Сарсенова Шырынкул
Дуйсенбековна
Түркістан
қаласы
Ә.Науаи атындағы №13
мектеп
гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті
пәні мұғалімі
Қазақ тілі мен әдебиеті
пәні мұғалімі
11-Б
сыныбы
Тақырыбы: Тіл
жанашырлары
Мақсаты: оқушылардың мемлекеттік
тілдің қолдану аясын кеңейту, мәртебесі мен маңызын кеңінен
насихаттау, оқып үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру.
Патриоттық сезімін оятып, тілін, Отанын, елін, жерін сүюге, салт -
дәстүрін, тарихын құрметтеуге баулу.
Алтын қақпа ға жету, үш
кезеңнен өту қола күміс, алтын қақпаларды ашу. Барлық тапсырмаларды
дұрұс орындап, алтын қақпаны ашқан команда ойын жеңімпазы
атану.
К
өрнекілігі: тіл
туралы ұлылар ойлары: «Тіл - тірегім, соғып тұрған жүрегім», «Тіл –
ұлттың жан дүниесі», «Өз ана тіліңді қадір тұтпай тұрып», «ел -
жұртыңды сүйе алмайсың», «Тәрбие басы – тіл», «Тіл жоқ жерде – ұлт
жоқ»
Түрі: ойын-сайыс
Ойынның шарты: ойын 3
кезеңден турады: Қола қақпа, Күміс қақпа, Алтын
қақпа
Барысы:
Оқытушының сөзі::
Құрметті бүгінгі ойын-сайыс сабағымызға жиналған қонақтар, тіл
жанашырлары! Қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол
жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып
бекітілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы Заңы» күшіне енді.
Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз. «Адамға екі
нәрсе тірек тегі, Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі», – деп Жүсіп
Баласағұн бабамыз айтқандай кез-келген мемлекеттің, елдің ең
негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ.
Биыл тіліміздің мемлекеттік мәртебе алғанына 33 жыл уақыт болды.
Осындай атаулы күнде бәріміздің де мерейіміз өсіп, қойнымыз
қуанышқа толып отырғаны сөзсіз. Құрметті бүгінгі қонақтар,
тіл жанашырлары! Сіздерді өткір тілді, дархан пейілді, қазақ
елінің «Тілдер мерекесі» күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Дүбірлетсін өңірді,
Дүрілдетсін дүлдүлі.
Қазақ деген елімнің
Құтты болсын, бұл күні
!
Осындай атаулы күнде бәріміздің де мерейіміз өсіп, қойынымыз
қуанышқа толып отырғаны сөзсіз.
Қуан далам, қуанатын күн бүгін,
Серпіп таста мұңды көңіл түндігін.
Тіл туралы заңым енді күшіне,
Паш еткендей кескен жаңа кіндігін.
Қуан халқым, күшіне енді тіл заңы,
«Сүйінші» деп ақындарың жырлады.
Ел елдігі сыналады тілімен
Сол арқылы жайқалады гүл бағы,- дегендей,
Тіл апталығы аясында өткізіліп
отырған « Тіл жнашырлары» атты ойын-сайыс сабағымызға қош
келдіңіздер!
Ойын-сайыс сабағымыздың мақсатымен сұрақтарына тоқталып өту.
Біздің бақытқа жетер даңғыл жолымыз - туған Отанымызды, туған
тілімізді сүюден басталады. Сондықтан да, бүгінгі ойын-сайыс
сабағымыздың мақсаты - ұлтшыл емес, ұлттық сана - сезімі мол,
Отанын, ана тілін өз анасынан кем сүймейтін азамат пен азаматша
болуға, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік
тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау.
Қызықты мәліметтер (тіл
туралы)
Полиглоттар тарихынан қызықты деректер берейін:
Шығыс ғұламасы Әл - Фараби 70 - ке жуық тілді
меңгерген.
* *
*
А. С. Пушкин француз, ағылшын, неміс, итальян, испан, латын, грек,
славян тілдерін білген. Көне еврей тілін зерттеген.
* * *
Ұлы
Абай орыс - қазақ тілдерімен қатар парсы, араб тілдерін меңгерген.
Орыс тілін орта жастан асып барып, кеш меңгерген.
* * *
Луначарский испан тілін 57 жасында үйренген екен.
* * *
Кибернетика “атасы” деп есептелетін Норберт Винер 13 тілді
зерттеген.
* * *
Люксембург халқының түгелге жуығы төрт тілде еркін сөйлей алады,
әсіресе, жастары. Ең бастысы, Люксембург балалары мектепке дейін
төрт жастан бастап тегін ана тілінде, екінші сыныптан бастап
француз тілінде оқиды. Ағылшын тілі алтыншы сыныптан
басталады.
«Кім жылдам» сұрақ - жауап өткізу.
Сұрақ - жауап
1.
Тіл туралы заң қай жылы қабылданды? (1989 жылы)
2. Қазақ халқын дүние жүзіне танытқан шығарма? (Мұхтар Әуезов «Абай
жолы»)
3. 1912 жылы қазақ әліппесін жасаған және алғаш оқу құралын жазған
кім? (Ахмет Байтұрсынов)
4. Қазақстанда екі адам атымен аталатын қандай темір кен орны бар?
(Соколов - Сарыбай)
5. Президент жарлығымен Семей полигоны қай жылы жабылды? (1991
жылы, 29 тамыз)
6. Қазақта тұңғыш дүниежүзі чемпионы атағын алған палуан кім?
(Қажымұқан Мұңайтпасұлы)
7. «Көшпенділер» трилогиясының авторы кім? (Ілияс Есенберлин)
8. Қазақстанды Тәуелсіз деп таныған ең алғашқы ел? (Түркия)
9. Бес арыс кімдер? (Шәкәрім Құдайбердиев, Ахмет Байтұрсынов,
Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев)
10. Қазақ халқының үш ағартушы - демократтары? (Абай Құнанбаев,
Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин)
Әдебиетші Сейілбек Қышқашұлының сөзін сіздерге оқып берейін, оған
қандай ой қосар едіңіздер?
... Біз, қазақ, тірі тілімізді өзге түгіл, өз қазағымызға үйрете
алмай келеміз. Ал еврейлер ше? Бұдан 1000 жыл бұрын өліп қалған
тілін олар Израильде тұратын (еврейі бар, еврей емесі бар) барлық
халыққа үйретіп отыр. Қалай? Израильде министрлік болсын, басқа
болсын, барлық мекеме қызметкерлері 6 сағат жұмыстан кейін (және
біздегідей басқа тілде емес, өз мемлекеттік тілінде жұмыс
істегеннен кейін) сол отырған орындарында, орындарынан тұрмай,
мемлекеттік тілді тағы да 6 сағат оқиды екен.
8. Тақтада бірнеше нақыл сөздер ілулі тұр соларды оқып, талдайық.
Кім - қалай түсінеді? «Тіл - тірегім, соғып тұрған жүрегім»,
«Тіл – ұлттың жан дүниесі», «Өз ана тіліңді қадір тұтпай тұрып»,
«ел - жұртыңды сүйе алмайсың», «Тәрбие басы – тіл», «Тіл жоқ жерде
– ұлт жоқ».
1-түр. «Қола
қақпа»
-
Родина горечее
огня.
-
Не имей сто рублей, а имей сто
друзей.
-
Что посеешь, то
ипожмешь.
-
Д
елать из муха слона.
-
Язык острее
меча.
2-түр. «Күміс
қақпа»
-
Аяғы бар, басы
бар.
-
Тілден үшып, қулаққа
қонады.
-
Қабат-қабат
қаттама
Ақылың болса
аттама.
Сөзжұмбақтарды
шеш
Т10 К3
7М
10ім КЗі
Қ10
1лік
5ік
С2р
6н
3-түр. «Алтын
қақпа»
1.«Мақал-сөздің мойегі»
демекші тіл өнеріне байланысты мақал-тәтелдер
жарысы.
2.
«Ана тілін жырлап өткен
талайлар» авторы ким?
а)Бақытым –тілім
менің,
Т
ас жүректі тілімдедім
Кей-кейде дүниеден
түңілсемде,
Қасиетті тілімнен
түңілмедім.
ә) «Халықтың мәңгі ғүмыры
–оның тілінде.
Әрбір тіл өз халқы үшін –ұлы.»
(Ш. Айтметов)
б) «Тілі жоғалған халықтың,
өзі де жоғалады»,
в) «Тілімізді ұмыту-бүкіл
ата-бабамызды үміту»- деген авторы кім
(Б.Момышұлы)
Жауаптарыңызға рахмет!
Дағыстандық ақын Расул Гамзатов «Ана тілім менің! Сен маған ризасың
ба, білмеймін, бірақ менің тілегім - сенсің. Мен сені мақтан
етемін»,- деген екен. Олай болса, тіл үйренушілер, бүгінгі ана
тіліміздің тағдырына ризасыздар ма?
Қорытынды
сөз:
Бүгінгі ойын-сайыс сабағымыз өз мәресіне жетті. Егеменді еліміздің
тұғыры қашан да тіліменен биік. Тіл тағдыры туралы көкейді тескен
көп ойлармен сусындадық. Туған тілім - тұғырым. Бұл сіздердің басқа
тілді меңгерулеріңе ешқандай бөгет болмайды, қайта адамгершілікке,
шын патриот болуға жетелейді. Өмірдің алмастай қырын, абзал сырын
түсіне білуіне басты себепкер - сол ана тілің. Ана тілінің
бүге-шүгесіне, терең иірімдеріне бойлай білу - саналы азамат
болғысы келетін жас адамның бірінші парызы. Ол - туған жерді,
отанды, ата мекенді сүйе білу деген сөз. Осы азғантай уақыттағы
айтылған сөз, өнер толғаған сезім, ұлылардан қалған ой - пікірлерді
көкіректеріңе мәңгі қалдырыңдар дей отырып Абайдың мына сөзімен
аяқтағым келіп отыр.
Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез.
Нұрын, сырын көруге
Көкірегіңде болсын көз.
Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға көп - көп
рахмет!