2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Тоғызқұмалақтың алғашқы баспалдағы «Бестемше»

Тоғызқұмалақтың алғашқы баспалдағы «Бестемше»

Материал туралы қысқаша түсінік
Республикалық ғылыми-тәжрибелік онлайн коференциясына баяндама
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Қазақстан Республикаксы Білім және ғылым министрлігі

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы

Семей «Технология колледж»і колледж» мекемесінен

«Alikan Bokeikhan University» ББМ

«Тәуелсіздік тағлымы: Келешек көкжиегі» атты

Республикалық ғылыми-тәжрибелік онлайн коференциясына баяндама:

«Математика үшін логикалық ойындар»

Тоғызқұмалақтың алғашқы баспалдағы «Бестемше»

Әлихан Байменов Халықаралық Тоғызқұмалақ федерациясының президенті


«Гуманитарлы-экономикалық колледжі» мекемкесінің

математика мұғалімі: Қожанов Серик Ақметханович



Семей қаласы 2021жыл



Тоғызқұмалақ- көне түбі бір ата-бабаларымыздың мұрасы.

Тарихи деректерге сүйенсек, тоғызқұмалақ туралы ең көне жазбалар Шығыс Қазақстан облысынан табылғаны белгілі. Түріктердің алтын бесігі- қасиетті Алтай тауларында мекендеген орыстардың Алтай Республикасы, қырғыз және қазақ ұлттары ежелден аралас –құралас тегі бір туысқан. Алтай тауларының сілемінде мекендеген түркі тектес қандастарымыздан ұрпақтан –ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тақталы ойыны -тоғызқұмалақ. Қырғыз елі мен Алтай Республикасы тоғызқұмалақты «тогуз коргоол» деп біркелкі атай келіп, көне ата-бабаларымыдың ұлттық ойындары ретінде дәріптеп, ресми жарыстар жүргізіп келеді. Тоғызқұмалақ - Алтай тауларынан кейін Тарбағатай-Сауырға, одан Сарыарқа мен Жетісуға-бүкіл Қазақ еліне таралған-мыс. Абай Құнанбаев өз заманында, бүкіл Шыңғыстау мен Қарқаралы жеріндегі тоғызқұмалақшылар арасында сайыстар ұйымдастырып, бірге ойнағаны белгілі. Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы Қарауыл аулынан солтүстікке алпыс шақырым тау қыраттарында, тастан ойып жасалған тоғызқұмалақтың бірнеше тақталары табылғаны дәлел болады. Алтай тауларының батысындағы Марқакөлден жалғыз Қалжыр өзені шығады. Негізгі жаз жайлауы орталығы-Көкбұқа шығысында тау беткейіндегі қалың шыршалы және қызыл қарағайлы жер - тоғыздың-жайлауы, яғни тоғызқұмалақшылар ордасы болған көрінеді. Алтай тауларының шығысындағы Алтай Республикасы тоғызқұмалақты «тогуз коргоол»-деп атап, жарыстарға тіркелгенде ойыншының ата-бабасының руын жазуға міндеттейді. Алтай Республикасындағы Қосағаш ауданы Ело-Ондугай ауданы кілең таза қазақтар мекені. Негізгі рулары Найман мен Керейлерден құралады. Жалпы орта жүздің басқа да рулары: Арғын-Тобықты мен Уақтар да тоғызқұмалаққа бір табан жақын болған. 64 шаршылы дойбы немесе «Шатраш» та осы Алтай- Шығыс Қазақстан облысының ата-баба -ларымыздан қанға сіңген төл, ұлттық тақталы зияткерлік ойынымызға жатады. Алтай тауларынан бастап, Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай-Сауырға қарасты елді мекендер мен бүкіл Семей өңірі тоғызқұмалақ-дойбы десе, ішкен астарын жерге қояды.Шығыстың шебер майталмандары

Тоғызқұмалақтан Шығыс Қазақстан облысы ХХІ ғасырда жаңа тау белестерді бағындырып келеді. Семейлік Азия чемпионы Алмаз Жақсылықов Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Шығыс Қазақстан облысының бас бапкері болған, санаулы ғұмырында жас буындарды биік белестерден көрсетіп кетті. Шәкірті Назел Нурғалива да Азия чемпионы. Аягөздік Бағдат Сембаев 1980 жылы Жамбыл қаласында студент болғанда, спорт шеберін орындаған тұңғыш тоғызқұмалақшымыз. Семейлік Нұрлан Атығаев 1998 жыл Алматыда Қазақстан Республикасының чемпионы ретінде спорт шебері болды. Шәкер Жакупов Өскемен қаласында, 30 жыл Шығыс Қазақстан облысы тоғызқұмалақты оқыту мен дамытуға ерекше еңбек жасаған ұстаз-жаттықтырушымыз болды. 2000-2002 жылдары Шығыс Қазақстан облысында Шәкер Жакуповтың басшылығымен тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының командалық жарыстарында І орын алғандар: Болат Жұмаділов, Жарас Исаханов пен Гүлжан Қилыбаевалар спорт шеберлігі атағына ие болды. Тарбағатай ауданының түлегі Әкежан Рмазанов спорт шеберін оқушы кезінде орындаған, Шығыс Қазақстан облысының бапкерлері арасына қосылды. Ал, Зайсандықтар: Айташ Аубакиров, Ердәулет Бажибаев пен Қарашаш Аубакирова Респуликалық ауыл споршыларының командалық «Ақ бидай» І Спартакиадасында Шығыс Қазақстан облысы бас бапкері Шәкір ағамыздың басшылығымен чемпион атанғаны тоғызқұмалақшылар қауымына белгілі. Зайсандықтардың Республикалық жарыстардағы көрсеткен жетістіктерінен, «Қандықақпанның» бір тармағы есте қалды. Ол бұрынғы Жамбылдықтардың қорғаныс ойыныны, қазіргі таңда «Зайсан қорғанысы» -деп, Шығыс Қазақстан облысы тоғызқұмалақшылары атына -жерлестеріміздің атына сай жарияланып жүр .

  1. 76, 10 76,10 жүріс қайталау «Қандықақпан бастамасы» 2 . 99 89! шеттен жүру, қорғаныстың ең негіздері

  1. 67 34! уақытша тұздық беру,

  2. 56х 47тұздық алу

  3. 14 14х тұздық алмасу ( 5. 36 14х )

  4. 82 96 байлықтар тарату ( 6. 57 72 )

Бұл ойында тұздық алмасу болмаса, бастаушы үшін ойын өте күрделі болады. Қостаушы бірнеше байлықтарға шабуылдап, байлық немесе тұздық алу жолдарымен 70-80 тас алады. Қалған тастар алу 5-тен 2 тас «Әліппе», 8-ден 4 «Жартысы», 10-нан 6 «Тышқан мен мысық» және №1 және №2 тұздықтар жоқ - 12-ден 9 тас алу- этюдтерімен шешіледі.





Тоғызқұмалақ ойнау ережесі

Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Тақтасы екі қазан мен он сегіз отаудағы 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыда бір қазан және тоғыз отауда тоғыз сексен бір құмалақ тиесілі.

Тақтаның жалпы құрылымы екі қазаны атауларымен толық жазылған.


9

8

7

6

5

4

3

2

1

Shape1






Shape2

Shape3

Shape4

Shape5

Shape6

Shape7

Shape8

Shape9


Бастаушы қазаны




Қостаушы қазаны

Shape10






Shape11

Shape12

Shape13

Shape14

Shape15

Shape16

Shape17

Shape18

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Отау аттары бәйгеде ат шабысы немесе жая жарыстағы бәсеке, сондықтанда қойылған атаулар тұздықтардың ойындағы қызметіне байланысты болды.

1 отау. Арт- соңғысы, тұздық №1 болғанда бірден құмалақ жинала береді. №2 отау. Тек тұрмас, тұздық №2 болғанда құмалақ екінші жүріспен түседі. №3отау. Ат өтпес, ат қос аяқпен шауып, №3 тұздықтан екі құмалақ өтпейді. №4 отау.Атсыратар, тұздықтағы ойыншы өрісі тарылып, жүрістер бітеді.

5отау. Бел-тақта ортасы №5 тұздығы белден шойырылғандай болады. №6 отау. Белбасар, бастапқы жүріс - бел басып, ең жақсы тұздыққа жол. №7отау. Қандықақпан, бастаушылардың үздіксіз жеңісі-дау мен төбелес

8 отау. Мойын, №8 тұздық мойындағы жүгі бар- жүгірген спортшы №9 отау. Маңдай, №9 тұздық болмайды-қақ маңдайдан ұрмайды – деген қағида, атадан қалған мұра сөз.

Жүріс жасау ерекшеліктері

Жүрістер ойыншылар тарапынан кезктесіп жүргізіледі. Алғашқы кезек кімнің жүріс жасайтыны жеребемен немесе қарсыластар келісімімен анықталады. Жүріс жасау үшін өз жағыңыздағы отаулардың бірінен біреуін орнына қалдырып, қалған құмалақтарды қолға алып, солдан оңға қарай бір-бірден таратамыз. Егер соңғы құмалақ қарсыластың тақ санды құмалағы бар отауына түсіп, ондағы құмалақтардан жұп сандар құралса (2, 4, 6, 8, 10,12 ...), сол отаудағы құмалақтар ұтып алынып, өз қазанына салынады.

Егер соңғы құмалақ қарсыластың жұп санды құмалағы бар отауына түсіп, ондағы құмалақтардан тақ құралса (3 құмалақтан басқа) немесе өз отауын түссе, құмалақтар ұтыc деп алынбайды.

Отаудағы жалғыз құмалақты жүру үшін, көрші отауға ауыстырады және орныны бос қалады. Жүрістер жасалған кезде отауларға құмалақтар салмай немесе бастапқы орнында 2-3 құмалақтар қалтыруға болмайды.





Тұздық және тұздықтарды алу ережесі

Тоғызқұмалақта да басқа тақталы ойындар сияқты ерекше артықшылық–басымдылығы болады. Ол қарсылас отауларынның біреуіне иелік ету-тұздық алу деп аталады. Тоғызқұмалақта тұздық алу әрбір ойыншыға, бір мәрте ғана беріледі. Егер соңғы құмалақ қарсыластың жұп санды екі құмалағы бар отауына түсіп, ондағы 3 құмалақтар бар отау-тұздық деп аталады. Бірақ, тұздықтар №9 отаудан мүлдем алынбайды. Сол ситяқты, атас отауларда тұздықтар болмауы керек. Мысалы, алғашқы қарсыластар тұздығы №6 болса, екінші ойыншы № 6 тұздық аша алмайды. Тұздық алынған отауға белгі қойылады, тақтанының арнайы жапқышы немесе басқа да құмалақтардан бөлек белгі қою қажетті. Тұздықтар: шет № 1, № 2 мен № 8 және орта № 3-№ 7 болып екі топқа бөлінеді. Сапа жағынан неғүрлым орта тұздықтар басымдылықта, ал шет тұздықтар ойын соңында қажетті құмалақтар жинап алуға зор мүмкіндіктері бар.

Атсырау және жеңіске жету

Қарсыластардың тартысты шиеленіскен ойындары, әрине басқа тақталы ойындар сияқты соңғы шешуші сәтке келеді. Ойыншылардың біреуіндегі отауларда құмалақтар таусылған жағдайларда есептеулер жүргізіледі. Осындай ерекше жағдайда қалғанда –атсырау деп атайды. Қарсыласы қалған құмалақтарын өзінің қазанына салып, есептеуді тақтаны 180 градусқа айландырып санағандары дұрыс. Сайыс қортындысында жеңіске жету үшін 82 құмалақ жинау жеткілікті. Ал алғашқы- бастапқы 81=81 құмалақтар болғанда, тең ойындар болып тіркеледі.





Сахипзада Биболов. Ілес Әшімов Қарқаралыда ардагерлер чемпионатында.

Бестемше балалардың сүйікті ойыны

Тоғызқұмалақты ұйрену мектебінен балалық шағында , жергілікті ақсақалдардан қой бағып, бестемше-қоздату- тоғызқұмалақты сатылап үйренген - Ілес Әшімов.

Ол, Түркстан облысы Сарыағаш ауданының тумасы, өмір бойы туған жер-Қазқұрт өлкесінің, қазақ елінің кейінгі ұрпақтарын тоғызқұмалақ ойнауға тәрбиелеп келеді. Қазақ елінің маңдай алды спорт шебері.



5

4

3

2

1




КShape19 іші ұяшық



Шүмек ұяшық


Орта ұяшық


Балаң ұяшық

Бас ұяшық


Бастаушы қазаны



Қостаушы қазаны


Shape20



Shape21 Бас ұяшық



Балаң ұяшық


Орта ұяшық


Шүмек ұяшық


Кіші ұяшық

1

2

3

4

5



Бестемше - жас шамалары 3-6 жастағы бөбектер мен балалар ойнауға болатын тоғызқұмалақтың алғашқы баспалдағы. Тек 5х5=25 тастан, барлығы екі ойыншыда 50 тас. Ал жеңіске жетуге 26 немесе одан көп жиналса болғаны. Екі жақта да 25 тастар болса, онда тең ойын. Жалпы ойындар тоғызқұмлақтың ережесімен өткізіледі. Тұздықтар сәйкесінше бестемшеде -№ 5 ұяда, ал қоздатуда - № 7 отаудан тұздықтар алынбайды.

Бестемшенің ұяшық атаулары балалар үшін, яғни бес бармақ атауларына сәйкес аталады. Бас ұяшық-бас бармақ, Балаң ұяшық- балаң үйрек, орта ұяшық- ортан терек, шүмек ұяшық- шүлдір шүмек және кіші ұяшық-кішкене бөбек деп атауды ұйғардық.



















Баяндамаға пайдаланған баспалар, әдебиеттер:

  1. Абай ұнатқан ойындар. «Ертіс өңірі» 1 б. 22.06.2014 жыл

  2. Тақталы ойындар тартысы. «Семей таңы» 3 бет\ №30. 05.04.2015ж.

  3. Ә.Ақшораев «60 сағат» Тараз қаласы 2014 жыл

  4. «Тоғызқұмалақ» за доской-преподаватели. «Вести» №103. 25.12.2012ж.

  5. Тоғызқұмалақ ардагерлер. «Дидар» ШҚО 3б\ №98. 29.08.2015ж.

  6. Интеллектуальные интересы. «Арна» 2б. 04.04.2013ж.

  7. Тоғызқұмалақтан командалық жарыс. ҚР «Әділет» 3 б.\№57 15.12.2013ж.

  8. Математика-тоғызқұмалақ. «Қазақ спорты» 4б \№50. 15.12.2015ж.

  9. Тоғыз құмалақ ойнау ережесі. ҚР «Білімді ел» 24 б\ 09.02.2016ж.



03 Сәуір 2025
75
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі