Материалдар / "Толағай"спорттық сайысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Толағай"спорттық сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
жас мамандарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Мамыр 2020
932
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Тәуелсіз елдің ұрпағы-батыл да шымыр!

Мақсаты:   1.Салауатты өмір салтын насихаттай отырып эстафета  

                     спорттық ойынын дамыту

                     2. Спортшылар арасында достық  қарым-қатынасты нығайту.

                    2. Оқушылардың дене дайындығын арттырып, денсаулығын 

                     нығайту.

Жүргізуші:                
  Шынықсаң  шымыр  боларсың,

 Сауығып  айдай  толарсың.

Спортты  серік  ете  біл,

Жақсы  азамат  боларсың.

Жеңімпаз   болу оіай ма,

Арман  болған  талайға

Болмасаң да  ұқсап  бақ,

Жарысқа  түсіп  қалайда.

Құрметті ұстаздар, оқушылар және команда мүшелері. Бүгінгі біздің өткізгелі отырған шарамыз 16-жылтоқсан Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылып отыр. Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қан төгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады. Бүгінгі «Тәуелсіз елдің ұрпағы-батыл да шымыр!»

атты спорттық сайысымызға қош келдіңіздер!
Сайысымызды бастамас бұрын осы сайысқа әділ баға беретін, әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.






жүргізуші:    

Салауаттық өмір салтын қолдаймыз,

Жамандықтан жанымызды қорғаймыз.

Денсаулықты жанымызға серік қып,

Болашаққа аманат қып жолдаймыз! –дей келе ортаға қатысушы командаларды шақырамыз.

2 командаға ойын шартын түсіндіріп өтейін:
Бүгінгі спорттық сайыс _____ кезеңнен тұрады.

1) Таныстыру.Топтың аты, ұраны, эмблемасы

2)«Шарикті алып жүгіру» (үлкен ас қасықтың ішіндегі теннис добын түсіріп алмай, кедергілердің арасынан өтіп келесіге береді)

3) «Ептілік» (  обрьшті қолданып добты кедергілердің арасынан алып өту)
4)
«Білімді кенгуру» 

(оқушылар кезекпен допты тізеге қысып секіріп барып, математикалық бір-бір есепті шығару керек қайтарда осы іс-әрекет)
5.
Мақал-мәтелдер сайысы. ( топтан бір оқушы шығып Мақалды аяқтайды)

Мақал-мәтелдер

1. Денсаулық - ........................ (зор байлық)

2. Тәні саудың - ................................ (жаны сау)

3. Емнің алды - ................................ (еңбек)

4. Тазалық – саулық негізі,

Саулық - .................... негізі. (байлық)

5. Шынықсаң - ..................... (шымыр боласың)

6. Ауырып ем іздегенше,

Ауырмайтын ............. ізде. (жол)

7. Сау дене,озат ақыл, адал көніл-

Үшеумен бақытты болады ................. (өмір).
6. «Паравоз» (Оқушылар бір –бірінің белінен ұстап паравоз тәрізді кедергілерден өтеді)

7. «Шынықсаң шымыр боласың»  (Оқушылар секірмені қолданып кедекргілерден өтеді)

Әр кезеңнен кейін әділ қазылар өз бағаларын береді.
Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар!
Ал қанекей бір - бірімізді қостаймыз,

Бүгінгі жарысымызды бастаймыз,
«Жеңіске жетеміз» деп,
Жанында ұран тастаймыз.

1) Таныстыруымызды бастайық (сайыскер бір - бірлеп ортаға шығып, топ атын, ұранымен таныстырып, орындарына тұрады.)
1 - команда:
2 - команда:
Құрметті әділқазылар сайыстың бірінші бөлім бойынша бағаларыңызды

беруіңізді сұраймыз.
Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.- деп келесі екінші кезеңіне көшеміз.
«Шарикті алып жүгіру» (үлкен ас қасықтың ішіндегі теннис добын түсіріп алмай, кедергілердің арасынан өтіп келесіге береді)

 Спорт десе таза біздің арымыз
Жалындайды жанымыз
Олай болса 3 – кезең «Ептілік» (  обрьшті қолданып добты кедергілердің арасынан алып өту)
Денсаулық - басты байлық өмірдегі,

Нәр беретін асыл ғой көңілдегі.
Салауатты өмір салтын насихаттап,
Атанайық жақсы азамат өңірдегі.4-кезең «Білімді кенгуру» 

(оқушылар кезекпен допты тізеге қысып секіріп барып, математикалық бір-бір есепті шығару керек қайтарда осы іс-әрекет) Құрметті әділқазылар сайыстың кезеңдері бойынша бағаларыңызды берулеріңізді сұраймыз.
5-кезең- Мақал-мәтелдер сайысы. ( топтан бір оқушы шығып Мақалды аяқтайды)

6. «Паравоз» (Оқушылар бір –бірінің белінен ұстап паравоз тәрізді кедергілерден өтеді)
7. «Шынықсаң шымыр боласың»  (Оқушылар секірмені қолданып кедекргілерден өтеді)
Құрметті әділқазылар сайыстың кезеңдері бойынша бағаларыңызды берулеріңізді сұраймыз.

 Жарыс  заңы  ежелден-ақ

Жеңімпазды  анықтау

Жеңімпаз  болу  шарты  сол-

Еңбектену,   жалықпау

Біреу  озса  сайыста,

Біреу  артта  қалады

Жеңілгендер  ренжімей

Тарасса  бізге  жарады.

Сайысымыздың  қортындысын  шығаруға  кезекті  әділқазы  алқасына  сөз  кезегін   
береміз. (Әділқазыларды
  тыңдау)

Уа,  халайық  назар  аудар  денсаулыққа!

Өмірде  бақыттысың  денің  сауда.

Денсаулық  терең  бақыт  деген  сөзді

Құр  айтпаған  Ұлы  Абай  данамыз  да.

Құрметті  бүгінгі  сайысымыздың  қонақтары!  Сіздерге  сайысымызға  келгендеріңе  көп-көп  рахмет!




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!