Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тілімізді қадірлейік, отандастар!

Материал туралы қысқаша түсінік
Тілге деген құрмет пен сүйіспеншілігіміз арта берсін.Ана тіліміз тұғырлы болсын!
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тілімізді қадірлейік, отандастар!

Өз ілімін адам құндылығына бағыттаған, алғаш рет адамның кісілік тұлғасы туралы ой қозғаған қытай философы Конфуций былай дейді: «Егер, маған ел басқару мүмкіндігі туса, ең алдымен сол елдің тіл мәселесін қолға алар едім. Себебі, тіл бірлігі болмаса, пікір бірлігі болмайды және идеология дұрыс жүргізілмейді. Идеология дұрыс жүргізілмей, ортақ түсіністік болмаған елде бірлік болмайды. Сондықтан, бәрінен де бұрын адамдар арасындағы бірлікті ұстап тұрған тіл мәселесі – маңызды»

Мемлекеттік тіл туралы аз айтылып, кем жазылып жатқан жоқ. «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін!» деп Елбасымыз да айтты. Мемлекеттік тілді дамытып, үш тұғырлы тіл саясатын қолдау – әрбір қазақстандықтың қастерлі парызы. Мемлекеттік тілді менсінбей жүргендер өзгеден бұрын өзіміздің бауырларымыз. Сұранысы жоқ, қолдану аясы тар тілдер жыл санап жойыла бермек. Соңғы кезде WhatsApp мессенджері арқылы өз тілін құрметтемейтіндерді сынап жатқан басқа ұлт өкілдерінің шағын бейнежазбаларын көріп, қазақ тілінде ән салып, өлең оқып тұрған жастарға риза боласың. Ішің де удай ашиды. Себебі осы сұрақты қазақ тілін үйренушілердің аузынан бірнеше мәрте естіген едім. Өйткені оларды таңдандыратын сұрақтар «неге қазақ балалары бір-бірімен қарым-қатынаста өз тілдерінде сөйлемейді?», «ешкім сұрамаса да басқа тілде сөйлегенді қалайды » Орынды сұрақ, себебі бұл рас. Тіл- салақ сөйлегеннен бұзылады. Тілдің бояуы бозарып, қыры сынбауы керек. Осындай жағдайда туған тілімізді тығырықтан алып шығудың қарапайым жолдарын атар болсақ, әлеуметтік желідегі шұбарланған тілге тыйым салу керек. Ғаламторды мемлекеттік тілде сөйлету, мемлекеттік тапсырыспен ресми сайт әзірлейтіндердің жұмысына талапты күшейту секілді мәселелерді жандандыру қажет. Осындай әрекеттерді кешіктірмей қолға алсақ, аз уақытта мемлекеттік тілдің ахуалы жақсара түсетіні хақ. Еліміздің елдігін, егемендігін айқындайтын негізгі белгілерінің бірі – әрине, мемлекеттік тіл. Еліміз қуатты болса, мемлекеттік тілдің болашағы да шуақты болатыны анық.

Биылғы жыл – мерекелі жыл. Тәуелсізді­гіміздің 30 жылдығы тойланбақ. Мұнда тек той тойлау емес, ұлттық рухымыздың көтеруге бет бұруға, мемлекеттік тіліміздің мәртебесін асқақтатуға тиіспіз. «Тіл – ұлттық құндылығымыздың бірегейі, әрі ұлттың тұғыры және тәуелсіздіктің тірегі» екенін ұмытпайық.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
19.05.2021
440
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12