Тілге құрмет- елге құрмет!

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тілге құрмет- елге құрмет!

Материал туралы қысқаша түсінік
Эссе: " Тілге құрмет-елге құрмет" Бұл эссе жинақта тіл туралы жалпы көзқарастарды пайдаландым. Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін сипаттауға тырыстым. Әрбір мемлекет өз тілін қадірлеп, өз тілінде еркін сөйлей алуы тиіс. Бұл материал баршаға пайдалы болады, деп ойлаймын!! Тіл- мемлекет қазынасы, ұлттың тарихы. Сол себепті тіл дәрежесін көтеруге атсалысайық.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тілге құрмет-елге құрмет

Мейлі, сен көп тілді біл «қой»

демес ем!

Пушкин, Байрон,Шекспир,

Гейнеге сен.

Бірақ сені қазақ деп айта

алмаймын

Туған Ана тіліңде сөйлемесең!

Қадір Мырза Әлі

Тіл- ұлттың тірегі, мәдениетіміз, өткеніміз бен болашағымыздың іргесі, халықтың күре тамыры. Ана тіліміз- ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан баға жетпес мұра. Ата-бабаларымыз ана тілімізді асыл тастай қорғап өтті, елімізге баға жетпес мұра етіп қалдырды. Адамзат баласына берілген бірден- бір асыл қазына бұл-тіл. Қазіргі қоғам көптілділікті қажет етеді, алайда Қадыр Мырза Әлі атамыз айқындап көрсеткендей, қанша тілді біліп, жетік меңгерсек те, ана тілімізді ұмытпауымыз қажет. Ана тіліне деген шексіз құрмет әрқашан да биік мәртебеге ие. Қазақстан- көпұлтты тәуелсіз мемлекет. Қазақстанда өмір сүретін әрбір халықтың өзіндік мәдениеті, өзіндік құндылықтары мен салт-дәстүрлері бар және олар адамды ерекше өзіне баулып, тамсандырады. Өзіндік мәдениеті мен құндылықтарына ие әрбір ұлт өкілдері бір отбасының баласындай ынтымағы жарасқан, тату-тәтті өмір сүруде. «Ұлттық құндылықтар- береке бастауы»,- демекші бірлігі жарасқан, көпұлтты ел болып қалу біздің басты мақсатымыз.

«Ана тілінсіз халық болмайды. Тілінен айрылған ұлт-тарихынан, түп-тамырынан айырылған ұлт. Тілсізді ұлт деуге болмайды. Тілінен айырылған халық- ата-бабасының , туған әкесі мен анасының атын ұмытқан халық. Ал ондайларды мәңгүрт деп атайды»,- деп Шерхан Мұртаза атап көрсеткендей, ана тілі- ұлт татулығы. Қазіргі таңда Қазақстанда үштілділік саясаты жүруде, яғни қазақ тілі- мемлекеттік тіл, орыс тілі- ұлтаралық қарым-қатынас тілі, ал ағылшын тілі- әлемдік дәстүрлі тілдердің бірі. Адамзат тілді құрметтеу арқылы өз мәдениетін жетік меңгереді, салт- дәстүрге берік адам ретінде қалыптасады. Қазақ тілінің мәртебесін арттыру- біздің міндетіміз. Әлемде 7 мыңға жуық тіл бар, сарапшылардың мәліметінше 2 аптада бір тіл жойылады екен. Мұндай құрдымға қазақ тілі кетпес үшін әр қазақ баласы патриот болуы керек. Әйтсе де өз тіліне өгейси қарайтын қандасыңды көргенде көңілің қан жылайды. Өз тілін қор санайтын мәңгүрт қандасыңа қарап «қазақ тілінің болашағы өз қолында екенін біле ме екен?...» – деп аяп кетесің.Қазақ тілі ең әуенді, әдемі тілдердің бірі. Григорий Потанин: «Маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай көрінеді» деуінің де мәні осында. Өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін үйренуге құштарлығы күн санап артып келеді, бұл мақтанатын жағдай.Нельсон Мандела:  «Егер тіл мен мәдениетің жоғалса шекараны аша сал. Бәрібір неңді қорғайсың? Бұл енді сенің елің емес...» – деген керемет пікір айтқан. Елдің мәңгілік өмір сүруі тілге байланысты. Тілсіз ұлт болмайды. Қазақтың қазақшылығының басты белгісі – қазақша сөйлеу. Сондықтан тіліміздің болашағы үшін әр қайсысымыз тырнақтай болса да үлесімізді қосуға ұмтылу парызымыз. "Отан от басынан басталады", өз отбасына қазақша сөйлемеген ата-ананың қазақ тілі деп өтірік сарнауының еш мәні жоқ.

Қорыта келгенде, Абай әрлеген тіл, Жамбыл жырлаған тіл- қазақ тілі. «Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады», - дейді ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы. Қазақ тілі- Мәңгілік елдің Мәңгілік тілі болып қала берсін!!!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.10.2021
1120
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі