Материалдар / Толерантты мұғалім
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Толерантты мұғалім

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Шілде 2018
793
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



«ШҚО. Семей қаласы Балалар мен жастардың шығармашылық сарайының педагог –психологы

МАДИЕВА ЛЯЗЗАТ

ТОЛЕРАНТТЫ МҰҒАЛІМ (эссе)Бұл эссені жазуды бастамас бұрын өзімнің мектепте оқып жүрген кезімдегі балалық шақты, мұғалімдерімді есіме түсірдім. Жан жүрегіңдң бір сезім пайда болады екен!,- ол кісілер қазір қайда, сол мұғалімдермен әңгімелессем ғой, оқушы кезімде балалықпен тыңдамаған әңгіме, аңыздарды қайтадан айтып берсе ғой, шіркін!,- деген ой келді. Сол кездегі мұғалім мен балалар арасындағы қарым-қатынас бір-бірін құрметтейтін, оқушыларды сабақ оқуға деген ынта, қызығушылық болды. Мұғалімдер қызықтыра білетін сабақтарда неше түрлі карточкалармен, ойын түрінде өткізілетін. Қазіргі Қазақстан тарихы пәнінен сабақ беретін Әнуарбек Демеубаевич дейтін мұғалім сабақ соңында қызықты тарихи оқиғаларды, тарихи аңыздарды, тарихта болған тарихи тұлғалар жайлы әңгімелерді, аңыздарды айтып беретін, ағылшын тілінен беретін Нұрғази мұғалім бір шаршамасын деп күлдіртіп, анекдоттар айтып, қызықты, көңілді отыратынбыз. Балалардың барлығы мұғалімдер берген тапсырмалардың барлығын орындауға тырысатын.Қазіргі таңда мұғалімдерге қойылатын жеке талаптар бар. Мұғалім сезімтал, мейірбан, адал, жанашыр, төзімді, қамқор болуы керек дейді. Иә, келісемін, бірақ мұғалім болып туу керек, тума талант болу керек ұлы суретшілер, ұлы ақындар, спорт шеберлері деген сияқты деп ойлаймын.Қазіргі уақыттарда ұстаздардың оқушыларға қарым-қатынасы, төзімсіз мінез-құлқы жайлы жиі кездесіп жатады. Мұндай мұғалімдер өз мамандықтарын дұрыс таңдамады деп ойлаймын, мұғалім деген әр нәрсеге байыппен, төзімділікпен қарап, әр баламен коррекциялық, психологиялық жұмыстар жасап балаға қолдау көрскту керек.Қоғамның, заманның, жаңа технологияның, жаңа ақпараттық технологиялның дамуы, жаһандық Еуропа мәдениетіне жастарымыздың еліктеуі, педагогикалық төзімділікті қалыптастыруға мүмкіндік беретін ұстаздарға жаңа талаптар қойылды. Төзімділік, біріншіден, тәрбие мен білім берудің міндеттеріне жету үшін, екіншіден тәрбие үрдісінің мақсаттарына жету үшін , үшіншіден қазақи ұлттық тәрбие, ұлттық салт-дәстүр, ұлттық сана, ұлттық мәдениет этнопедагогиканың міндететрі мен мақсаттарына, заңнамаларына, әдістеріне жету ү.шін деп ойлаймын.Ұстаз көзбен көріп, құлақпен естіп қана қоймай оқушымен бірге сезініп, баламен бірге бір сәт баланың жан дүниесіне, қиял әлеміне бір сәтке ене алатын, басқа адамдардың қайғы-қасіретін, жек көруін, сезімін жан дүниесін айтқызбай сезе алатын сезімтал, шығармашыл жандар. Педагогикалық қызметте мұғалімнің жетістігі, оның алғышарты- алдына келген оқушы, тәрбиеленуші.Төзімді мұғалім- өзінің тапқырлығының, сабырлығының, адалдығының, шыдамдылығының арқасында оқушылармен немесе тәрбиеленушілерімен үлкен жетістікке жетері хақ. Өзін мектеп мұғалімі, балабақша тәрбиеленушісімен дейтін мұғалімдер ең басты нәрсені ұмытпауы керек. Балаға білімде және тәрбиеде кесірі тимейтіндей бала тәрбиелеу. Балалар «ермексаз» сияқты егер оларды адамгершілікке, үлкенді сыйлауға, қамқор болуға , қиянат жасамаға оқытсақ, тәрбиелесек болашақ жастарымыз адал, ақылды болып өсері хақ.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!