"Тілге құрмет - елге құрмет!"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Тілге құрмет - елге құрмет!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада Қазақстанда мемлекеттік тіл - қазақ тілі ұлтаралық қатынас тілі болуы керек деген мәселе қозғалады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тілге құрмет елге құрмет»


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан Еліне жасаған алғашқы жолдауында «Қазақ тілі ұлтаралық қатынас тілі болуы тиіс» деп ерекше атап өткеніндей, Қазақстан жерінде тағдыр тәлкегімен өмір сүріп жатқан барлық ұлт өкілдері мемлекеттік тіл – қазақ тілін жетік білуі, құрметуі тиіс. Қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған ұлы арманы тәуелсіздігіне қол жеткізу жолында қазақ халқы өз тарихын, мәдениетін, ана тілін сақтау үшін жанын аямады. Қазақ поэзиясының мұзбалағы Мұқағали Мақатаев: «Тарихымды жазудамын бүгін мен, Бабаларым, сенің ана тіліңмен» деп айтқанындай, қазақ халқы дүние шежіресіне өз тарихын ана тілімен жазуға қол жеткізді. Сондықтан, қазақ тілі жалпы Қазақстан халықтары үшін ортақ және қасиетті ұғым!

Өзім ұйғыр ұлтының өкілі ретінде қазақ тілін ерекше бағалаймын. Мектепте өз ана тілімде білім алдым. Одан кейін Абай атындағы Қазақ Педагогикалық университетінде «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі» мамандығын алып шығып, бүгін ұшқан ұям Қайрат ауылы Исмаил Саттаров атындағы орта мектебінде қызмет атқарып келемін. Шығармашылық жолымда қазақ жас ақындарының шығармашылығын ұйғыр тіліне аударып, газет-журнал беттерінде, «Жүрек альбомы» кітабымда жарияладым. Қазақ тіліне аударылған өлеңдерім республикалық «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Жұлдыз» журналында берілді. «Қарадала тынысы» газетінде қазақ тілінде жазған өлеңім, жаңартылған білім мазмұны жайында мақалаларым аудандық жинақтарда, «Жетісу» газетінде орын алды.

«Тілге құрмет – елге құрмет» демекші, сөзімді «Тілегім» атты өлеңімнің бір шумағымен түйіндегім келеді:

Сөйле тілім,

Өзің менің тірегім.

Жырлайыншы Елімді - жүрегім.

Қаны барда,

Жаны барда

Қолдар сені ұйғыр ұлың,

Биік болсын тұғырың,

Осы болсын саған айтар тілегім!

Абдулжан АЗНАБАКИЕВ.

«И.Саттаров атындағы орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Қайрат ауылы.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.02.2021
350
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі