Материалдар / Төлеген Айбергенов
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Төлеген Айбергенов

Материал туралы қысқаша түсінік
Төлеген Айбергенов
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Сәуір 2024
39
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
250 тг 188 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

Семей қаласының « Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ

Филиология факультеті





Төлеген Айбергеновтің шығармашылығы

мен өмірі жайлы











Орындаған: Омыралды А.С





Төлеген Айбергенов кім?

Төлеген Айбергенов  (1937–1967) - 8 наурызда Қарақалпақстанның Қоңырат ауданында туған. Жетіру тайпасының Табын руынан шыққан. 1959 жылы Ташкенттің Низами атындағы педогогика институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетін бітіріп,туған ауылында мұғалімдік қызмет атқарады.

1959–1962 жж. Қоңырат ауданындағы орта мектепте мұғалім, 1962–1965 жж. Шымкент облысының Сарыағаш ауданындағы кешкі жастар мектебінде директор, 1965 жылдан Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы әдебиетті насихаттау бюросында қызмет істеді. Өлеңдері республикалық баспасөзде 1957 жылдан жарияланды. Туған жерге деген албырт сағыныш пен мөлдір махаббатқа толы бір топ өлеңдері 1961 жылы шыққан «Жас дәурен» атты ұжымдық жинақта басылды. Қазақ поэзиясына өзіндік жаңа ырғақ, тегеурінді екпін әкелген поэтикалық жыр кітаптары: «Арман сапары» (1963), «Өмірге саяхат» (1965), «Құмдағы мұнаралар» (1968), «Мен саған ғашық едім» (1970), «Аманат» (1975), «Бір тойым бар» (1981), балаларға арналған «Бақшаға саяхат» суреткітапшасы (1985) жарық көрді. Сондайақ орыс тілінде «Мир созвездия» (1987) деген атпен таңдамалы өлеңдері аударылып басылды. «Ақерке Жайық», «Жаңғырған Маңғыстау», «Қазақстан», «Сені ойладым», «Мені ойла», «Ақ қайыңдар», «Бір тойым бар», т.б. өлеңдеріне жазылған әндер ел арасына кеңінен танымал. 

Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1974 жылы, қайтыс болғаннан кейін). 1997 жылы ақынның «Таңдамалы өлеңдер» жинағы мен ол туралы жазылған «Біргемін мен сендермен» атты естелік кітап, 2001 жылы «Бір тойым бар» атты жыр кітабы жарық көрді. Жастарға арналған Т.Айбергенов атындағы әдеби сыйлық бар.



Отбасы:

Төлегеннің анасы Жібек Қонарбайқызы айы-күні жетіп, дүниеге ұл әкеледі. Атын «Қайтыс болып кеткен бес ұлымның орнын төледің» деп, Төлеген атаған екен.
Мен ұл ем.

Сендер ең үш тамаша елік,

Төртеуіміз бір әкенің баласы едік.

Төрт тағдыр қайғысы мен қуанышың

Өстік біз бір омыраудан таласа еміп, – деп ақынның өзі жырлағандай, балалық шағында еркін өседі. Төлеген 14 жасқа келген кезде әкесі Айберген қайтыс болады. Ал анасы 1964 жылы өмірден өтеді. Артында бес баласы қалды. Үлкені Салтанат, Махаббат, Дәурен, екі егіз Құсни мен Айнар. Өкінішке қарай, Дәурен де 46 жасында өмірден озып кеткен.

«Төлегенді ойласам, өзім басымнан өткізген өмірдің қызығы мен қуанышы, қайғысы мен мұңы көз алдымнан елес береді. …1954 жылдың күз айы болатын. Ташкенттің Низами атындағы педагогикалық институтының тіл-әдебиет және тарих факультетінің алғашқы курсына қабылданған бір топ жастар екі айға ауылшаруашылық жұмысына аттандық.
Ә дегеннен бір-бірімізге бауыр басып, «тонның ішкі бауындай болып» кеттік. Сонда мен қасымда келе жатқан қаршадай жігіттің кейін өмірлік бақытым да, ғұмырлық қайғым да боларын сезбеппін.

Студенттік шақтың қызығын да, қиыншылығын да бірге көріп, институтты бітіргеннен кейін екеуміз отбасын құрып, оның Қарақалпақстандағы туған ауылына аттандық. Төлегеннің анасы кіші апасымен тұрады екен. Барған бойда өз қолымызға алдық. Алғашында ауылдан он екі шақырым жерде орналасқан Ленин атындағы орта мектепке жұбымызды жазбай барып сабақ беріп жүрдік. Кейін Төлеген Орджоникидзе атындағы орта мектепке, Қоңыраттағы бастауыш мектепке мұғалім болды да, мен аудандық комсомол комитетінің хатшысы қызметін атқардым.
Біраз жылдан кейін Төлегеннің анасын өзімізбен бірге алып Шымкент облысындағы Сарыағаш ауданына көшіп келдік. Ол Сары­ағаштағы кешкі жастар орта мектебінің ди­рек­торы да, мен мектеп-интернаттың аға тәрбиешісі әрі тіл-әдебиет пәнінің мұғалімімін. Үш бала сүйген кезіміз болатын» 

Т. Айбергеновтың өлеңдері республикалық баспасөзде 1957 жылдан жарияланды. Туған жерге деген албырт сағыныш пен мөлдір махаббатқа толы бір топ өлеңдері 1961 жылы шыққан «Жас дәурен» атты топтама жинақта басылды. Отанға, туған елге деген сүйіспеншілігін, замандастарымыздың рухани сезім байлығын, ізгі тілеу, ақ ниетін жарқырата ашқан, қазақ поэзиясында өзіндік жаңа ыррақ, тегеурінді екпін әкелген поэтикалық жыр кітаптары — «Арман сапары» (1963), «Өмірге саяхат» (1965), «Құмдағы мұнаралар» (1968), «Мен саған ғашық едім» (1970), «Аманат» (1975), «Бір тойым бар» (1981), балаларға арналған «Бақшаға саяхат» сурет-кітапшасы (1985) жарық көрді. Сондай-ақ орыс тілінде «Мир созвездья» (1987) деген атпен таңдама-лы өлеңдері аударылып басылды. Айбергеновтың «Ақ ерке, Ақ жайық», «Жаңғырған Маңғыстау», «Қазақстан», «Сені ойладым», «Мені ойла», «Ақ қайыңдар», «Бір тойым бар», т. б. өлеңдеріне жазылған әндер ел арасына кеңінен танымал. Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1974, қайтыс болғаннан кейін). 1997 ж. ақынның «Таңдамалы өлеңдер» жинағы мен ол турапы жазылған «Біргемін мен сендермен» атты естелік кітабы жарық көрді.

«Төлеген бүкіл бітім-болмысы бөлек, таза адам еді ғой. Өте шыншыл болатын. Ақты – ақ, қараны қара деп айта білетін. Төкеңнің дүниеден озуы маған өте ауыр тиді.
1988 жылы Қазақстан Жазушылар Одағының пленумында сөз алып, сөзімді түгелдей Желтоқсан оқиғасына арнадым. Қазақ халқын ұлтшыл деп қаралаған СОКП Орталық Комитетінің Саяси Бюросын сынадым, Желтоқсанның төңірегінде үлкен әділетсіздіктердің болып жатқанын айттым. «СОКП Орталық Комитеті қазақ халқынан кешірім сұрауы керек» дедім. Сол кезде пленумға қатысып отырған 400-ге жуық жазушылардың тым құрыса біреуі «Мұхтардікі дұрыс» деп айта алмады. Бәрі басын төмен салған күйі отырып қалды. Осыған қатты ызаланған мен: «Шіркін, Төлеген Айбергенов тірі болғанда, сөзсіз, мені қолдап сөйлер еді», – деп көзіме жас алған едім». М.Шаханов, ақын, Қазақстанның Халық жазушысы, Т.Айбергеновтің досы (АҢЫЗ АДАМ №6 (114) Наурыз 2015 жыл).




Өрнекті өлең – өрісті

Өткен ХХ ғасырдың алпысыншы жылдарын­дағы қазақ поэзиясы жайлы сөз қозғағанда Тоқаш Бердияров, Мұқағали Мақатаев, Жұмекен Нәжімеденов, Тұманбай Молдағалиев, Қадыр Мырза Әлі, Фариза Оңғарсынова есімдерін тілге тиек етпей кете алмаймыз. Осындай шынайы шығармашылық бәсекедегі сұрыптаудан суырылып ілгері шыққандардың бірі – Төлеген Айбергенов болатын. Оның лирикасының ең басты қаһарманы – Сағыныш дер едік. Ойлы оқырманымен әр кездескен сайын сөзін сол сағыныштан бастайтын. Қай жырын оқысаңыз да осындай сағыныш сазы есетін. Туған жерге, елге деген сағыныш, достарға деген сағыныш. Әрине, мұның бәрі ақын бойындағы мөлдір махаббат болатын. Мәселен, Мұхтар Шахановқа арнаған «Сағыныш» атты өлеңі: Сағындым жаным, мен сені! Көркіңді жүрген қуаныш қылып мендей ме екен бар ағаң... Шын інім болсаң, бас бұрма, жаным, өсек-ғайбатқа бораған. Қажет жерінде қатыгездік пен қаталдық керек десек те, Адамның заңғар ұлылығын, сен, сағынышымен есепте... – деп бастауы біздің осы пікірімізге нақты дәлел дер едік. Ақынның Ыбырай Алтынсарин, Шоқан Уәлиханов, Мұхтар Әуезов, Сәкен ­Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Қасым ­Аманжолов, Әбділда Тәжібаев, Қажымұқан Мұңайтпасов, Ғарифолла Құрманғалиев, Шәмші Қалдаяқов, ­Сабырхан ­Асанов, Мақсұт Нетәлиев, Ақұштап Бақтыгерееваға арнаған өлеңдерінде де дәл осы сарын бар. Ата-анасына, ағайын-туыс, ­бауырларына, қырмызы қыздарға бағышталған өлеңдерден де соны байқауға болады. Замандас әріптесі Темірхан Медетбек Төлеген Айбергенов туралы: «Ол өзінің Отанға деген сүйіспеншілігін айнала-тіршіліктегі әрбір әуендер мен әуездерден, үндер мен дыбыстардан, саздар мен сарындардан, тылсым пернелер мен сиқырлы иірімдерден, күн нұрымен жалт-жұлт еткен шағылыстар мен сан тарапқа самаладай боп жамырап ағылған сабылыстардан табады» деп тебіреніп, толғанады. Шынтуайтында да Төлеген ақын адам бойындағы туған жерге деген сағыныш сияқты ардақты, қасиетті, асыл байлықты бар дауыс, бар үнімен, асқақ сезіммен жырлайды. Махаббат лирикасында Мағжан Жұмабаевтан кейінгі шоқтығы биік көрінген ақын да осы Төлеген Айбергенов еді. Ол өмірге ғашық нағыз романтик ақын болатын. Төлеген Айбергенов поэзияны барынша құрмет тұтатынын «Ақындық» атты өлеңінен айқын аңғарамыз: Ақын боп өмір кешіру оңай деймісің, қарағым, Аузында болу бұл өзі сыздаған барлық жараның. Көкірегіңе құйып ап әлемнің асқақ бар әнін, Қосудың арпалысы бұл – тоғыспас жолдар торабын.

Нақақтан күйіп баратса нұрлы күн үшін бір тұтқын, Кес-кестеп барып кеудеңді оғына тосу мылтықтың. Қалдырмау үшін ұятқа күнәсіз мына дүниені, Жамау ғып басу өзіңді аузына барлық жыртықтың. Ол өзінің қысқа ғұмырында жазған өлеңдері мәңгі­лік жасайтынына бек сенді. Соның арқа­сында қазақ поэзиясында өшпес із қалдырып, төл әдебиетіміздің алтын қорынан берік орын алатынын күні бұрын білген сыңайлы. Тойының тарқамайтынын, ойлы оқырмандары оның кітабын қай кезеңде де іздеп жүріп оқитынын сезді. Әйтпесе ақын: ...Өле берсін күншілдер күйігінде, Өз ғасырым өзімнің иінімде. Ақ жаңбырлар тоздырған тау сияқты, Мен өлемін өзімнің биігімде!

Немесе: Бір тойым болатыны сөзсіз менің, Дәл қай күні екенін айта алмаймын... – деп сәуегейлік жасамас еді ғой. Ол қазақ ақын-жырауларын түгел жатқа білетін. Ақан сері Қорамсаұлы, Ілияс Жансүгіров, Қасым Аманжоловтан көп нәрсе үйренген. «Өзіңе дейінгілерден он мың жол өлеңді жатқа білмеген ақын ақын емес» деп жоғары талап қойған оның атақ-даңқы мен дақпырты ерте шыққаны қалың қауымға белгілі. «Төлеген ­Айбергенов қасиетті Құранның сүрелерін бірінен соң бірін жатқа соғады екен», «Өз өлеңдерін түгел жатқа айтқанын былай қойғанда, тіпті олардың ең төменгі жолынан басына дейін кері айтып шыға алатын ерекше жадқа ие жан екен», «Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Қасым Аманжолов, ­Еркеш Ибраһимның өлеңдерін де солай теріс қаратып оқи алады екен», «Сондай-ақ Абай Құнанбаев пен Махамбет Өтемісовтің өлеңдерін де, тіпті оны айтасыз, Мұхтар Әуезов пен Ғабит Мүсіреповтің прозаларын да сағаттар бойы талмастан төгіп тастайтын көрінеді екен» деген сөздер ел ішінде желдей есетін көрінеді. Өз тұстастары – Жұмекен Нәжімеденов, Тұманбай Молдағалиев, Қадыр Мырза Әлі, Әбіш Кекілбаевтың кей жырларын жатқа айтатын еді. Ешкімді алалап, бөліп-жармайтын ол жұрттың бәрімен адами, достық рәуіште қарым-қатынас жасай білетін. Әбділда Тәжібаевты өзіне ұстаз әрі қамқор әке деп санайтын. Төлеген Айбергеновтың Шәмші Қалдаяқов, Мұхтар Шахановпен айырылмастай дос екенін бүгінде екінің бірі жақсы біледі. 1966 жылы Мұхтар Шахановтың алғашқы жыр жинағының жарық көруіне ықпал еткен. Бұдан бөлек Тоқаш ­Бердияров, Әбу Сәрсенбаев, Зәкір Асабаев, Өмірзақ Қожамұратов, Мақсұт Нетәлиев, Еркінбай Әлімқұлов, Смағұл Елубаев, Асқар Сүлейменов, Мыңжасар Маңғытаев, т.б. жақсы қарым-қатынаста болған. Ақын отты өлеңдерімен қоса-қабат әңгіме, әдеби мақала, очерк («Темірқазық»), ойтолғақ, күнделік те жазған. Кітапты көп оқығаны бірден байқалады. Орыс ақындарымен қоса-қабат өз шайырларымыздың шығармаларына шама-шарқынша баға беріп өткен. Абай Құнанбаев, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Әбділда Тәжібаев, Хамит Ерғалиев, Әбу Сәрсенбаев, Ғафу Қайырбеков, Сырбай Мәуленов, Жұмекен Нәжімеденов, Мұқағали Мақатаев, Қайрат Жұмағалиев, Еркеш Ибраһим, т.б. әріптестерінің өлеңдеріне талдау жасайды. «Жұлдыз» журналының 1967 жылғы №10 санында жарияланған «Өрнекті өлең – өрісті» атты мақаласында алпысыншы жылдардағы қазақ поэзиясы жайлы тебірене ой толғайды. 1967 жылғы жайма-шуақ жаздың жайсаң шағы. Тамылжыған тамыз айының соңғы онкүндігінде Өзбекстанда Қазақстанның әдебиет, мәдениет, өнер күндері өтеді. Төлеген Айбергенов Қарақалпақстанға бөлінген делегацияны басқарып келеді. Сол сапарында айтулы ақын аяқастынан мәңгілікке көз жұмады. Ол небәрі отыз жаста ғана болатын. Бір топ ақындар, атап айтқанда, ­Диқан-баба Әбілев, Сағынғали Сейітов, Нұтфолла Шәкенов, Әбдікәрім ­Ахметов, Қабдікәрім Ыдырысов, ­Саттар Сейітхазин, Мұқағали Мақатаев, ақынның жан жары Үрниса Айбергенова оны соңғы ақтық сапарға шығарып салады. Нүкіс қаласындағы зиратқа жерленеді. Сонда Мұқағали Мақатаев «Төлегенге» атты сегіз шумақ қаралы өлең жазған екен. Қазақ поэзиясының мұзбалағы: Тұңғыш көрдім өлгенін шын ақынның, Қызарып батты ертеңгі шығатын күн. Торғай-өлең шырылдап бара жатты, Аузында ажал деген сұрапылдың... – деп егіліп, езілген.

Ақынның өмірі –  мәңгілік

«Құмдағы мұнаралар» атты жыр жинағы жарық көріп, қаламгер қауымның талқысына түскеннен кейін Қалаубек Тұрсынқұлов: «Біз Төлегенді енді білдік, тұңғиық терең, дарқан да заңғар ақыннан көз жазып қалдық» деген тебіренісінде өзекті өртейтін өкініші бар. Төлеген Айбергеновтың таң шығындай мөлдір сезімдерімен, тебіренген теңіз толқындарындай тегеурінді ақындық қуаты мен шығармашылық шабытын қаламдас замандастары аса жоғары бағалаған. Ғабит Мүсірепов: «... Амал бар ма, біз, қазақ әдебиеті, екі-үш дарыннан ерте айырылдық. Олар – Абдолла, Баубек, Төлеген», Әбділда Тәжібаев: «...Біз поэзиямыздың тағы бір алтын тұтқасын аштық. Аштық ­­­та, Төлеген дүниесін көрдік», Әбіш Кекілбаев: ­­­­­«...Төлеген ­­сөз жоқ, талант. Дара талант, сара ­талант... Төлеген Айбергенов шығармашылығы – өлімді жеңіп шыққан өмір шаттығының жыры», Фариза Оңғарсынова: «...Әртүрлі гүлзарларымен, даланың самалымен, жусанның иісі, таудың бұлағымен – өзімен-өзі тыныш жатқан поэзиясының қалғымалы тірлігіне кенет көтерілген мұхиттың жал-жал толқындарындай ағысты екпінмен әсер еткен Төлеген Айбергенов поэзиясы қазақ өлеңінің өресін биікке көтереді», Қуандық Шаңғытбаев: «...Ақынның асқақ жырын ғажайып ғұлама жылдардың шежірелі беттерінде сөйлеп тұрған сырға балап, осынау сыр жылдар парағы аударылғанда жабылып кетуі мүмкін екенін тыңнан тауып айту арқылы өлімнің өзін сылқым образға айналдырған Төлеген Айбергенов өлеңдеріндегі су жаңа нұсқалықты эпитет көлегейлеп, көрсетпей тұрған жоқ, қайта айқындап, аша түсіп тұр», қарақалпақ ақыны Ыбырайым Юсупов: «Төлеген өмірінің де, ақындық шабытының да тым қысқа қайырылуы өте өкінішті. Бірақ мұндай ақынның екінші өмірі ұзақ болады. Оның өлеңдері халқына, болашақ ұрпақтарға рухани күш һәм ләззат беріп, мәңгі жасайды» деген екен. Иә, шынтуайтында да ақиық ақын Төлеген Айбергеновтың есімі ұмытылмақ емес. Екінші – мәңгілік өмірі басталғалы бері оның мерейтойлары, еске алу кештері, ақынның өмірі мен шығармашылық жолына арналған ғылыми-теориялық конференциялар жиі өткізіліп келеді. «Түркі әлемі» студиясының директоры Доқтырхан Тұрлыбек «Айбергенов әлемі» атты бейнефильм түсірген. Ақын шығармашылығын кеңінен насихаттау мақсатында дәл осындай атаумен арнайы журнал да жарық көреді. Оның бас редакторы – ақынның қызы, ғалым, филология ғылымының докторы Салтанат ­Айбергенова. Шымкент шаһарындағы көшелердің біріне Төлеген Айбергеновтың есімі берілген. Ардагер журналист, Д.Қонаев атындағы мешіттің бас имамы Дәулет қажы Исабеков сол көшенің бойына ақынға ескерткіш орнату ниетінде жүр. Сарыағаш қаласында ақын есімін иеленген жалпы орта мектеп бар. Төлеген Айбергенов атындағы әдебиет, мәдениет, өнер бірлестігі жұмыс істейді. Оған Төлегеннің жерлесі, ақын Мұратбай Бекеев жетекшілік жасайды. Ақынның 50 жылдық мерейтойына орай Қазақстан Жазушылар одағында поэзиялық кеш өткізілді. 60 жылдық мерейтойы Өзбекстандағы республикалық қазақ ұлттық мәдени орталығының ұйытқы болуымен Ташкент қаласы мен Қарақалпақстанда тойланды. 70 жылдық мерейтойы Астанадағы «Конгресс-Холл» сарайында, Сарыағаш ауданында кеңінен атап өтілді. 75 жылдық мерейтойы Алматы облысының Қарасай ауданындағы ұлан-асыр тойға ұласты. Биылғы 80 жылдық мерейтойының бастамасы ретінде Алматыда «Төлеген Айбергенов поэзиясы және қазіргі заман» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция ұйымдастырылып отырғаны қандай ғанибет. ...Сөз соңында айтарымыз – Төлеген Айбергеновтың кезінде баспасөз бетінде жарияланған прозалық дүниелерін жинақтап, кітап етіп шығарсақ құба-құп. Алматыда ақын музейін ашу да – бүгінгі уақыт талабы. Биылғы 80 жылдық мерейтойына орай жыр мүшәйрасы мен ақындар айтысы ұйымдастырылса жөн болар еді.



Сағындым жаным, мен сені!

Сағындым жаным, мен сені!

Көркіңді жүрген қуаныш қылып, мендей ме екен бар ағаң,

Шын інім болсаң, бас бұрма, жаным, өсек – ғайбатқа бораған.

Қажет жерінде қатыгездік пен қаталдық керек десек те,

Адамның заңғар ұлылығын сен сағынышымен есепте.

Онсыз сен тіпті тұлпар да болсаң, қосыла алмайсың қатарға

Әуелі әбден сағынып алмай шығушы болма сапарға.

Сағынбай барсаң, теңіз де сенің тебіренбес жастық шағыңдай,

Бұлбұлдың дауысын есіте алмайсың, бауларға кірсең сағынбай.

Сағынбай барсаң, таулар да сенің алдыңнан шықпас асқақтап,

Ойлауың мүмкін дүниені мынау кеткен екен деп тас қаптап…

Айтулы толғауды осы бір жерден үзеріміз үзіп алып, әрі-сәрі күйге түстік. Көз жауын алардай жауһарды сындырып алғандай, соның сіздерге тек бөлшегін ұсынғандай пұшайман болдық. Осы бір жырдағы алабұртқан екпін, тау суындай күркіреген қарқын, бірінен-бірі туындап, сытыла шапшыған бұла сөз толқын, буырқана бұлықсып атқыған сезім серпіні үзуге, іркуге келер емес еді, көнер емес еді. Жыр жүйрік. Апшы қуырған асау ағыс. Аяғына дейін жіберіп, ат басын ағытқан осынау бір тұлпар шабысты тек тамашалай бергің келеді. Тамсана бергің келеді. Ақын үніне үн қосып, сөз шығындап жатқың келмейді. Мың құбыл шұғылалы жыр жауһарларын назарларыңызға бірінен-кейін бірін ұсынып, айберен толғауға үнсіз ден қойып отыра бергің келеді, осынау сұңғыла шабысқа қосыла қол шапаттап отыра бергің келеді. Төрт аяғы тең жорға Төлеген жырларын, шашасына шаң жұқпас ақпа жырларға қара сөзбен түсініктер жазып сипаттап, суреттеп жату — бір әурешілік. Қазақтың арнасы кең жыр дариясына сонау алпысыншы жылдар аяғында бір бүйірден апшып келіп, бір ақжал толқын ұрғаны есте. Төлеген — толқын. Арқырап ақжалданып шиыршық атып келген толқын.

Мұхтарға

Суы тұнық тұмадан бастау алған бұлқынған бұла толқын.

Жазира белдер қуанышыңды болмасын мәңгі шектемек,

Алдыңнан орман кес-кестеп шықса сағынышыңмен көктеп өт.

Мен бұны саған жазып отырмын арманымды орап сезімге,

Жан-жақтан түскен шұғыланың бәрін сағынып жүрген кезімде.

Ақын інісі Мұхтар Шахановқа арнаған бұл толғау, сөз жоқ, қазақ жыр көгіне шырқай көтеріліп барып, лап жанған өмірзая шайырдың ғана емес, жалпы өлең өнеріміздің тамаша бір соны өрнекпен оқыс өріс ашқан самғауы, шарықтауы болды. Бұл толғау, сөз жоқ, алпысыншы-жетпісінші жылдар поэзиясының шырқап бір салған әні, шауып бір шыққан шырқауы.

Өмірде мынау сағынбағандар бақытсыз, бақсыз талайсыз,

Қазақтың жыры Абайсыз.

Сағыныш”! Ақын соншама неге сағынышты ұлы сезімге балап сомдаған? Бұ жерде ол “Махабатсыз дүние бос” деп түйген ұлы Абаймен үндеседі. Өмірге деген махаббат жалын кеудесін өртегендер ғана сағына алмақ. Сағынған, сүйген жандар ғана тазара алмақ. Тірлікті тазарта алмақ. Сондай жандардың ғана өкшесі жерден бір елі көтеріліп, періште қанат әулие сезімге бөленбек. Сондай жандар ғана өмірге шапағат нұр, жарық шашпақ. Сондай ақынжандылар арқасында ғана “мына дүние тас қаптап кетпей” “аруана – бауыр” қалпында асқақтай бермек. Төлеген кейде шабыт қысқанда көкке парлай, самғай көтеріліп дүниенің тас төбесіне шығып алып, қиядан жүзіктей жұмыр жер, жалпақ әлемге назар салатын қыран көз, періште-қанат ақын. Ол ата жұрт — қазақ еліне қиырдан сағынып келді. Өле-өлгенше сол сағынышын баса алмай кетті. Алмағайып жылдарда айырылып қалған ата жұртының әрбір тау мен тасына, көл мен шөліне шөліркеп, алыс тарихи сапардан оралған аруана- бауыр жанның іңкәр көзімен қарады. Кешегі кеңестік аласапыран жылдарда артта қалған ата жұртқа деген сағыныш шеттегі қазақтардың бойына ана құрсағында жатқанда-ақ қанмен, зармен бірге дарыды. Дүниеге қарақалпақ жерінде келген Төлеген тал бесікте тербеліп жатып-ақ, алыста қалған ата жұртқа деген құтаймас сағыныш мұңына суарылған бесік жырымен көз ашты. Балалық шағы шығыс шайырлары шарлаған шайырлы, құнарлы топырақ Хорезмде өтті. Жас Төлеген Новаи, Мақтымқұлы, Бердақтардың рухы тұнған, ізі қалған қасиетті өлкені шарлады. Балаң санасын қашан қалыптасқанша үздіксіз де үзіліссіз күмбірлеген бабалар үні, жыраулар сарыны тербетіп тұрды. Ғасырлардан ғасырларларға көшкен жыр дәстүр осылайша бала құлағына, санасына ұя салды. Мектеп табалдырығын аттасымен Абай, Жамбыл, Махамбеттермен қауышты. Сөйтіп, бала сана, бұла сана өлең сөздің тұма бұлақ, тұнбасынан жүзіп жүріп ішті, сімірді. Тереңге тамыр салды. Ата-салт, тіл, дін, діл қаймағы бұзылмаған қазақы орта, ұлы Тұран төрі оның бойына елдік пен ерлікке толы мыңдаған жылдық ұлы бабалар өсиетін, қасиетін екті. Жаратқан ие елпең-елпең жүгірген қағылез қара баланың маңдайына ақын болуды жазды. Бұғанасы қата келе жас дарын күмбірлеген әулие бабалар әуезіне әуейленіп, өзі де күбірлеп тақпақ жаза бастады. Осылайша, тарихи жады шытынамаған Тұран топырағының төсін тесіп тағы бір қайнардың көзі ашылды. Төлеген ақын, тамыр салған топырақ араб, парсы, түркі өркениеті әлімсақтан біте қайнасқан рухани шайыры шүйгін топырақ болды, оған далалық еркін ер қазақтың азаттық рухы атойлаған жыр, саз сарыны қосылып, бала санасында соны рухани элементтер құрап ию-қию араласты. Сана тұңғиығында болашақта атылар жанартау — жыр негізі, жасушалары түзілді.

Қанша құнарлы десек те Қазақстаннан шет өлке қазақы өршіл рухы көкірегіне симаған Айбергеновтей арқалы ақынға өсе келе тарлық ете бастады. Анау бір қиырда толықсып аламан бәйгелер мекені ұлан-байтақ Қазақстан жатыр. Қазақтың қалың елі тербетілген тал бесік. Шетте, жат елде жүрген қазақтың көз салар құбыласы, мәңгілік Меккесі, мәңгілік сағынышы.

Аруана жаудың қолына түссе ботасын шайнап өлтіріп,

Қаралы мойнын қайтадан артқа бұрмастай халге келтіріп.

Жеріне тартып отырады екен моншақтап жасы боздаумен,

Омырауын шерге толтырып.

Апталап- айлап таңдайын мейлі тасбауыр шөлдер құрғатсын,

Қазығын таппай тоқтамайды екен мәңгілік тіпті Күн батсын.

Туған жер төсін аңсаумен өткен аруана-бауыр дүние,

Сен маған осынау ақ жүрегіңмен қымбатсың.

Кеудемде жүрген, зердемде жүрген ынтызар ықылас от өріп,

Сен мұны менен бетер ұқ!

Түкпірімдегі дір ете қалғыш осынау құйттай жүрекпен

Келем мен бүгін қасиетті байтақ Қазақстанды көтеріп!

Төлеген толғауларындағы сағыныш сазына, сағыныш сырына терең бойлаған жан бұ жерде тек ғана ақынның жеке бас сезім иірімдерімен шектелмей, сол жеке бас тағдырға тайдай таңба басқан кешегі ел айырылған жылдардағы зар заман жаң­ғырығын аңғарған болар еді. Сол “балапан – басына, тұрымтай – тұсына “кеткен кер заман дауылында қақпақыл болған қазақтың бір ботасының боздауын естігендей болар еді. “Боздаумен жасы моншақтап” туған жерге тартып отырған аруана – жүрек ақын бейнесі көз алдыңызда көлбеңдер еді. Ақынның Мұхтар інісіне деген сағынышы, бақсақ, ел мен жерге сағына қауышқан ақынның күллі қазақ ұлына деген жүрекжарды тарихи сағыныш екеніне көзіңіз жетер еді. “Ботасын шайнап өлтіріп туған жеріне тартып отыратын аруана – бауыр дүние” ел мен жерден алыс кеткен алаштың ата жұртқа сыңсып ағылған сағыныш көші екеніне көз жеткізер еді. Егер, ақынның ата-бабалары тоталитарлық тепкінге шы­дамай, Ақтөбе жерінен Қарақалпақстанға жер аумағанда, балауса ақын ата-жұрттан алыста жүріп қалыптаспағанда, жүрегін алыс ата-жұртқа деген құтаймас сағыныш сормағанда, кім біледі, мүмкін сағыныш туралы қазақ поэзиясының мәртебесін асырған осынау Төлеген толғаулары өмірге келер ме еді, келмес пе еді, кім білсін...

Туған жер төсін аңсаумен өткен аруана – бауыр дүние,

Сен маған осынау ақ жүрегіңмен қымбатсың.

Бірақ мен оны жыр қылып қалай жаза алам,

Жетер ме адам сөзі оған!

Өмірде ұзақ жасауың үшін болғаныменен қайғың қас,

Туған жер, сен деп қайғыра алмасам, тағдыр да мені бай қылмас.

О бастан саған ынтызар аруана тектес ұл ем мен

Қазығын таппай қайырылмас.

Жас ақын шыңнан да қазығын таппай қайырылмады. Бір қолтығында Ташкент педогогикалық институтының дипломы, екінші қолтығында болашақ жары Үрниса, Төлеген ақын Қазақстанға бет түзеді. Алғашқы орын тепкен жері – Оңтүстік Қазақ­стан, руха

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!