Ермаханова Лаура Аманкелдиевна
Психология ғылымдарының магистрі, психология пәнінің оқытушысы
Профессор Рузуддиновтың жоғары медициналық-стоматологиялық колледжі
Алматы қаласы,Қазақстан Республикасы
e-mail: lermahanova@bk.ru
Психологиялық – педагогикалық қызметінің кәсіби бағдарлануының өзекті мәселелері,әдістері мен тәсілдері.
Қазіргі кезде психология ғылым ретінде басқа пәндерге қарағанда ерекше қасиеттерге ие. Ал психологияны зерттелген, тексерілген білімдер жүйесі ретінде көпшілік біле бермейді. Түрлі ғылыми және практикалық міндеттерді шешу арқылы ғана психологиямен арнайы айналысуға болады.
Ал өмірлік құбылыс жүйесі ретінде психология кез-келген адамға таныс. Себебі адамға психология өз түсінігі, бейнесі, елестетуі, ойлауы, сөйлеуі, қиялы, қызығушылығы эмоция-сезімі және т.б. түрінде беріледі.
Психологияның зерттейтін объектісі - өзінде бірнеше көптеген субъективті құбылыстарды енгізетін адам және жануарлар психикасы, психологиялық деректер мен заң, заңдылықтар.
Сонымен, қазіргі психологияның зерттейтін негізгі құбылыс типтерін схема түрінде көрсетуге болады:
психикалық психикалық психикалық
п
роцестер кейіптер қасиеттер
жекелік топтық
ішкі сыртқы
(психикалық) (әрекет-қылықтық) .
Бұлар, психологияда зерттелінетін құбылыстарды анықтайтын негізгі түсініктер болып табылады.
Қоғамның рухани даму тарихында бірде-бір білім саласы ғылымдар жүйесіндегі өз орнын психология іліміндей жиі өзгертіп көрген емес. Академик Б. М. Кедров ұсынған сарап бойынша мазмұны жағынан психология көп тарапты байланыстарға негізделген. Олар: философиялық ғылымдар, педагогикалық, медициналық, әлеуметтік ғылымдар.
Ғылымдардың негізгі тобының мұндай орналасуы олардың пәні мен әдістерінің психология пәні мен әдістеріне нақты жақындығынан болып отыр.
Психологияның жалпы ғылыми білімдер жүйесіндегі қызметі – зерттеу объектісі адам болып табылатын барша ғылым салаларының жетістіктерін біріктіріп, байланыстыруы болып табылады. [1]
Психологияның әдіснамалық проблемалары.[2]
Психологияның бастапқы әдінамалық проблемасы – бірыңғай ғылыми парадигманың-психологиялық зерттеулердің жалпы негіздемесінің болмауы. Бүгінгі таңда, психолог-ғалымдар психологиялық танымның пәні мен әдісін түсінуде, тым болмаса, салыстырмалы келісушілікке жеткен жоқ. Бұл тенденция, психологияда жаратылыстану және гуманитарлық парадигмаларының жақтаушылары арасындағы ұзаққа созылған конфронтациядан айқын байқалады.
Бұл проблеманы сыншыл ұғу психологиялық ғылымның әдіснамалық дағдырысы туралы елес тудырды. (Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев). Бұл көзқарасқа сәйкес, психологияның өзіне тән ерекшелігі, ол пайда болғаннан қайта-қайта қарама-қарсы. Мекемелерде, зерттеушілік тәсілдерге, бағыттарға бөлініп, жүйелі әдіснамалық дағдарысты өткеріп жатыр. ХХ ғасырдың екінші жартысында белгілі психолог А.Н.Леонтьев осыған байланысты былай жазған: «Дүниежүзілік психологияның әдіснама дағдарысы жағдайында дамып жатқанына бір ғасыр болып қалды».
А.Н.Леонтьев белгілеген жіктелу тенденциясы «әдіснамалық дуализм» деген атқа ие болды және де XIX ғ. Аяғында, психология өзінің пәнін айқындап, оған сай болатын әдіснамасын жетілдіре бастағанда байқалды. Алдымен, барабар әдісті іздеу интроспекционизм мен натурализм шектерінің диапазондарында жүзеге асып отырды. Бірінші тәсіл, психика феномендерінің объективті берілгендерге сәйкес еместігін болжамдайды да жаратылыстануда бекіген ғылымилық стандарттарына психологияның қарама-қарсы қояды. Екінші, керісінше, психологияның, психиканы объективті түрде зерттейтін ғылым ретінде дамуын қарастырады және тереңдік, көп өлшемдік, адамның «ішкі»дүниесінің мағыналық сарқылмастығы туралы психология үшін маңызды түсініктерді күмәнға салады.
Адамның психикалық болмысында бірыңғай және жалпыға бірдейді ашу мәселесін шешу үшін, бір-біріне сәйкес келмейтін, қарама-қарсы болатын ғылыми әдіснамалардың үйлесуін қажет етті:
Номотетикалық – жүйелі оқиғалардың байланыс принциптерімен жалпыға маңызды, әмбебап заңдарын орнатуға міндетті;
Идеографикалық – ерекше, қайталанбас фактілерді суреттеу үшін қолданылады.
Психологиялық зерттеулерде әртүрлі бағыттардың әдіснамасы олардың дүниетанымдық бағыттылығымен тығыз байланысты. Осымен байланысты, тағы бір әдіснамалық проблема туындайды – психологияда, ғылыми дүниетанымның ойшылардың психологиялық тұрпатына тәуелділігі. «Психологиялық типтер» деген еңбегінде К.Г.Юнг психологиялық типологиямен сананың өзіне тән бағдарларының ғылыми ойлау спецификасына әсерін атап көрсетті.Юнг бойынша, ойшыл-интроверт көбінесе субъективті аспектілер мен мәліметтерге сүйенеді, ойша құруға бейімді, ал экстраверт – зерттеуші тек объективті, эксперименталды тексерілген мәліметтерге ғана сене алады. Сонымен бірге, психологиялық танымның кез-келген формаларының мәдени- тарихи байланысын атап көрсету керек; осы өзгешелік ескере отырып, психиканың жалпы, әмбебап заңдарын орнату ниеті көптеген салыстырмалы (кросс-мәдени) зерттеулермен бекітулуі керек.
Психологиялық зерттеу әдістері.[3]
Әдістер дегеніміз ғылымның пәндік мазмұнын анықтаудың жолдары, тәсілдері .
Зерттеу әдістері қандай да бір әдіснамалық талаптарға сай болады, мұндай ғылыми-психологиялық зерттеулерге қойылатын талаптар (принцптер)келесідей:
1. Құбылыстардың сыртқы көрінісі мен олардың ішкі табиғаты арасындағы толық сәйкестікті таба білу;
2. Психикалық құбылыстарды зерттеуде психо-физиологиялық принципті негізге алу шарт, бірақ физиологиялық (биологиялық) білімдер мен факторларды көмекші құрал ретінде пайдалану қажет;
3. Психологиялық зерттеулердің, негізінен, адам әрекетін әлеуметтік-тарихи талдау нәтижесіне арқа сүйеуі;
4. Психологиялық заңдылықтарды адамның психикасы, іс-әрекеті және оларды қозғаушы күштердің үздіксіз дамуы процесінде нақтылау.
Әрқандай ғылым сияқты психология да қилы әдістердің тұтас жүйесін пайдаланады. Қазіргі заман ғылыми психологиясында әдістердің келесі 4 тобы қолданымын табуда:[4]
Ұйымдастыру әдістері өз ішіне салыстыру әдісі (әрқандай топты жасы, қызметі ж.т.б. бойынша салыстыра, зерттеу); лонгитюд әдісі (бір адамды не адамдар тобын ұзақ уақыт аралығында қайталап, зерттеп бару); комплекстік әдіс (зерттеуге әртүрлі ғылымдар өкілдері қатысып, бір объектті жан-жақты, әртүрлі құралдармен зерттеу). Мұндай зерттеудің нәтижесінде сан қилы құбылыстар мен байланыстар және тәуелді қатынастарды ашу мүмкіндігі туады. Мысалы, жеке адамның физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік тұрғыдан даму байланысы.
Эмпирикалық әдістер.Бұл топқа енетіндер: бақылау мен өзіндік бақылау, экспериментальды (лабораториялық, табиғи, қалыптастырушы) әдістер; психологиялық болжау (психодиагностика): тест, анкета, сұрақ беру, социометрия, интервью, әңгімелесу - әдістері; шығармашылық, іс-әрекет өнімдерін талдау әдістері; өмірбаянымен танысу әдістері.
Деректерді өңдеу әдістері: сандық (статистикалық) және сапалық (алынған материалды топқа жіктеу, талдау) әдістері.
Реттеу - түзету әдістері:аутотренинг, топ тренингі, психотерапиялық ықпал ету әдісі, оқу-үйрету әдісі.
Психологияда қолданатын әдістер әр түрлі болады. Бақылау, эксперимент,әңгімелеу әдісі адам қызметінің нәтижесін зерттеу болып табылады.
Кез келген дербес ғылымның өзіне ғана тән әдістері бар екенін атау керек. Ондай әдістер психологияда да бар. Олардың барлығы екі негізгі топқа бөлінеді: субъективті және объективті
Психологиялық зерттеулердің негізгі әдістері. .[8]
|
С |
|
ОБЪЕКТИВТІ |
|
Бақылау өзін бақылау, сыртқы, еркін, стандартты қосылған |
|
Тесттер Объективті Жобалы |
|
Сауал Ауызша, жазбаша, еркін стандартты |
|
Экперимент Табиғи Зертханалық |
|
Моделдеу |
|
Тест Саулнама-тест Тапсырма-тест |
![]()
|
техникалық математикалық кибернетикалық логикалық |
Субъективті әдістер сыналушылардың өз-өзін бағалауына немесе олардың өзінше есептеріне, сондай-ақ кейбір құбылыстарға сыналушылардың айтқан пікіріне немесе алынған ақпараттарға негізделеді. Психология дербес ғылым саласына айналғаннан бері субъективті әдістер бірінше кезекте дами бастады және қазірде жетілу үстінде. Бақылау, өз-өзін бақылау және сауалнама психологиялық құбылыстарды зерттеудің алғашқы әдістері еді.
Бақылау әдісі психологиядағы ескі және бір қарағанда өте қарапайым әдіс секілді. Ол әдеттегі өмір сүру жағдайындағы адамның қызметіне бақылаушы кіріспей, жүргізілетін жоспарлы бақылауға негізделеді. Бұған психологияда бақыланатын құбылыстарды толық және дәл сипаттау, сонымен бірге оларды психологиялық тұрғыдан түсіндіру жатады. Міне психологиялық бақылаудың басты мақсаты осы: ол деректерге сүйене отырып, олардың психологиялық мазмұнын ашу.
Бақылау – ол барлық адамдардың пайдаланатын әдісі. Ал қарапайым адамдардың бақылауы мен ғылыми бақылаудың айырмашылығы өте көп. Ғылыми бақылау жүйелілігімен сипатталып, объективті шындықты алу үшін белгілі бір жоспарға негізделе отырып, жүргізіледі. Яғни, ғылыми бақылау жүргізілгенде арнайы білім және сапаны психологиялық көріну объективтілі ашылатын арнайы дайындықты талап етеді.
Бақылау әр түрлі нұсқаларда жүре алады. Мысалы, кеңінен қолданылатын әдіс қосылған бақылау. Бұл әдіс психологтың өзінің қатысуымен жүргізіледі. Егер зерттеушінің қатысуынан, оның жағдайды қабылдауы мен түсінуінен нәтиже бұзылатын болса, онда болып жатқан жағдайларды объективті түсіну үшін шеттен бақылаған жөн. Қосылған бақылау мазмұнына қарай басқа әдіске - өз-өзін бақылауға өте ұқсас.
Өз-өзін бақылау яғни, өз қалып-күйлеріңді бақылау тек психологияда қолданылатын әдіс. Бұл әдістің артықшылығымен қатар, бірнеше кемшілігі де бар. Біріншіден, өз қалпыңды бақылау өте қиын. Бақылауға орай олар дұрыс болмауы мүмкін немесе тоқтап та қалады. Екіншіден, бұл бақылауда субъектіліктен құтыла алмайсың, өйткені біздің қабылдауымыз субъективті бояуға ие. Үшіншіден, біздің кейбір қалыптарымызды түсіндіру қиын бұл әдісте.
Бұл әдіс көбінесе экспериментте пайдаланылады.Мұнда бұл әдіс дәл сипатталып, мұны эксперименталды өз-өзін бақылау деп атайды.Мұндайда өз-өзін бақылау әдісі сауалнама әдісімен бірге жүргізіледі.
Сауалнама зерттелетіндерден сұрақ - жауап қою арқылы ақпарат алуға негізделген. Сауалнама жүргізудің бірнеше нұсқасы бар. Олардың әрқайсысының артықшылығы және кемшіліктері де бар. Саулнаманың үш түрі бар, олар: ауызша, жазбаша және еркін.
Ауызша сауал, әдетте зерттелушінің реакциясы мен мінез-құлқына бақылау жасау үшін қолданылады. Сауалдың бұл түрі жазбашаға қарағанда адам психологиясына терең бойлатады, себебі зерттеушінің қоятын сұрақтары зерттелушінің мінезіне қарай түзетіле алады.
Жазбаша сауал, аз уақыттың ішінде көптеген адам санын қамти алады. Мұның ең көп тараған түрі – анкета. Оның кемшілігі мынада, қойылған сұрақтарға зерттелушілердің реакциясын біле алмайсың және зерттеу барысында оның мазмұнын өзгерте алмайсың.
Еркін сауал, жазбаша және ауызша саулнаманың бір түрі, мұнда қойылатын сұрақтар алдын ала белгілі болмайды. Мұндай сауалнамада зерттеудің тактикасы мен мазмұнын оңай өзгертуге болады, онда зерттелуші жайлы әртүрлі ақпарат алуға болады.
Сауалнама әдісін қарастыра келе, біз алынатын ақпараттың дәл екендігі жайлы және психологиядағы сандық және сапалық сипаттама проблемаларына тірелдік. Бір жағынан бұл проблема зерттеудің объективтілігімен байланысты.
Келесі психологиялық әдістерге тест жатады. Бұл әдіс жиі қолданылады. Ол психологиялық құбылысқа дәл және сапалы мінездеме бере алатындықтан, сонымен қатар алдымен шешілуі қажет практикалық мәні бар нәтижелерді салыстыруға болатындықтан тиімді. Басқа әдістерге қарағанда тесттер мәліметтерді жинау мен оларды өңдеу, оларды психологиялық түсінуге болатындығымен ажыратылады.
Тесттердің де бірнеше нұсқасы бар. Олар:сауал-тесттер, тапсырма-тесттер, жобалаушы тесттер.[5]
Сауал-тесттер белгілі бір психологиялық мінездеменің бар болуын я айқындалғандығы жайлы сенімді ақпарат алатын сұрақтарға зерттелушілердің жауабына талдау ретінде қалыптасты.Мұндай мінездеменің дамуы мазмұнына сай келген жауаптардың санына негізделеді. Тапсырма-тест белгілі бір тапсырмаларды табысты орындау арқылы адамның психологиялық мінездемесі жайлы ақпарат алу. Мұндай тесттерде тапсырмалардың бірнешеуін орындау қажет. Орындалған тапсырма санынан ол адамдағы белілі бір психологиялық сапаның бар немесе жоқ, сонымен қатар оның даму деңгейіне негіздеме бола алады. Мидың даму деңгейін анықтайтын тесттердің көбі осы категорияға жатады.
Бүгінде тесттер психологиялық зерттеуде кеңінен пайдаланылатын әдіс. Бірақ тесттер объективті және субъективті әдістердің арасында. Алайда объективті тесттер де бар. Оларға жобалы тесттерді жатқызуға болады. Тесттің бұл категориясына сыналатындардың есебі қажет емес. Сыналушының орындайтын тапсырмасын зерттеуші еркін түрде түсіндіреді. Мысалы, сыналатын адамның түрлі-түсті карточкалардың түсін таңдауынан оның эмоционалды күйін білуге болады. Кейде сыналушыға белгісіз жағдай салынған сурет беріледі де, психолог оны сипаттауды сұрайды, соның нәтижесінде сыналушының психикалық ерекшеліктерін сипаттайды.Объективті мәліметтерді зерттейтін қасиет бөлініп, дұрыс бағаланатын жасанды жағдай жасалуға негізделген эксперимент - әдістің көмегі арқылы алуға болады. Зерттелетін феноменнің басқа феномендермен себептік байланысы жайлы, құбылыстың пайда болуы мен дамуын ғылыми тұрғыдан түсіндіретін басқа психологиялық әдістерге қарағанда, эксперимент ең сенімдісі. Эксперименттің екі түрі бар: зертханалық және табиғи. Олар бір-бірінен эксперимент жүргізудегі жағдайлармен ажыратылады. .[6]
Зертханалық экспериментте зерттелетін қасиет дұрыс бағаланатын жасанды жағдай жасалады. Табиғи эксперимент әдеттегі тұрмыстық жағдайда жасалады. Мұнда зерттеуші кіріспей, жағдайларды сол күйінде жазып отырады.
Психологиялық әдістердің бірі – моделдеу. Ол дербес әдіске жатады. Ол басқа әдістерді қолдану қиындағанда ғана жүргізіледі. Олардың ерекшелгі белгілі бір психологиялық құбылыс жайлы ақпаратқа сүйенетіндігінде, екінші жағынан оны қолданғанда сыналушы қатыспайды немесе нақты жағдай есепке алынады. Сондықтан моделдеудің әр түрлі әдістерін объективті немесе субъективті әдістерге жатқызу қиын.
Моделдер техникалық, логикалық, математикалық, кибернетикалық және т.б. болуы мүмкін. Математикалық моделдеуде ауыспалылардың өзара байланысы мен олардың қатысы, зерттелетін құбылыстардағы қайталанатын элементтер мен қатынастар көрсетілген математикалық мән немесе формула қолданылады Техникалық моделдеуде зерттеуді елестететін құрал немесе құрылғы жасалуы қажет. Кибернетикалық моделдеу информатика және кибернетика саласының психологиялық міндеттерін шешуге пайдаланылады. Логикалық моделдеу математикалық логикада қолданылатын идеялар мен символға негізделген.
Көрсетілген әдістерден басқа психикалық құбылысты зерттейтін басқа да әдістер де бар. Мысалы, әңгімелесу - сауалнаманың бір нұсқасы. Сауалнамаға қарағанда әңгімелесу әдісі процедураны жүргізудің еркіндігімен ерекшеленеді. Әдетте әңгімелесу жайлы жағдайда өтеді, ал сұрақтар сыналушының жағдайы мен ерекшелігіне қарай өзгеріп отырады. Басқа әдіске құжаттарды зерттеу әдісі немесе адамның қызметін талдау әдісі жатады. Психикалық құбылыстарды зерттеу барысында әр түрлі әдістерді кешенді түрде қолданғаннан зерттеу тиімді болатынын ескерген жөн. [7]
Қазіргі таңда арт-терапия психотерапияның маңызды салаларының бірі болып табылады. «Арт-терапия даму үстіндегі психотерапиялық әдістердің жаңа түрі болып табылады. Яғни бұл терапия адамның шығармашылық жағдайын дамытып қана қоймай, адамның бойындағы қасиеттердің мүмкіндігін түсініп ашуға да жағдай жасайды.
Арт терапия- бұл емдеу ғана емес, сонымен креативтің дамуы, тұлғаның дамуы мен үйлесімділігі, кез-келген жағдайды шешуге көмек.
Арт-терапия терминин ғылымға 1938 жылы Адриан Хилл енгізді. Артерапия шектеусіз және психотерапияның барлық бағыттарында, педагогикада, әлеуметтік жұмыста т.б. қолданылады.Әр адам өзін, өз сезімін және өзінің жағдайын әуен, дыбыс, қимыл және сурет арқылы көрсете алады. Кейбір адамдар үшін бұл- әлемге өзі туралы өзінің шығармашыл адам екенін танытудың жалғыз ғана әдісі болып табылады.
Арт терапияның ерекшеліктері- музыкалық терапия, қозғалмалы би терапиясы, драма терапиясы, ертегі терапиясы, ойын терапиясы, қуыршақ терапиясы, гүл терапиясы, фото терапия, оригами, этнотерпия, киндер-сюрприз, құм терапиясы, артсинтез терапиясы, библиотерапиясы, маска терапиясы т.б.
Музыка трапиясы
Музыка трапиясы – бұл психотерапевтикалық әдіс. Ол жағдайын емдеу арқылы музыка әсер етеді. Мұнда музыка емдік, дәрілік зат ретінде қолданылады.
Музыканың терапевтикалық әсері бұрынғы заманнан бері белгілі. Музыка терапиясының негізгі механизмдерінің әсері әдістің әр адамға ыңғайлы әрі қолайлылығын көрсетеді.
Біріншіден, ырғақ сақталған музыка мидың бөліктеріне әсер ету арқылы оның жұмыс істеуіне көмектеседі.
Екіншіден, әр музыканың өзіндік белгілері бар. Адамның белгілі бір жағдайы мен көніл-күйімен байланыса отырып, бізге белгілі бір эмоцияның пайда болуына әсер етеді.
Ойын терапиясы
Ойын терапиясы - арттерапияның түріне жатады. Бұл терапияның жүргізу үлкендер мен балалардың әлеуметтік және психологиялық мәселелерді жеңу үшін, жеке және эмоционалды дамуы үшін арнайы ойындар қолданады. Егер бала ойынға белсенді және бар ықыласымен қатынасса емдеу әсерлі болады.
Ойын баланың психологиялық ахуалын сақтауға, оның қоғаммен қарым-қатынасын анықтауға, ересек өмірге дайындайды. Ойын балаларға белгілі дағдыларды меңгеру үшін, сонымен қатар қарым-қатынасты, өмірге деген құлшыныстарын арттырады, эмоционалды және физиологиялық жағдайын жақсартады. Ойын психологиялық күйзелістен шығу үшін емдеудің бір тәсілі ретінде қолданылады.
Бала ойынға өз еркімен қатысып, ойыннан қуаныш рахатын көру керек. Балалардың ойын барысында эмоционалды әсерін мөлшерлеп, өзін қалай сезінетінін бақылаңыз.
1. Эмоциялық жаттығуларды қамтамасыз ету- жиналып қалған жүйкелік күшті алып және ата-аналармен балалардың өмірге деген қызығушылықтарын арттыру.
2. Күтпеген жерде болатын шабуылдан, жазалаудан, қараңғыдан, жалғыздықтан болатын қорқынышты азайту.
3. Тез шешім қабылдай білу қабілетін арттыру.
4. Топта өзін-өзі ұстау ережелерін меңгерту.
5. Ата-аналармен балалардың қарым-қатынасын жақсарту.
6. Қозғалыстағы бағыттарын және ептілікті дамыту.
Құм терапиясы
Құм терапиясы - адамға өзінің жан дүниесіндегі өз «Менін», өзін танытуға, өзіне өте маңызды,жан тебірентерлік және құпиясының ашылуына көмектеседі.
Құм терапиясы- клиенттің немесе емделушінің мәселелерін жөндеуге және бала кезінде негізгі қарама-қайшы тәртіп түрлері оған қауіпсіз түрдегі рольдік қимыл-әрекеттің түрі, бйнелеме(символика)әлемге жолдауды қолдану арқылы анықтауға көмек көрсетеді.
3.Арт-терапияның түрлеріне арналған ойындар. [8]
1.Шығармашылық тапсырма (коллаж). Музыка терапиясы мен бейнелеу терапиясының біріктіріліп өткізілуі.
Көңілді музыка қосылады. Әр топқа ватман мен маркер, бояулар, паралон бөліктері, сабын, майшам, щетка беріліп, тапсырманың тақырыбы баяндалады. Тақырыбы: «Менің бақытты балалық шағым». Берілетін уақыт музыка біткенше. Әр топтың жұмысы қорғалады.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
ТМККК шеңберінде тегін дәрі – дәрмекпен қамтылған науқастың оқиғасы.

шағым қалдыра аласыз