сөйлеудің функциялары. Әдістеменің басқа ғылымдармен байланысы. Тіл дамыту әдістемесіндегі зерттеу әдістері. ҚР «Тілдер туралы» Заңы (1999ж.), «Білім туралы» Заңы (2007ж.), «Мәдени мұра» Мемлекеттік Бағдарламасы (2004ж.), ҚР «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемелкеттік жалпыға міндетті стандарты» (2016ж.).

Тіл дамыту әдістемесі – педагогикалық қызмет заңдылықтарын зерттейтін, мектеп жасына дейінгі ұйымда балалардың тілін қалыптастыруда бағытталған педагогикалық ғылым.

Тіл дамыту әдістемесі педагогикалық ғылымдардың бір бөлігі , оның өзінің белгілі мақсаты, міндеті,мазмұны бар.

Әдістеменің басты міндеті – балабақшада тәрбиеші баланың қажетті сөздік дағдылар мен қабілеттерін дамыту үшін ғылыми педагогикалық негізде тіл дамытудың тиімді әдіс – тәсілдерін жинақтау, жасау. Курстың басты мазмұны баланың ауызекі тілін қалыптастыру, қоршаған ортамен сөздік қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру.

Тұжырымда бекітілгендей мектеп алды даярлықта білім алу тіл дамыту ана тіліндегі ауызша сөздің дағдыларын, сөздік этикетін бойына сіңіру. Бағдарлама бойынша 2 тілді оқу міндетті.

Тіл дамыту әдістемесі барлық әдістемелер сияқты мына негізгі сұрақтарға жауап береді:

- Немен оқытамыз?

- Қалай оқытамыз?

- Неліктен тура осылай оқыту керек?

Е.И.Тихеева көрсеткендей, бұл ана тілі оның кедергісіз, жан – жақты дамуы тәрбиенің негізі болып табылады.

Тіл дамыту әдістемесі барлық педагогикалық ғылым сияқты жалпы ғылымға енеді.

Оның методологиялық негізі тіл және ойлауға үйрену болып табылады.

Тіл – басты қарым – қатынас құралы болып табылады. Ойлау – тіл сияқты қалыптасып дамиды. Адамдардың еңбек әрекеті барысында дамиды, қоршаған адамдар мен тұрмысының көрінісі болып табылады.

Тіл дамыту әдістемесі басқа ғылымдармен байланысты, әсіресе тіл туралы ғылымдармен: тіл білімі (тіл білімдері бөлімі – фонетика, орфоэпия, лексикология, грамматика, морфология, синтаксис): психолингвистика. Тіл функциялары туралы білім, тіл білімі және психологияда жасалған.

Әдістеменің басты тараулары:

- байланыстырып сөйлеуді қалыптастыру

сөздің дыбыстық мәдениетіне тәрбиелеу

- балалардың ауызекі сөзінде сөз қорының және грамматикалық дағдыларының дамуы

- балаларды сауатты оқуға дайындау

- балаларды көркем әдебиетпен таныстыру.

Тіл дамыту әдістемесі барлық мазмұны іс – жүзінде мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуға және тәрбиелеуге арналған.

Тіл дамыту әдістемесі ғылыми зерттеу әдістері. Ғылыми зерттеу – осы аймақта жаңа теория және іс – тәжірибе енгізу.

Зерттеу:

1) Тарихи жайлар. Өткеннің қорытындыларын осы кезеңде тексеру және бағалау.

2) Тәжірибелік – балабақшада педагогикалық тәжірибе жүргізу.

3) Тәрбиешінің озық тәжірибесін талдап қорыту.

4) Тәрбиешілермен балалармен әңгіме.

5) Құжаттармен танысу.

Мектеп алды даярлықтың мақсаты мен талабы ақыл ой дамыту, тіл дамыту және ана тілін таным, оқу және ойлау іс - әрекетінің негізі болып табылады.

2 Мектепке дейінгі балаларды оқытудағы тіл дамыту мақсаттары

2 Мектепке дейінгі балаларды оқытудағы тіл дамыту мақсаттары:

1) Әр жас топтарында тіл дамыту бағдарламаға сай орындалуынқадағалау және қамтамасыз ету.

2) Балаларды оқыту мен тәрбиелеуді дұрыс жолға қою.

3) Қызметкерлерге бағыт беру жәнебақылау жасау.

4) Жағдай жасау (медициналық, гигиеналық, профилакториялық).

5) тіл дамыту бойынша озық тәжірибелерді жинақтап қорыту. Педагогикалық жаңа инновациялық техниканы енгізу, педагогикалық өзара тәжірибе алмасуын ұйымдастыру.

6) Мамандардың дәреже деңгейіне және білім жетілдіруіне сай квалификациясын көтеру. 7) Балабақша мен отбасы арасында өзара педагогикалық білімді насихаттайтын жұмыстар ұйымдастыру. Атааналарды жалпы жиналыстарда оқу тәрбие процестерімен таныстыру.

Тіл дамыту әдістемесі – педагогикалық қызмет заңдылықтарын зерттейтін, мектеп жасына дейінгі ұйымда балалардың тілін қалыптастыруда бағытталған педагогикалық ғылым.Тіл дамыту әдістемесі педагогикалық ғылымдардың бір бөлігі, оның өзінің белгілі мақсаты, міндеті,мазмұны бар. Әдістеменің басты міндеті – балабақшада тәрбиеші баланың қажетті сөздік дағдылар мен қабілеттерін дамыту үшін ғылыми педагогикалық негізде тіл дамытудың тиімді әдіс – тәсілдерін жинақтау, жасау. Курстың басты мазмұны баланың ауызекі тілін қалыптастыру, қоршаған ортамен сөздік қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру. Педагогикалық ғылым ретінде әдістеменің психологиялық-педагогикалық зарттеу әдістері бар. Зерттеу әдістерін теориялық және эмпирикалық (практикалық) деп бөлуге болады.

Теориялық әдістерге: зерттеу мәселесі бойынша теориялық әдебиеттерді талдау және оқу, эксперимент, әңгімелесу, бақылау барысында алынған материалды қорытындылау, талдау, модельдеу жатады.Эмпирикалық әдістерге: бақылау, әңгімелесу, рейтинг, тәрбиешілердің жұмыс тәжірибесін игеру, тәжірибелі-педагогикалық жұмыс, педагогикалық эксперимент жатады. Осымен қатар, әдістеме дидактикада өңделген әдістерді қолданады. Әдістердің үш тобын бөліп көрсетеді: көрнекілік, сөздік және практикалық. Бұл әдістер бір-бірімен тығыз байланысты. Көрнекілік әдістер сөздік арқылы түсіндіріледі, ал сөздікте көрнекілік тәсілдер қолданылады. Тіл дамыту әдістемесі басқа ғылымдармен байланысты, әсіресе тіл туралы ғылымдармен: тіл білімі (тіл білімдері бөлімі – фонетика, орфоэпия, лексикология, грамматика, морфология, синтаксис): психолингвистика. Тіл функциялары туралы білім, тіл білімі және психологияда жасалған.

Негізгі әдебиеттер: 4, 5, 6, 7, 10, 11, 12,

Қосымша әдебиеттер: 9,10,16,19.







2- ДӘРІС. ТІЛ ДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ.


Жоспар:

1 Шетелдік пеадгогикада балалардың тілін дамыту мәселелері

2 Қазақстанда әдістеменің дамуы


1 Шетелдік пеадгогикада балалардың тілін дамыту мәселелері. Я.А.Коменскийдің мектепке дейінгі жастағы балалардың тілін дамыту принциптері туралы. И.Г.Песталоццийдің еңбектеріндегі ана тілін оқыту әдістемесі. Ф.Фребель мен М.Монтессоридің жүйелеріндегі тіл дамыту әдістері.

19 ғ. Екінші жартысында прогрессивтік бағыттағы педагогиканың бірі К.Д.Ушинский мектеп жасына дейінгі балалар тілін дамыту мәселесіне көп көңіл бөлінді. Оның философиялық көзқарасы материалистік бағытта болды. Ол ана тілінің балаларда қалыптастыруды ерекше атап көрсетті.

Балаларға ана тілін меңгерту керек деп пікір айтты. Ол сондай-ақ оқыту мен тәрбиелеуді халық ауыз әдебиетінің басты роль атқаратындығын, балалардың жас ерекшелігіне қарай ертегі, жұмбақ, оларға патриоттық және адамгершілік тәрбиесін берудің қайнар көзі болып табылады. Ушинскийдің баланы өз ана тілінде оқытудың қажеттігі туралы пікірді меңзейді. Ол тілдібалалардың меңгеру мақсатқа негізделген басшылықтың болуы үлкендердің көмегімен екендігін айтты. Бұл мектепке дейін басталуы керек. Ушинский өзінің пікірлерін баланы тәрбиелеудегі көркем сөздің рольін мынадай оқулықтарда “Балалар әлемі және хрестоматия” 1861 ж “Ана тілі” 1864 ж деген оқулықтарында көрсетті.

Ушинский ана тіліне оқытудың алғашқы бастамасында 3 мақсатты көздеді:

1. Сөз қабілетін дамыту, яғни өз ойын анық жеткізу.

2. Баланың өз ойын ең бір оңай түрде жеткізуіне үйрету. Көркем шығармаларды таңдап алу керек.

3. Грамматиканы тәжірибе жүзінде игеру.

Осы 3 мақсат бір мезгілде қолдануы тиіс. Ушинскийдің пікірлері мектеп жасына дейінгі тәрбие беруде тәжірибе жүзінде қолданылады. Ушинскийдің ізбасарлары А.С.Симанович, Е.Н.Водовозова.

А.С.Симанович сабақтарды ойын түрлері арқылы өткізу керектігін айтты. Е.Н.Водовозова 1871 ж өзінің педагогикалық тәжірибесінің нәтижесінде білдіріп кеткен болатын. Балаларды тәрбиелеуде тәрбиешінің басты құралы халықауыз әдебиеті деп ұғады.

Е.И.Тихееваның педагогикалық теориясының ішіндегі Россия – италияда балалар бақшасында тәжірибе жинақтады. 1913 ж балабақша меңгерушісі болды. Тихеева тіл дамыту әдістемесіне көп көңіл бөлді. Ол балабақшада сабақ жүргізу үшін сабақ жоспары, бағдарламасы болу керек деді. Ана тілін оқытудың методикасын жасады. Ол мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке оқуға дайындау балабақшада басталады. Ол дене және ақыл – ой тәрбиесін берудің негізгі құрал ретінде ойынның тәрбиелік мәнін аса жоғары бағалады.

Тихеева тәрбиешінің терең де жалпы білімі, оның үстіне арнаулы педагогикалық даярлығы болу керек деп талап қойды.

Ушинскийдің көзқарастары:

1. Ана тілінде баланың тілін дамытуда белсенді басшылық жасау.

2. Шет тіліне оқыту ана тілін меңгергеннен кейін игерту.

3. Балалардың ауызша сөйлеуге дамуы. Ауызша сөйлеуді дамыту жазбаша сөйлеуді дамытудың негізі.

4. Көрнекілік әдістерді қолдану.

5. Ана тілін оқытуда ақыл – ой мен сөйлеу дамуының байланыстылығы.

6. Балаларды тәрбиелеуде, ана тілін дамытуда халықтық өнер мен ұлттық әдебиеттің ролі.

7. Оқуға арналған әдебиеттерді іріктеу.

8. Мектепке дейінгі баланың тілін дамыту.

Крупская Н.К. сөзді ақыл – ой тәрбиесінің негізі деді. Сөздік оның байлығы және сөздің ең маңызды бөлігі деп есептеді. Балалардың сөздік қоры олардың айналадағы заттар мен құбылыстардың көрінісі. Тіл дамытуға көп көңіл бөлді.

2 Қазақстанда әдістеменің дамуы.

А.Байтұрсынов, Б.Б.Баймұратова, Г.К.Дүкенбаева, Х.Қожахметованың еңбектеріндегі ана тілін оқыту және тіл дамыту әдістемесінің мәселелері. Мектпке дейінгі жастағы балалардың тілін дамыту әдістемесінде шетелдік тәжірибені қолдану. Әдістемені әрі қарай дамыту мәселелері және қазіргі жай-күйі. Көптілділік жағдайында мектпке дейінгі жастағы балалардың тілін дамыту бойынеша жұмыс ерекшеліктері.

А.Байтұрсынов – қазақ халқының әлеуметтік өмірі мен мәдениетінде, қазан революциясына дейін де, одан кейін де аянбай еңбек еткен ірі қайраткер, үлкен талант иесі. Тарихта орны айрықша зор тұлға. Ол ең алдымен қазақ баласының ана тілінде де сауатын ашып ары қарай қазақ тілінде оқуын жалғастыруға күш жұмсаған ағартушы қайраткер. Осы мақсатты орындау үстінде ол қазақ тілін, оның дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құрылысын баяндап, талдап, танытқан зерттеуші. Әрі сол зерттеудің негізінде тұңғыш Ана тілі оқулығын жазған адам. А.Байтұрсыновтың араб жазуын қазақ тіліне икемдеген нұсқасын қазақ жұртшылығы, әсіресе мұғалім қауымы еш талассыз қабылдады.Себебі Ахметтің реформасы қазақ тілініңтабиғатына сүйеніліп, ғылыми негізде жасалған болатын. Сонымен қатар 1912 ж бастап, ұсынған осы алфавитті негізге ала отырып, жаңа жазу іс жүзінде қолданыла бастады.

1915 ж осы емлемен 15 – тей қазақ кітабы басылып шықты. Бұл жазуды 1912 ж бастап мұсылман медреселері мен қазақ – орыс мектептері қолданыла бастады. Сөйтіп қазақ графикасы 1924 ж Орынборда 12 маусымда басталған Қырғыз білімпаздарының тұңғыш съезінде талқыланды. Күн тәртібіндегі мәселелер:

1. Жазу ережелері.

2. Әліпби.

3. Қазақша пән сөздер.

4. Ауыз әдебиетін жию шаралары.

5. Оқу, ғылым кітаптарын көбейту шаралары.

6. Бастауыш мектептердің программасы.

А.Байтұрсынов реформаланған араб жазуы өз кезінде қазақ мәдени жүйеде үлкен роль атқарады, қалың көпшілікті жаппай сауаттандыру ісіне, жазба дүниенің дамуына, баспа жұмыстарының жандануына игілікті қызмет еткен, прогрессті құбылыс болды. Ахмет қазақ баласының ана тілінде сауат ашуына көп күш жұмсаған адам. Сол үшін қазақша сауат ашатын әліппе құралын, мектептерде қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулық жазды.

Ахмет алған білімі, мамандығы жағынан, профессионал – лингвист емеседі. Оны тіл біліміне алып келген, оқу – ағарту ісін жолға қою, халықты жаппай сауаттандыру, көзін ашу, сол арқылы қазақ халқының ұлттық теңсіздігінен құтқару мақсаты болатын, маман лингвист еместігіне қарамастан Ахмет тілдің, оның ішінде қазақ тілінің табиғатын, құрылымдық категориясын дұрыс аңғарған.

А.Байтұрсынов алдына жүйелі прогресс қойғанда ұқсайды, ол әуелі қазақша сауат аштыруды мақсат еткен. Бұл үшін әліппе “Оқу құралын” жазған, одан соң қазақ тілінің фонетикасы мен грамматикалық құрылысын ана тілінде талдап пән ретінде оқытып үйретуды мақсат еткен, бұл үшін 3 бөлімді “Тіл-құран”, үшінші дұрыс сөйлеп, дұрыс оқып, дұрыс жазуға үйретуге көмектесетін және 1 құралды жазған ол “Тіл жұмсар”, төртінші сауттандыру, тілді оқыту методикасын жасауды міндетіне алған, бұл үшін “Баяншыны” жазған, “Әліппе” астарын жазған, бесіншіден баланың тілін ұстартып, оларды көркем сөзге баулуды көздеген, бұл үшін Т.Ш. Шонановпен берігіп, үлкен хрестоматия жазған.


Негізгі әдебиеттер: 4, 5, 6, 7, 10, 11, 12,

Қосымша әдебиеттер: 9,10,16,19.
















































3- ДӘРІС. БАЛАБАҚШАДА ТІЛ ДАМЫТУ БОЙЫНША ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІ.


Жоспар

1. Тіл дамытудың мақсаттары мен міндеттері.

2. Балабақшадағы тіл дамыту бағдарламасы.


1.Тіл дамытудың мақсаттары мен міндеттері.

Балаларды тәрбиелеудегі ана тілінің мәні. Балабақшада тіл дамытудың міндеттері, олардың психологиялық-педагогикалық және лингвистикалық негіздемесі: байланыстырып сөйлеуді және сөздікті дамыту, тілдің грамматикалық құрылысын қалыптастыру, тілдегі дыбыстық мәдениетті тәрбиелеу, көркем сөзге деген қызығушылықты және сүйіспеншілікті тәрбиелеу. «Балабақшада оқыту және тәрбиелеу бағдарламасындағы» және «Балбөбек» бағдарламасындағы тіл дамыту жұмысының мазмұны.

Мектеп жасына дейінгі балалардың ауызекі сөйлеуін қалыптастыруда 7 түрлі міндет қойылады.

1. Сөздік қорын дамыту.

Мектепке дейінгі кезеңде балалар негізгі сөздерді айналасындағы адамдармен қарым-қатынаста қоршаған ортаға байланысты. Әсіресе қоршаған орта.

2. Грамматикалық дағдыларын қалыптастыру.

Сөздік қор – тілдің құрылымдық материалы болып табылады. Грамматика – сөйлемдегі сөздердің өзгеруін қалыптастырады. Сонымен бірге, тілдің сындарлы үлгісін анықтайды.

Бала айналадағы адамдардан грамматикалық дұрыс құрылған сөйлемдерді естілді, осы арқылы ол тілдегі сөздердің үлгісін менгереді. Тәрбиеші баланың өмірден алған сөйлеу қабілетін, оқыту арқылы адам әрі жаттықтырады. Сонымен бірге, балаларға жаңа сөздер үйретеді, грамматикалық дұрыс байланыстқан сөйлемдер құрып сөйлеуге тәрбиелейді.

3. Тілдің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеу.

Бала дыбыстарды дұрыс дыбыстауы керек. Сөйлем сөздегі дыбыстардың дұрыстығымен жұмыс жасауда, тәрбиеші фонетика мен орфоэпияның заңдылықтарына сүйенеді.

Бала озінің ана тілінде сөйлеп, сөйлемдердегі екпінді айыра білуге тиіс. Баланы бір-бірімен сөйлескенде, әдепті, тәртіпті бояуға үйретудің маңызы зор. Оған: амандасу, сөйлесіп тұрған адамына жылы қабақпен қарау назар аудару көпшілік жерде өзін-өзі ұстау білу жатады. Баланы мәнерлер сөйлеуге үйрету керек.

4. Диалог түрінде, әңгемелесу дағдысын қалыптастыру.

Бұған баланың тыңдау қабілеті мен түсінуі, әңгімеге араласуы, сұраққа жауап беруі мен сұрақ қоя білуі жатады. Бұдан, баланың қаншалықты грамматикалық сөздерді дұрыс сөйлегені, сөздік қорының молайғанын білүге болады. Әңгімелесу кезінде, бала өзін-өзі мәдениетті түрде ұстай білу керек.

5. Әңгімелеп сөйлеуге үйрету – монолог түрінде.

Баланың өзінің көрген-білгенін әңгімелеп беруі – мектепке барғанында өте қажет. Мектепте осы қабілеті одан әрі қалай бекиді. Баланың әңгімесінен біз сөйлем немесе сөз құрап сөйлей алуын, сөзінің мазмұнын сөздік қорын қаншалықты меңгергенен анықтаймыз. Балаларды ауызша әңгімелерді таңдай білуге, оны сосын қайталап айтып беруге үйретеміз.

Сонымен қатар, әңгіме құрап айтуға, шығармашылық белсенділігін қалыптастырамыз. Баланың бұл белсенділігі – бала бақшадағы мейрамдарда, үлкендердің алдына шығып тақпақ айтуға немесе басқа топтың алдына шығып сөйлеуіне деген қабілетін арттырады.

6. Көркем әдебиетпен таныстыру.

Мектеп жасына дейінгі ұйымдарда балалар әдебиетіндегі ең үздік шығармалар оқылып, топтастырылады.

Тәрбиеші балаларды көркем шығарманы тыңдауға түсінуге, шығармадағы кейіпкерлерді суреттеп айтуға үйретеді. Балалар жатталатын тақпақтың мазмұнын ұғып, оны мәнерлеп айта білу керек. Олардың оқуға деген қызығушылықтарын, кітаптың ішіндегі түрлі – түсті суреттерді қарап шығуын, кітаппен жұмысты ұқыпты да дұрыс қолдануларын қадағалау маңызды болып табылады.

7. Балаларды сауат ашуға дайындау. Балабақшадағы тіл дамыту жұмысы – баланы мектепке әзірлейді, бала ауызекі жақсы сөйлеуі тиіс, басқа адамды тыңдай білуі қажет. Мектепке жақсы әзірлікпен келген балада мынадай қасиеттер болуы керек:

1) Мұғалім педагогтың айтқанын тыңдау.

2) Өзінің ойын, пікірін грамматикалық түрде дұрыс сөйлеммен жеткізу, оны дұрыс сөйлеу. Бұл қасиеттер мектеп алды даярлық тобында немесе ересектер тобында қалыптасады. Бұл кезде балалар 2 - 4 сөздерден сөйлем құрап, сөйлей алады. Осы 7 міндет балалардың тілін дамытуда зор роль атқарады. Әрбір міндетте – оқыту мен тәрбиелік жағы жатыр, ақыл – ой тәрбиесі дамиды деп те айта аламыз.

2. Балабақшадағы тіл дамыту бағдарламасы.

Тіл дамыту бағдарламасы – балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты кезеңдерінде қоршаған орта туралы білімдерін, сөйлеу мәнерін қалыптастырып жеке бас қасиеттерін қарайды. Мысалы: диалог түрде сөйлеу дағдысын қалыптастыруда мынадай қасиет тәрбиеленуі керек: көпшілдік, жылы қабақ, әдептілік. Бұл, тіл дамыту бағдарламасы – балабақшадағы оқыту мен тәрбиелеу бағдарламаның негізінде құрылған.

Мазмұны бойынша – баланың шығармашылық және интеллектуалдық қасиетін қалыптастыру, дамыту болып табылады. Мұнда – тәрбиешінің рольі, іс - әрекеті. Тіл дамытуда қолданылатын дидактикалық принциптер, оқу материалының бір – бірімен тығыз байланыстылығы, нақты әрі түсінікті етіліп берілген.

Тіл дамыту бағдарламасының жоспары мен әдіс – тәсілдері.

1. Ана тілінде оқыту, белсенді тіл қызметін талап ету.

2. Бала мен үлкен арасындағы байланыс. Тіл дамыту қызметіне басшылық жасау.

3. Көркем әдеби шығармалармен танысу. Тіл дамыту қызметіне балалар әдебиетін қолдану.

4. Балалардың тілін дамытуда тәрбиешінің сөйлеу мәнері тиімді құрал болып табылады.

Сөйлеу мәнерін қарастыруда – оқыту басты әдіс болып табылады. Мектеп жасына дейінгі ұйымда – сабақ ең негізгі форма болып қолданылады.

Дидактикалық мақсаты бар мынадай сабақ түрлерін атап көрсетуге болады.

1. Жаңа материалдарды оқыту сабағы.

2. Білім, дағды, іскерліктерін бекіту.

3. Қорытындылау, тұжырымдау.

4. Білімдердің қорытындысын бақылау.

5. Аралас сабақ.

3. Педагогикалық ғылым ретінде әдістеменің психологиялық-педагогикалық зарттеу әдістері бар. Зерттеу әдістерін теориялық және эмпирикалық (практикалық) деп бөлуге болады.Теориялық әдістерге: зерттеу мәселесі бойынша теориялық әдебиеттерді талдау және оқу, эксперимент, әңгімелесу, бақылау барысында алынған материалды қорытындылау, талдау, модельдеу жатады.Эмпирикалық әдістерге: бақылау, әңгімелесу, рейтинг, тәрбиешілердің жұмыс тәжірибесін игеру, тәжірибелі-педагогикалық жұмыс, педагогикалық эксперимент жатады. Әрбір әдіске қысқаша тоқталар болсақ:

Сөйлеуді қалыптастыру мәселесі бойынша кез-келген зерттеуге психологиялық, психолингвистикалық, лингвистикалық, дидактикалық, әдістемелік жақын келу тән. Осыған байланысты тіл дамытудың әдістемелік, психологиялық, лингвистикалық негізі ашылатын әдебиеттер оқылады. Зерттеушіні қызықтыратын теориядағы сұрақтардың жағдайы, оқығандығының дәрежесі анықталатын педагогикалық әдебиеттерді талдау және оқудың маңызы зор (отандық, шетел, қазіргі және бұрыннан, ежелден қалған әдебиеттер).

Модельдеу әдісі – бұл әдістің негізінде аналогия принципі жатыр. Оны жұмыстық болжамды өңдегенде, оқу-тәрбие процесін және оның фрагменттерін жобалауда қолданылады. «Модельдер» көмегімен оқу-тәрбие процестерінің элементтерінің арасында байланыс ашылады.

Қорытындылау және талдау әдісі – зерттеудің әр түрлі кезеңдерінде және әр қайсысының нәтижесі және тұтас жұмыс бойынша қорытынды шығаруда қолданылады.

Бақылау – балалардың сөйлеуіне, тіліне, тәрбиешінің әрекетіне жүргізіледі. Ол қарым-қатынастың әр түрлі ситуацияларында балалардың тілінің ерекшеліктерін, сөйлеу іскерлігі мен дағдысын игеру дәрежесін анықтауға көмектеседі.

Мектепке дейінгі мекемелерде педагогикалық құжаттарды талдау және оқу- ата-аналармен тәрбиешілерді анкеталау арқылы қызықтыратын мәселесі бойынша жұмыс жағдайын анықтауға көмектеседі.

Әңгімелесу – (балалармен, ата-аналармен, педагогтармен) зерттеу барысында мәселені талдау, анықтау үшін қолданылады. Әңгімелесуге анкеталау және интервью әдістері де қатыстырылады.

Тәжірибелі-педагогикалық жұмыс – оқу және тәрбие процесіне өзгертулер енгізу әдісі. Бұл әдіс эксперименттің бір бөлігі болып табылады.

Осымен қатар, әдістеме дидактикада өңделген әдістерді қолданады. Әдістердің үш тобын бөліп көрсетеді: көрнекілік, сөздік және практикалық. Бұл әдістер бір-бірімен тығыз байланысты. Көрнекілік әдістер сөздік арқылы түсіндіріледі, ал сөздікте көрнекілік тәсілдер қолданылады.

Көрнекілік әдістер – балабақшада жиі қолданылады. Тікелей және жанама әдістер ретінде қолданыс табады. Тікелей көрнекілік әдісі және оның түрлеріне: саяхат, натуралды заттарды қарау, мекемені бқылау жатады.

Жанама әдістер бейнелік құралдарды қолдануға негізделген. Бұл ойыншықтарды, картиналарды, фотосуреттерді қарау, ойыншық және картинаны суреттеу, әңг

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!