"Тіл,әдебиет білгірі"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Тіл,әдебиет білгірі"

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тіл, әдебиет білгірі”

Сайыстың мақсаты: оқушылардың ана тілін үйренуге деген қызығушылықтарын ынталандыру, қабілеттерін қолдау.

Сайыстың міндеттері: 7-5-сынып оқушыларының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен алған білімдерін бағалау, шығармашылықтарын шыңдау.

Сайыскерлерге қойылатын талаптар: бірлескен оқу ортасы, шапшаңдық, білімділік, сыни ойлау, тіл шешендігі мен сөз дәлдігі.

Білу деңгейі

1.Білу деңгейіндегі сұрақтар 5а-сынып үшін

  • Тұрақты тіркестердің мәнін анықтаңдар:

Ит арқасы қиянда”

Сүттен ақ,судан таза”

Жабулы қазан жабулы күйінде”

Көзі шарасынан шықты”

1.Білу деңгейіндегі сұрақтар: 6а-сынып үшін

  • Тұрақты тіркестердің мәнін анықтаңдар:

  • Бір тарының қауызына сыйғызу”

  • Борша-боршасы шықты”

  • Тірідей жерге кіру”

Апшысын қуырды”

1.Білу деңгейіндегі сұрақтар: 6б-сынып үшін

  • Тұрақты тіркестердің мәнін анықтаңдар:

  • Аяғы аспаннан салбырап түскен жоқ”

  • Аяғы аспаннан келу”

  • Тұмсығын шүйіру”

Бәледен машайық қашқан”

1.Білу деңгейіндегі сұрақтар:7а-сынып үшін

  • Шақшадай басы шарадай болды”

  • Бір ұрты май, бір ұрты қан”

  • Желімдей жабысты”

  • Көшке берген тайлағыңды қайтып ал”

1.Білу деңгейіндегі сұрақтар 7б-сынып үшін

  • Тұрақты тіркестердің мәнін анықтаңдар:

  • Таз ашуын тырнадан алады”

  • Талағы тарс айрылды”

  • Шөміштен қысу”

  • Буынсыз жерге пышақ ұру”

Қолдану деңгейі

Бір сөзбен айтқанда қалай дейді?

5а) 1.Қиыстырып тауып сөйлейтін адамды?

2.Айтқанға сене салатын,еш нәрсені байыптап,байқамайтын адамды?

3.Көрінгенге соқтыға беретін баланы?

5б) 4.Тез ұстатпайтын малды?

5. Тез ашуланатын адамды?

6. Жұмысты Жан аямай жақсы,сапалы істейтін адамды?

6а) 7.Әркімнің артынан жамансөз айтып жүретін адамды?

8.Біреуге жамандық,пәле ойлап жүретін адамды?

9. Арасы бір жас айырмашылығы бар балаларды?

6б)10.Бойы ұзын баланы?

11.Ешкімге ешнірсесін бермейтін,беруге қимайтын адамды?

12.Ата-анасының бірінші баласын қалай атайды?

7а)13.Керексіз көп сөйлейтін адамды

14.Білгенін дұрыс айта алмай,жаңыла беретін адамды?

15.Бір мектепте оқитын балаларды бір сөзбен айтқанда қалай дейді?

7б) 16. Үлкендердің айтқанын мүлтіксіз орындайтын адамды?

17. Үнемі татулық қолын ұсынатын адамды?

18. Елім деп еңіреп өткен азаматты?

Түсіну деңгейі

5а –сынып үшін: Қымбатты достар! Қазақтың абыз жырауы Асан Қайғының арманы қандай еді? Ол нені армандады? Арманы орындалды ма? Асан Қайғының ісін бүгінгі заманда қай мамандықпен салыстыруға болады деп ойлайсыңдар?

5б –сынып үшін: Балалар!Ахмет Байтұрсынұлының «Егіннің бастары» өлеңінің тақырыбы мен идеясы қандай? Ойларыңды тақырыпқа қатысты мақалмен түйіндеңдер?

6а-сынып үшін: Ойлы жастар! Ұлтан неліктен елді әділ басқара алмады?Оның Алпамыстан ерекшелігі қандай еді?

6б-сынып үшін:Қымбатты оқушы! Ахмет Байтұрсынұлының “Қара бұлт” өлеңіндегі негізгі ой тұжырымын шешендікпен дәлелдеңдер?

7а-сынып үшін: Ақиық ақынның: Шешем менің иіліп бара жатыр,Қай күні келер екен нала “батыр” Жел маған сыбырлайды аят оқып, “Бір күні айырыласың,қара да тұр.”

...Шешем менің иілген сұрау белгі,Сәл ғана шаттық көрді жылау көрді. Қалай ғана қалпына келтірерсің,Дауылдармайыстырған мынау белді?” деген өлең жолдарын қара сөзбен өз монологтарың айналдырыңдар?

7б-сынып үшін: Отты Мағжанның: “Жүрегім,мен арлымын жаралыға,Сұм өмір абақты ғой саналыға. Қызыл тіл,қолым емес,кісендеулі, Сондықтан жаным күйіп жанады да” деген шумағының мәнін түсіндіріңдер?

Талдау деңгейі

Берілген сөйлемдерге тілдік талдаулар жасаңдар

5-сыныпқа: Жан ұшырып жүгірген бала абайсызда есік жақтауына соқтығысып, көзінен оты жарқ ете қалды (әр сөздің лексикалық мәнін анықтаңдар) .

6-сыныпқа: Алма алқызыл гүлдерді құшағына толтырып, едәуір алыстап кеткен анасының артынан жанұшыра жүгірді(сөзжасамдық талдау жасаңдар).

7-сыныпқа: Базаралы бұл жолы үлкендер тарапқа беттемей, жастар отырған маңнан, Абайлар отырған өнерпаздар қасынан табылғанына шын қуанды (сөйлем мүшелерін қарай талдау).

Жинақтау деңгейі

5 –сыныптар үшін: өздерің оқыған әдеби шығармадан портретке, пейзажға, теңеуге мысалдар келтіріп, кестеге салыңдар.

6-сыныптар үшін: Бала Тұрардың атынан монолог жазыңдар.

7-сыныптар үшін: Образдың түрлеріне өздерің оқыған кейіпкерлерді мысал келтіріп, кестеге жинақтаңдар.

Бағалау деңгейі

Пікірталас алаңы тақырыбы: “Бүгінгі жасөспірім-ертеңгі аға ұрпақ,олар өз уақытын тиімді тиімді пайдаланып жүр ме?”

Әр топ өздерінің спикерін шығарады және олар өздерінің тұжырымдарын нақты,шешендікпен қорғайды. Критерийлер: сөз саптауы, ой дәлдігі, дәлел,тұжырымы, дүниетанымы, өзіндік көзқарасы,мәдениеті



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.12.2018
819
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі