Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті
Педагогикалық факультеті
Жаратылыстану ғылыми пәндер кафедрасы
Тақырыбы: Тоғызқұмалақ ойыны.
Орындаған: 311 тобы Дене шынықтыру және спорт білім беру бағдарламасының студенті: Айдынғали Бекзат Бекетұлы
Жетекші: PhD доктор,БҚИТУ доценті Мендигалиева А.С
Орал,2021
Тоғызқұмалақ ойыны
Жоспар:
1.Кіріспе
2.Тоғыз құмалақтын даму тарихы
3.Ойынның ережелері мен ерекшеліктері
4.Тоғызқұмалақ ойынының негіздері, принциптері
5.Жарыстар, жарыс жүйелері
6.Тоғызқұмалақ Чемпиондары
7.Тоғызқұмалақ туралы пікірлер
8.Тоғыз құмалақ пайдасы
9.Қортынды
І.Кіріспе
Тоғызқұмалақ қазақ даласына қай дәуірден бастап таралып, қанат жайғаны жайында нақты дерек болмағанымен, бірақ оның пайда болу төркіні қысқа ғана уақыттың жемісі емес екені анық. Яғни, оның пайда болуы мен көпке тарауы ұлтымыздың ұзақ уақыт бойы мал шаруашылығын негіз еткен көшпенді тұрмыс тіршілігі мен тығыз байланысты тоғызқұмалақ ойынындағы «құмалақ» атауының өзін алсақ, оның басқа емес малдың, анығырақ айтқанда қой-ешкінің не түйе тектес жануарлардың тезегінің жалпы атауы екендігі баршаға түсінікті. Одан қалса, тоғызқұмалақ ойынындағы «ат», «ат өтпес», «атсыратар», «қойым қоздады» деген атау-терминдердің барлығы мал атауларымен байланысты. Осы тұрғыдан көз жібергенде әуелі бұл ойынның тоғызқұмалақ аталуының себебі, жоғарыда айтып өткен малдардың құмалағынан әрі бұл құмалақтардың тоғызтоғыздан бөлініп орналасуынан қалыптасқандығы өздігінен-ақ түсінікті. Тоғызқұмалақ ойыны кезінде кең байтақ сахарадағы көптеген түркі тілдес көшпелі ұлттар мен тайпалардың көңіл көтеретін, ортақ мәдени ойыны болған. Сол заманда кеш бата ауыл маңындағы төбешіктерде әңгіме-дүкен құратын ақсақалдар, ауыл аралап сайран салатын сал-серілер, мен далада бастары қосылған малшылар, тоғызқұмалақтың отаулары мен қазанын жерден қазып, қой-ешкінің құмалағынан, немесе ұсақ тастарды жүріске пайдаланып ойнаудан, бірте-бірте арнайы тақтада ойылып, ойын ойнаған сайын күрделеніп, ғылыми жүйеге түсіп, ақыры өнердің биік өресіне көтерілді.
Деректемелерде тоғызқұмалақ ойыны тек қазақ ұлтының ғана емес, сонымен бірге Орталық Азиядағы басқа да қырғыз, Қарақалпақ, Алтай тектес туысқан ұлттар мен халықтар арасында да кең таралғандығы сипатталады. (Ол туралы Қазақ энциклопедиясының 11-томында кеңірек жазылған.) Тоғызқұмалақ ойыны кезінде кең байтақ сахарадағы көптеген түркі тілдес көшпелі ұлттар мен тайпалардың көңіл көтеретін, ортақ мәдени ойыны болған. Сол заманда кеш бата ауыл маңындағы төбешіктерде әңгіме-дүкен құратын ақсақалдар, ауыл аралап сайран салатын сал-серілер, иен далада әредікте бастары қосылған малшылар, тоғызқұмалақтың отаулары мен қазанын жерден қазып, қой-ешкінің құмалағынан, немесе ұсақ тастарды жүріске пайдаланып ойнаудан, бірте-бірте арнайы тақтада ойылып, ойын ойнаған сайын күрделеніп, ғылыми жүйеге түсіп, ақыры өнердің биік өресіне көтерілді. Тоғызқұмалақ ойыны ұзақ уақыттар бойы қазақ даласында кең таралып, жалпыласып, жалпылық сипат тапқан халықтық қазына. Тоғызқұмалақ ойыны тек жай бұқараның игілігімен ғана шектелмей, көптеген ұлы ойшыл, талғампаз даналардың да ардақтайтын ата мұрасына айналған. Ал, міне бүгінгі таңда осы ұлттық ойынымыз әлемдік деңгейге көтеріліп, жас ұрпақты зияткерлікке, ойлау қабілеттерін арттыруға, жан-жақты ой-өресін жетілдіруге ерекше маңызға ие болып отырғаны, сондай-ақ әлем елдерінің де тоғызқұмалақ ойынына деген қызығушылығы ұлттық ойынымыздың бағын жандырып, елімізді, ұлтымызды әлемге әйгілей бастады. Оған дәлел – еліміздің Елордасында өткен тоғызқұмалақтан тұңғыш әлем біріншілігі. [1.4,5бет]
ІІ.Тоғыз құмалақтын даму тарихы
Әлемнің түкпір-түкпірінде адамзаттың қолымен, ақыл-ойымен жасалған зияткерлік ойындар мыңдап саналады. Бірақ оны жүйелеген Д. Мюррей бар жоғы бес түрге бөліп қарастырады. Оның ішінде соңғы түріне африкалық калах, арабтың манкаласы және қозғалыс ойындары деп аталады және соған ұқсас тақта басында ойналатын қозғалыс ойындарының бірқатар түрлері кіреді. Қазіргі кездегі деректер бойынша аталған ойындардың алғашқы үлгілері осыдан 3,5 мың жыл бұрын Африка не Азия өңірлерінде пайда болған. Археологтардың қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған ойын тақтасы, шар типтес заттар осы уақыттың аралығын көрсетеді. Әсіресе, оның көне екендігін және дүние жүзіне танымал болғандығын Египет саркофагтарындағы, Афины храмдарындағы, көне керуен жолдарындағы тастарға салынған сурет, кескіндерден байқауға болады. Бірақ осы Калах ойынының танылуының қызғылықты тарихы бар. 1893 жылы Чикаго қаласындағы көрмелердің бірінде ежелгі кезде адамзаттың жартысы ойнаған, уақыт өте келе ұмытылып қалған зияткерлік бір ойынның ережелері жазылған тақташа ілінеді. Кейінірек осы ереже көпшілікке таныстырылуы үшін бір қатар америкалық журналдарда жарияланады. Осы басылымдардың бірі 1905 жылы Вильям Чемпионның қолына тиеді. Ойынның негізгі ерекшеліктері мен заңдылықтары жас американдық азаматқа қатты ұнайды және жастық шағында ойынды дамытуға деген құлшынысы болғанымен, ниетіне әрекеті сәйкес келмейді. 1940 жылы кексе тартқан шағында ғана ойынды дамытуға құлшына кірісіп, ойынға керекті құрал-жабдықтарды ағаштан жасап, айналасын-дағыларға үйрете бастайды. Зияткерлік ойынға – Калах деп ат қояды (В. Чемпион Калахари елді мекенінде сол кезде де бұл ойынды ойнаушылар бар деп сенген) және көп ұзамай Америкадағы көпшілік ойнайтын қызықты ойындардың біріне айналады.В. Чемпионның қарқынды жұмыстарынан кейін, оның қатарластары көбейіп, сол жерде түрлі үйірмелер ашылып, жарыстар ұйымдастырылады. Жарысты өткізудің коммерциялық нұсқалары жасалып, пайда табудың көзіне айналады. Сондықтан болар Калахты насихаттаумен және тақтасын жасаумен үлкен компаниялар айналысады.Ойынды жетілдіру бағытында компьютерлік бағдарламалар жасалып, бірқатар уақыттардан кейін адамзат пен жасанды интеллект арасында жекпе-жектер ұйымдастырылады. Алғашқы бағдарлама үлгілері ойынның негізгі заңдылықтарын толығымен игере алмай, табиғи ақыл-ойдан жеңіліс тауып отырды. Бірақ уақыт өте келе техникалық сана өз құдіретін көрсетеді. Кезекті кездесулердің бірінде 1970 жылы адамзат ақыл-ойы Калах ойыны бойынша өткізілген жекпе-жекте компьютерлік бағдарламадан жеңіліс табады.[1.5б]
ІІІ. Ойынның ережесі мен ерекшеліктері.
Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы – 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған сексен бір құмалақ тиесілі. 6 Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны – бастаушы, қарымта жүріс жасаған ойыншыны – қостаушы деп атайды. Кейде бастаушы үшін – ақ жағы, қостаушы үшін қара жағы деген тіркестерді де қолданамыз. «Тоғызқұмалақ» тақтасы «Тоғызқұмалақ» ойынының арнаулы тақтасы болады, оны симметрия құрай, тең екіге бөліп, ағаштан ойып немесе пластмассадан құйып жасайды. Әр жағында тоғыз-тоғыздан қөлденең орналасқан құмалақ жинайтын қазаны бар. Әр жағының отаулары солдан оңға қарай бірден тоғызға дейінгі рет сандары белгіленіп отаулар мен қазандардың көлбеу беттеріне жазылған. Әрбір ойыншының қазаны тақтаның өз бөлігінде емес, қарсыласы жағына орналасқан. Тақтаның екі жағындағы отаулар мен қазандар әр түрлі түске боялады. «Тоғызқұмалақ» ойынына құмалақтар (фигуралар) ретінде диаметрі 12 мм. Пластмассадан немесе капроннан құйылған шариктер қолданылады. Ойын тақтасында әр отау екі өзекшеге бөлінгендіктен, құмалақтардың өзі екі қатар болып жатады да , не тақ (ашық), не жұп (жабық) екені анық көрініп тұрады. Әрбір отаудың белінен бөліп жүргізілген (тақтаның сүретіне қараңыз) сызыққа дейін 10 құмалақ салынады, ал отау толса, 20 құмалақ сиятындықтан құмалақтардың санын анықтау үшін біреулеп санап жатпаймыз.
Тақтаның жалпы құрылысы төмендегідей:

Бұл жерде - №1 №2 №3 №4 №5 №6 №7 №8 №9 - отаулар Берілген диаграммада бастаушының отаулары төменгіжағында, ал қазанд ағы құмалақтар саны жоғарғыжағында орналасқан. Жүріс жасау ерекшеліктері Жүріс ойыншылар тарапынан кезектесіп жүріледі. Жүрісті кімнің жасайтыны жеребемен немесеқарсыластардың келісімімен анықталады. 7 1. Жүріс жасау үшін өз жағыңыздағы отаулардың бірінен біреуін орнына қалдырып, қалған құмалақтарды қолға алып, солдан оңға қарай бір-бірлеп таратамыз. Тарату сәтінде құмалақтар өз отауларымыздан асып кететін болса, қарсыластың отауына таратамыз. Егер соңғы құмалақ қарсыластың тақ санды құмалағы бар отауына түсіп, ондағы құмалақтарды жұп қылса (2, 4, 6, 10, 12), сол отаудағы құмалақтар ұтып алынып, өз қазанымызға салынады. Егер соңғы құмалақ қарсыластың жұп санды құмалағы бар отауына түсіп (3 құмалақтан басқа), тақ қылса немесе өз отауымызға түссе, құмалақ ұтып алынбайды. Мәселен, жоғарыдағы тақтадағы алғашқы жағдайда бастаушы №7 отаудағы 9 құмалағын таратса, соңғысы қарсыласының №6 отауына барып түседі және ондағы 9 құмалақ соңғы құмалақпен 10 болып, ұтып алынады және қазанға салынады.
Сол кезде тақтада төмендегідей жағдай қалыптасады.

2.Отаудағы жалғыз құмалақ көрші отауға жүргенде орны бос қалады.
3.Жүріс жасаған кезде отауларға құмалақ салмай немесе 2-3 құмалақ бөліп алып жүруге болмайды.
Тұздық алу ережесі
Тоғызқұмалақ ойынында құмалақтан басқа ойында бір рет қарсыластың отауын ұтып алуға да болады. Оны ежелде – “тұзды үй”, қазіргі тілде – тұздық деп атайды.
4.Тұздық алу үшін жүріс жасаған кезде, қарсыластың екі құмалағы бар отауына таратқан құмалағыңыздың соңғысын түсіру керек.
Сонда сол отауда қалыптасқан 3 құмалақпен бірге отау да ұтып алынып, ойынның аяғына дейін сіздің меншігіңізге айналады.
Енді жүріс жасалған сайын тұздық алынған отауға түсетін бір құмалақ, міндетті түрде сіздің қазаныңызға салынып отырады.
Тұздық алынған отауға арнайы белгі қойылады. Жазбаша түрде – Х деген шартты таңбамен белгіленеді. Мәселен, төмендегі диаграммаға қарайық.

Осы жағдайда қостаушы ойыншы №7 отаудағы 10 құмалағын тарату арқылы, соңғы құмалағын бастаушының №7 отауына түсіріп, ондағы 2 құмалақты үшеу етіп, осы құмалақтарды ұтумен қатар, осы отауға тұздық жариялайды. Сонда төмендегі жағдай қалыптасады.

Ендігі кезде бүкіл ойын барысында №7 отау – қостаушының меншігіне айналады.
5.Тұздық ойында бір рет алынады және №9 отаудан ешқашан алынбайды.
6.Тұздық аттас отаулардан алынбайды.
Мысалы, жоғарыдағы диаграммадағы жағдайда қостаушы ойыншы №7 отаудан тұздық алды, енді бастаушы ойыншы ойын барысында бұл отаудан тұздық алуға қақысы жоқ.
“Атсырау” ережесі
Ойын аяқталуға жақындаған сайын әр ойыншының отауларындағы құмалақ таусыла бастайды. Әр құмалақ ұтып алынған сайын немесе тұздыққа түскен сайын қарсыластардың жүріс мөлшері кеми береді. Сондықтан ойын соңында қарсыластардың бірінің отауларында жүріс жасай алмайтын жағдай да кездеседі.
7.Ойыншылардың бірінің отауларындағы құмалақты бірінші таусып алып, жүріссіз қалуы – атсырау деп аталады.
8.Атсырауға ұшыраған ойыншының қарсыласы бұл жағдайда қосымша бір жүріс жасап, барлық құмалақтарды өз қазанына салып алады. Мысалы:

Осы тақтадағы жағдайда жүріс қостаушыдан. Ол №9 отаудағы 3 құмалағын таратады.
Өз кезегінде бастаушы №1 отауға түскен 1 құмалақты жүреді. Қостаушы №9 отаудағы жалғыз құмалақты 1 отауға салады.

Бастаушы кез келген отаудағы құмалақпен, мәселен, 6 отаудағы 2 құмалақтың бірін орнына қалдырып екіншісін 7 отауға көшіреді. Сонда төмендегіше жағдай туындайды:

Осы жағдайда бастаушы отауларындағы барлық құмалақтарды
(23құмалақты) қазанына салып, ойынның есебін жүргізеді.
Есеп 88-74, бастаушы ұтты.
9.Егер “атсырау” жағдайында қосымша жүріс жүрілген кезде, құмалақтар амалсыздан қарсыластың отауларының біріне түсіп, жүріс беретін болса, ойын әрі қарай жалғаса береді.
Егер ойыншы ойын барысында 82 құмалақ жинаса ойын бірден тоқтатылады. [1.6-10]
IV.«Тоғызқұмалақ» ойынының негіздері.
Стратегиясы мен тактикасы. Бұл есеп ойыны, творчестволық ойын екенін естен шығармай, қалай болса солай бастап, отаудағы құмалақтарды мақсатсыз жүре беруден сақ болу керек. Жүріске мән бермеу ойынның сапасын төмендетеді, оның нәтижесінде, ойыншының көңіл-күйіне де кері әсері тигізеді. Ойынға творчестволық тұрғыдан қарау қажет. Сонда ғана аса күрделі де, қызықты ойынның табиғатын терең түсінесіз.
Ойыннан шығатын нәтиже ең алдымен сайысқа түсіп отырған екі адамның ақыл-ойымен, творчестволық жеңімпаздығымен, тәжірибесімен тығыз байланысты. Сондықтан ойынды байыпты түрде бастап, әрбір жүрістің алдына позицияларға тарта ойнау керек.
Алға қойған мақсатты жүзеге асырудың жоспары болады. Осындай жоспарлы ойынның әрбір кезеңдеріне сай, жасалған тартыстың жалпы барысын, негізгі бағытын – стратегия деп, ал қолданылған жеке айла-тәсілдерді тактика деп атайды. «Тоғызқұмалақ» ойынын жаңадан үйренуші адам әрбір ойында бірінші жүрістен бастап-ақ өзінің алдына айқын стратегиялық жоспар қойып ойнауды дағдыға айналдыру керек.
Сонымен, стратегия «Тоғызқұмалақ» ойынының негізгі принциптерімен, айла-тәсілдерімен де тығыз байланысты екен.
Жалпы стратегия мен тактика бір-бірімен тығыз ұштасып, әрі бір-бірін толықтырып тұрады. Сондықтан кезінде бірнеше тактикалық әдістерді қолдана біліп, стратегиялық жоспар құрған ойыншы тек спорттық нәтижеге ғана ие болып қоймастан, үлкен творчестволық өсу жолына түседі. Демек, талапкер «мүлдем жоспарсыз ойнағаннан, жаман болса да жоспар құрып ойнау жүз есе артық» деген қағиданы ұстануы тиіс.
Тоғызқұмалақ ойынының принциптері.
Ойын кезінде тартыс алғашқы жүрістерден-ақ шиеленісе түседі. Дойбы, шахмат ойындарындағы сияқты тастарды жинақтап, шабуыл, қорғанысқа даярлау деген сирек жағдай. Өйткені ақ жағының алғашқы жүрісі-ақ бірнеше құмалақтарды ұтып алуға жеткізеді. Сондықтан ойыншы бірден ойланады. «Қай отаудан жүрсем екен?», «Ойынды қалай бастасам екен?», «Құмалақтарды отауларда қалай орналастырсам екен?», «ойынның басында ғана ма, әлде ойынның соңына дейін үздіксіз есептеп отыру қажет пе?». Міне, осындай сұрақтардың тууы да заңды.
Біз позицияларындағы тактикалық және стратегиялық жоспарларды талдамас бұрын жас таплапкерлерді осы қойылған сұрақтар төңірегінде туған ойынның негізгі принциптерімен таныстырып өтейік.
Бұл принциптер мыналар:
а) тақта үстіндегі ойын күштеріне жауапкершілікпен қарау;
ә) отаудағы құмалақтарды өрістете білу немесе оң жақ отаулардан бастап
ойнау;
б) жүрістерді есептеу.
Ойын күштеріне жауапкершілікпен қарау. Бұл принцип бойынша - ешбір мақсатсыз, жоспарсыз, ойламай өз жағындағы отаудағы құмалақтарды қарсыласына ұтқыза беруге және отаудағы құмалақтар санын азайтуға болмайды. Өз отауларындағы құмалақтар санын кеміту және ұтқыза беру оның күшін әлсіретеді, көбіне ол ойыншыны ұтылысқа әкеліп соқтырады. Сондықтан отаудағы құмалақтар санына ойынның басынан жауапты қарау керек.
«Тоғызқұмалақ» ойынындағы негізгі мақсат бірінші жүрістен бастап-ақ қарсы жақтың жүрістерін тарылтып, дұрыс позицияға ие болу. Бұған жетудің басты шарттарының бірі – тақта үстінен жақсы орындар «жаулап» алу, яғни құмалақтардың ойнау күшін дұрыс өрістете білу немесе оң жақтан бастап ойнау.
Есептеп отырып ойнау. «Тоғызқұмалақ» ойынында жүрісті есептеу жолы өте көп. Тек өз жүрісінің ғана мақсатын белгілеу, есептеу керек емес, қарсы жақтың да мақсатын біліп, жүрісін мұқият есептеп отыру керек. Бұл принципті сақтамаған жағдайда, яғни есептен жаңылу, жалығу және есептеуде қате жіберу ұтылысқа әкеліп соқтырады. [1.11-12]
V.Жарыстар, жарыс жүйелері
-
Жарыс - қатысушылардың шеберлігін шыңдауға және көрсеткен нәтижелері бойынша спорттық атақтар мен дәрежелер алуға мүмкіндік беретін бәсеке.
-
Жарыстар жекелей, командалық немесе жекелей-командалық сипатта болады. Жекелей жарыстарда нәтижелер әрбір ойыншыға дербес жазылып, әр ойыншы жеке есептен өтеді. Командалық жарыстарда ойыншылардың нәтижелері толығымен командаға жазылып, есептен тек командалар өтеді. Жекелей-командалық жарыстарда ойыншылардың нәтижелері бір уақытта ойыншыға да, командаға да жазылып,қорытындысында ойыншылар да,командалар да есептен өтеді.
-
Жарыстар келесі санаттар бойынша өткізіледі: кіші жасөспірімдер (11-12 жас), жасөспірімдер (13-16 жас), жастар (17-20 жас), ересектер (21 жастан жоғары), ардагерлер (40 жастан жоғары). Бағдарламаға ерекше санаттағы қатысушыларға арналған жарыстар да енгізілуі мүмкін: Мүгедектер, Ауыл спортшылары, Оқушылар, Студенттер т.с.с.
Классикалық ойын түрінен жарыс кезінде кіші жасөспірімдер мен жасөспірімдерді әр күні 3 ойыннан артық ойнатпау, ал жастардан бастап әр күні 2 ойыннан артық ойнатпау керек. Әр күнгі ойындар 6 сағаттан аспау керек.
-
Жарысты өткізу жүйелері: айналма, реттелмелі швейцар, олимпиадалық, матч-турнир.
Айналма жүйеде – барлық ойыншылар немесе командалар бір-бірімен кездесіп шығады. Айналма жүйесі жарысқа қатысушылар саны шағын немесе жарысты өткізу мерзімі жеткілікті болғанда қолданылады.
Реттелмелі швейцар жүйесі бойынша жұптау – ойыншылардың немесе командалардың рейтингілеріне сәйкес өткізіледі.Жарысқа қатысушылардың санына байланысты ойын саны кемінде-5, бірақ 15 турдан аспауы тиіс.
Олимпиадалық жүйе – ойыншы немесе команда жеңіліс сайын қатардан шығып отырады. Бұл жүйені көбінесе жарысты шектеулі мерзімде өткізгенде қолданады.
Матч-турнир – ойыншылар немесе командалар бір-бірімен бірнеше жеке кездесулер өткізеді.
Жарысқа қатысушы ойыншылар мен командалар саны 10 болса айналма жүйесі қолданылады.
Қазақстан Республикасы командалық чемпионатында ғана командалар саны 10-нан асса, өткен жылғы чемпионатт
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тоғызқұмалақ ойыны.

шағым қалдыра аласыз