Материалдар / Тілім менің – тірегім

Тілім менің – тірегім

Материал туралы қысқаша түсінік
Тіл қастерлі де, қасиетті ұғым. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Ана тілін сүйген адам – туған жерін, елін, Отанын, атамекенінсүйеді деген сөз. Ал бұлардың бәрі-адам баласы үшін ең қасиетті ұғымдар. Өмірдің алмастай қырын,абзал сырын түсіне білуіне басты себепкер – ана тілі. Қазақ тілінің сөздік құрамы өте бай, оған 67 мың тізімдік сөз, 24,5 мың фразеологиялық тіркес-барлығы 91,5 мың лексикалық бірлік кірген бір ғана он томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» куә бола алады. Қазақ тілі – өзінің даласындай кең пішілген жайдары жалпақ тіл.
Материал тегін
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Тілім менің – тірегім



1989 жылы , 22 қыркүйекте тұңғыш рет Қазақ КСР-нің «Тілдер туралы» заңы қабылданып, онда қазақ тіліне «Мемлекеттік тіл» мәртебесеі берілді. 1997 жылы 11 шілде де Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Ата заңы қабылданды. Заңда қазақ тілі – мемлекеттік тіл деп атап көрсетілген. Б.Момышұлы атамыз: «Тілін білмеген түбін білмейді» деген. Шынында, тілін білмеген адам өз халқының тарихын, дәстүрін, мәдениетін өз тілінде сезініп, терең бойлай алмаса, ол қасірет емес пе? Сондықтан әр адам ана тілін көзінің қарашығындай сақтауға, білуге тиіс. Болашағымызды баянды етер қаруымыз-тіліміз. Ана тілімізді құрметтей білейік.



Тілім менің тірегім, дінім менің, Тілсіз қандай болады күнім менің. Өз халқыма жетеді өз мәнінде Өз тілімде оқылса жырым менің Қазақ тілім-өз тілім, ана тілім, Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім. Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені Болашағым,бақытым,дара тілім.

Тұңғыш елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1998 жылдың 20-қаңтарындағы Жарлығына сәйкес 22-қыркүйек «Қазақстан халықтарының тілдері» күні ретінде аталып келеді. Тіл халықпен бірге сүріп дамиды, себебі әр ұлттың тілі-оның бақыты,тірегі. Бүкіл түркі елдеріне ардақты ағартушы, ғұлама ғалым Ахмет Байтұрсынұлының «Сөзі жоғалған жұрттың өзі жоғалады» деген сөзінде үлкен мән жатыр. «Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де болашағынан да қол үзеді. Ана тіл дегеніміз-сол тілді жасаған. Жасап келе жатқан халықтың мәңгілігінің мәңгілік мәселесі. Ана тілін тек өгей ұлдары ғана менсінбейді, өгей ұлдары аяққа басады» - деген екен тіл жанашыры Ғабит Мүсірепов. Тамыры терең , тарихы бай тіл қазақ тілі осы мемлекеттің түпкілікті тұрғындары қазақтардан басқа Қытай, Монғолия, Иран, Ауғанстан, Түркия мемлекеттері мен ТМД-ның Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан сияқты республикаларында тұратын қазақтардың да ана тілі. Қазақтың тілі- батыс түркі тілінің қыпшақ тармағына жатады. Бұл тармаққа кіретін тілдер-қарақалпақ, ноғай, татар, құмық және тағы басқа тілдер. Қазақ тілі-өзіндік әдеби, ғылыми және саяси жазу нормасы қалыптасқан бай тіл. Қазақ тілінің тарихы әр түрлі тарихи кезеңдерді бастан кешкен қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты.Оның қалыптасуға бет алуы ХІ-ХІІ ғасырлардағы Түрік қағанатының пайда болу кезеңінен басталып, ХV ғасырдағы қазақ хандығы тұсында әбден қалыптасып болған еді. Басқа түркі тілдерімен салыстырғанда , сөздік қоры жөнінен, қазақ тілі-ежелгі таза қалпын тұтас сақтап келе жатқан тілдердің бірі. Ғалымдардың пайымдауынша, қазақ тілінің ауыз әдебиеті және жазба әдебиеті сияқты екі қайнар көзі бар. Қалыптасудың барлық сатыларынн бастан кешірген ана тіліміз-мейлінше жетілген ұлттық тіл.Қазақ тілі –Қазақстан Республикасының мемелекеттік тілі. Тіл ұлттың жаны. Ал ұлттың



болашағы – оның ана тілі. Тіл-халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Әр ұлттың тілі –оның бақыты мен тірегі.

Тілім менің - тірегім, Сен деп соғар жүрегім. Асқақтай бер – Ана тілі, Мақтан етіп жүремін.

Тіл қастерлі де, қасиетті ұғым. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Ана тілін сүйген адам – туған жерін, елін, Отанын, атамекенінсүйеді деген сөз. Ал бұлардың бәрі-адам баласы үшін ең қасиетті ұғымдар. Өмірдің алмастай қырын,абзал сырын түсіне білуіне басты себепкер – ана тілі. Қазақ тілінің сөздік құрамы өте бай, оған 67 мың тізімдік сөз, 24,5 мың фразеологиялық тіркес-барлығы 91,5 мың лексикалық бірлік кірген бір ғана он томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» куә бола алады. Қазақ тілі – өзінің даласындай кең пішілген жайдары жалпақ тіл. Оған қысылып-қымтырылу, ерін ұшынан шүлдірлеп-былдырлау мүлде жат. Қазақ нені айтса да ауызды толтырып айтады. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңырау желіндей еркін есіп тұрады. Қазақ тілінің биязы мақамы – домбыраның күмбір қақан сазындай. Өз ана тілімізде сөйлеу – біздің басты міндетіміз. Өз тілімізде сөйлей отырып өзге тілді меңгеруіміз керек. Әлемде екінші ұстаз, ұлы ғұлама әбу Насыр Әл-Фараби өмірінде 76 ұлттың тілін білсе, өр рухты дауылпаз ақын Махамбет пен қазақтың бір туар ұлы Шоқан да бірнеше тіл білсе керек. Ұлы Абай орыс-қазақ тілдерімен қатар парсы, араб тілдерін меңгерген. Қазақ тілі еш уақытта өзімен көршілес халықтың тілдерінен сорлы болып, қатардан қалып өмір сүргендігі, өз сыбағасын ешкімге бермегендігі мыңдаған жыл тарихынан айқын. Көп тіл білу-заман талабы. Тұңғыш Елбасы өзінің 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі – жаңа Қазақстан» атты жолдауында «Қазақстан бүкіл әлемге үш тілді пайдалантын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қаза тілі-мемлкеттік тіл, орыс тілі-ұлтаралық қатынас тіл, ағылшын тілі-жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі» деген болатын.

Тілім менің –тірлігім, Тіл жайында толғанбайтын кім бүгін? Тіл жайында үгіттейді кімді-кім? Тілім менің, тілім менің тірлігім!

Тіліміздің тағдыры үшін күресте халқымыз қам-қаперсіз болған емес. Бүгінде ана тілінің тағдырына алаңдайтын азаматтар баршылық.. Ұлылардан қалған ұлы сөздерге құлақ асайық. «Ана тілін білмейтін адам бір қолы жоқ шолақ адам секілді» Ғ.Мұстафин. «Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де болашағынан да қол үзеді.» Ғ.Мүсірепов

«Әрбір саналы, мәдениетті азаматқа ана тілі мен сол ана тіліндегі әдебиеттің қадірін білмеу-мәдениетсіздік.» М.Әуезов. «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту-бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту.» Б.Момышұлы. Ана тілі ең-басты байлығымыз. Ана тілі – ең ұлы, ең тамаша тіл. Ана тілі-халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі,-деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болуы керек. Себебі, қазақ тілі-Қазақстан Респбликасының мемлекеттік тілі. Қазақ тілі – мемлекет құрушы этностың тілі. Қазақстан Республикасының Конституциясы(1995), Тіл саясаты туралы тұжырымдамасы (1996) және осыларға негізделген қазақстан Республикасындағы Тіл туралы заңы (1997) республикадағы тілдердің ұлтаралық жарастық пен рухани ынтымақтастықтың құралы ретінде қызмет етуін тіл алуандығын көздейді. Республикада мемлкеттік тіл ретінде бір



ғана тілге – қазақ тіліне конституциялық мәртебе беріліп отыр. Қ.Р қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің бірнеше алғышарттары бар. Атап айтқанда сол тілді қолданушылар санының жеткілікті болуы, табиғи және табиғи емес тілдік ортаның болуы, Республиканың барлық аймақтарына таралуы, қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қызмет етуі және ауызша әрі жазбаша түрде қызмет етуі сияқты сыртқы факторлардың болуы, сондай-ақ қазақ тілінің құрылым-жүйесі жетілген, лексика-фразеологиялық қоры аса бай, ежелден келе жатқан жазба және ауызша дәстүрі бар ұлттық тілдердің бірі ретіндегі ішкі тілдік факторлардың болуы қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуіне мүмкіндік береді. Міне, осы айтылғандарының барлығы қазақ тілінің Қ.Р да мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуіне аса қажетті алғышарттардың жеткілікті және қазақ тілінің ішкі әлеуметтік мүмкіндіктерінің мол екені көрсетеді. Мемлекеттік тіл – мемлкеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-қағаздары мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы тиіс. Өйткені өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті де, саналы ұрпақтан кеңеймек. Әлемдегі мүйізі қарағайдай елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты мақсаты да сауатты ұрпақ тәрбиелеу. Сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз- өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген ұрпақ. Ал, ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәлениетті адам бола алмайсың. Тіл тағдыры – ел тағдыры екенін еш уақытта ұмытпайық. Әрбір адам өз ана тілін білу және мемлекеттік тілін меңгеру міндетті. Баяндаманы ақиық ақын Мағжан Жұмабаевтың өлеңімен аяқтасам деймін.

Күш кеміді,айбынды ту құлады, Кеше батыр-бүгін қорқақ бұғады. Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде, Қан суынған , жүрек солғын соғады.

Қыран құстың қос қанаты қырқылды, Күндей күшті,күркіреген ел тыңды. Асқар Алтай-алтын ана есте жоқ, Батыр,хандар-асқан жандар ұмтылды!

Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ , ардың, Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың... Алтын күннен бағасыз бір белгі боп, Нұрлы жұлдыз, бабам тілі сен қалдың!

Жарық көрмей жатсаң да ұзақ кең тілім, Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім, Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа Ақ қолыңмен тарта аларсың сен ,тілім»

Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі